Posts

Showing posts from December, 2025

Сұхбат: исламда болғаныңа қуан, Алла сізді адасқандардан еткен жоқ (2025.12.22 / Хижри 1447-жыл 02-Ражаб)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8625 Сұхбат: исламда болғаныңа қуан, Алла сізді адасқандардан еткен жоқ (2025.12.22 / Хижри 1447-жыл 02-Ражаб) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «هُوَ الَّذِي يُسَيِّرُكُمْ» яғни «Ол - саған жолды жүруге мүмкіндік беруші», садақал лахул ғазим, (құран 10інші сүре 22інші аят). Бисмиллахир рахманир рахим, «وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ» яғни «және Ол барлығына күші жетуші», садақал лахул ғазим, (құран 57інші сүре 2інші аят). Алла Әззә уә-Жәллә сізді Өз қалауымен хидаятқа бастайды, сіз не істесеңіз де, ол Оның қалауымен туылады, демек Алла Әззә уә-Жәлләның қалауы барлығынан биік тұрады. Алайда, мүмин үшін әрбір істе жақсылық бар, ол осыны білуі керек, ол ислам жолында болғаны үшін Алла Әззә уә-Жәлләға мың-милион алғыс айтуы тиіс. Себебі Алла ﷻ оны басқа қыңыр жолдарға салып жіберген жоқ, Ол біздерді осы жолда бекем еткей, иншалла, ал біз ең соңғы дем-тынысымызғ...

Сұхбат: алдағы қасиетті үш ай ақиреттің қазынасын молынан жинайтын айлар (2025.12.21 / Хижри 1447-жыл 01-Ражаб)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8624 Сұхбат: алдағы қасиетті үш ай ақиреттің қазынасын молынан жинайтын айлар (2025.12.21 / Хижри 1447-жыл 01-Ражаб) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Шүкір-Алла, Алла ﷻ осы үш айды берекелі еткей, олар кеше кеште кірді, құтты болғай, берекеге толғай, бұл айлар ұлық, және әдемі айлар болып, Алла Әззә уә-Жәллә жағынан ерекше етіп берілген айырықша айлар. Ол, «режеб айы хұрум яғни қасиетті айлардың бірі» дейді, осы айларда соғыс болмауы керек, ол кезде шабуыл жасауға болмайды, жорыққа шықпайды, бірақ тек өзін қорғау қабыл етіледі, басқаша болмас. Әрине, қазіргі жағдай қалай? адамдар кімді қабыл етеді? нені қабыл етеді? олар өздерінің ойлары бойынша іс қылады. Алайда, бұндағы маңыздысы сол, алдағы осы үш ай жұрт үшін, әсіресе мұсылмандар үшін Алла Әззә уә-Жәлләдан берілген өте ұлық нығымет. Осы айда істелінген жақсы амалдармен садақаларға сауаптар көп еселеніп беріледі, әдетте он есе берілсе,...

Сұхбат: Алла құранда, «адамдар Алланың жаратылыстарын өзгертпеші болар» дейді (2025.12.20 / Хижри 1447-жыл 29-Жұмадал Әл-Тәни)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8623 Сұхбат: Алла құранда, «адамдар Алланың жаратылыстарын өзгертпеші болар» дейді (2025.12.20 / Хижри 1447-жыл 29-Жұмадал Әл-Тәни) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «فَتَبَارَكَ اللَّهُ أَحْسَنُ الْخَالِقِينَ» яғни «өте құтты, ол - Алла, жаратушылардың Ең Жақсысы», (құран 23інші сүре 14інші аят), садақаллахулғазим. Алла Әззә уә-Жәллә барлығын ең әдемі етіп жаратты, Оның есімі ең құрметті, біз, «табарака» дейміз, демек одан биігі немесе одан жақсысы жоқ, Алла Әззә уә-Жәллә барлығын ең жақсы бейнеде жаратты. Алайда, адам баласы оны ұнатпай, оны өзгерткісі келер, ал олар оны өзгерткенде, ол әдемі болмай қалады, ол қарамаққа әдемі көрінсе де, кейін ол адамдарды зияндар. Міне бұл біз атап жүрген ақырзаман еді, адамдар, «біз жақсы етеміз, біз бәрін жақсы қыламыз» деп ойлар, бірақ олар осылай «жақсы қылып жібереміз» деп жүргенде, істі онан арман ұшықтырып жіберер. Ода...

