Сұхбат: балаларың - қазынаң, осы қазынаңды ұрылардың қолына өзің беріп қойма (2026.04.24 / Хижри 1447-жыл 07-Зұл-Қадах)

 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8788

Сұхбат: балаларың - қазынаң, осы қазынаңды ұрылардың қолына өзің беріп қойма (2026.04.24 / Хижри 1447-жыл 07-Зұл-Қадах)

Исламбол (Станбул), Түркия.



(Osmanische Herberge – Kall, Germany, 2026) Алла Әззә уә-Жәллә айтар, бисмиллахир рахманир рахим, «إِنَّمَآ أَمْوَٰلُكُمْ وَأَوْلَـٰدُكُمْ فِتْنَةٌ», яғни, «сенің байлығыңмен балаларың сынақ қана», құран 64інші сүре 15інші аят. Демек, байлығыңызбен балаңыз сіз үшін бір сынақ-дүр, оның мағынасы сол, балаларыңызды бүліктен аулақ етіп үйретіңіз, мейлі бала-шаға, ақша, отбасы болсын, солай болуы керек. Сіз оларға жақсы әдеп, жақсы тәрбиемен жол көрсетіңіз, немесе ақшаны мақсат етіп алмай, оны дұрыс істетіңіз, оны тек бір құрал ретінде ғана көріңіз. Мәселен, көптеген адамдар ақшаға жетуден бұрын, садақа беруге, кедейлерге көмектесуге, ана-мына шаруаға жәрдемдесуге ниет етеді, бірақ ақшаға жеткен кезде, олар оны істей алмай қалады, ештеңе ете алмайды. Балаларға да солай, демек, балалар кішкене кезде олардың отбасы оларды мешітке, Алла үшін жиналған адамдардың жиналыстарына алып барады, яғни олар кішкене кезінде қуанышты жүреді.


Бірақ кейін, олар үлкейгенде, он я одан үлкен жасқа жеткен соң, бұл балалардың ондай жиындардан қашқысы келіп тұрады. Сондықтан, сіз балаларыңызға сақ болуыңыз керек, оларға сонау бала кезінен бастап, ержеткенге дейін жақсы әдеп-ибаны үйретіңіз, және оларды ұқсас жолдағы яғни Алла жолындағы ортада, немесе сондай достармен өсіріңіз. Себебі, көптеген адамдар балаларының не оқитынына, кейін не істейтініне ғана көңіл бөледі, олар осыған қатты қызығар. Тіпті кейібірі балаларын пиянино, музика, ән, би сияқты нәрселерді үйренуге жібереді, бірақ ғибадатқа келгенде, олар еш қызықпайды. Ал балаларымыз біздің қазынамыз, олар - қазына, ал осы қазынаны ұрылардың қолына қалдырып қоймаңыз. Бұл ұрылар балаларыңызды сіздердің қолдан алып, оларды құртқысы келеді.


Себебі, кейін бұл балалардың әрбірі шайтанның болашақтағы дұшпаны болады, ал манағылар осы балаларға жаман тәрбие, жаман әдет, жаман іс, демек, әрбір жаман нәрсені үйрету арқылы олардың иманын құртса, оларды адамгершіліктен шығара алады. Ал отбасылар балаларынан осылай айырылған соң, олар ана жерден мына жерге шапқылап, «ох, дұға етіңізші, менің балам сенбейді, менің қызым бізге риза емес, менің ұлым үйде тұрмайды, қашып кетеді, ол жаман дос тауып алыпты, сонда тұратын болды» деп зарлайды. Олар осылай ана-мына жерге шапқылар, сол үшін, баланы сонау балалық шағынан жақсы тәрбиелеңіз, балалық шағы дегеніміз үш жастағы кезі-дүр, осы кезден бастап, ол үйрене алады. Ал шайтан адамдар бұны бізден жақсы біледі, сондықтан, олар мектепке баруды үш жастан бастап, міндет етіп қойған.


