Posts

Showing posts from October, 2025

Сұхбат: тажал адамдарды қымбат қонақ үй, касино, боянған әйелдермен алдайды (2025.10.25 / Хижри 1447-жыл 04-Жұмадал Әл-Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8561 Сұхбат: тажал адамдарды қымбат қонақ үй, касино, боянған әйелдермен алдайды (2025.10.25 / Хижри 1447-жыл 04-Жұмадал Әл-Ауал) Исламбол (Станбул), Түркия. (Argentina, Patagonia, Dergah Mallin Ahogado дергасында айтылған сұхбат) Иншалла, біз Алла ﷻ үшін жиналып жатырмыз, Алла ﷻ бізге бақыт бергей, ел-жұртқа хидаят бергей. Әлхамдулилла, біз Аргентинада бір жерден тағы бір жерлерге көп сапарладық, ал кеше, машалла, Кордобадағы мүриттермен жақсы жиналыс өткіздік, бүгін, әлхамдулилла, Мендоза қаласына келдік, ол керемет жер екен, ол Чилимен шегаралас, оған өте жақын екен. Ал біздің бұндағы мүриттер онда мешітпен дерга салыпты, және онда барлығы отбасыларымен бірге өмір сүріп жатыпты. Бұл бір өте жақсы жер, сулары бастаулардан ағып келеді, біз 2000 метірдей биікте тұрдық, ол салқын және жанға жәйлы жер. Ал осында бір түйінді айтайын, демек өзара қарсы болған екі нәрсені адамдарға айтайын. Сіздер Лас-Вегас деген жерді білесіздер, тағы бір ж...

Сұхбат: пайғамбарымыз, «үмбетімде әрдайым 40 абзал бар» дейді (2025.10.24 / Хижри 1447-жыл 03-Жұмадал Әл-Ауал)

Image
https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8560 Сұхбат: пайғамбарымыз, «үмбетімде әрдайым 40 абзал бар» дейді (2025.10.24 / Хижри 1447-жыл 03-Жұмадал Әл-Ауал) Исламбол (Станбул), Түркия. (Argentina, Patagonia, Dergah Mallin Ahogado дергасында айтылған сұхбат) ... Біз құптада пайғамбарымыз ﷺның бір хадисін оқыдық, онда, «لا يزال أربعون رجلا من أمتي قلوبهم على قلب إبراهيم يدفع الله بهم عن أهل الأرض ، يقال لهم الأبدال» яғни (менің үмбетімде әрдайым жүрегі Ибырахимның жүрегі сияқты 40 кісі болады, Алла солар арқылы жердегі адамдардан бале-қаланы кетіріп отырады, олар, «әл-абзал» деп аталар) делінген. Демек 40 кісі, яғни өте ықыласты 40 кісі бар болып, олардың жүрегі Алла Әззә уә-Жәлләға бұрылған, олардың жүрегі Сәйдина Ибырахим әлейхиссаламға ұқсайды, ал Ибырахим әлейхиссалам аса ұлық пайғамбарлардың бірі, бұнда «ұли ғазим» яғни ұлық ағзам аталынған 7 ұлкен пайғамбар бар. Ибырахи әлейхиссаламға көптеген істер туылды, оның жас кезінен бастап, басынан көп іс өтті, және Алла ﷻ оған көптеген...

Сұхбат: егер әулие шайқы пірге ере алсаң, онда қуана бер (2025.10.22 / Хижри 1447-жыл 01-Жұмадал Әл-Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8558 Сұхбат: егер әулие шайқы пірге ере алсаң, онда қуана бер (2025.10.22 / Хижри 1447-жыл 01-Жұмадал Әл-Ауал) Исламбол (Станбул), Түркия. (Argentina, Patagonia, Dergah Mallin Ahogado дергасында айтылған сұхбат) Әлхамдулилла, бұл жиналыс өте қымбат, өте бағалы, себебі пайғамбарымыз ﷺ Алла Әззә уә-Жәлләның періштелерге әмір беріп, Алла ﷻ махаббаты үшін болған осындай жиналыстарға, кеңес алатын осындай жиындарға қанаттарын төсететіндігін айтады, иншалла. Адам баласы үшін ең маңызды нәрселер міне осылар, ең қымбатты нәрсе де міне осылар, демек, иншалла, жақсы кеңес беріп, пайғамбарымыз ﷺның жолын көрсететін жақсы адамдарды табу ең абзал іс болмақ. Алайда қазіргі мына дүниеде бұның қадірін білетіндер өте аз, тым сирек кездеседі, себебі олардың көбі мәтериялдық нәрселердің артына түсіп кеткен. Бұл материялдық нәрселер дегеніміз олардың қалауына құлақ салып, олардың нәпсілерін қуандыруы еді, және бұл нәрселер әр адам үшін ең маңызды болып кет...

