Posts

Showing posts from May, 2026

Сұхбат: руханиятыңды иога, медитация, лас-харам тазартпайды, ислам тазартады (2) (2026.04.25 / Хижри 1447-жыл 08-Зұл-Қадах)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8792 Сұхбат: руханиятыңды иога, медитация, лас-харам тазартпайды, ислам тазартады (2) (2026.04.25 / Хижри 1447-жыл 08-Зұл-Қадах) Исламбол (Станбул), Түркия. (Sufizentrum Dergah – Kassel, Germany, 2026) Германияда айтылған сұхбат. Иншалла, біз Алла ﷻ үшін жиналудамыз, Алла бізді қабыл еткей, және бізге риза болғай, иншалла, исламның үйреткені нағыз үйрету. Біз оны ең жақсысы деп айтамыз, себебі исламның үйреткендеріне салыстырарлық ештеңе жоқ. Мәселен, олар мешіт саларда, яғни ерте кезде мешіт салудан бұрын, олар бірінші болып, дәрет-ғұсыл алатын жерді салатын. Себебі, исламдағы ең маңызды іс - тазалық. Ислам дегеніміз инсан, адам баласы, демек, ислам адамға қызмет етеді, ал адам баласы үшін тазалық ең маңызды іс. Тазалық болған жерде, ештеңе адам баласын зияндамайды, бұнда екі түрлі тазалық бар, біреуі рухани тазалық болса, енді бірі материялдық тазалық. Ал рухани тазалыққа жету үшін, ең алдымен сізде материялдық тазалық болуы керек, мә...

Сұхбат: қазіргі мұсылмандарда сопылық тәриқат жәйлы көптеген қате көзғарастар бар (2026.04.25 / Хижри 1447-жыл 08-Зұл-Қадах)

Image
https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8791 Сұхбат: қазіргі мұсылмандарда сопылық тәриқат жәйлы көптеген қате көзғарастар бар (2026.04.25 / Хижри 1447-жыл 08-Зұл-Қадах) Исламбол (Станбул), Түркия. (Mawlānā Mosque – Neuenrade, Germany, 2026) Германияда айтылған сұхбат. Бисмиллахир рахманир рахим, «وَاعْتَصِمُوا بِحَبْلِ اللَّهِ جَمِيعًا وَلَا تَفَرَّقُوا», яғни, «және Алланың жібінен мықтап ұстаңдар, және бөлінбеңдер», құран 3інші сүре 103інші аят. Алла Әззә уә-Жәллә, «Алланың арқанынан мықтап жармасыңдар, және өз іштеріңде бөлінбеңдер» дейді, сол арқан-жіп сіздерді құтқарады, демек, Алланың жібі сізді құтқарар, Алланың жібінен мықтап ұстаңыз. Ал Алла жолы деген не? ол пайғамбарымыз ﷺ жағынан көрсетілген жол, ол жол тәриқат, яғни сопылық тәриқат деп аталады, тәриқат дегеніміз жол, ал Алланың жолы сопылық тәриқат арқылы тіпті де бекем ұсталынады. Осы жолда бір-біріңе дұшпан болмаңдар, адамдар осы ұқсас жолда жүре алғанда, ол Аллаға бастап апаратын болады, бұнда бөліну болмасын. Ал ...

Сұхбат: осы заманда жаратылғаныңа риза бол, себебі бұл Алла қалауы (2) (2026.04.24 / Хижри 1447-жыл 07-Зұл-Қадах)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8789 Сұхбат: осы заманда жаратылғаныңа риза бол, себебі бұл Алла қалауы (2) (2026.04.24 / Хижри 1447-жыл 07-Зұл-Қадах) Исламбол (Станбул), Түркия. (Osmanische Herberge – Kall, Germany, 2026) Жұма қабыл болсын, иншалла, біз Алла ﷻ үшін жиналудамыз, Алла ﷻ баршаңызды берекелегей, жұма күні әрбір жақсы нәрсеге арналған күн. Алла ﷻ оны Өзінің ең сүйіктісі Сәйдина Мұхаммад ﷺға, және оның үмбетіне берді, әрине, әрбір пайғамбардың берекелі күні болған, яғни әрбір ұлул-ғазм жеті пайғамбардың құтты күндері бар. Алла ﷻ оларға сондай бір күннен берген, ал пайғамбарымыз ﷺға олардың ішіндегі ең жақсы күн, жұма күнін берді. Алла ﷻ барша адамзаттың ұлы атасы Сәйдина Адам әлейхис-саламды жұма күні жаратты, және ол жұма күні қайтыс болды. Ал яумул-қиямах, яғни қиямет күні де жұма күні болады, барша адамзат үшін болатын ашылулармен қайта тірілетін күн де жұма күні. Пайғамбарымыз да Алланың бізге көптеген сый-сауғаларды бергенін айтады, олардың бірі мынау...

