Posts

Showing posts from March, 2026

Сұхбат: намазды автоматты тез оқи сал, созып шайтанның сыбырына алданба (2026.02.07 / Хижри 1447-жыл 19-Шағбан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8706 Сұхбат: намазды автоматты тез оқи сал, созып шайтанның сыбырына алданба (2026.02.07 / Хижри 1447-жыл 19-Шағбан) Исламбол (Станбул), Түркия. (Akbaba Dergah, Istanbul, Türkiye, 2026) Бисмиллахир рахманир рахим, «قُلۡ أَعُوذُ بِرَبِّ ٱلنَّاسِ (1) مَلِكِ ٱلنَّاسِ (2) إِلَٰهِ ٱلنَّاسِ (3) مِن شَرِّ ٱلۡوَسۡوَاسِ ٱلۡخَنَّاسِ (4) ٱلَّذِي يُوَسۡوِسُ فِي صُدُورِ ٱلنَّاسِ (5) مِنَ ٱلۡجِنَّةِ وَٱلنَّاسِ (6)», яғни, «"адаммен жындардың арасында болатын, адамдардың жүрегіне сыбырлайтын, сыбырлаушы сұмның кесірінен сақта деп адамзаттың раббысынан, адамзаттың патшасынан, адамзаттың құдайынан пана тілеймін" деп айт», құран 114інші сүре, садақаллахулғазим. Әр адамда уәсуәсә бар, ол шайтаннан келеді, уәсуәсә мағынасы істерді өз қалпында көрмей, бірақ оларды тіпті де қиындастырып жіберуді қалау дегенді білдіреді. Уәсуәсә деген міне осы, бұнда сан түрлі уәсуәсәлар бар, олардың кейбірі тазалыққа қатысты болса, кейбірі өздерін діндар көрсетпек болы...

Сұхбат: дүние қызығына алданба, Алла ризалығы үшін іс қыл (2026.02.06 / Хижри 1447-жыл 18-Шағбан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8704 Сұхбат: дүние қызығына алданба, Алла ризалығы үшін іс қыл (2026.02.06 / Хижри 1447-жыл 18-Шағбан) Исламбол (Станбул), Түркия. (Akbaba Dergah, Istanbul, Türkiye, 2026) Бисмиллахиррахманиррахим, «وَقُلِ ٱعْمَلُوا۟ فَسَيَرَى ٱللَّهُ عَمَلَكُمْ وَرَسُولُهُ», яғни, «және "істе, ал Алла және Оның елшісі сендердің амалдарыңды көрер" деп айт», құран 9інші сүре 105інші аят, садақаллахулғазим. Алла Әззә уә-Жәллә, «істемек болған ісіңді істе, мына дүниеде істеген әр ісіңді Алла көреді, және Ол тағы көре берер» дейді, демек, сіз істемек болған барлық амал Алла Әззә уә-Жәлләның құзіретінде білініп, көрінетін болады. Егер сіз жақсы амал істесеңіз, Алла Әззә уә-Жәллә оны көреді, және оған тиісті сауабын береді, ал жаман іс істесеңіз, және оған өкіне тәубе етпесеңіз, онда сізге міндетті түрде жаза бар. Бұнда адамды алып жатқан дүниелік істер бар, ал Алла Әззә уә-Жәллә, «мына дүние тек ойын-күлкі, қызық-шудан басқа ештеңе емес» дейді, сондықт...

