Posts

Showing posts from September, 2025

Сұхбат: ар-ұят иманнан, ол адамды хайуаннан парықтап тұрады (2025.09.30 / Хижри 1447-жыл 08-Рабих Әл-Ақир)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8529 Сұхбат: ар-ұят иманнан, ол адамды хайуаннан парықтап тұрады (2025.09.30 / Хижри 1447-жыл 08-Рабих Әл-Ақир) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Пайғамбарымыз ﷺ бізге, «إِن لَمْ تَسْتَحِي فَاصْنَعْ مَا شِئْتَ» дейді,  яғни ол, «егер ұятың жоқ болса, барлығын істей бересің» дейді, демек адамда хая яғни ар-ұят болмаса, ол бүкіл барлығын істей береді, ар-ұят имандылықтан келеді, арлы болу әдептіліктен. Бұнда барлығы ақысыз бола бермес, яғни әр нәрсенің өз шегімен шегарасы бар, егер әр адам өздері қалағаны бойынша өмір сүрсе, мәселе шығады. Әрине бұнда шексіз еркіндік деген нәрсе жоқ, шексіз еркіндік басқалардың ұқығын таптап, бүлікпен қалаймақаншылық туындатады. Ал адамдар үшін Алла Әззә уә-Жәлләның заңы ең жақсы болмақ, бірақ бұнда адамдардың өз нәпсілерімен шайтанға икемді етіп жасап алған заңдары көп. Бұл заңдар әдепсіздікке, арсыздыққа, тексіздікке, дөрекілікке әмір етеді, және сола...

Сұхбат: күнәңді жоққа шығарма, бірақ күнә үшін өкіне тәубе ет (2025.09.29 / Хижри 1447-жыл 07-Рабих Әл-Ақир)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8528 Сұхбат: күнәңді жоққа шығарма, бірақ күнә үшін өкіне тәубе ет (2025.09.29 / Хижри 1447-жыл 07-Рабих Әл-Ақир) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Пайғамбарымыз ﷺ бізге, «الدِّين النَّصِيحَة» (әддину нәсихах) яғни «дін дегеніміз нәсихат» дейді, демек дін нәсихатқа яғни кеңеске құрылған, бұндағы кеңес дегеніміз жақсы нәрселерді айтуды білдіреді. Егер адамдар мәлім нәрсе сұраса, кеңес сұраса немесе көзғарас сұраса, оларға кеңестің жақсысын беріңіз, дін дегеніміз қате нәрселерді айту емес, бірақ адамдарға кеңес беріп, тура жолды көрсету. Кейбір адамдар, «жоқ, мен оны ұнатпаймын» деуі мүмкін, онда бұл оның нәсихат-кеңесті қаламайтындығын білдіреді, ал бұнда тағы, «من لم يقبل النصيحة حلت الندامة» яғни (нәсихатқа құлақ аспаған соңында өкінер) деген сөз бар. Алла Әззә уә-Жәллә дінді пайғамбарымыз ﷺ арқылы көрсетіп кетті, Ол бізге барлығын көрсетіп қойған, Ол жақсы, жаман, күнә және сауаптың барл...

Сұхбат: әулиелерден медет сұрау туралы аз сөз (2025.09.28 / Хижри 1447-жыл 06-Рабих Әл-Ақир)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8526 Сұхбат: әулиелерден медет сұрау туралы аз сөз (2025.09.28 / Хижри 1447-жыл 06-Рабих Әл-Ақир) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Адамзат яғни адамдар дәрменсіз-дүр, егер көмек болмаса, игілік келмес, ал нәпсіден келетін барлық нәрседе еш пайда жоқ. Қазір жаңа бірдеңелер пайда болды, демек қазір басқа топтағы адамдар шықты және олар, «медет сұрау күнә, ол қате іс» деп жүр. Ал оларға, «сендер өздеріңмен қалып, қалай іс қылмақшысың» делінсе, олар, «сен оны өзің істейсің, жазылғанды оқысаң болды, айтсаң болды» дер, бірақ олар ел-жұртты ата-бабаларымыздың жолынан адастыруда. Бұндай топтағы адамдар сонау пайғамбарымыз ﷺның кезінен бері бар, олар осы күнге дейін сақталынып келеді. Олар ұдайы тынбастан пайда болып тұрады, барлық бейнеде келе береді, ұқсас бір бейнеде немесе бір формада ғана бола бермейді, бірақ тура жол қияметке дейін еш өзгерместен қала береді, Алла ﷻ қалауымен, иншалла. «Мада...