Мен жеті жасымда мектепке бардым, ал біздің алты жылда үйренгеніміз қазіргі жоғары мектепте үйренген нәрселерден жақсы еді, сондықтан, ол кездегілер қазіргілерден жақсы білетін. Манағы бұзық топтар баланың үш жастан бастан бірдеңе үйрене бастайтынын біледі, сондықтан, олар өздерінің нәрселерін балаларға ертеден үйрету үшін, үш жастан бастап мектепте оқытуды күштеп кіргізді. Түріктерде, «ағашты тал кезінде иесің» деген сөз бар, демек, тал кезінде ағашты оңға, солға, алай-бұлай ие беруге болады. Ал жапондықтар ағаштарды иіп, әртүрлі қызықты нәрселер жасайды емеспе, демек, ағаш тал кезінде жұмсақ болады, оған барлығын істеуіңізге болады. Сол үшін, үш жастан бастап, ұл-қыздарыңызға сақ болыңыз, оларға жақсы әдеп үйретуіңіз керек, өзгелердің жақсы нәрселерін үйретіңіз. Егер оларға біреулер, немесе кіші мектеп-медіресе, я басқа орындар жақсы нәрсе үйретсе, сіз оларды олармен қуанта білуіңіз керек.


Ал қазір көріп отырғандарымыз тым сорақы, бұл балалар ештеңе білмейді, олар балабақшаға барады, ол кезде олар өте таза еді, бірақ екі күн өткен өткен соң олардан жаман сөздерді естіп қаласыз. Бұл жағдай осы жерде ғана емес, әр жерге жалпыласып кеткен, тіпті арап елдерінде, түркияда, я басқа жерде болсын, солай болып кеткен, онда ақшамен өз жұмысын ғана ойласатын жауапкершіліксіз мектептер бар. Бұл бір сорақы жағдай, сондықтан сақ болыңыз, балаларға жақсы әдепті, жақсы нәрселерді үйретіңіз. Осы соғыс болудан бұрын, дүниені айнала үлкен істердің болып жатқанын естуші едік. Демек, осыбір шайтани адамдар адамгершілікті құртқысы келеді, олар сондай жауыз, сондай тұрпайы, оларда еш мейірім жоқ, сол үшін сақ болуыңыз керек. Және өзіңізбен отбасыңызды осы шайтандардан аулақ ұстаңыз, оларда жоспар бар, және олардың жоспары тоқтамайды, олар шаршамайды, зерікпейді, адамзатты құртуға әбден бекініп алған.


Ал мұсылмандар ұйықтап жатыр, ең ұйқышылар осы мұсылмандар, барлық адамзат ұйықтап жатыр, бірақ олардың ішіндегі ең ұйқыда жақтаны мұсылмандар, олар дем алғысы келеді, шаршағысы келмейді, оларды жалқаулық, бойкүйездік басып алған. Тіпті қатерлі кезде де олар ештеңе істемей отыра береді. Мәуләнә Шайық бір уақиғаны айтушы еді, ол шын болған уақиға. Демек, сонау Сұлтан Абдулхамиттың кезінде оларға әскер керек болады, ол кезде дергада жүрген дәруіштер ғана әскерге бармаушы еді, дәруиштер тамағын жеп, одан қалса ұйықтап қана жүре беретін, ештеңе істемейтін. Ал әскерге шақырғанда дергалар адамға толып кетеді, жұрттың көбі дәруиш болып алады, және сұлтанның адамдары сұлтанға келіп, бұл жағдайды айтады. Олар, «елдің көбі әскерден қашып кетті, олар өтірікшілер, олар дәруиш емес, әскерге бармау үшін дергаларда қашып жүр, және олар онда жақсы ұйықтайды, онда тамақ жейді, басқа ештеңе істемес» дейді.


