Posts

Showing posts from August, 2025

Сұхбат: намаз емес, махаббат жәннәтқа кіргізеді, ал бұл қайсы махаббат? (2025.08.31 / Хижри 1447-жыл 08-Рабиул Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8380 Сұхбат: намаз емес, махаббат жәннәтқа кіргізеді, ал бұл қайсы махаббат? (2025.08.31 / Хижри 1447-жыл 08-Рабиул Ауал) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Пайғамбарымыз ﷺның туылған күнін құттықтау, және оны еске алу Алла ﷻдың ризалығына жетудің бір жолы, иншалла. Ал қазір кейбіреулер, «мәулит деген болмаған нәрсе» деген сияқты сөздерді айтады. Және олар пайғамбарымыз ﷺды мерейлеп мәртебелеуге, оны құрметтеуге, оны сүюге тосқауыл қою үшін басқа бірдеңелерді іздеп жүр, бірақ олар олай ете алмайды, не үшін? себебі пайғамбарымыз ﷺның махаббаты - бір парыз іс, ол - адам баласы үшін, мұсылмандар үшін міндет. Шүкір-Алла, біз бүгін кипірге бармақшымыз, иншалла, онда бауырларымызбен бірге болып, мәулит өткізу, мәулитке жиналу, мәулит құттықтау Алла ﷻдың ризалығы үшін болмақ. Бұл ісіміз берекеге сеп болғай, иншалла, иманымыздың күшеюіне сеп болғай, пайғамбарымыз ﷺның шапағатына жетуге сеп болғай. ...

Сұхбат: тозақтағы уәил деген аңғарға кімдер түседі? (2025.08.30 / Хижри 1447-жыл 07-Рабиул Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8379 Сұхбат: тозақтағы уәил деген аңғарға кімдер түседі? (2025.08.30 / Хижри 1447-жыл 07-Рабиул Ауал) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бүгін біз таң намазда оқыған бұл сүреде, «وَيْلٌ لِّلْمُطَفِّفِينَ ٱلَّذِينَ إِذَا ٱكْتَالُوا۟ عَلَى ٱلنَّاسِ يَسْتَوْفُونَ» (алдамшылық істегендерге, адамдардан таразыда артық тола жегендерге өкініш болсын) делінген, (құран 83інші сүре 1інші 2інші аяттар). Алла Әззә уә-Жәллә, «жұмыста, бизнисте, және табыс табуда адамдарды алдағандарға өкініш болсын» дейді, ал бұндағы «уәил» дегеніміз тозақтағы бір терең аңғар, ол ел-жұртты таразыда, өлшеуде алдаған адамдармен, өзгеге уәде беріп, ақшасын алып, бірақ уәдесін орындамайтын адамдарға арналған тозақ. Бұндайда олардың тапқандары оларды жәннәтқа емес, тозаққа алып барады, олар, «біз осылай осы дүниеде бірдеңе таптық» деп ойлар, бірақ олар өздерін тозаққа дайындап жатыр, себебі олар өзге адамдардың ұқығына қол сұ...

Сұхбат: биыл пайғамбарымыздың туылғанына 1500 жыл; ал адамзатты тек Мәхди хазірет құтқара алады (2025.08.29 / Хижри 1447-жыл 06-Рабиул Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8377 Сұхбат: биыл пайғамбарымыздың туылғанына 1500 жыл; ал адамзатты тек Мәхди хазірет құтқара алады (2025.08.29 / Хижри 1447-жыл 06-Рабиул Ауал) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахиррахманиррахим, «وَمَآ أَرْسَلْنَـٰكَ إِلَّا رَحْمَةً لِّلْعَـٰلَمِينَ» (және Біз сені бұл дүниеге рахымнан басқа ештеңеге жібермедік) (құран 21інші сүре 107інші аят), садақаллахулғазим. Осыбір айымыз бізге берекелі болғай, қазір пайғамбарымыз ﷺның туылған айы рабиул-ауал айы. Осыбір құт-берекелер үшін шүкір-Алла, біз Алла ﷻға тағы да алғысымызды айтып жатырмыз. Кеше бұнда құтты кісілер келіп, бізді зиярат етті, олар пакистаннан келіпті, олар сопылық тәриқатқа ерушілерден, ахлул сүннә уәл-жамағадан екен. Олар пайғамбарымыз ﷺды құрметтемейтін адамдарға қарсы көптеген жақсы амалдар істеуде, олар жақсы нәрселер айтты, нақты есімізде қалмапты. Биыл, осы мәулит айы пайғамбарымыз ﷺның дүниеге келуінің 1500ін...

