Сұхбат: осы заманда жаратылғаныңа риза бол, себебі бұл Алла қалауы (2) (2026.04.24 / Хижри 1447-жыл 07-Зұл-Қадах)

 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8789

Сұхбат: осы заманда жаратылғаныңа риза бол, себебі бұл Алла қалауы (2) (2026.04.24 / Хижри 1447-жыл 07-Зұл-Қадах)

Исламбол (Станбул), Түркия.



(Osmanische Herberge – Kall, Germany, 2026) Жұма қабыл болсын, иншалла, біз Алла ﷻ үшін жиналудамыз, Алла ﷻ баршаңызды берекелегей, жұма күні әрбір жақсы нәрсеге арналған күн. Алла ﷻ оны Өзінің ең сүйіктісі Сәйдина Мұхаммад ﷺға, және оның үмбетіне берді, әрине, әрбір пайғамбардың берекелі күні болған, яғни әрбір ұлул-ғазм жеті пайғамбардың құтты күндері бар. Алла ﷻ оларға сондай бір күннен берген, ал пайғамбарымыз ﷺға олардың ішіндегі ең жақсы күн, жұма күнін берді. Алла ﷻ барша адамзаттың ұлы атасы Сәйдина Адам әлейхис-саламды жұма күні жаратты, және ол жұма күні қайтыс болды. Ал яумул-қиямах, яғни қиямет күні де жұма күні болады, барша адамзат үшін болатын ашылулармен қайта тірілетін күн де жұма күні.


Пайғамбарымыз да Алланың бізге көптеген сый-сауғаларды бергенін айтады, олардың бірі мынау, демек, жұма күнінде мәлім бір уақыт бар болып, дәл сол кезде дұға етсе, ол дұға қабыл болады. Әлхамдулилла, біз Алла ﷻдың бізді осы заманда жаратқаны үшін де алғыс айтамыз, себебі бұл заманда пайғамбарымызға еретін үмбетке сауап өте молынан беріледі. Әрине, қазіргі заман кезкелген мұсылман үшін, мүмин үшін тым қиын заман, себебі осы кезде дініңді, я иманыңды сақтап тұру қиын, бейне пайғамбарымыз ﷺ айтқандай, ол кәдімгі алақанда қолда шоқ ұстап тұруға ұқсайды. Әрине, осы заманда бұл дүниеге келу біздің таңдауымыздағы шаруа емес, бізді Алла жаратты, және Ол ұнатқанын істеуші-дүр. Біз бұған қарсы келе алмаймыз, міне бұл мұсылманмен және басқа пайғамбарлардың қауымдары арасындағы ұқсамастығымыз болмақ.


Әрине, барлық мұсылмандар, барлық пайғамбарлармен олардың ерушілері, барша мүминдер исламда болған, бірақ біз Алла ﷻдың бізді осылай етіп, осы заманда жаратқанына ризамыз. Біз оған қарсы болмаймыз, мүминге олай қарсы болу харам етілген, міне бұл бізбен біздің пайғамбарымыздан бұрынғы басқа пайғамбарлардың ерушілері арасындағы парқымыз. Тіпті ұлул-ғазим яғни ұлық пайғамбар Сәйдина Иса және Сәйдина Мұса пайғамбарлардың сахабалары да бізге ұқсамайды. Олардың барлық сахабасы оларға мәселе тудырып, Алламен пайғамбарға әдебі барлар сұрамайтын нәрселерді сұрайды. Мәселен, Сәйдина Мұса әлейхис-салам өз ерушілерін ферғауынның зұлымдығынан құтқарады, оған барша мұғжизалар келеді, сонымен ол оларды құтқарып, қауіпсіз жерге алып кетеді.