Сұхбат: барша сұлулық исламда, ал біреулердің жаңа жылы бос нәрсе (2025.12.19 / Хижри 1447-жыл 28-Жұмадал Әл-Тәни)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8622 Сұхбат: барша сұлулық исламда, ал біреулердің жаңа жылы бос нәрсе (2025.12.19 / Хижри 1447-жыл 28-Жұмадал Әл-Тәни) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Алла Әззә уә-Жәлләның берекелі айлары жақындауда, барлық айлар Алла Әззә уә-Жәлләға тән, бірақ Ол режеп шахри яғни режеп айын ерекшелеп Өзіне арнады, Алла Әззә уә-Жәллә, «режеп айы Менің айым» дейді. Ал шағбан айы пайғамбарымыз ﷺның айы болса, рамазан айы оның үмбетінің айы, бұл айлар құтты айлар, біз оған жақсы дайындалуымыз керек, оларды ұмытпауымыз керек, оны еске жақсы сақталық. Қазір жаңа жыл да келе жатыр, адамдар әр жерді безендіріп жатыр, олар бейне бір керемет нәрсе келетіндей болуда. Ал жаңа жыл келсе не болмақ? бұл бір мәселе, бұдан тыс адамдар соншама күш шығарып, бос бірдеңелерді істеп жатыр, олар пайдасыз нәрсеге тым маңыздылық танытуда, демек бұлар оларға да, я олардың ақиретіне де тозаң салмағындай пайдасы жоқ нәрселер. Бі...

Сұхбат: 60 күндік кафарат оразамен 40 күндік қалуа режеп-шағбан айларында істелінер (2025.12.18 / Хижри 1447-жыл 27-Жұмадал Әл-Тәни)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8621 Сұхбат: 60 күндік кафарат оразамен 40 күндік қалуа режеп-шағбан айларында істелінер (2025.12.18 / Хижри 1447-жыл 27-Жұмадал Әл-Тәни) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Шүкір-Алла, қасиетті үш ай жақындауда, бір жыл өтіп кетті, күндер өтуде, жылдар өтуде, өмір өтуде, сондықтан алдағы осыбір кездерден пайда алып қалу керек, ал олар ақирет үшін қажетті болмақ. Сопылық тәриқаттағылар, яғни пайғамбарымыз ﷺның жолына ілесетіндер, олардың құнын біледі, және одан игіліктенеді, ал нәсіп болмағандар олардың қадірін білмес, ештеңеден пайда ала алмас. Айтып өткеніміздей, шайтан ұдайы мүминдерге залал салғысы келеді, ол олардың игілікке кенелгенін қаламайды, сондықтан, нендей жақсы нәрсе болса, ол осы нәрсені қарамаққа жаман көрсету үшін оны еш тынбастан сынап мінейді, «одан алыс тұрыңдар, ол жаман нәрсе, ол анау, ол мынау» деп ақылгойсінеді. Және, «егер сендер оны істесеңдер, шірік жасаған боласың...

Сұхбат: шылым шекпе, шылым шайтанның нәжісінен жаралған өсімдіктен келген (2025.12.17 / Хижри 1447-жыл 26-Жұмадал Әл-Тәни)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8620 Сұхбат: шылым шекпе, шылым шайтанның нәжісінен жаралған өсімдіктен келген (2025.12.17 / Хижри 1447-жыл 26-Жұмадал Әл-Тәни) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахиррахманиррахим, «وَمَن جَـٰهَدَ فَإِنَّمَا يُجَـٰهِدُ لِنَفْسِهِ» яғни «және кім өзі үшін құлшынса», садақаллахулғазим, (құран 29інші сүре 6інші аят). Демек, қазіргі кездегі жихат өз нәпсімізге жихат жасау болмақ, ал адам өзі жалғыз майдандағы соғыс жихатын жасай алмайды. Пайғамбарымыз ﷺ соғыстан қайтып бара жатқанда, «біз қазір кіші жихаттан үлкен жихатқа бара жатырмыз» дейді, ал пайғамбарымыз ﷺның айтпағы сол, жаумен соғысу өзіміздің нәпсімізбен соғысудан оңай демекілік еді. Демек, адам әр істе өз нәпсісінің қалауын істемеуі керек, олар оған қарсы болуы тиіс, ал бұнда адамдардың өз нәпсісіне қарсы шығып, нәпсісіне соғыс ашу үшін істелінуге тиісті көптеген істер бар. Мәселен, оның мәлім бір сұмдығы бар, және оның ешқанд...