Сұхбат: істеген бар істеріңізді пайғамбарымыз да көріп отырады (2025.08.28 / Хижри 1447-жыл 05-Рабиул Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8375 Сұхбат: істеген бар істеріңізді пайғамбарымыз да көріп отырады (2025.08.28 / Хижри 1447-жыл 05-Рабиул Ауал) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахиррахманиррахим, «وَقُلِ ٱعْمَلُوا۟ فَسَيَرَى ٱللَّهُ عَمَلَكُمْ وَرَسُولُهُۥ» (және, «істе, ал Алла сенің амалдарыңды көреді, және Оның елшісі де көрер» деп айт) (құран 9інші сүре 105інші аят), садақаллахулғазим. Амалдарыңызда, садақаларыңызда жақсы іс істеңіз, барлық амалыңызда жақсы іс істеңіз, құлшылық етіңіз, ал Алла ﷻ не істеп жатқаныңызды көреді, пайғамбарымыз ﷺ да солай, ол да көреді. Амалдар, құлшылықтар, садақалар, және істеген барлық істеріңіз Алла ﷻ үшін болсын, Алла ﷻ сізді ұмытпайды. Ал адамдар ұмытады, бірақ Алла Әззә уә-Жәллә ешқашан ұмытпайды, Ол сөзсіз түрде істеген барша іс-амалдарыңызды көреді, оларды пайғамбарымыз ﷺ да көріп отырады. Істелінген жақсы амалдар, айтылған салауаттар, берілген садақалардың барлығы пайғам...

Сұхбат: егер сіз расында Алла жолында болсаңыз, қыңыр адамға ермеген болар едіңіз (2025.08.27 / Хижри 1447-жыл 04-Рабиул Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8373 Сұхбат: егер сіз расында Алла жолында болсаңыз, қыңыр адамға ермеген болар едіңіз (2025.08.27 / Хижри 1447-жыл 04-Рабиул Ауал) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ عَلَيْكُمْ أَنفُسَكُمْ ۖ لَا يَضُرُّكُم مَّن ضَلَّ إِذَا ٱهْتَدَيْتُمْ» (о иман келтіргендер, өздеріңе ие болыңдар, сендерге хидаят берілсе, адасып кеткендер сендерге залал қыла алмайды) (құран 5інші сүре 105інші аят), садақал лахул ғазим. Алла Әззә уә-Жәллә бұнда, «егер сен хидаятқа жетсең, саған далалахта яғни адасуда жүрген адамдар, және кәпірлер зиян сала алмас» дейді, ал далалахта жүргендер олардың өздері болмақ. Сіздің ең үлкен табысыңыз Алла Әззә уә-Жәлләның жолында болуыңыз-дүр, ал басқалары сізді қанша жек көрсе, сонша жек көре берсін, мейлі олар сізді қанша сүймесін, қадіріңізді мүлдем білмесін, оның сізге келіп-кетері жоқ. Демек одан сізге залал келмейд...

Сұхбат: күллі әлем, барша адамзат және сіз, пайғамбарымыздың құрметі үшін жаратылдыңыз (2025.08.26 / Хижри 1447-жыл 03-Рабиул Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8372 Сұхбат: күллі әлем, барша адамзат және сіз, пайғамбарымыздың құрметі үшін жаратылдыңыз (2025.08.26 / Хижри 1447-жыл 03-Рабиул Ауал) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Пайғамбарымыз ﷺның мәртебесімен ұлықтығы Алла Әззә уә-Жәлләның назарында өте үлкен, мына дүние, мына әлем осы пайғамбарымыз ﷺның құрмет-мәртебесі үшін жаратылды, олар пайғамбарымыз ﷺның нұрынан жаратылды. Біздің білімімізде олардың қалай жаратылғаны белгісіз, оған ақыл-сана жетпейді, бірақ анығы сол, Алла ﷻ бізді жаратты және пайғамбарымыз ﷺның құрмет-мәртебесі үшін бізді  осы дүниеге, осы әлемге орналастырды. Алла Әззә уә-Жәлләның нарзарында дүние ештеңе емес, Алла Әззә уә-Жәллә оны тек сынақ алаңы ретінде, кімнің сынақтан өтіп, кімнің сынақтан өтпейтіні үшін ғана жарата салды, ал пайғамбарымыз ﷺ осы дүниеге келісімен, бұл дүниеге береке кіріп, ол құтая түсті. Байт әл-Мағмұр, қыбыла, Қағба, пайғамбарымыз ﷺның береке...