Ферғауынның адамдарды олардың әйелдерін әкетіп істететін, оларға зұлымдық істейтін, демек, олардың хәлі тым мүшкіл, тым жаман еді. Ал олар құтылдырылып, қауіпсіз жер Синаға барады, және Сәйдина Мұса хазірет Алла Әззә уә-Жәлләдан сөз алу үшін мәлім ерекше жерге кетеді, бірақ ол кетісімен, олар бір бұд-мүсін жасап, сыйырға құлшылық етіп кетеді. Олардың имандарының өте әлсіз екендігі жәйлы мыңдаған мысал әңгімелер толып жатыр. Қазір, «біз оған ереміз» деген адамдар бар, ал ақиқатында олар оның үйреткендерінің бір пайызына да ерген жоқ. Біздің пайғамбарымыз ﷺ, «ең сабырлы, және ең көп зұлымдық көрген адамдар - пайғамбарлар» дейді, ал олардың ішіндегі ең сабырлысы біздің пайғамбарымыз Сәйдина Мұхаммад ﷺ еді.


Біз бұнда Сәйдина Иса әлейхис-саламның тым сабырлы екендігін айтып жатырмыз, ол әр жолы, әр күні бір мұғжиза істер, әрдайым жүздеген, мыңдаған адамдар өздеріне береке, және шипа алу үшін оны күтетін, соқырдың көзі ашылып көретін, тері аурулары жазылатын. Ол жазылмайтын емі жоқ мыңдаған адамдарды емдеп жазды. Ал бұнда біздің исламды «дін емес» деп, пайғамбарымызды мойындамайтындарға айтарымыз бар, яғни, бұл адамдар Сәйдина Иса хазіретке ең жақын бола тұра, олардың имандары өте әлсіз болған, және олар Сәйдина Иса хазіретке ерушілердің дін басы ретінде саналып жүр. Тіпті Сәйдина Иса хазіреттің осы сахабалары одан, «егер сенің Раббың Алла бізге бір дастарқан ас жіберсе, біз қуанар едік» деп, сұраған болатын.


Ал құран Алланың мұғжизасы, қазір Алла Әззә уә-Жәлләдан келген шын қасиетті кітап құран әзиму-шән ғана, оны оқыған кезіңізде, оны түсінесіз, және манағы адамдардың қандай болғанын, олардың не ойлайтынын, олардың мінез-құлқын, хәл-жағдайын білесіз. Олар, «егер Раббың осыны істесе» деп айтатын, ал қазір сіз бұндай сөйлесеңіз, сіздің иманыңыз өшіп, шипасы бітетін болады. «وَاللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ», «уаллху ғәлә күллі шайин қадір», яғни, «және Алланың барлық нәрсеге күші жетеді», құран 3інші сүре 189інші аят, демек, Алла ﷻ барлығын істер, Ол істер, Ол істей алар, Ол істейтін болады. Ол тек, «күн» яғни «бол» десе болғаны, ол «фаякүн» болады, яғни бола қалады. Ал Сәйдина Иса хазірет расында өте сабырлы еді, ол оларға айғайлаған жоқ, ол тіпті оны Алладан сұрады, ал Алла сол дастарқанды оларға жіберді.


Біз көптеген бей-мұсылмандарды, тіпті кейде мұсылмандарды да көріп жүрміз, олар манағыларға еріп, «неге бұлай болды, неге маған осылай болды» дер. Көбі осылай қарсы келер, христандар немесе мұсылман еместер, бәрі солай, бірақ үнділер, я тағы басқалар сабыр етуде, себебі олар, «келер жолы біз тауық, тышқан, я басқа бірдеңе болып келеміз» деген наным-сенімде жүр. Демек, олар мәселе шығармай сабыр етуде, себебі олар, «келер жолы біз жақсырақ боламыз» деп малдануда. Ал хиристандар немесе тағы басқа топтар ұдайы осылай болған, сенімі бары да, қазір сенімі жоқтар да Тәңірге сенбейтін болған, олар Аллаға қарсы келеді. Кейде, «намазды тастап кеттім, Аллаға құлшылық етпеймін» деген адамдарды көріп қаламын. Бірақ бұл баланың ісі-дүр, мәселен, біз кішкене кезімізде біреуге ренжіп қалсақ, оған сөйлемей қоюшы едік, оның қасына бармай қоятынбыз.


