Posts

Showing posts from November, 2025

Сұхбат: шайтан сізге ашық дұшпан, одан аса сақ бол (2025.11.28 / Хижри 1447-жыл 07-Жұмадал Әл-Тәни)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8595 Сұхбат: шайтан сізге ашық дұшпан, одан аса сақ бол (2025.11.28 / Хижри 1447-жыл 07-Жұмадал Әл-Тәни) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «إِنَّ الشَّيْطَانَ لِلْإِنسَانِ عَدُوٌّ مُّبِينٌ» яғни «расында, шайтан адамға ашық дұшпан», (құран 12інші сүре 5інші аят), садақал лахул ғазим. Алла Әззә уә-Жәллә шайтанның адамға жау екендігін айтуда, Ол, «шайтанға ермеңдер» дейді, шайтан дос емес, ол ешқашан дос бола да алмайды. Оның айла-қулықтары өте көп болғаны соншалық, адамдар басқан әрбір қадамында шайтанның тұзағына түсіп отырады. Ал егер сіз шайтанға еріп, «онымен біраз уақыт дос бола тұрайын, ол мені алдай алмас» десеңіз, онда сіз өзіңізді алдап отырсыз. Себебі сіз шайтанға тек бір қадам ерсеңіз де ол сізді құртып жібере алады, ол сізге еш жақсылық қаламайды, мәселен, дұшпаныңыз сізге жақсылық қалайма? адамзатқа игілік қалайма? жоқ, ол ешқашан үйтпейді, бірақ ол ...

Сұхбат: жанмен тағдыр Алланың біліміндегі құпия нәрселер (2025.11.27 / Хижри 1447-жыл 06-Жұмадал Әл-Тәни)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8594 Сұхбат: жанмен тағдыр Алланың біліміндегі құпия нәрселер (2025.11.27 / Хижри 1447-жыл 06-Жұмадал Әл-Тәни) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Пайғамбарымыз ﷺ, «Алла ﷻдың біліміндегі екі нәрсе бар» дейді, ал сіз адамдардың, «мен ананы білемін, мен мынаны білемін» дегеніне сене бермеңіз. Міне осы екі нәрсенің бірі адамның жаны туралы еді, жан яғни рух Алла ﷻдың әмірінде болады, оны тек Алла ﷻ ғана біледі, ал қазір кейде өздерін ғұлама атаған біреулер шықты да, олар жан жәйлы баян береді, оны түсіндіреді. Бірақ шындығында олар ешқандай ғұлама емес, олар надан-дүр, себебі Алла Әззә уә-Жәллә, «قُلِ الرُّوحُ مِنْ أَمْرِ رَبِّي» яғни «жан Раббымның әмірінде деп айт» дейді, (құран 17інші сүре 85інші аят). Демек жан-рух Алла ﷻдың әмірінде болмақ, Алла ﷻдың білімінен болмақ, пайғамбарымыз ﷺ да осы ұқсас нәрсені айтады. Расында, оның айтары да сол Алла ﷻдың әмірлері емеспе, оны ешкім білмейді, ола...

Сұхбат: «риздығымды жасанды интеллект тартып алама» деп алаңдама, риздықты Алла береді (2025.11.26 / Хижри 1447-жыл 05-Жұмадал Әл-Тәни)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8592 Сұхбат: «риздығымды жасанды интеллект тартып алама» деп алаңдама, риздықты Алла береді (2025.11.26 / Хижри 1447-жыл 05-Жұмадал Әл-Тәни) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «إِنَّ اللَّهَ هُوَ الرَّزَّاقُ ذُو الْقُوَّةِ الْمَتِينُ َ» яғни «расында, Алла - барлығын Беруші, бар қуаттың Иесі, Ол - ең Құдіретті», (құран 51інші сүре 58інші аят), садақал лахул ғазим. Алла Әззә уә-Жәллә - Әр-Раззақ, қазір адамдар ұдайы, «қазір емес, кейін не болмақ» деп аңтарылады, және осылай сұрайды. Олар, «қазірден бастап, бірнеше жыл өткен соң адамдар керек болмайтын болды, жұмысты құралдармен робот машиналар істемек, қарамаққа, тіпті ойланудың да керегі қалмады, адамдар жасанды интеллект жасап шықты, олар онымен барлығын істейді, сонда адамдар не қылмақ, олар не істемек, олар қалай өмір сүрмек» дейді. Жәрайды, бұндай сұрауды сұраған адам жәй адам болуы керек, ал сопылық тәриқатт...