Сұхбат: пайғамбарымызды құрметтемейтін, сүймейтін адам шайтанға ұқсайды (2025.08.25 / Хижри 1447-жыл 02-Рабиул Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8370 Сұхбат: пайғамбарымызды құрметтемейтін, сүймейтін адам шайтанға ұқсайды (2025.08.25 / Хижри 1447-жыл 02-Рабиул Ауал) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Біз пайғамбарымыз ﷺды сүйеміз, мұсылмандар оны сүйеді, әрине, оны сүю адамдар үшін, мұсылмандар үшін өте үлкен фазилет болмақ, расында, оны сүю, оның жолына түсуді қалау мұсылмандар үшін аса зор фазилет-дүр. Бірақ әрине, ол тек сөзбен ғана болмайды, бұнда пайғамбарымыз ﷺның жолы бойынша амал етілсін, және оның істегені істелінсін, ал оның істегенін істеу аса ұлық береке. Себебі бұлар Алла ﷻдың рахымымен іззетінен болып, Алла Әззә уә-Жәллә ол адамға осылай істеттіріп қойды, егер біреу пайғамбарымыз ﷺды сүйіп, және құрметтеп жүрсе, ол адам Алла ﷻ оны оның жолына салып қойғандығы үшін Алла ﷻға шүкірліктер айтуы керек. Себебі бұндай әдемі жол әркімге бірдей бұйыра беретін нәрсе емес. Сіз кейбіреулерді көресіз, олар құранды сондай керемет жа...

Сұхбат: жақсыны сүй, жаманды сүйме, ақиретте әркім сүйгенімен бірге болады (2025.08.24 / Хижри 1447-жыл 01-Рабиул Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8369 Сұхбат: жақсыны сүй, жаманды сүйме, ақиретте әркім сүйгенімен бірге болады (2025.08.24 / Хижри 1447-жыл 01-Рабиул Ауал) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахиррахманиррахим, «وَمَآ أَرْسَلْنَـٰكَ إِلَّا رَحْمَةً لِّلْعَـٰلَمِينَ» (және Біз сені бұл дүниеге рахымнан басқа ештеңеге жібермедік) (құран 21інші сүре 107інші аят), садақаллахулғазим. Шүкір-Алла, бүгін берекелі рабиул-ауал айының бірінші күні, ол баршамызға құтты болғай, игілікті болғай, сафар айынан соң иншалла, одан бізге жеңілдік болғай. Биыл сафар айы біраз қиын болды, ол ауыр болды, ал осыбір ауырлықтар осымен алынып кеткей, иншалла, осы ай адамдар үшін жеңіл болады, игілікке жол болады, хидаятқа жол болады. Себебі Алла Әззә уә-Жәллә пайғамбарымыз ﷺды мына дүниеге рахым ретінде жіберді, сондықтан оған жақындаған, оған ерген әркім одан игіліктенетін болады, Алла Әззә уә-Жәллә оған ергендерге құран әзиму-шәнды, көпте...