Сұлтан қызметшілерінен, «онда біз бұл адамдарға не істесек болар, себебі ол жер дерга, оларды одан қуып шыға алмаймыз» дер, олар, «олар дәруиштер, оларға ештеңе істей алмаймыз, оларды шығару үшін не істеуіміз керек» дейді. Сонда бір кісі, «о сұлтан, менде бір ой бар, біз дерганың бір жағына өрт қояйық, содан дәруиштер қашады, ал біз оларды ұстап, әскерге әкетеміз» дейді. Сонымен олар дергаларға өрт қояды, ал өртті көргендер қаша жөнеледі, олар осы қашып шыққандарды ұстап әкетеді. Олардың көбі дергалардан қашады, тек екі адам ғана ұйықтап жата береді. Ал осы екеуінің отқа жақын жатқан біреуі қасындағы досына, «о досым, сен біраз ары таман жылжы, от маған қарай келе жатыр, кішкене қозғал» дейді. Сонда досы оған, «ары таман жылжы деп, қалай маған ерінбей айтып отырсың» дейді, ал бұны көрген сұлтанның адамдары, «нақ дәруиштар осылар екен, оларды ана жаққа апарып тастаңдар, мына жер біраз өртенсін» дейді.


Қазіргі кезде барлық адамдар манағы екі дәруиш сияқты жалқау болып кеткен, олар қозғалғысы келмейді, ештеңе істегісі келмейді, тіпті балалары үшін де, өздері үшін де жалқау. Олар әр күні, «бұл машина сендерді құртып жатыр, оның ішіндегі, және сыртындағы нәрселерден сақтаныңдар, олар сенің ақылыңды алуда, денсаулығыңды, және басқа барлығын алуда» деген сөздерді естиді. Айтып өткеніміздей, оның ішінде жаман нәрселер бар, ал қазір басқа нәрселер пайда болды, олар сіздің жеке куәліктеріңді алады, ақшаңызды алады, сіздерді құмар ойынына тіркеп қояды, міне осылардың барлығы сол машинада, яғни қолфонда тұр. Ал адамдар әрдайым қызыққа батуды ұнатады, бірақ ұдайы ойнау, қызыққа бату жақсы емес. Кейде, сіз зерігуің де керек, сонда жұмыс істейсің, отбасыңа, бала-шағаңа қарайсың. Тек өзіңді, және өз нәпсіңді ғана қызыққа батыра берме.


Алла ﷻ бізді бұл бүліктен құтқарғай, және оны бізге бүлік етпегей, иншалла. Балаларымыз - біздің қазынамыз, оны айтып өттік, олар - қазына, себебі пайғамбарымыз ﷺ, «біреу өлгенде оған мына үш нәрседен ғана оған сауап барады, біріншісі, ілімі, яғни жақсы білімі, екіншісі, оның артында қалған, және адамдар әлі істетіп жатқан садақасы, үшінші, оған дұға жасап тұратын оның артында қалған жақсы ұрпақтары» дейді. Алла ﷻ бізді, кәрі-жасымызды болсын, бұл бүліктен аулақ еткей, қазір әркім осы бүліктің ішінде жүр. Бірақ Алла ﷻ қалаған кезде дұғамен бізді құтқаратын болады, иншалла. Әрдайым дұға етуді ұмытып кетпеңіздер.


- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы


#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық

nvrislam.net

instagram.com/nvrislami




سۇحبات: بالالارىڭ - قازىناڭ، وسى قازىناڭدى ۇرىلاردىڭ قولىنا ءوزىڭ بەرىپ قويما (2026.04.24 / حيجري 1447-جىل 07-زۇل-قاداح)

يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.