Сұхбат: таза болсаң, еш қорықпа, ал сатқынның арты қуыс, ол ұдайы қорқып жүреді (2025.12.16 / Хижри 1447-жыл 25-Жұмадал Әл-Тәни)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8619 Сұхбат: таза болсаң, еш қорықпа, ал сатқынның арты қуыс, ол ұдайы қорқып жүреді (2025.12.16 / Хижри 1447-жыл 25-Жұмадал Әл-Тәни) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахиррахманиррахим, «وَأَنَّ اللَّهَ لَا يَهْدِي كَيْدَ الْخَائِنِينَ» яғни «және Алла сатқындардың жоспарын дұрыстыққа бастамайды», садақаллахулғазим, (құран 12інші сүре 52інші аят). Алла Әззә уә-Жәллә сатқындармен бірге болмас, біз қазір тым оғаш дүниеде өмір сүрудеміз, бұнда адамдар бір-бірін өсектеп, бір-бірін зияндау үшін сан түрлі сұмдықты істейді. Олар өтірік таратады, өсек таратады, ал өсекке қалған адам үрей ішінде жүрер, бірақ ақиқатында ең қорқақ кім? ол - опасыз адам, сатқын адам, олар - ішінде жасырған нәрсесінің ашылып қалуынан ұдайы алаңдап, қорқып жүретін адамдар. Ал қазіргі осы кезде адамдар пайда үшін қолынан келетін бар сұмдықты құлшына істер, олар біреуді қорқытып, одан ақша талап етеді, адамдарды қ...

Сұхбат: мәселе ақша көптікте емес, құтта, Аллаға шын сүйенгенде құтың кіреді (2025.12.15 / Хижри 1447-жыл 24-Жұмадал Әл-Тәни)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8618 Сұхбат: мәселе ақша көптікте емес, құтта, Аллаға шын сүйенгенде құтың кіреді (2025.12.15 / Хижри 1447-жыл 24-Жұмадал Әл-Тәни) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Пайғамбарымыз ﷺ бізге, «لَوْ أَنَّكُمْ تَتَوَكَّلُونَ عَلَى اللَّهِ حَقَّ تَوَكُّلِهِ لَرَزَقَكُمْ كَمَا يَرْزُقُ الطَّيْرَ، تَغْدُو خِمَاصًا وَتَرُوحُ بِطَانًا» яғни «егер барлықтарың Аллаға шын сеніммен сүйенсеңдер, Ол сендерге риздықтарыңды таңда аш шығып, ымыртта құрсағы тоқ қайтқан құсқа бергендей берер еді» дейді. Демек, егер сіз Алла ﷻға шынайы сүйене білсеңіз, Алла ﷻ сіздің риздығыңызды ештеңе істемесеңіз де береді, бұл жағдай кәдімгі таңда аш кетіп, кеште тоқ қайтып келетін ұқсайды, міне осы сияқты, егер сіз Алла ﷻға шынайы сүйенуді білсеңіз, шын түсінсеңіз, Алла ﷻ сізді риздықпен осылай қамдайтын болады. Әрине, тіпті аталмыш мұсылмандардың өзі Алла ﷻға сенім артпайды, яғни олардың Алла ﷻға деген сенімі тым кемшіл, ал ...