Ал манағы адамдар да баланың осындай ісін Алла Әззә уә-Жәлләға істеп жатыр, олар Алла олардың ғибадат-құлшылығынан ештеңені қажет етпейтіндігін, ештеңенің Аллаға әсер етпейтіндігін білмеді. Бірақ шайтан оларды, «қарашы, Алла басқаларға мынадай нәрселерді берген, ал сен ана-мына қиындық көріп жатсың, сондықтан Алланы естіме, оны істеме» деп алдауда. Ал құлшылық нығыметін өзіңіз үшін істейсіз, Алла үшін істемейсіз, егер сіз кедей болсаңыз, немесе ауырсаңыз, және оларға сабыр етсеңіз, Алла ﷻ сол үшін сізге сауап беретін болады. Қазір адамдар андай я мұндай философилар жасап алған, ал дінде философя жоқ, онда тек еру ғана бар, ілесу ғана бар, ал философия керек десеңіз, біздің философиямыз сол, еру-ілесу болмақ. Демек, тура жол тапсаңыз, сол тура жолға қарай жүгіріңіз, сол жолдан шығып кетпеңіз.


Сол үшін құптада біз пайғамбарымыз ﷺның бір хадисын айттық, онда, «иманның тәтті дәмін тату үшін Алламен пайғамбарды барлығынан артық сүй» делінген. Ал мүмин үшін ең жақсы іс осы иманның тәтті дәмі-дүр, және, сүйсең Алла үшін сүй, сүймесең де Алла үшін сүйме. Ал үшінші шарты сол, ол қазір біздің тақырыбымыз болып отыр, демек, кәпір болып кетуді бейне отқа тасталып кететініңдей жек көр. Бұнда жақсы бірдеңе істедім деп ойлай тұра, жамандыққа түсіп кетпеу де аса маңызды болмақ, демек, сіз болған, я туылып кеткен нәрселерге риза болмаушылықтан сақтаныңыз.


Бұны Алла ﷻ қалады, сіз бұнда көптеген нәрселерде жағдайы сізден мың есе, милион есе мүшкіл адамдардың бар екендігін ойлана білуіңіз керек. Бүгін мен телефонымдағы бір хатқа қарадым, онда біздің дағыстандағы бір мүритіміздің екі ұлы украйниядағы соғысқа жіберіліп, біреуінің сонда шәхит болып кеткені айтылыпты. Ал осы мүритіміз олар үшін тек дұға ғана сұрады, оның иман сенімі өте күшті еді, ал Алла осындай адамға мол сауап береді, және оған риза болады. «إِنَّمَا يُوَفَّى الصَّابِرُونَ أَجْرَهُم بِغَيْرِ حِسَابٍ», яғни, «расында, төзімді жанға сауаптар санаусыз берілер», құран 39інші сүре 10інші аят. Демек, сабыр етіп төзген адамға Алла ﷻ сауаптарын есепсіз түрде береді.


Сол үшін біз сұхбаттың басынан бастап, әлхамдулилла айтудамыз, біз Алланың бізге нәсіп еткеніне ризамыз, демек, осы заманда, және осы жерде, және басқа әрбір жақсы жерде болғанымыз үшін ризамыз. Ол Алладан бізге берілген зор нығымет, және біз Алладан бізге ешқандай сынақ бермеуін сұраймыз, иншалла, бұл да аса маңызды шаруа. Біздің пайғамбарымыз ﷺ, әулиелер, және сахабалар барлығы өздері көтере алмайтын нәрсені сұрамаған. Алла ﷻ бізді есендікте еткей, иншалла, Сәйдина Әл-Мәхди әлейхис-салам келіп, адамзатты құтқарғанға дейін амандықта еткей, иншалла. Алла ﷻ сіздерді, және бала-шағаларыңызды, бүкіл мұсылмандардың бала-шағаларын, және барша адамзатты шайтанмен оның ерушілерінен аман еткей, иншалла.


- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы


#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық

nvrislam.net

instagram.com/nvrislami




سۇحبات: وسى زاماندا جاراتىلعانىڭا ريزا بول، سەبەبى بۇل اللا قالاۋى (2) (2026.04.24 / حيجري 1447-جىل 07-زۇل-قاداح)

يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.


(Osmanische Herberge – Kall، Germany، 2026) جۇما قابىل بولسىن، ينشاللا، ءبىز اللا ﷻ ءۇشىن جينالۋدامىز، اللا ﷻ بارشاڭىزدى بەرەكەلەگەي، جۇما كۇنى ءاربىر جاقسى نارسەگە ارنالعان كۇن. اللا ﷻ ونى ءوزىنىڭ ەڭ سۇيىكتىسى ءسايدينا مۇحامماد ﷺعا، جانە ونىڭ ۇمبەتىنە بەردى، ارينە، ءاربىر پايعامباردىڭ بەرەكەلى كۇنى بولعان، ياعني ءاربىر ۇلۋل-عازم جەتى پايعامباردىڭ قۇتتى كۇندەرى بار. اللا ﷻ ولارعا سونداي ءبىر كۇننەن بەرگەن، ال پايعامبارىمىز ﷺعا ولاردىڭ ىشىندەگى ەڭ جاقسى كۇن، جۇما كۇنىن بەردى. اللا ﷻ بارشا ادامزاتتىڭ ۇلى اتاسى ءسايدينا ادام الەيحيس-سالامدى جۇما كۇنى جاراتتى، جانە ول جۇما كۇنى قايتىس بولدى. ال ياۋمۋل-قياماح، ياعني قيامەت كۇنى دە جۇما كۇنى بولادى، بارشا ادامزات ءۇشىن بولاتىن اشىلۋلارمەن قايتا تىرىلەتىن كۇن دە جۇما كۇنى.


پايعامبارىمىز دا اللانىڭ بىزگە كوپتەگەن سىي-ساۋعالاردى بەرگەنىن ايتادى، ولاردىڭ ءبىرى مىناۋ، دەمەك، جۇما كۇنىندە ءمالىم ءبىر ۋاقىت بار بولىپ، ءدال سول كەزدە دۇعا ەتسە، ول دۇعا قابىل بولادى. ءالحامدۋليللا، ءبىز اللا ﷻدىڭ ءبىزدى وسى زاماندا جاراتقانى ءۇشىن دە العىس ايتامىز، سەبەبى بۇل زاماندا پايعامبارىمىزعا ەرەتىن ۇمبەتكە ساۋاپ وتە مولىنان بەرىلەدى. ارينە، قازىرگى زامان كەزكەلگەن مۇسىلمان ءۇشىن، ءمۇمين ءۇشىن تىم قيىن زامان، سەبەبى وسى كەزدە ءدىنىڭدى، يا يمانىڭدى ساقتاپ تۇرۋ قيىن، بەينە پايعامبارىمىز ﷺ ايتقانداي، ول كادىمگى الاقاندا قولدا شوق ۇستاپ تۇرۋعا ۇقسايدى. ارينە، وسى زاماندا بۇل دۇنيەگە كەلۋ ءبىزدىڭ تاڭداۋىمىزداعى شارۋا ەمەس، ءبىزدى اللا جاراتتى، جانە ول ۇناتقانىن ىستەۋشى-ءدۇر. ءبىز بۇعان قارسى كەلە المايمىز، مىنە بۇل مۇسىلمانمەن جانە باسقا پايعامبارلاردىڭ قاۋىمدارى اراسىنداعى ۇقساماستىعىمىز بولماق.