Сұхбат: қандай кезде біреу тағы біреудің күнәсін арқалайды? (2025.08.23 / Хижри 1447-жыл 29-Сафар)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8366 Сұхбат: қандай кезде біреу тағы біреудің күнәсін арқалайды? (2025.08.23 / Хижри 1447-жыл 29-Сафар) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «وَلَا تَزِرُ وَازِرَةٌ وِزْرَ أُخْرَىٰ» (және, біреу тағы біреудің жүгін арқаламайды) (құран 39інші сүре 7інші аят), садақал лахул ғазим. Алла Әззә уә-Жәллә, «біреу тағы біреудің күнәсін көтермес» дейді, демек, біреу күнә істесе және осы күнәсі үшін тәубе етпесе, ол адам өз күнәсі үшін жазаланады, бірақ ол өкініп тәубе етсе, оның күнәсі одан кетірілетін болады. Алайда, ол тәубеге келмесе, ешкім оның күнәсін арқаламайды немесе басқа біреу оның орнында жазаланбайды. Бірақ егер біреу басқаларға жаман жол көрсетіп, оларға жаман іс істеттірсе, онда бұл адам басқа әрбір адамның істеген жамандықтары үшін тағы да жазаланатын болады. Алайда айтып өткеніміздей, егер біреу өзі күнә істеп қойып, тәубе етсе, Алла Әззә уә-Жәллә оны кешіред...

Сұхбат: трамппен путин түк қыла алмайды, адамзатты Мәхди хазірет ғана құтқара алады (2025.08.22 / Хижри 1447-жыл 28-Сафар)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8365 Сұхбат: трамппен путин түк қыла алмайды, адамзатты Мәхди хазірет ғана құтқара алады (2025.08.22 / Хижри 1447-жыл 28-Сафар) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «وَمَآ أَرْسَلْنَـٰكَ إِلَّا رَحْمَةً لِّلْعَـٰلَمِينَ» (және Біз сені әлемге рахымнан басқа ештеңе етіп жібермедік) (құран 21:107), садақал лахул ғазим. Шүкір-Алла, сафар айы біткелі жатыр, айтып өткеніміздей, ол - бір ауыр ай, ол ғана емес, биыл да біраз ауыр жыл болды, шүкір-Алла, біз олардан есендікпен шықтық. Ал осы айдан соң пайғамбарымыз ﷺның берекелі айы келеді, яғни екі күннен соң рабиул ауал айы басталады, ол ай пайғамбарымыз ﷺның келуімен мына дүниенің құтқа оранып, берекеленген айы. Оның құт-берекесімен фәйізі өте зор, ол ай пайғамбарымыз ﷺның туылған күні, ол осы айда туылды, демек ол күн Сүлеймен Шелебі хазіреттің мәулитнамасында жазып кеткендей, қадір түніндей қадірлі де, қымбатты еді, о...

Сұхбат: істі қиын етпе, жеңіл ет, және рәбита туралы (2025.08.21 / Хижри 1447-жыл 27-Сафар)

Image
 Сұхбат: істі қиын етпе, жеңіл ет, және рәбита туралы (2025.08.21 / Хижри 1447-жыл 27-Сафар) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Пайғамбарымыз ﷺ бізге, «يَسِّرُوا ولا تُعَسِّرُوا، بَشِّرُوا ولا تُنَفِّرُوا» яғни (істі жеңіл ет, қиын етпе, жақсы хабар бер, жұртты қорқытып қашырма) дейді. Демек, істі оңай етіңіз, ол осылай дер, оны қиындатпаңыз, жұртқа қиындық тудырмаңыз, ал біреу қаншалық құлшылық ете алса, Алла ﷻ соны қабыл ететін болады. Егер сіз біреуге, «сенің құлшылығың қабыл емес» десеңіз, ол ер немесе әйел келер жолы, «ол баяғыда қабыл болмапты, енді оны қайта өтемеймін» дейтін болады. Алайда, Алла Әззә уә-Жәллә біреудің құлшылығы Алла ﷻдың ризалығы үшін болса болғаны, Ол оны қабыл етеді, оны қабыл етпейтіндей кедергі жоқ. Алла Әззә уә-Жәллә пайғамбарымыз ﷺның берекелі тілімен бұны айтып кетті, демек істі жеңіл етелік, оңай етелік, оны адамдарға қиын етпеңіз. Егер сіз, «сен бұны істеуің керек, сен оны істеуің керек, сен бұны істей...

