Posts

Showing posts from February, 2026

Сұхбат: сопылық тәриқат атын жамылған кейбір адамдардан сақтан (2) (2026.01.22 / Хижри 1447-жыл 03-Шағбан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8678 Сұхбат: сопылық тәриқат атын жамылған кейбір адамдардан сақтан (2) (2026.01.22 / Хижри 1447-жыл 03-Шағбан) Исламбол (Станбул), Түркия. (Waltham Forest Islamic Association (WFIA) , Walthamstow, UK, 2026) Англияда айтылған сұхбат. Пайғамбарымыз, «الدِّين النَّصِيحَة», «әддинун нәсихах», яғни, «дін дегеніміз нәсихат» дейді, нәсихат дегеніміз кеңес, әркім кеңес сұрайды. Біреу сізден кеңес сұрағанда, оған қатысты пайғамбарымыз, «المستشارَ مؤتمنٌ» яғни, «кеңес беруші сенімді болсын» дейді, демек, сіз кеңес алған адам сенімді, адал адам болуы керек. Сол үшін кеңес дінде жақсы нәрсені, жақсы жолды, және өмірмен дүние-ақиреттегі барша игілікті көрсетуде аса маңызды, ал кеңес сұрағанда, адамдар жақсы нәрселер үшін кеңес сұрасын, олар, «мен оны қалай тонаймын, қалай өлтіреміз, елді қалай алдаймыз» деген нәрселерді сұрамауы керек. Бұл кеңес-нәсихат емес, олар бұндайды көп сұрамас, өздері істей берер, бұны шайтани адамдар үйретеді, бұндай адамд...

Сұхбат: Аллаға шүкір ете білмеген адам хайуаннан да төмен (2026.01.22 / Хижри 1447-жыл 03-Шағбан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8677 Сұхбат: Аллаға шүкір ете білмеген адам хайуаннан да төмен (2026.01.22 / Хижри 1447-жыл 03-Шағбан) Исламбол (Станбул), Түркия. (Sheikh Nazim Dergah; London, UK, 2026) Англияда айтылған сұхбат. Біз Алла ﷻға алғыс айтудамыз, әлхамдулилла уә шүкірилилла, біз тағы да кездестік, Алла Әззә уә-Жәллә бізге барлық істе жәрдемдесуде, әр тыныс, әр секонд, әр минут сайын Алла Әззә уә-Жәллә бізбен бірге. Біз осыны білуіміз керек, және осы үшін Оған алғыс айуымыз керек, көптеген адамдар, яғни надан адамдар ненің жақсы, ненің жаман екендігін білмейді. Ал әдетте бұны білмейтін адамдарды ақылы жоқ адамдар, миы жоқ адамдар деп атайды, оларда жауапкершілік болмайды, олар бейне рухани кеселдер үйіндегі, яғни жындыханадағы адамдар сияқты. Көптеген адам осындай келер, бірақ олар кәдімгі жауапкершілік арқаламайтын жындыханадағы жынды адамдарға ұқсамайды, олар жауапкершілік арқалауы керек, себебі, олар барлығын біледі. Олар мектепке барған, оқыған, жұмыс і...

Сұхбат: мұнай Алла жағынан қарғысталған қара лас май, яғни мұнай мұңайтады (2026.01.21 / Хижри 1447-жыл 02-Шағбан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8675 Сұхбат: мұнай Алла жағынан қарғысталған қара лас май, яғни мұнай мұңайтады (2026.01.21 / Хижри 1447-жыл 02-Шағбан) Исламбол (Станбул), Түркия. (Waltham Forest Islamic Association (WFIA), Walthamstow, UK, 2026) Англияда айтылған сұхбат. Әлхамдулилла, біз лондонға қауіпсіз жеттік, және біздің бірінші рет келген жеріміз осы мешіт болып отыр, бұнда бірінші рет келдік, әлхамдулилла, машалла, мұсылмандар көптеген мешіттерді салып жатыр екен. Осыдан 50 жыл бұрын Мәуләнә Шайық Назым хазірет келген кезде, бұнда ештеңе жоқ болатын, мешіт жоқ еді, тіпті орталық мешіттің өзі бір шатырша болатын. Әлхамдулилла, одан соң мыңдаған адамдар келді, әлхамдулилла, бұл бір нұр, ол Алла Әззә уә-Жәлләның үйі, ал Алланың үйі нұр, құт, береке таратады. Әлхамдулилла. Алла ﷻ мешіт салушыға, мешітте жәрдем етушіге, немесе исламға көмектескен әрқандай іске сауап береді. Алайда мешіт жәйлы Алла Әззә уә-Жәллә, және пайғамбарымыз ﷺ, «кім мешіт салса, Алла оған жән...