(Osmanische Herberge – Kall، Germany، 2026) اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ايتار، بيسميللاحير راحمانير راحيم، «إِنَّمَآ أَمْوَٰلُكُمْ وَأَوْلَـٰدُكُمْ فِتْنَةٌ»، ياعني، «سەنىڭ بايلىعىڭمەن بالالارىڭ سىناق قانا»، قۇران 64ءىنشى سۇرە 15ءىنشى ايات. دەمەك، بايلىعىڭىزبەن بالاڭىز ءسىز ءۇشىن ءبىر سىناق-ءدۇر، ونىڭ ماعىناسى سول، بالالارىڭىزدى بۇلىكتەن اۋلاق ەتىپ ۇيرەتىڭىز، مەيلى بالا-شاعا، اقشا، وتباسى بولسىن، سولاي بولۋى كەرەك. ءسىز ولارعا جاقسى ادەپ، جاقسى تاربيەمەن جول كورسەتىڭىز، نەمەسە اقشانى ماقسات ەتىپ الماي، ونى دۇرىس ىستەتىڭىز، ونى تەك ءبىر قۇرال رەتىندە عانا كورىڭىز. ماسەلەن، كوپتەگەن ادامدار اقشاعا جەتۋدەن بۇرىن، ساداقا بەرۋگە، كەدەيلەرگە كومەكتەسۋگە، انا-مىنا شارۋاعا جاردەمدەسۋگە نيەت ەتەدى، ءبىراق اقشاعا جەتكەن كەزدە، ولار ونى ىستەي الماي قالادى، ەشتەڭە ەتە المايدى. بالالارعا دا سولاي، دەمەك، بالالار كىشكەنە كەزدە ولاردىڭ وتباسى ولاردى مەشىتكە، اللا ءۇشىن جينالعان ادامداردىڭ جينالىستارىنا الىپ بارادى، ياعني ولار كىشكەنە كەزىندە قۋانىشتى جۇرەدى.


ءبىراق كەيىن، ولار ۇلكەيگەندە، ون يا ودان ۇلكەن جاسقا جەتكەن سوڭ، بۇل بالالاردىڭ ونداي جيىنداردان قاشقىسى كەلىپ تۇرادى. سوندىقتان، ءسىز بالالارىڭىزعا ساق بولۋىڭىز كەرەك، ولارعا سوناۋ بالا كەزىنەن باستاپ، ەرجەتكەنگە دەيىن جاقسى ادەپ-يبانى ۇيرەتىڭىز، جانە ولاردى ۇقساس جولداعى ياعني اللا جولىنداعى ورتادا، نەمەسە سونداي دوستارمەن ءوسىرىڭىز. سەبەبى، كوپتەگەن ادامدار بالالارىنىڭ نە وقيتىنىنا، كەيىن نە ىستەيتىنىنە عانا كوڭىل بولەدى، ولار وسىعان قاتتى قىزىعار. ءتىپتى كەيىبىرى بالالارىن پيانينو، مۋزيكا، ءان، بي سياقتى نارسەلەردى ۇيرەنۋگە جىبەرەدى، ءبىراق عيباداتقا كەلگەندە، ولار ەش قىزىقپايدى. ال بالالارىمىز ءبىزدىڭ قازىنامىز، ولار - قازىنا، ال وسى قازىنانى ۇرىلاردىڭ قولىنا قالدىرىپ قويماڭىز. بۇل ۇرىلار بالالارىڭىزدى سىزدەردىڭ قولدان الىپ، ولاردى قۇرتقىسى كەلەدى.


سەبەبى، كەيىن بۇل بالالاردىڭ ءاربىرى شايتاننىڭ بولاشاقتاعى دۇشپانى بولادى، ال ماناعىلار وسى بالالارعا جامان تاربيە، جامان ادەت، جامان ءىس، دەمەك، ءاربىر جامان نارسەنى ۇيرەتۋ ارقىلى ولاردىڭ يمانىن قۇرتسا، ولاردى ادامگەرشىلىكتەن شىعارا الادى. ال وتباسىلار بالالارىنان وسىلاي ايىرىلعان سوڭ، ولار انا جەردەن مىنا جەرگە شاپقىلاپ، «وح، دۇعا ەتىڭىزشى، مەنىڭ بالام سەنبەيدى، مەنىڭ قىزىم بىزگە ريزا ەمەس، مەنىڭ ۇلىم ۇيدە تۇرمايدى، قاشىپ كەتەدى، ول جامان دوس تاۋىپ الىپتى، سوندا تۇراتىن بولدى» دەپ زارلايدى. ولار وسىلاي انا-مىنا جەرگە شاپقىلار، سول ءۇشىن، بالانى سوناۋ بالالىق شاعىنان جاقسى تاربيەلەڭىز، بالالىق شاعى دەگەنىمىز ءۇش جاستاعى كەزى-ءدۇر، وسى كەزدەن باستاپ، ول ۇيرەنە الادى. ال شايتان ادامدار بۇنى بىزدەن جاقسى بىلەدى، سوندىقتان، ولار مەكتەپكە بارۋدى ءۇش جاستان باستاپ، مىندەت ەتىپ قويعان.