Сұхбат: пасық адам хабар әкелсе, сене салма, істі әбден анықта (2025.09.27 / Хижри 1447-жыл 05-Рабих Әл-Ақир)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8524 Сұхбат: пасық адам хабар әкелсе, сене салма, істі әбден анықта (2025.09.27 / Хижри 1447-жыл 05-Рабих Әл-Ақир) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Ағузу биллахи минәш шайтанир ражим, бисмиллахир рахманир рахим, «يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِن جَاءَكُمْ فَاسِقٌ بِنَبَإٍ فَتَبَيَّنُوا أَن تُصِيبُوا قَوْمًا بِجَهَالَةٍ فَتُصْبِحُوا عَلَىٰ مَا فَعَلْتُمْ نَادِمِينَ» (о иман келтіргендер, егер пасық біреу сендерге хабар әкелсе, оны тексеріңдер, әйтпесе надандықпен өзге адамдарға залал істеп қойып, кейін бұл істегендеріңе бола өкінетін боласыңдар) (құран 49інші сүре 6інші аят), садақал лахул ғазим. Алла Әззә уә-Жәллә құран әзиму-шәнда осылай дер, ал пасық адам дегеніміз сенімсіз адам, олардың істеп жатқан істерінің ешбірі шәриғатқа да, сопылық тәриқатқа да, немесе адамгершілікке де келмейді. Пасық адам дегеніміз дұрыс жолға ілеспейтін адам, ол бір түрлі бұзық адам, кесірлі адам, ал егер ос...

Сұхбат: қазіргіндей бүлікті заманда әулие пірге еру аса қажетті (2025.09.26 / Хижри 1447-жыл 04-Рабих Әл-Ақир)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8523 Сұхбат: қазіргіндей бүлікті заманда әулие пірге еру аса қажетті (2025.09.26 / Хижри 1447-жыл 04-Рабих Әл-Ақир) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Алла Әззә уә-Жәллә адамдарды әртүрлі бейнеде жаратты, Ол оны құран әзиму-шәнда айтқан, бұнда Алла ﷻға бойұсынатын адамдар ең қабыл етілетін, ең сүйікті адамдар, демек Алла Әззә уә-Жәлләға бойұсынатындар ең қабыл етілген адамдар. Бұндайда ұлт, түс-рең, және тіл маңызды емес, маңыздысы Алла Әззә уә-Жәлләның жолында болып, Оның әмірлеріне бойұсыну, Оның жолына дұрыс еру. Сіз осы жолға кірдіңіз, Алла ﷻ сізді хидаятқа бастады, исламдасыз, бірақ шайтан сізді сонда да бос қоймайды, әр жақтан келеді. Алла Әззә уә-Жәллә аса рахымды, және рахым көрсеткендерді сүйеді, алайда адамдар бұған қарсы іс істеуде, олар, «біз Алла жолындамыз» дейді, бірақ ел-жұртты алдайды. Олар, «Алла жолындамыз» дейді, бірақ оған қарсы барша күнәні істейді, олар, «Алла жолында...