Сұхбат: сопылық тәриқатта жүргендер өзара бөлініп керіспесін (2026.02.05 / Хижри 1447-жыл 17-Шағбан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8702 Сұхбат: сопылық тәриқатта жүргендер өзара бөлініп керіспесін (2026.02.05 / Хижри 1447-жыл 17-Шағбан) Исламбол (Станбул), Түркия. (Sheikh Nazim Dergah, London, UK, 2026) Англияда айтылған сұхбат. Бисмиллахир рахманир рахим, «وَٱعْتَصِمُوا۟ بِحَبْلِ ٱللَّهِ جَمِيعًا وَلَا تَفَرَّقُوا۟», яғни, «және Алланың арқанынан мықтап бірге ұстаңдар, және бөлінбеңдер», құран 3інші сүре 103інші аят, садақаллахулғазим. Алла Әззә уә-Жәллә, «Алланың арқанынан мықты ұстаңдар, және араларыңда өзара бөліну болмасын» дейді, міне бұл Алла Әззә уә-Жәлләның әмірі. Әсіресе, сопылық тәриқатқа еретіндер осы қағиданы ең жақсы ұстануы керек, себебі тәриқат шәриғаттың жүрегі және маңызы, бірақ кейбір сопылық тәриқаттағылар ұсақталып бөлініп, бір-біріне қарсы болып кеткен. Ал ақиқатында олар бірігіп, басқа нәрселерге қарсы тұруы керек болатын, яғни олар Алла ﷻдың ризалғына жету үшін күпірлікке қарсы келуі керек еді. Ал қазір олар бөлініп, Алла Әззә уә-Жәлләның әм...

Сұхбат: әулиеге жалғанған пайғамбарымызға жалғанады, одан Аллаға жалғанады (2026.02.04 / Хижри 1447-жыл 16-Шағбан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8701 Сұхбат: әулиеге жалғанған пайғамбарымызға жалғанады, одан Аллаға жалғанады (2026.02.04 / Хижри 1447-жыл 16-Шағбан) Исламбол (Станбул), Түркия. (Sheikh Nazim Dergah, London, UK, 2026) Англияда айтылған сұхбат. Бисмиллахир рахманир рахим, «اللهم كن معنا ولا تكن علينا يا الله», яғни, «о Алла, бізбен бірге болшы, бізге қарсы болмашы, я Аллаһ». Әлхамдулилла, бүгін біздің бұндағы соңғы күніміз, иншалла, біз Алла ﷻ үшін, пайғамбарымыз ﷺның махаббаты үшін, әулиелердің махаббаты үшін сапарлаймыз. Әлхамдулилла, біз көптеген адамдарға, көптеген мүриттерге жолықтық, иншалла, біз әулиелер арқылы пайғамбарымызға, одан Алла Әззә уә-Жәлләға жалғанған осыбір байланысымызды күшейттік. Бұнда бір жалғану байланысы болуы керек, егер бұл жалғану болмаса, исламмен иманға жету және сол иманда бекем тұру қиындасады, оңай болмайды, бұнда осындай бір илаһи байланыс болуы керек. Сол үшін сопылық тәриқат адамдарды пайғамбарымыз ﷺға, одан Алла Әззә уә-Жәлләға ж...

Сұхбат: қазір дүниені тажал басқаруда, бірақ оның құритын күні жақын қалды (2026.02.03 / Хижри 1447-жыл 15-Шағбан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8698 Сұхбат: қазір дүниені тажал басқаруда, бірақ оның құритын күні жақын қалды (2026.02.03 / Хижри 1447-жыл 15-Шағбан) Исламбол (Станбул), Түркия. (Sheikh Nazim Dergah, London, UK, 2026) Англияда айтылған сұхбат. Бисмиллахир рахманир рахим, «‎فِيهَا يُفْرَقُ كُلُّ أَمْرٍ حَكِيمٍ», яғни, «сол түнде әрбір іс өз өлшемімен жасалды», құран 44інші сүре 4інші аят, садақаллахулғазим. Ләйлах мүбәрак! кеше кеш, иншалла, ол ислам үшін жақсылыққа, қайырға, тыныштыққа ашылған бір жол болады, иншалла, бұл түн - бір қуанышты түн, ал қазір дүниеде екі нәрсе бар, олар - күпір және иман, қазір осындай болуда. Бірақ, «‎إِنَّ كَيْدَ ٱلشَّيْطَـٰنِ كَانَ ضَعِيفًا», яғни «расында, шайтанның айласы әлсіз болып келеді», құран 4інші сүре 76інші аят. Демек, қазір шайтанмен оның армиясы, және шайтан армиясының ең үлкен қолбасшысы тажал дүниенің барлық жерлерін меңгеруде ұстап отыр. Бірақ, әлхамдулилла, еш қорқыныш жоқ, себебі Алла ﷻ шайтанмен оның ерушілерінің қу...