مەن جەتى جاسىمدا مەكتەپكە باردىم، ال ءبىزدىڭ التى جىلدا ۇيرەنگەنىمىز قازىرگى جوعارى مەكتەپتە ۇيرەنگەن نارسەلەردەن جاقسى ەدى، سوندىقتان، ول كەزدەگىلەر قازىرگىلەردەن جاقسى بىلەتىن. ماناعى بۇزىق توپتار بالانىڭ ءۇش جاستان باستان بىردەڭە ۇيرەنە باستايتىنىن بىلەدى، سوندىقتان، ولار وزدەرىنىڭ نارسەلەرىن بالالارعا ەرتەدەن ۇيرەتۋ ءۇشىن، ءۇش جاستان باستاپ مەكتەپتە وقىتۋدى كۇشتەپ كىرگىزدى. تۇرىكتەردە، «اعاشتى تال كەزىندە يەسىڭ» دەگەن ءسوز بار، دەمەك، تال كەزىندە اعاشتى وڭعا، سولعا، الاي-بۇلاي يە بەرۋگە بولادى. ال جاپوندىقتار اعاشتاردى ءيىپ، ءارتۇرلى قىزىقتى نارسەلەر جاسايدى ەمەسپە، دەمەك، اعاش تال كەزىندە جۇمساق بولادى، وعان بارلىعىن ىستەۋىڭىزگە بولادى. سول ءۇشىن، ءۇش جاستان باستاپ، ۇل-قىزدارىڭىزعا ساق بولىڭىز، ولارعا جاقسى ادەپ ۇيرەتۋىڭىز كەرەك، وزگەلەردىڭ جاقسى نارسەلەرىن ۇيرەتىڭىز. ەگەر ولارعا بىرەۋلەر، نەمەسە كىشى مەكتەپ-مەدىرەسە، يا باسقا ورىندار جاقسى نارسە ۇيرەتسە، ءسىز ولاردى ولارمەن قۋانتا ءبىلۋىڭىز كەرەك.


ال ءقازىر كورىپ وتىرعاندارىمىز تىم سوراقى، بۇل بالالار ەشتەڭە بىلمەيدى، ولار بالاباقشاعا بارادى، ول كەزدە ولار وتە تازا ەدى، ءبىراق ەكى كۇن وتكەن وتكەن سوڭ ولاردان جامان سوزدەردى ەستىپ قالاسىز. بۇل جاعداي وسى جەردە عانا ەمەس، ءار جەرگە جالپىلاسىپ كەتكەن، ءتىپتى اراپ ەلدەرىندە، تۇركيادا، يا باسقا جەردە بولسىن، سولاي بولىپ كەتكەن، وندا اقشامەن ءوز جۇمىسىن عانا ويلاساتىن جاۋاپكەرشىلىكسىز مەكتەپتەر بار. بۇل ءبىر سوراقى جاعداي، سوندىقتان ساق بولىڭىز، بالالارعا جاقسى ادەپتى، جاقسى نارسەلەردى ۇيرەتىڭىز. وسى سوعىس بولۋدان بۇرىن، دۇنيەنى اينالا ۇلكەن ىستەردىڭ بولىپ جاتقانىن ەستۋشى ەدىك. دەمەك، ءوسىبىر شايتاني ادامدار ادامگەرشىلىكتى قۇرتقىسى كەلەدى، ولار سونداي جاۋىز، سونداي تۇرپايى، ولاردا ەش مەيىرىم جوق، سول ءۇشىن ساق بولۋىڭىز كەرەك. جانە وزىڭىزبەن وتباسىڭىزدى وسى شايتانداردان اۋلاق ۇستاڭىز، ولاردا جوسپار بار، جانە ولاردىڭ جوسپارى توقتامايدى، ولار شارشامايدى، زەرىكپەيدى، ادامزاتتى قۇرتۋعا ابدەن بەكىنىپ العان.