Сұхбат: ата-бабаларыңа алғыс айтсаң, Алла риза болады (2025.09.25 / Хижри 1447-жыл 03-Рабих Әл-Ақир)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8520 Сұхбат: ата-бабаларыңа алғыс айтсаң, Алла риза болады (2025.09.25 / Хижри 1447-жыл 03-Рабих Әл-Ақир) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Пайғамбарымыз ﷺ, «адамға алғыс айтпаған, Аллаға алғыс айтпас» дейді, сондықтан біз өткен ата-бабаларымыздың Алла ﷻ үшін және адамдар үшін істеп кеткендері үшін оларға алғыс айтуымыз керек, олардың атқарған істері үшін алғыс айтуымыз керек. Бұл жолғы сапарымызға төрт күн кетті, иншалла, ол берекемен қайырға толы болады, яғни біз балқан елдерінің кейбір жерлеріне бірінші рет бардық, ал кейбір жерлерін бұрын басып өткенбіз. Машалла, ертеде ата-бабаларымыз сол жерлерді жаулапты, ал қазір мейлі қанша бүлік, бұзылу және соғыс болсын, ислам ол жерлерде ата-бабалардың берекесімен бекем тұр екен, ол әлі де берік тұр, шүкір-Алла. Әрине, онда әлі көптеген бүлік-фитналар бар, себебі кәпірлерде рахым деген нәрсе болмайды, ал шайтанмен оның достары олардың Алла Әззә...

Сұхбат: сопылық тәриқат әулиесі арқылы пайғамбарымызға жалған, сонда иманың күшті болады (2025.09.19 / Хижри 1447-жыл 27-Рабиул Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8512 Сұхбат: сопылық тәриқат әулиесі арқылы пайғамбарымызға жалған, сонда иманың күшті болады (2025.09.19 / Хижри 1447-жыл 27-Рабиул Ауал) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «وَأَن لَّوِ اسْتَقَامُوا عَلَى الطَّرِيقَةِ لَأَسْقَيْنَاهُم مَّاءً غَدَقًا لِّنَفْتِنَهُمْ فِيهِ ۚ وَمَن يُعْرِضْ عَن ذِكْرِ رَبِّهِ يَسْلُكْهُ عَذَابًا صَعَدًا» яғни (егер олар Аллаға сеніп, дұрыс жолда жүрген болса, Біз сөзсіз оларды мол сумен қамдар едік, Біз оларды осылай да сынаймыз, және кім Раббысының ескертуінен бұрылып кетсе, Ол оларды зор азапқа кіргізіп жіберетін болады) (құран 72інші сүре 18-17інші аяттар), садақал лахул ғазим. Алла Әззә уә-Жәллә тура жолда жүргендерді өзі қорғайды, өзі сақтайды, ал тура жолда жүрмегендер ұдайы өзгелерге мәселе тудырып, оларға бүлік алып келеді. Және олар осыбір қитұрқы істерін өздері үшін «жақсы» деп ойлайды, және олар, «біз жақсы бірдеңелерді ...

Сұхбат: бағы зор тәлейлі адам дегеніміз иманды адам (2025.09.18 / Хижри 1447-жыл 26-Рабиул Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8511 Сұхбат: бағы зор тәлейлі адам дегеніміз иманды адам (2025.09.18 / Хижри 1447-жыл 26-Рабиул Ауал) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «إِنَّ النَّفْسَ لَأَمَّارَةٌ بِالسُّوءِ» яғни (расында, адам нәпсісі жамандыққа бейім тұрады) (құран 12інші сүре 35інші аят), садақал лахул ғазим. Алла Әззә уә-Жәллә, «адамның нәпсісі жамандыққа әмір етер» дейді, сондықтан біз нәпсімізге еш орай бермеуіміз, оған көнбеуіміз керек, бар шамамыз келгенінше жамандықпен күнәдан аулақ болуымыз керек. Әрине, күнәсіз адам жоқ, біз күнәсіз жүре алмаймыз, ал Алла Әззә уә-Жәллә, «Мен адамдарды күнә істеп кешірім сұрауы үшін жараттым, сонда Мен оларды кешіретін боламын» дейді. Осы тұрғыдан алып айтсақ, адам баласы ұдайы күнәкар-дүр, демек күнәсіз ешкім жоқ, бұнда күнәнің түр-түрі бар, оның үлкен және кіші түрлеі бар. Ал осы күнәлар адамдардың кешірім сұрауы үшін жаратылған, Алла Әззә уә-Жәл...