Сұхбат: бәрі Алла үшін екендігін түсінген кезде ғана, дүниеде жәйлы өмір сүресіз (2026.02.02 / Хижри 1447-жыл 14-Шағбан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8697 Сұхбат: бәрі Алла үшін екендігін түсінген кезде ғана, дүниеде жәйлы өмір сүресіз (2026.02.02 / Хижри 1447-жыл 14-Шағбан) Исламбол (Станбул), Түркия. (Sheikh Nazim Dergah, London, UK, 2026) Англияда айтылған сұхбат. Бүгін кеш календарымызда шағбанның 15інші күні, ал біздің білетініміз және құранда айтылғаны сол, осы кеш бір құтты кеш. Бұл түні әр адамға келер жылға дейінгі бір жылда не болатыны жазылады, білім адамдарға Алла ﷻ хикіметімен беріледі, бірақ біз ештеңе білмейміз, Алла Әззә уә-Жәлләның білімінен тозаңдай нәрсе де білмейміз, тіпті бұлай салыстыруға да болмайды. Ал біз осы түнді құттықтаймыз, осы жылы есен болуымыз үшін дұға етеміз, сонда неден есен болуды сұраймыз? күпірліктен, жаман істерден, бізбен біздің айналадағыларымызды залалдайтын нәрселерден аман болуды сұраймыз. Міне бұл біздің Алла ﷻдан сұрайтын бірінші тілегіміз, яғни біз Алладан бізді жаман жолға салмауын, және бізді ел-жұртқа жаман жол көрсетушілерден етпеуі...

Сұхбат: істеген күнәңмен жамандығыңды жасыр, ешкімге айтпа (2026.02.01 / Хижри 1447-жыл 13-Шағбан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8696 Сұхбат: істеген күнәңмен жамандығыңды жасыр, ешкімге айтпа (2026.02.01 / Хижри 1447-жыл 13-Шағбан) Исламбол (Станбул), Түркия. (Sheikh Nazim Dergah, London, UK, 2026) Англияда айтылған сұхбат. Жиналысымыз ұдайы тәтті болсын деп, оны тәттімен басталық, иншалла, тәтті нәрсе Алла Әззә уә-Жәлләдан бір береке, әрине, барлық нығымет Алла ﷻдан келер, оны бисмиллахиррахманиррахим деп жеңіздер, және сақ болыңыз. Себебі пайғамбарымыз ﷺ, «аз же, нық тойып алма» дер, көп адамға мына бір тақсы тамақ жетпейді, бірақ әр адам аздан алса, ол олардың барлығына жетіп, олар одан игіліктенетін болады, иншалла. Алла ﷻ бізді ең жақсы жол, ең тәтті жол болған өз жолында еткей. Мәуләнә Шайық Назым хазірет, «әулие арқылы келген сөз қандай тәтті, пайғамбарымыз арқылы келген құран қандай тәтті» деп, ұдайы айтып отыратын, ол рухани тәттілерге риза еді, бұл тәттілік адамдарға қуаныш сыйлайды. Сондықтан әулиелер дүниедегі ең тәтті адамдар, ең тәттісі пайғамбарым...