Сұхбат: парыз құлшылық аса маңызды, оның орнын ештеңе баса алмайды (2025.11.25 / Хижри 1447-жыл 04-Жұмадал Әл-Тәни)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8590 Сұхбат: парыз құлшылық аса маңызды, оның орнын ештеңе баса алмайды (2025.11.25 / Хижри 1447-жыл 04-Жұмадал Әл-Тәни) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «وَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ وَآتُوا الزَّكَاةَ وَارْكَعُوا مَعَ الرَّاكِعِينَ» яғни «және намазды өтеңдер, зекетті беріңдер, және иілгендермен бірге иіліңдер», (құран 2інші сүре 43інші аят), садақал лахул ғазим. Демек намаз маңызды, Алла Әззә уә-Жәллә айтқандай, ислам әмірлерінің ішіндегі ең бірінші, және ең маңызды нәрсе сол, ғұмырды намаз өтеп, зекет берумен өткізу болмақ. Қазір, кейібір адамдар дінге өз ойлары бойынша амал етеді, және олар, «біз жақсы бірдеңе істеп жатырмыз» деп ойлайды. Бірақ парыздың орнын баса алатын ештеңе жоқ, сіз оны сөзсіз істеуіңіз керек. Мейлі не істесеңіз де, парыздың орнын толықтай алмайсыз, оның сауабымен фазилетін толтырмақ жоқ, ал егер парызды өтемесеңіз, ақиретке барғанда өтелмег...

Сұхбат: Алла рахымына жүгір, дүниеге алданба, аңсарыңа ерме (2025.11.24 / Хижри 1447-жыл 03-Жұмадал Әл-Тәни)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8589 Сұхбат: Алла рахымына жүгір, дүниеге алданба, аңсарыңа ерме (2025.11.24 / Хижри 1447-жыл 03-Жұмадал Әл-Тәни) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «وَرَحْمَتِى وَسِعَتْ كُلَّ شَىْءٍۢ ۚ» яғни «және Менің рахымым барлығын қамтиды», (құран 2інші сүре 151інші аят), садақал лахул ғазим. Алла Әззә уә-Жәллә, «Алла Әззә уә-Жәлләның рахым-мейірімі барлық нәрселерді қамтыр» деп айтуда, демек, рахым қақпасы, мейірім қақпасы тым кең, оның кең болғаны соншалық, адамдар оған кезкелген сәтте кіріп, Алла Әззә уә-Жәлләның рахымына жетуіне болады. Алла ﷻдың рахымы адамдарға аса ірі игіліктерді алып келеді, Алла Әззә уә-Жәллә адамдардың оңай кірулері үшін өз есік-қақпасын ашып қойған. Ол ақырзаманның ақырына дейін ашық тұрар, яғни рахым және мейірім қақпасы қайта тірілер қиямет күні болардың сәл алдына дейін ашық тұрады. Мейлі, біреу соншама көп күнә істесін, соншама сұмдық істер...

Сұхбат: игілікті Алла үшін істе, елден ештеңе күтпе, мақтан іздеме, әйтпесе ісің бос болар (2025.11.23 / Хижри 1447-жыл 02-Жұмадал Әл-Тәни)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8588 Сұхбат: игілікті Алла үшін істе, елден ештеңе күтпе, мақтан іздеме, әйтпесе ісің бос болар (2025.11.23 / Хижри 1447-жыл 02-Жұмадал Әл-Тәни) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «أَلَا لِلَّهِ ٱلدِّينُ ٱلْخَالِصُ» яғни «еш сұрақсыз түрде, Аллаға керегі ықыласты дін», (құран 39інші сүре 3інші аят), садақал лахул ғазим. Ықылас дегеніміз Алла ﷻға еткен шыншылдық, таза жүрек, ал осы ықылас болған кезде, және ол кіршіксіз түрде Алла ﷻ үшін болған кезде, ол адам ештеңеге қарамайтын болады. Сондықтан, сіздің істеген барша ісіңіз Алла ﷻ үшін болуы керек, жасаған барша намаз-құлшылығыңыз да, істеген барша жақсы амалыңыз да Алла ﷻ үшін болсын, адамдарға қылған игілігіңіз де Алла ﷻ үшін болсын. Мүмкін, сіз адамдарға жақсылық істеген соң, олардың өзіңізге алғыс айтпағаны үшін көңілсіз боларсыз, демек сіз мәлім адамға жақсылық істедіңіз, бірақ ол адам рахыметті білмейтін әд...