Сұхбат: соңында күлгені - жеңгені, қалғаны күле-күле тозаққа түсер (2025.09.17 / Хижри 1447-жыл 25-Рабиул Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8509 Сұхбат: соңында күлгені - жеңгені, қалғаны күле-күле тозаққа түсер (2025.09.17 / Хижри 1447-жыл 25-Рабиул Ауал) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «إِنَّ الَّذِينَ أَجْرَمُوا كَانُوا مِنَ الَّذِينَ آمَنُوا يَضْحَكُونَ وَإِذَا مَرُّوا بِهِمْ يَتَغَامَزُونَ» яғни (расында, қылмыс істеп жүргендер иман келтіргендерге күлетін, және олардың қасынан өткенде көз қысысып, оларды мазақ ететін) (құран 82інші сүре 29-30інші аяттар), садақал лахул ғазим. Алла Әззә уә-Жәллә, «бұл дүниеде қазір болсын, кейін болсын, пайғамбардың кезінде болсын, одан бұрынғы кезде болсын, мейлі қай кезде болсын, бұзық адамдар игі адамдардан алыс жүреді, ал оларды көрсе, олардың қасынан өтсе, олар бір-біріне көз қысып, ым қағады, және, "мыналарға қарашы, олар адасқандар, олар жақсы бірдеңе істеп жүрген жоқ" деп айтар» дейді. Яғни бұл дүниеде манағы кесірлі адамдар игі адамдарды қораш к...

Сұхбат: адамдардың үйленуі Алланың хикіметімен болады (2025.09.16 / Хижри 1447-жыл 24-Рабиул Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8507 Сұхбат: адамдардың үйленуі Алланың хикіметімен болады (2025.09.16 / Хижри 1447-жыл 24-Рабиул Ауал) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنَّا خَلَقْنَاكُم مِّن ذَكَرٍ وَأُنثَىٰ وَجَعَلْنَاكُمْ شُعُوبًا وَقَبَائِلَ لِتَعَارَفُوا ۚ إِنَّ أَكْرَمَكُمْ عِندَ اللَّهِ أَتْقَاكُمْ» яғни (о адам баласы, расында Біз сендерді ер және әйелден жараттық, және сендерді қауымдармен рулардан еттік, сонда бір-бірлеріңді танырсыңдар, расында, Алланың назарындағы ең асылдарың араларыңдағы ең тақуаларың болмақ) (құран 49інші сүре 13інші аят), садақал лахул ғазим. Алла Әззә уә-Жәллә бұл аят-кәримада, «Біз сендерді ер-әйелден жараттық, және сендерді осылай көбейіттік» дейді, ал адамдардың қосылуы Алла ﷻдың хикіметінен, демек Алла ﷻ жарлық еткенде Ол сіздерді ойламаған жерде бірге етіп қояды. Онан соң олар үй салып, халал үйлену тойын жасайды, және әдемі өмір...