ال مۇسىلماندار ۇيىقتاپ جاتىر، ەڭ ۇيقىشىلار وسى مۇسىلماندار، بارلىق ادامزات ۇيىقتاپ جاتىر، ءبىراق ولاردىڭ ىشىندەگى ەڭ ۇيقىدا جاقتانى مۇسىلماندار، ولار دەم العىسى كەلەدى، شارشاعىسى كەلمەيدى، ولاردى جالقاۋلىق، بويكۇيەزدىك باسىپ العان. ءتىپتى قاتەرلى كەزدە دە ولار ەشتەڭە ىستەمەي وتىرا بەرەدى. ءماۋلانا شايىق ءبىر ۋاقيعانى ايتۋشى ەدى، ول شىن بولعان ۋاقيعا. دەمەك، سوناۋ سۇلتان ابدۋلحاميتتىڭ كەزىندە ولارعا اسكەر كەرەك بولادى، ول كەزدە دەرگادا جۇرگەن دارۋىشتەر عانا اسكەرگە بارماۋشى ەدى، دارۋيشتەر تاماعىن جەپ، ودان قالسا ۇيىقتاپ قانا جۇرە بەرەتىن، ەشتەڭە ىستەمەيتىن. ال اسكەرگە شاقىرعاندا دەرگالار ادامعا تولىپ كەتەدى، جۇرتتىڭ كوبى ءدارۋيش بولىپ الادى، جانە سۇلتاننىڭ ادامدارى سۇلتانعا كەلىپ، بۇل جاعدايدى ايتادى. ولار، «ەلدىڭ كوبى اسكەردەن قاشىپ كەتتى، ولار وتىرىكشىلەر، ولار ءدارۋيش ەمەس، اسكەرگە بارماۋ ءۇشىن دەرگالاردا قاشىپ ءجۇر، جانە ولار وندا جاقسى ۇيىقتايدى، وندا تاماق جەيدى، باسقا ەشتەڭە ىستەمەس» دەيدى.


سۇلتان قىزمەتشىلەرىنەن، «وندا ءبىز بۇل ادامدارعا نە ىستەسەك بولار، سەبەبى ول جەر دەرگا، ولاردى ودان قۋىپ شىعا المايمىز» دەر، ولار، «ولار دارۋيشتەر، ولارعا ەشتەڭە ىستەي المايمىز، ولاردى شىعارۋ ءۇشىن نە ىستەۋىمىز كەرەك» دەيدى. سوندا ءبىر كىسى، «و سۇلتان، مەندە ءبىر وي بار، ءبىز دەرگانىڭ ءبىر جاعىنا ءورت قويايىق، سودان دارۋيشتەر قاشادى، ال ءبىز ولاردى ۇستاپ، اسكەرگە اكەتەمىز» دەيدى. سونىمەن ولار دەرگالارعا ءورت قويادى، ال ءورتتى كورگەندەر قاشا جونەلەدى، ولار وسى قاشىپ شىققانداردى ۇستاپ اكەتەدى. ولاردىڭ كوبى دەرگالاردان قاشادى، تەك ەكى ادام عانا ۇيىقتاپ جاتا بەرەدى. ال وسى ەكەۋىنىڭ وتقا جاقىن جاتقان بىرەۋى قاسىنداعى دوسىنا، «و دوسىم، سەن ءبىراز ارى تامان جىلجى، وت ماعان قاراي كەلە جاتىر، كىشكەنە قوزعال» دەيدى. سوندا دوسى وعان، «ارى تامان جىلجى دەپ، قالاي ماعان ەرىنبەي ايتىپ وتىرسىڭ» دەيدى، ال بۇنى كورگەن سۇلتاننىڭ ادامدارى، «ناق ءدارۋيشتار وسىلار ەكەن، ولاردى انا جاققا اپارىپ تاستاڭدار، مىنا جەر ءبىراز ورتەنسىن» دەيدى.