Сұхбат: шайтанға алданып, бір-біріңе өштеспеңдер, шығысып жүріңдер (2025.11.22 / Хижри 1447-жыл 01-Жұмадал Әл-Тәни)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8587 Сұхбат: шайтанға алданып, бір-біріңе өштеспеңдер, шығысып жүріңдер (2025.11.22 / Хижри 1447-жыл 01-Жұмадал Әл-Тәни) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «إِنَّمَا يُرِيدُ ٱلشَّيْطَـٰنُ أَن يُوقِعَ بَيْنَكُمُ ٱلْعَدَٰوَةَ وَٱلْبَغْضَآءَ» яғни «шайтан араларыңда тек дұшпандықпен кектесу тудыруды қалайды», (құран 5інші сүре 91інші аят), садақал лахул ғазим. Алла Әззә уә-Жәллә, «шайтан болса, адамдар арасында өшпенділік, жаулық, кесір-кесапат, жеккөрушілік тудыруды қалар» дейді, шайтанның міндеті міне осы. Қайда әдемілік болса, қайда жақсылық болса, шайтан оны бүлдіргісі келеді, бұзғысы келеді, ол адамдарға еш жақсылық қаламайды. Ал осы кезде адамдар шайтанның қолындағы қойыншық болып кетті де, олар шайтан нені қаласа, соны істейтін болды. Олар шайтанның барлық қалауына бағынып, соған қарап қалды, сүйтті де, олар отбасылар арасында бір-бірімен дұшпан болды, ері ә...

Сұхбат: өзін өлтірген адам қиямет күніне дейін, өзін сансыз рет қайта өлтіріп қиналады (2025.11.21 / Хижри 1447-жыл 30-Жұмадал Әл-Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8586 Сұхбат: өзін өлтірген адам қиямет күніне дейін, өзін сансыз рет қайта өлтіріп қиналады (2025.11.21 / Хижри 1447-жыл 30-Жұмадал Әл-Ауал) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «لاَ يَتَمَنَّى أَحَدُكُمُ الْمَوْتَ» яғни «ешқайсысың өлім тілемеңдер» делінер, (хадис). Демек, Алла Әззә уә-Жәллә, «өлім сұрамаңдар» дейді. Әрине, адамдар қатты қысым түскенде, өздеріне өлім тілеп жатады, қазір сондай адамдар көбейіп кетті, Алла ﷻ бізді панасына алғай. Олардың өздеріне өлім тілегенін қоя тұралық, олар қол салып, өздерін-өздері өлтіретін болып алды. Бірақ, бұл - аса зор қателік, орасан сұмдық іс, ол - өте үлкен күнә, ол - жаза. Алла ﷻ бізді панасына алғай. Бұны істеген адам сонау қиямет күніне дейін өзін өлтіруін қайталап, сол ұқсас аса ауыр азабын тарта беретін болады. Алла ﷻ бізді панасына алғай, сондықтан әулие Мәуләнә Шайық Назым хазірет, «бір адамның ләиләха иллалла м...

Сұхбат: әмерика-европаға еліктеме, олар - шайтанның әскері, және өзіңді кәпірден төмен санама (2025.11.20 / Хижри 1447-жыл 29-Жұмадал Әл-Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8584 Сұхбат: әмерика-европаға еліктеме, олар - шайтанның әскері, және өзіңді кәпірден төмен санама (2025.11.20 / Хижри 1447-жыл 29-Жұмадал Әл-Ауал) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «‎إِنَّ أَكْرَمَكُمْ عِندَ ٱللَّهِ أَتْقَىٰكُمْ» яғни «расында, Алла алдында тақуаларың ең мәртебелісіңдер», (құран 49інші сүре 13інші аят). Демек, адам баласы үшін Алла ﷻдың назарында Алла Әззә уә-Жәлләға жақын болу, Оның қалағанындай болу ең биік арман-дүр, егер Алла ﷻ сізді ұнатса, егер Ол сізді сүйсе, ең маңызды шаруа міне осы болмақ. Ал бүгінгі адамдар Алла ﷻ әр адамды ұқсас етіп жаратса да, өздерінше болып, бәленді ұнатып, түгіленді ұнатпай жатады. Ал бұндай адам өзін өзгелерден биік санайды, және тағы біреулерден төмен санайды, міне бұл шайтанның ісі еді, бірақ Алла Әззә уә-Жәллә адамдарды ұқсас жаратты емеспе. Ендеше, кім ең құнды адам? ол - Алла Әззә уә-Жәлләға жақын адам, А...