Сұхбат: Алла жолында болғың келсе, пірге еріп, сопылық тәриқат ұстан (2025.12.14 / Хижри 1447-жыл 23-Жұмадал Әл-Тәни)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8617 Сұхбат: Алла жолында болғың келсе, пірге еріп, сопылық тәриқат ұстан (2025.12.14 / Хижри 1447-жыл 23-Жұмадал Әл-Тәни) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Шүкір-Алла, біз барлығымыз уммати-мухаммат яғни пайғамбарымыз ﷺның үмбетіміз, бұл бір зор мәртебе, зор нығымет, зор береке, біз осы нығыметтің құнын білуіміз керек. Біз осы үшін, осы дінде болғанымыз үшін, осы үмбеттен болғанымыз үшін Алла Әззә уә-Жәлләға алғыс айталық, ал кім пайғамбарымыз ﷺды сүймесе, ол шайтан болар, шайтан болса адамдарды адастырып, оларды өзі сияқты бақытсыз еткісі келеді. Сондықтан ол адамдарды олардың нәпсісімен, қалау-аңсарымен алдап, пайғамбарымыз ﷺға қарсы жау етеді, немесе ең кемінде оларды пайғамбарымыз ﷺды құрметтеуден тосады. Ал пайғамбарымыз ﷺға қарсы келгендер, оған жау болғандар онсызда кәпірлерден болар, ал оған құрмет көрсетпегендер алданған мұсылмандардан болар, сонда олар кімдер? олардың көбі сол, ...

Сұхбат: өліммен мәңгіліктің шын ақиқаты хақында аз сөз (2025.12.13 / Хижри 1447-жыл 22-Жұмадал Әл-Тәни)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8616 Сұхбат: өліммен мәңгіліктің шын ақиқаты хақында аз сөз (2025.12.13 / Хижри 1447-жыл 22-Жұмадал Әл-Тәни) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «كُلُّ نَفْسٍ ذَآئِقَةُ ٱلْمَوْتِ ۖ ثُمَّ إِلَيْنَا تُرْجَعُونَ» яғни «әрбір адам өлім дәмін татады, одан соң сендер Бізге қайтасыңдар», садақаллахулғазим, (құран 29інші сүре 57інші аят). Демек өлім әрбір адам тататын нәрсе, бірақ адамдар тірі жүрген кезінде ешқашан өлмейтіндей ойлайды, бұл да Алла Әззә уә-Жәлләның хикіметінен еді. Пайғамбарымыз ﷺ, «қиямет күнінде барлық сұрақтармен есеп берулер біткен соң, өлім жәннәтпен тозақтың арасына қойылып, сонда кәдімгі мал сияқты бауыздалады, ал ол бауыздалып құрбан етілген соң, өлместік мәңгілікке айналар» дейді. Бұл жәннәттық адамдармен тозақтық адамдар үшін бірдей ұқсас болар, одан соң өлім деген ешқандай нәрсе болмайды. Ал мына дүние өлімді жер, бұл дүниедегі әр адам сөзсіз ...

Сұхбат: тәубе етіп, кешірім сұраса, Алла кешіреді (2025.12.12 / Хижри 1447-жыл 21-Жұмадал Әл-Тәни)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8614 Сұхбат: тәубе етіп, кешірім сұраса, Алла кешіреді (2025.12.12 / Хижри 1447-жыл 21-Жұмадал Әл-Тәни) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Пайғамбарымыз ﷺ бізге, «التَّائِبُ مِنْ الذَّنْبِ كَمَنْ لَا ذَنْبَ لَهُ» яғни «күнәсына тәубе етіп, өкінген адам күнә етпеген адамға ұқсар» дейді, демек адам күнәсына өкіне тәубе еткен соң Алла Әззә уә-Жәллә оның тәубесін қабыл етеді. Алла ﷻ адамдарды қателікпен күнә істеп қоятын етіп жаратты, және Ол олардың тәубе етіп, өкінуін қалайды, егер біреу, «мен күнә еттім, және менің күнәмнан ештеңе кетпейді, сондықтан мен оны тағы істеймін» десе, олар қателік қылған болады. Адам күнә істеп қойса, одан соң өкінсе, Алла Әззә уә-Жәллә ол күнәсі кешіреді, бұндағы маңызды іс тәубе етіп өкіну, және кешірім сұрау болмақ, ол Алла ﷻдан бір нығымет-дүр, тәубе қақпасы әрдайым ашық тұр. Қиямет орнағанға дейін, яғни қиямет тым жақын болғанда тәубе қақпады жабылады да, ол ...