Сұхбат: пайғамбарымыз, «жаңбыр, риздық, жеңіс бәрі әулиелер құрметі үшін келер» дейді (2) (2026.01.31 / Хижри 1447-жыл 12-Шағбан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8695 Сұхбат: пайғамбарымыз, «жаңбыр, риздық, жеңіс бәрі әулиелер құрметі үшін келер» дейді (2) (2026.01.31 / Хижри 1447-жыл 12-Шағбан) Исламбол (Станбул), Түркия. (Fajr Prayer – Sheikh Nazim Dergah, London, UK, 2026) Англияда айтылған сұхбат. Шақыртуды қабыл ету пайғамбарымыз ﷺның сүннеті, әлхамдулилла, жұрт бізді ұдайы қонаққа шақырады, осында я басқа жерде болсын, балаларымыз, бауырларымыз бізді кездесуге шақырады, олар Алла есімдерін атап, пайғамбарымызға салауат айтуға, Алла үшін жиналуға шақырады. Міне бұл пайғамбарымыздың бір әмірі болатын, себебі осылай жиналғанда Алла ﷻ бізді бір-бірімізге жақын етеді, бұл өзара махаббат, құрмет, және қуанышты көптеп сыйлайды, сондықтан бұндай жерлер берекелі жерлер болмақ. Себебі, адамдар бұл жерде жылдар бойы намаз өтеді, ораза ұстады, жұртқа садақа берді, балалармен ересектерге сабақ өтті, құран үйретті, пайғамбарымыздың хадисін үйретті. Сондықтан, ол жақсы қабыл етілген жер, әсіресе, бей-мұс...

Сұхбат: біз ашықпай, ас жемейтін, ал жесек, тойғанша ас жемейтін елміз (2026.01.31 / Хижри 1447-жыл 12-Шағбан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8693 Сұхбат: біз ашықпай, ас жемейтін, ал жесек, тойғанша ас жемейтін елміз (2026.01.31 / Хижри 1447-жыл 12-Шағбан) Исламбол (Станбул), Түркия. (Fajr Prayer – Sheikh Nazim Dergah, London, UK, 2026) Англияда айтылған сұхбат. Бисмиллахир рахманир рахим, «‎كُلُوا۟ وَٱشْرَبُوا۟ وَلَا تُسْرِفُوٓا۟», яғни, «жеңдер, және ішіңдер, бірақ артық кетіп, ысырап етпеңдер», садақал лахул ғазим, құран 7інші сүре 31інші аят. Алла ﷻ, «жеп-ішіңдер, бірақ ысырап етпеңдер» дейді, ысырап етпеу сөзі өзіңе жететіндей ғана істет, одан артық етпе деген мағынаны білдіреді. Міне бұл пайғамбарымыз ﷺның айтқаны, мәселен, тамақ жегенде, жүз пайыз нығап тойып алмаңыз, мүмкін 70-80, тіпті 90 пайыз тоярсыз, бірақ 100 пайыз болмасын. Қазіргі адамдар жүз пайыз түгілі, одан да көп жейді, қажетінен артық жер, және олар тамақ жеу әдебі бойынша тамақтана білмейді, ал бұндай жаман әдет оларға сан түрлі ауру әкеледі, ауырлық әкеледі, ол денеге, руханиятқа жақсы емес. Олар тек а...

Сұхбат: қайтыс болған жақының үшін берер ең үлкен сауға не? (2026.01.30 / Хижри 1447-жыл 11-Шағбан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8692 Сұхбат: қайтыс болған жақының үшін берер ең үлкен сауға не? (2026.01.30 / Хижри 1447-жыл 11-Шағбан) Исламбол (Станбул), Түркия. (Fajr Prayer – Sheikh Nazim Dergah, London, UK, 2026) Англияда айтылған сұхбат. Бүгін, әлхамдулилла, Алла ﷻдан пайғамбарымыз ﷺмен оның үмбетіне хадия яғни сауға болған жұма күні, пайғамбарымыз ﷺ жұманы мақтаған. Ол, «Алла Әззә уә-Жәллә ең жақсы күнды уммати мұхамматқа берген» дейді, жұма күні ерекше күн, ал жұманың әрбір түні яғни бейсенбі кеш ерекше кеш, ол ақшамнан яғни кеше кештен басталып, сенбіге дейін жалғасады. Сол үшін осы күнде барлығы қымбат, осы күні Алла ﷻ дүниені жаратты, ал қияметте жұма күні орнайды, бұлар мұсылман үшін аса маңызды. Себебі осы түнде Алла қайтыс болып кеткен мұсылмандардың әруақтарын отбасын зиярат етуге жібереді, ал біз оларға сауға беруіміз керек. Бірақ бұл сауға иман етпегендермен мұсылман еместердің, жұмаға қарамайтын, оны білмейтіндердің сауғасы сияқты емес, олардың кейб...