Сұхбат: көре алмастық болған жерде бақытпен қуаныш тұра алмайды (2025.10.21 / Хижри 1447-жыл 29-Рабих Әл-Ақир)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8557 Сұхбат: көре алмастық болған жерде бақытпен қуаныш тұра алмайды (2025.10.21 / Хижри 1447-жыл 29-Рабих Әл-Ақир) Исламбол (Станбул), Түркия. (Argentina, Patagonia, Dergah Mallin Ahogado дергасында айтылған сұхбат) Иншалла, Алла ﷻ әрдайым осындай жақсы жиналыс бергей, иншалла, пайғамбарымыз ﷺ, «мүмин үшін ең жақсы іс өзгелерге пайдалы болу» дейді. Ол әр істе солай, демек адамдарды тәрбиелеуде болсын, я кезкелген істе болсын пайдалы болуымыз керек, міне бұл бір хадис болып, онда, «ең жақсы адам отбасына, еліне, және адамзатқа жақсы болар» делінген. Әрине көптеген адамдар, «егер біз олай етер болсақ, кейбір пайдаларымызды жоғалтып аламыз» деп ойлар, мәселен сіз, «егер мен оған жәрдем етсем, ол менен асып кетеді» деп ойлайсыз. Адамдардың ойы міне осы, бірақ бұл мүминдердің ойы емес, мүминдер бұндай болмайды, мүмин адам барлығына көмектеседі, ал жақсы ойлай білетіндер осыны білуі керек. Егер сіз жақсы күйде болсаңыз, көршіңіз де жақсы күй...

Сұхбат: екі дүниеде де бақытты болғыңыз келсе (2025.10.20 / Хижри 1447-жыл 28-Рабих Әл-Ақир)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8556 Сұхбат: екі дүниеде де бақытты болғыңыз келсе (2025.10.20 / Хижри 1447-жыл 28-Рабих Әл-Ақир) Исламбол (Станбул), Түркия. (Argentina, Buenos Aires, Tekkia Sufi Halveti-Yerrahi дергасында айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «إِنَّمَا يَعْمُرُ مَسَاجِدَ اللَّهِ مَنْ آمَنَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ» яғни (Алланың мешіттері Аллаға және қияметке сенгендер жағынан күтіп ұсталынады) (құран 9інші сүре 18інші аят), садақал лахул ғазим. Алла Әззә уә-Жәллә құранда Алла ﷻмен қиямет күніне сенгендер Алла ﷻ үшін осы үйді жасайтындығын айтады, бұндағы үй дегеніміз бәйтуллаһ. Демек жами яғни мешіттер Алла ﷻдың үйлері, ал оның мағынасы не? оның мағынасы сол, барлық адамның оған келуіне болады, кіруіне болады, онда ғибадат-құлшылық өтеуіне болады, сауап табуына болады демекілік-дүр, иншалла. Әлхамдулилла, біз бір жерден тағы бір жерге тынбай сапарлап келеміз, машалла, олар мешіт және дерга-зауия үшін жақсы жерлер жасап қойыпты. Иншалла,...

Сұхбат: ислам аз-аздан түсіп, пайғамбарымызға келгенде толық түсіп болды (2025.10.18 / Хижри 1447-жыл 26-Рабих Әл-Ақир)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8555 Сұхбат: ислам аз-аздан түсіп, пайғамбарымызға келгенде толық түсіп болды (2025.10.18 / Хижри 1447-жыл 26-Рабих Әл-Ақир) Исламбол (Станбул), Түркия. (Argentina, Buenos Aires, Tekkia Sufi Halveti-Yerrahi дергасында айтылған сұхбат) Біздің сопылық тәриқатымыз сол, бір болу, жақсы нәсихат беру және нәсихат есту. Нақышбанд сопылық тәриқаты 41 тәриқаттың бірі болып, пайғамбарымыз ﷺнан келген, осы 41 тәриқаттың біреуі Сәйдина Әбубәкір Әс-Сыддық хазіреттен келсе, қалғандары Сәйдина Әли хазіреттен келген. Ал үмбеттің ішінде пайғамбарымыз ﷺның сахабалары ең жоғары, ал адам баласындағы ең жоғарылар пайғамбарлар, бұнда 124000 пайғамбар өткен, және олардың ішіндегі ең биігі дінді тамам еткен пайғамбарымыз Сәйдина Мұхаммад ﷺ. Себебі оның есімі Алла ﷻдың есімімен, «ләләхә иллаллах мұхаммадұн расулаллах» деп бірге келген, оның дәрежесі ең жоғары, ал біз оның үмбеті болып, бағы зор тәлейлі болдық. Барлық пайғамбарлар ұқсас жолда жүрген, ұқсамастығы...

Сұхбат: адамдар көз алдағы бақытты көрмей, қаңғып жүр (2025.10.17 / Хижри 1447-жыл 25-Рабих Әл-Ақир)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8554 Сұхбат: адамдар көз алдағы бақытты көрмей, қаңғып жүр (2025.10.17 / Хижри 1447-жыл 25-Рабих Әл-Ақир) Исламбол (Станбул), Түркия. (Argentina, Buenos Aires, Tekkia Sufi Halveti-Yerrahi дергасында айтылған сұхбат) Біз тағы да Алла ﷻға бізді мүмин-мүминаттармен бірге еткені үшін әр минут, әр секонд сайын алғыс айтамыз, иншалла. Біз қазір жұма күнінде тұрмыз, ол пайғамбарымыз ﷺмен оның үмбеті үшін ерекше күн, себебі Алла Әззә уә-Жәллә пайғамбарымыз ﷺ үшін ең жақсы нәрсені берді, ал аптаның ең жақсы күні жұма күні. Бүкіл барлығы осы күні туылған, мәселен, Адам әлейхис-салам осы күні туылды, қиямет те осы күні болады. Сонымен бірге жұма күнінде мәлім бір сағат уақыт бар болып, еткен дұғаңыз дәл сол сағатқа келсе, Алла ﷻ оны қабыл етеді, және сұрағаныңызды береді. Демек бұл күнде көптеген берекелермен нығыметтер бар, мәселен, осы күнде көптеп салауат айтып, дұға етсе, садақа берсе, ол көптеп қабыл болады, және көптеп сауап беріледі. Және ә...