Сұхбат: өлім жәннәтпен тозақтың арасында бауыздалады (2026.01.20 / Хижри 1447-жыл 01-Шағбан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8674 Сұхбат: өлім жәннәтпен тозақтың арасында бауыздалады (2026.01.20 / Хижри 1447-жыл 01-Шағбан) Исламбол (Станбул), Түркия. (Smethwick Jamia Masjid – Birmingham, UK, 2026) Англияда айтылған сұхбат. Бисмиллахир рахманир рахим, «إنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الْمُؤْمِنِينَ», яғни Алла мүмииндерді сүйеді, және, «فَإِنَّ اللّهَ عَدُوٌّ لِّلْكَافِرِينَ», яғни, «сонда расында, Алла кәпірлерге дұшпан», құран 2інші сүре 98інші аят. Демек, Алла ﷻ мүминді сүйеді, Алла ﷻ құран әзиму-шәнда Өзінің кәпірлерге дұшпан екендігін айтады, ал кәпірдің мағынасы не? кәпір дегеніміз Аллаға сенбейтіндер, иманы жоқтар, иман етпегендер, ал иман етпеудің мағынасы не? ол Алланың өзіне берген нәрселері үшін алғыс-шүкір айтпайтындар, сондықтан кәпір Аллаға дұшпан, Алла да оған дұшпан. Мәселен, егер сізді бір құмырсқа десек, тіпті былай салыстыруға да келмес, лә-тәсбих, бұл мысал болмайды, бірақ бір құмырсқа мына бүкіл әлемге дұшпан болса, олай қалай болмақ, ол не істей ала...

Сұхбат: Түркістанның сұлтаны Қожа Ахмет Яссауи Хазірет, ол жерден бұрын жүректерді жаулаған әулие (2) (2026.01.19 / Хижри 1447-жыл 30-Ражаб)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8670 Сұхбат: Түркістанның сұлтаны Қожа Ахмет Яссауи Хазірет, ол жерден бұрын жүректерді жаулаған әулие (2) (2026.01.19 / Хижри 1447-жыл 30-Ражаб) Исламбол (Станбул), Түркия. (Jamia Masjid Abu Bakr – Rotherham, UK, 2026) Англияда айтылған сұхбат. Бисмиллахир рахманир рахим, «‎إِنَّمَا ٱلْمُؤْمِنُونَ إِخْوَةٌ فَأَصْلِحُوا۟ بَيْنَ أَخَوَيْكُمْ» яғни, «мүминдер өзара бауырлар, сондықтан олардың арасын жарастырыңдар», садақал лахул ғазим, құран 49інші сүре 10інші аят. Алла Әззә уә-Жәллә мүминдерді өзара бауырлар ретінде баяндауда, көптеген хадистер де солай дер. Мәселен, бір хадисте, «لا يُؤْمِنُ أحدُكُم حتى يُحِبَّ لِأَخِيهِ ما يُحِبُّ لنفسِه» яғни, «өзіңе тілегенді өзге бауырыңа тілей алмай тұрып, ешқайсысың мүмин бола алмайсың» делінер, садақалфимақал аукамақал. Демек, пайғамбарымыз ﷺ, «адам өзіне сүйген нәрсені бауырына тілемей тұрып, толық иманға жете алмас» дейді, бұл барша мұсылман, барша адамзат үшін өте маңызды, өте пайдалы. Себебі,...