Сұхбат: өзіңе қатссыз іспен өзге ісіне араласпа, өз жөніңді түзе (2025.11.19 / Хижри 1447-жыл 28-Жұмадал Әл-Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8582 Сұхбат: өзіңе қатссыз іспен өзге ісіне араласпа, өз жөніңді түзе (2025.11.19 / Хижри 1447-жыл 28-Жұмадал Әл-Ауал) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Пайғамбарымыз ﷺ бізге, «مِنْ حُسْنِ إسْلَامِ الْمَرْءِ تَرْكُهُ مَا لَا يَعْنِيهِ» яғни «өзіне қатысы жоқ іске араласпау - исламдағы кемелділіктің бірі» дейді, садақа расуллаһ фимақал аукамақал. Демек, пайғамбарымыз ﷺ, «біреудің өзімен қатысы жоқ іске араласпауы, оның жақсы мұсылман екендігісінің белгісі» дер, бұндай адамдар өз шаруасымен қатысы жоқ істерге араласпайды. Адамдар тура жолда болуы керек, өз жөндеріне қарауы керек, осылай өздерінің хәл-күйін жақсартуы тиіс, ал егер өзгелер кеңес сұраса, көмек сұраса, немесе көзғарасыңызды сұраса, оларға оны айтуыңызға болады. Алайда, біреудің ісіне араласып, «сен былай істеуің керек, мен сендердің істеп жатқан істеріңді ұнатпаймын, әсілі сен былай етуің керек» деп айту дұрыс емес, бұл жақсы іс...

Сұхбат: не үшін пайғамбарлармен әулиелердің қабырын ұдайы зиярат етеміз? (2025.11.17 / Хижри 1447-жыл 26-Жұмадал Әл-Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8581 Сұхбат: не үшін пайғамбарлармен әулиелердің қабырын ұдайы зиярат етеміз? (2025.11.17 / Хижри 1447-жыл 26-Жұмадал Әл-Ауал) Исламбол (Станбул), Түркия. (Cyprus, Lefke Shaykh Nazim's Dergah-да айтылған сұхбат) Пайғамбарымыз ﷺ біз тұрған осы аралды (кипірді) мадақтаған, шүкір-Алла, бұл жер исламның сонау басталысымен-ақ мұсылмандар жағынан қастерленді. Бұл жерлер онда бірдей ислам және пайғамбарлар болуы үшін Алла Әззә уә-Жәллә жағынан таңдалынды, олардың көбі осы өңірлерден, осы жерлерден шықты, яғни хижаз, дамашық, иемен сияқты жерлерден шықты. Әрине, Алла ﷻ дүниенің әр жеріне пайғамбарларын жіберді, пайғамбарлар әр елге жіберілген, бірақ негізінен осыбір жерлер құтты болды, себебі пайғамбарлардың басым сандысы осы жерлерден шыққан еді. Олар берекелі болды, себебі бұл жерлерге пайғамбарлар көптеп келді, көптеп сапарларды, хабар жеткізді, демек исламмен адамдықтың туылған жерлері осы жерлер болды. Әрине, Алла Әззә уә-Жәллә Адам әлейхи...

Сұхбат: көк, жер, таулар қашқан аманатты адам арқалап алды (2025.11.16 / Хижри 1447-жыл 25-Жұмадал Әл-Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8580 Сұхбат: көк, жер, таулар қашқан аманатты адам арқалап алды (2025.11.16 / Хижри 1447-жыл 25-Жұмадал Әл-Ауал) Исламбол (Станбул), Түркия. (Cyprus, Lefke Shaykh Nazim's Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «إِنَّا عَرَضْنَا الْأَمَانَةَ عَلَى السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَالْجِبَالِ فَأَبَيْنَ أَن يَحْمِلْنَهَا وَأَشْفَقْنَ مِنْهَا وَحَمَلَهَا الْإِنسَانُ ۖ إِنَّهُ كَانَ ظَلُومًا جَهُولًا» яғни «расында, Біз аманатты көктерге, жерге, және тауларға ұсындық, ал олар оны көтеруден қашты және одан қорықты, бірақ адам оны алды, расында ол әділетсіз және надан-дүр», (құран 33інші сүре 72інші аят), садақал лахул ғазим. Алла Әззә уә-Жәллә, бұнда Алла ﷻға құл болу аманатын тауларға ұсынғанда да, олар бұл әмірді қабыл етпегендігін айтуда. Таулармен тастар одан қорықты, бұл аманат аса үлкен болғандықтан ешкім оны арқалай алмайтын еді. Алайда адам баласы, «мен оны арқалаймын» деді, олар арқалар, бірақ олар надан-дүр, Алла ﷻ осылай...