قازىرگى كەزدە بارلىق ادامدار ماناعى ەكى ءدارۋيش سياقتى جالقاۋ بولىپ كەتكەن، ولار قوزعالعىسى كەلمەيدى، ەشتەڭە ىستەگىسى كەلمەيدى، ءتىپتى بالالارى ءۇشىن دە، وزدەرى ءۇشىن دە جالقاۋ. ولار ءار كۇنى، «بۇل ماشينا سەندەردى قۇرتىپ جاتىر، ونىڭ ىشىندەگى، جانە سىرتىنداعى نارسەلەردەن ساقتانىڭدار، ولار سەنىڭ اقىلىڭدى الۋدا، دەنساۋلىعىڭدى، جانە باسقا بارلىعىن الۋدا» دەگەن سوزدەردى ەستيدى. ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ونىڭ ىشىندە جامان نارسەلەر بار، ال ءقازىر باسقا نارسەلەر پايدا بولدى، ولار ءسىزدىڭ جەكە كۋالىكتەرىڭدى الادى، اقشاڭىزدى الادى، سىزدەردى قۇمار ويىنىنا تىركەپ قويادى، مىنە وسىلاردىڭ بارلىعى سول ماشينادا، ياعني قولفوندا تۇر. ال ادامدار ءاردايىم قىزىققا باتۋدى ۇناتادى، ءبىراق ۇدايى ويناۋ، قىزىققا باتۋ جاقسى ەمەس. كەيدە، ءسىز زەرىگۋىڭ دە كەرەك، سوندا جۇمىس ىستەيسىڭ، وتباسىڭا، بالا-شاعاڭا قارايسىڭ. تەك ءوزىڭدى، جانە ءوز ءناپسىڭدى عانا قىزىققا باتىرا بەرمە.


اللا ﷻ ءبىزدى بۇل بۇلىكتەن قۇتقارعاي، جانە ونى بىزگە بۇلىك ەتپەگەي، ينشاللا. بالالارىمىز - ءبىزدىڭ قازىنامىز، ونى ايتىپ وتتىك، ولار - قازىنا، سەبەبى پايعامبارىمىز ﷺ، «بىرەۋ ولگەندە وعان مىنا ءۇش نارسەدەن عانا وعان ساۋاپ بارادى، ءبىرىنشىسى، ءىلىمى، ياعني جاقسى ءبىلىمى، ەكىنشىسى، ونىڭ ارتىندا قالعان، جانە ادامدار ءالى ىستەتىپ جاتقان ساداقاسى، ءۇشىنشى، وعان دۇعا جاساپ تۇراتىن ونىڭ ارتىندا قالعان جاقسى ۇرپاقتارى» دەيدى. اللا ﷻ ءبىزدى، كارى-جاسىمىزدى بولسىن، بۇل بۇلىكتەن اۋلاق ەتكەي، ءقازىر اركىم وسى بۇلىكتىڭ ىشىندە ءجۇر. ءبىراق اللا ﷻ قالاعان كەزدە دۇعامەن ءبىزدى قۇتقاراتىن بولادى، ينشاللا. ءاردايىم دۇعا ەتۋدى ۇمىتىپ كەتپەڭىزدەر.


- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى


#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق

nvrislam.net

instagram.com/nvrislami

Comments

Popular posts from this blog

Сұхбат: имандағы бауырластық нақты бауырластықтан да маңызды (2025.08.09 / Хижри 1447-жыл 15-Сафар)

Сұхбат: ауру күнәңның кешірілуі үшін де жіберіледі (2024.01.21 / Хижра 1445-жыл 10-режеп)

Сұхбат: Алланың әр нәрседе қарама-қарсы топ жаратудағы хикіметі (2025.06.29 / Хижри 1447-жыл 04-Мұхаррам)