Сұхбат: балаларың - қазынаң, осы қазынаңды ұрылардың қолына өзің беріп қойма (2026.04.24 / Хижри 1447-жыл 07-Зұл-Қадах)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8788 Сұхбат: балаларың - қазынаң, осы қазынаңды ұрылардың қолына өзің беріп қойма (2026.04.24 / Хижри 1447-жыл 07-Зұл-Қадах) Исламбол (Станбул), Түркия. (Osmanische Herberge – Kall, Germany, 2026) Алла Әззә уә-Жәллә айтар, бисмиллахир рахманир рахим, «إِنَّمَآ أَمْوَٰلُكُمْ وَأَوْلَـٰدُكُمْ فِتْنَةٌ», яғни, «сенің байлығыңмен балаларың сынақ қана», құран 64інші сүре 15інші аят. Демек, байлығыңызбен балаңыз сіз үшін бір сынақ-дүр, оның мағынасы сол, балаларыңызды бүліктен аулақ етіп үйретіңіз, мейлі бала-шаға, ақша, отбасы болсын, солай болуы керек. Сіз оларға жақсы әдеп, жақсы тәрбиемен жол көрсетіңіз, немесе ақшаны мақсат етіп алмай, оны дұрыс істетіңіз, оны тек бір құрал ретінде ғана көріңіз. Мәселен, көптеген адамдар ақшаға жетуден бұрын, садақа беруге, кедейлерге көмектесуге, ана-мына шаруаға жәрдемдесуге ниет етеді, бірақ ақшаға жеткен кезде, олар оны істей алмай қалады, ештеңе ете алмайды. Балаларға да солай, демек, балалар кішке...

Сұхбат: ислам атын, сопылық атын жамылып, адам алдайтындардан сақтан (2026.04.23 / Хижри 1447-жыл 06-Зұл-Қадах)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8787 Сұхбат: ислам атын, сопылық атын жамылып, адам алдайтындардан сақтан (2026.04.23 / Хижри 1447-жыл 06-Зұл-Қадах) Исламбол (Станбул), Түркия. (Osmanische Herberge – Kall, Germany, 2026) Германияда айтылған сұхбат. Иншалла, жиналысымыз барлығымыздың игілігіміз үшін, иншалла, және барша мұсылман үшін, иншалла. Біз ағылшынша сөйлейміз, ал сен оны неміс тіліне аудара бер, бұндағы түріктер де неміс тілін түсінеді, сонымен иншалла, ол барлығымызға пайдалы болғай. Біз бұнда Алла ﷻ үшін отырмыз, біз тек Алла үшін келіп, Алла үшін жиналдық, ал дүние үшін болса, одан еш пайда жоқ, біздің ниетіміз осындай болуы керек. Демек, сіз әрбір істе Алла үшін деген таза ниет қана болсын, міне сіз әр істе осыны істей алған кезде Алла ﷻ сіздің әрбір тыныс, әрбір минут, әрбір секондыңызға сауап береді. Ол сауап береді, және сізге риза болады. Мәуләнә ұдайы айтатын, бір ұлы адамнан қалған мынадай сөз бар еді, «إِلَهِي أَنْتَ مَقْصُوْدِي وَرِضَاكَ مَطْلُوْبِي...

Сұхбат: бірнеше ұлкен мешіт емес, көптеген кішкене мешіт салыңдар, ал балаларды, «мешітте шуламаңдар» деп, мешіттен қумаңдар (2026.04.22 / Хижри 1447-жыл 05-Зұл-Қадах)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8786 Сұхбат: бірнеше ұлкен мешіт емес, көптеген кішкене мешіт салыңдар, ал балаларды, «мешітте шуламаңдар» деп, мешіттен қумаңдар (2026.04.22 / Хижри 1447-жыл 05-Зұл-Қадах) Исламбол (Станбул), Түркия. (Masjid Ghausia – Rotterdam, Netherlands, 2026) Белгияда айтылған сұхбат. Біздің нақышбанд сопылық тәриқандағылар, осы мешітке келгендер сопылық тәриқатқа ергеніне қуанар, олар сопылыққа, және сопылық жолдағыларға риза. Ал мешіт Алла Әззә уә-Жәлләның үйі, олар барлығына ашық, және олар барлық адамды осы жерге, бойұсынатын жерге шақыруда, Алла Әззә уә-Жәлләға бойұсынуға шақыруда. Бұл барлығына келе берер, сондықтан әлхамдулилла, қайда мешіт болса, ол біз үшін болмақ, барлығымыз онда намаз өтесек болады, әрине, мешітте намаздың сауабы тіпті де көп болады. Мешіт немесе зауия, я дега болсын, олар мүминдердің иманын, және ислами өмірді қуаттайды. Пайғамбарымыз ﷺ, «мешіттегі жамағатқа барыңдар, сонда намаз өтеңдер, жамағатпен өтесеңдер, 27 есе к...