ارينە، بارلىق مۇسىلماندار، بارلىق پايعامبارلارمەن ولاردىڭ ەرۋشىلەرى، بارشا مۇميندەر يسلامدا بولعان، ءبىراق ءبىز اللا ﷻدىڭ ءبىزدى وسىلاي ەتىپ، وسى زاماندا جاراتقانىنا ريزامىز. ءبىز وعان قارسى بولمايمىز، مۇمينگە ولاي قارسى بولۋ حارام ەتىلگەن، مىنە بۇل بىزبەن ءبىزدىڭ پايعامبارىمىزدان بۇرىنعى باسقا پايعامبارلاردىڭ ەرۋشىلەرى اراسىنداعى پارقىمىز. ءتىپتى ۇلۋل-عازيم ياعني ۇلىق پايعامبار ءسايدينا يسا جانە ءسايدينا مۇسا پايعامبارلاردىڭ ساحابالارى دا بىزگە ۇقسامايدى. ولاردىڭ بارلىق ساحاباسى ولارعا ماسەلە تۋدىرىپ، اللامەن پايعامبارعا ادەبى بارلار سۇرامايتىن نارسەلەردى سۇرايدى. ماسەلەن، ءسايدينا مۇسا الەيحيس-سالام ءوز ەرۋشىلەرىن فەرعاۋىننىڭ زۇلىمدىعىنان قۇتقارادى، وعان بارشا مۇعجيزالار كەلەدى، سونىمەن ول ولاردى قۇتقارىپ، ءقاۋىپسىز جەرگە الىپ كەتەدى.


فەرعاۋىننىڭ ادامداردى ولاردىڭ ايەلدەرىن اكەتىپ ىستەتەتىن، ولارعا زۇلىمدىق ىستەيتىن، دەمەك، ولاردىڭ ءحالى تىم مۇشكىل، تىم جامان ەدى. ال ولار قۇتىلدىرىلىپ، ءقاۋىپسىز جەر سيناعا بارادى، جانە ءسايدينا مۇسا حازىرەت اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان ءسوز الۋ ءۇشىن ءمالىم ەرەكشە جەرگە كەتەدى، ءبىراق ول كەتىسىمەن، ولار ءبىر بۇد-ءمۇسىن جاساپ، سىيىرعا قۇلشىلىق ەتىپ كەتەدى. ولاردىڭ يماندارىنىڭ وتە ءالسىز ەكەندىگى ءجايلى مىڭداعان مىسال اڭگىمەلەر تولىپ جاتىر. ءقازىر، «ءبىز وعان ەرەمىز» دەگەن ادامدار بار، ال اقيقاتىندا ولار ونىڭ ۇيرەتكەندەرىنىڭ ءبىر پايىزىنا دا ەرگەن جوق. ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز ﷺ، «ەڭ سابىرلى، جانە ەڭ كوپ زۇلىمدىق كورگەن ادامدار - پايعامبارلار» دەيدى، ال ولاردىڭ ىشىندەگى ەڭ سابىرلىسى ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز ءسايدينا مۇحامماد ﷺ ەدى.


ءبىز بۇندا ءسايدينا يسا الەيحيس-سالامنىڭ تىم سابىرلى ەكەندىگىن ايتىپ جاتىرمىز، ول ءار جولى، ءار كۇنى ءبىر مۇعجيزا ىستەر، ءاردايىم جۇزدەگەن، مىڭداعان ادامدار وزدەرىنە بەرەكە، جانە شيپا الۋ ءۇشىن ونى كۇتەتىن، سوقىردىڭ كوزى اشىلىپ كورەتىن، تەرى اۋرۋلارى جازىلاتىن. ول جازىلمايتىن ەمى جوق مىڭداعان ادامداردى ەمدەپ جازدى. ال بۇندا ءبىزدىڭ يسلامدى «ءدىن ەمەس» دەپ، پايعامبارىمىزدى مويىندامايتىندارعا ايتارىمىز بار، ياعني، بۇل ادامدار ءسايدينا يسا حازىرەتكە ەڭ جاقىن بولا تۇرا، ولاردىڭ يماندارى وتە ءالسىز بولعان، جانە ولار ءسايدينا يسا حازىرەتكە ەرۋشىلەردىڭ ءدىن باسى رەتىندە سانالىپ ءجۇر. ءتىپتى ءسايدينا يسا حازىرەتتىڭ وسى ساحابالارى ودان، «ەگەر سەنىڭ راببىڭ اللا بىزگە ءبىر داستارقان اس جىبەرسە، ءبىز قۋانار ەدىك» دەپ، سۇراعان بولاتىن.