Сұхбат: исламда баланы жасынан былай тәрбиелейді (2025.09.15 / Хижри 1447-жыл 23-Рабиул Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8505 Сұхбат: исламда баланы жасынан былай тәрбиелейді (2025.09.15 / Хижри 1447-жыл 23-Рабиул Ауал) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «وَمَا أُبَرِّئُ نَفْسِي ۚ إِنَّ النَّفْسَ لَأَمَّارَةٌ بِالسُّوءِ إِلَّا مَا رَحِمَ رَبِّي ۚ إِنَّ رَبِّي غَفُورٌ رَّحِيمٌ» яғни (және мен өзімен ада емеспін, егер Раббымның рахым еткені болмаса, расында нәпсі жамандыққа бейім тұрады, расында, Раббым аса кешірімді өте рахымды) (құран 12інші сүре 53інші аят), садақал лахул ғазим. Біз нәпсімізді жақсы немесе есті санамауымыз керек, бұл аят-каримада осылай делінген. Себебі адам нәпсісі еш тынбастан адамды жамандықпен кесір-кесапатқа әмір етеді, ол жамандықты қалайды, ал біз осы нәпсіні тежеуіміз керек, оның қалағанын істей беруімізге болмайды. Қазір көптеген адамдар, «біз нәпсімізбен күресіп жатырмыз» дейді, иә, егер бұны білсеңіз, жақсы болмақ, алайда кейбір адамдар олардың нәпсілер...

Сұхбат: әр іс-орынға сай әдеппен сөз сөйлеу тектілікке жатады (2025.09.14 / Хижри 1447-жыл 22-Рабиул Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8504 Сұхбат: әр іс-орынға сай әдеппен сөз сөйлеу тектілікке жатады (2025.09.14 / Хижри 1447-жыл 22-Рабиул Ауал) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Қариялар, «لِكُلِّ مَقَامٍ مَقَالٌ» яғни (әр жиынға сай сөз болар) деп айтып кеткен еді, демек әрбір отырыс-жиынға сай сөйленетін сөз бар, ал бұның мағынасы не? кейбір жерлерде сөйленген нәрселер ол жерлерге үйлеспейді, және сөйленген сөздер өзгелерге жақсы емес, ол қажетсіз нәрсе. Сіз, «жақсы істеп жатырмын» деп ойларсыз, алайда ол ара сөйлеген сөзңізге үйлеспейді, бұндайда ол пайдалы емес, бірақ зиянды болар. Сондықтан қайда сөйлеу, не істеу керектігі әдепке саятын мәселе. Бірақ қазіргі кездегі көптеген адамдар әдеп-ибадан хабарсыз, олар не сөйлеу керектігін білмейді. Ал сөйлей қалса, бос-пайдасыз нәрселерді сөйлейді, бірақ бұндай пайдасыз нәрселерді сөйлегеннен көрі, мүлдем сөйлемей қалу қайырлы болмақ. Бұрынғылар, «сөйлеу күміс болса, үндемеу...

Сұхбат: ақиқат кімнен келсе де, оны қабыл ете біл (2025.09.13 / Хижри 1447-жыл 21-Рабиул Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8502 Сұхбат: ақиқат кімнен келсе де, оны қабыл ете біл (2025.09.13 / Хижри 1447-жыл 21-Рабиул Ауал) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «الَّذِينَ يَسْتَمِعُونَ الْقَوْلَ فَيَتَّبِعُونَ أَحْسَنَهُ» яғни «сөзге құлақ асып, оның ең жақсысына ергендер» (құран 39інші сүре 19інші аят), садақал лахул ғазим. Алла ﷻ, «сөз я айтылымға құлап асып, оның ең жақсысына ерген адам ұтар» дейді. Бұндағы «қаул» сөзі «сөз», «айтылым» дегенді білдіреді, әрине сөздің ең жақсысы құран әзиму-шәннан келеді, одан соң пайғамбарымыз ﷺның хадистерінен келеді. Олар - күмәнсіз түрде мүлдем ең жақсылары, ал біз оларға еріп, олардың әмірлерін орындауымыз керек. Олардан басқаларсы сол, егер біреу сізге жақсы кеңес берсе, жақсы нәрсе айтса, оны ойласуыңыз керек, біз олардың ең жақсысына назар салып, игіліктенуіміз керек, Алла Әззә уә-Жәллә құран әзиму-шәнда осылай дер. Тіпті сіз біреудің өзіңізге ...