Сұхбат: тәхажұт намаздың сауабы күндігі намаздан мың есе көп (2025.08.20 / Хижри 1447-жыл 26-Сафар)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8361 Сұхбат: тәхажұт намаздың сауабы күндігі намаздан мың есе көп (2025.08.20 / Хижри 1447-жыл 26-Сафар) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Алла Әззә уә-Жәллә бірінші рет пайғамбарымыз ﷺға құран түсіргенде онда намаз айтылмады, Алла ﷻ, «түнде қиям жасаңдар» деп айтты, демек түнде тұрып, Алла ﷻды зікірлеңіз, Алла ﷻ көріп тұр. Ал түндегі құлшылықтың фазилеті күндізгі кезден әлдеқайда зор болмақ, себебі ол көп қиын келеді, Алла Әззә уә-Жәлләның әмір еткені міне осы. Сондықтан түнде тұрып тәхәжұт оқысаңыз, және жатарда екі ракат қиямул-ләйіл өтеген болсаңыз, онда сіз ұйықтап жатсаңыз да, түні бойы құлшылық өтеген болып саналасыз. Демек, егер сіз ұйықтарда екі ракат намаз оқып жатсаңыз, және тұрғанда екі ракат тәхәжұт намаз оқысаңыз, сіз сол бір түнді құлшылықпен өткізген боласыз. Ал кейбір адамдар бар болып, олар түні бойы ұйықтамай намаз оқымақшы болады, бірақ бұлай істеу қиын, себебі кейбір а...

Сұхбат: садақа және сафар айының соңғы сәрсенбісі хақында (2025.08.19 / Хижри 1447-жыл 25-Сафар)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8359 Сұхбат: садақа және сафар айының соңғы сәрсенбісі хақында (2025.08.19 / Хижри 1447-жыл 25-Сафар) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Пайғамбарымыз ﷺ бізге, «الصَّدَقَةُ تَرُدّ الْبَلَاءَ وَتَزِيدُ الْعُمر» дейді, яғни садақа өмірді ұзартып, бәле-қаламен қиындықты қайтарады, пайғамбарымыз ﷺ міне осылай дейді. Біз не үшін бұны айтып отырмыз? себебі, шүкір-Алла, сафар айы соңына келіп жетті, ал ертең оның соңғы сәрсенбі күні болмақ, сафар айы ауыр болады, иә, ол - бір ауыр ай. Бірақ пайғамбарымыз ﷺ тағы бір сөзінде, «َفاءَلُوا بِالخَيرِ تَجِدُوه» яғни (жақсылықты үміт ет, соған жетерсің) дейді, сондықтан пайғамбарымыз ﷺ осы ай жәйлы, «сафарул хайыр» яғни «сафар қайырлы болсын» деген еді, оның мағынасы сол, жақсылық келсін, қиындықтан сақтасын демекілік-дүр. Күндердің ауыры сафардың соңғы сәрсенбісі яғни ертең болмақ, сол үшін адамдар ертең садақа беруді ұмытпасын, бауырлар, мұсылмандар сад...

Сұхбат: адамдар бұзылғандықтан, дүние тығырыққа тірелді (2025.08.18 / Хижри 1447-жыл 24-Сафар)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8356 Сұхбат: адамдар бұзылғандықтан, дүние тығырыққа тірелді (2025.08.18 / Хижри 1447-жыл 24-Сафар) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «ظَهَرَ ٱلْفَسَادُ فِى ٱلْبَرِّ وَٱلْبَحْرِ بِمَا كَسَبَتْ أَيْدِى ٱلنَّاسِ» (адамдардың қолекі істегендерінен жер жүзімен теңізде бірдей бұзғыншылық туылды) (құран 30:41), садақал лахул ғазим. Алла Әззә уә-Жәллә, «фасад яғни бұзылу әр жерде белең берді» дер, бұндағы «фасад» сөзі «тура жолдан шығып кету» дегенді білдіреді, ол теңізде, және жерде бірдей туылуда, Алла Әззә уә-Жәллә осылай дер. Демек, барлық жер жамандыққа, бұзықтыққа, фасадқа толды, және олар еселене көбейуде, пайда болуда. Алла Әззә уә-Жәллә, «әр нәрседе болатын тепе-теңдік бұзылды» дер, ал олар қалай бұзылды? олар адамдардың істеген істері себепті осылай болды, олар қаншалық істеді? қаншалық былғады? олар бар жерді былғап болды, тіпті үлкен мұхиттар да ластанған х...