ال قۇران اللانىڭ مۇعجيزاسى، ءقازىر اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان كەلگەن شىن قاسيەتتى كىتاپ قۇران ءازيمۋ-ءشان عانا، ونى وقىعان كەزىڭىزدە، ونى تۇسىنەسىز، جانە ماناعى ادامداردىڭ قانداي بولعانىن، ولاردىڭ نە ويلايتىنىن، ولاردىڭ مىنەز-قۇلقىن، ءحال-جاعدايىن بىلەسىز. ولار، «ەگەر راببىڭ وسىنى ىستەسە» دەپ ايتاتىن، ال ءقازىر ءسىز بۇنداي سويلەسەڭىز، ءسىزدىڭ يمانىڭىز ءوشىپ، شيپاسى بىتەتىن بولادى. «وَاللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ ءشَيٍْ قَدِيرٌ»، «ۋاللحۋ ءعالا كۇللى شاين ءقادىر»، ياعني، «جانە اللانىڭ بارلىق نارسەگە كۇشى جەتەدى»، قۇران 3ءىنشى سۇرە 189ءىنشى ايات، دەمەك، اللا ﷻ بارلىعىن ىستەر، ول ىستەر، ول ىستەي الار، ول ىستەيتىن بولادى. ول تەك، «كۇن» ياعني «بول» دەسە بولعانى، ول «فاياكۇن» بولادى، ياعني بولا قالادى. ال ءسايدينا يسا حازىرەت راسىندا وتە سابىرلى ەدى، ول ولارعا ايعايلاعان جوق، ول ءتىپتى ونى اللادان سۇرادى، ال اللا سول داستارقاندى ولارعا جىبەردى.


ءبىز كوپتەگەن بەي-مۇسىلمانداردى، ءتىپتى كەيدە مۇسىلمانداردى دا كورىپ ءجۇرمىز، ولار ماناعىلارعا ەرىپ، «نەگە بۇلاي بولدى، نەگە ماعان وسىلاي بولدى» دەر. كوبى وسىلاي قارسى كەلەر، حريستاندار نەمەسە مۇسىلمان ەمەستەر، ءبارى سولاي، ءبىراق ۇندىلەر، يا تاعى باسقالار سابىر ەتۋدە، سەبەبى ولار، «كەلەر جولى ءبىز تاۋىق، تىشقان، يا باسقا بىردەڭە بولىپ كەلەمىز» دەگەن نانىم-سەنىمدە ءجۇر. دەمەك، ولار ماسەلە شىعارماي سابىر ەتۋدە، سەبەبى ولار، «كەلەر جولى ءبىز جاقسىراق بولامىز» دەپ مالدانۋدا. ال حيريستاندار نەمەسە تاعى باسقا توپتار ۇدايى وسىلاي بولعان، سەنىمى بارى دا، ءقازىر سەنىمى جوقتار دا تاڭىرگە سەنبەيتىن بولعان، ولار اللاعا قارسى كەلەدى. كەيدە، «نامازدى تاستاپ كەتتىم، اللاعا قۇلشىلىق ەتپەيمىن» دەگەن ادامداردى كورىپ قالامىن. ءبىراق بۇل بالانىڭ ءىسى-ءدۇر، ماسەلەن، ءبىز كىشكەنە كەزىمىزدە بىرەۋگە رەنجىپ قالساق، وعان سويلەمەي قويۋشى ەدىك، ونىڭ قاسىنا بارماي قوياتىنبىز.


ال ماناعى ادامدار دا بالانىڭ وسىنداي ءىسىن اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا ىستەپ جاتىر، ولار اللا ولاردىڭ عيبادات-قۇلشىلىعىنان ەشتەڭەنى قاجەت ەتپەيتىندىگىن، ەشتەڭەنىڭ اللاعا اسەر ەتپەيتىندىگىن بىلمەدى. ءبىراق شايتان ولاردى، «قاراشى، اللا باسقالارعا مىناداي نارسەلەردى بەرگەن، ال سەن انا-مىنا قيىندىق كورىپ جاتسىڭ، سوندىقتان اللانى ەستىمە، ونى ىستەمە» دەپ الداۋدا. ال قۇلشىلىق نىعىمەتىن ءوزىڭىز ءۇشىن ىستەيسىز، اللا ءۇشىن ىستەمەيسىز، ەگەر ءسىز كەدەي بولساڭىز، نەمەسە اۋىرساڭىز، جانە ولارعا سابىر ەتسەڭىز، اللا ﷻ سول ءۇشىن سىزگە ساۋاپ بەرەتىن بولادى. ءقازىر ادامدار انداي يا مۇنداي فيلوسوفيلار جاساپ العان، ال دىندە فيلوسوفيا جوق، وندا تەك ەرۋ عانا بار، ىلەسۋ عانا بار، ال فيلوسوفيا كەرەك دەسەڭىز، ءبىزدىڭ فيلوسوفيامىز سول، ەرۋ-ىلەسۋ بولماق. دەمەك، تۋرا جول تاپساڭىز، سول تۋرا جولعا قاراي جۇگىرىڭىز، سول جولدان شىعىپ كەتپەڭىز.


سول ءۇشىن قۇپتادا ءبىز پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ءبىر حاديسىن ايتتىق، وندا، «يماننىڭ ءتاتتى ءدامىن تاتۋ ءۇشىن اللامەن پايعامباردى بارلىعىنان ارتىق ءسۇي» دەلىنگەن. ال ءمۇمين ءۇشىن ەڭ جاقسى ءىس وسى يماننىڭ ءتاتتى ءدامى-ءدۇر، جانە، سۇيسەڭ اللا ءۇشىن ءسۇي، سۇيمەسەڭ دە اللا ءۇشىن سۇيمە. ال ءۇشىنشى شارتى سول، ول ءقازىر ءبىزدىڭ تاقىرىبىمىز بولىپ وتىر، دەمەك، كاپىر بولىپ كەتۋدى بەينە وتقا تاستالىپ كەتەتىنىڭدەي جەك كور. بۇندا جاقسى بىردەڭە ىستەدىم دەپ ويلاي تۇرا، جاماندىققا ءتۇسىپ كەتپەۋ دە اسا ماڭىزدى بولماق، دەمەك، ءسىز بولعان، يا تۋىلىپ كەتكەن نارسەلەرگە ريزا بولماۋشىلىقتان ساقتانىڭىز.


بۇنى اللا ﷻ قالادى، ءسىز بۇندا كوپتەگەن نارسەلەردە جاعدايى سىزدەن مىڭ ەسە، ميليون ەسە مۇشكىل ادامداردىڭ بار ەكەندىگىن ويلانا ءبىلۋىڭىز كەرەك. بۇگىن مەن تەلەفونىمداعى ءبىر حاتقا قارادىم، وندا ءبىزدىڭ داعىستانداعى ءبىر ءمۇريتىمىزدىڭ ەكى ۇلى ۋكراينياداعى سوعىسقا جىبەرىلىپ، بىرەۋىنىڭ سوندا ءشاحيت بولىپ كەتكەنى ايتىلىپتى. ال وسى ءمۇريتىمىز ولار ءۇشىن تەك دۇعا عانا سۇرادى، ونىڭ يمان سەنىمى وتە كۇشتى ەدى، ال اللا وسىنداي ادامعا مول ساۋاپ بەرەدى، جانە وعان ريزا بولادى. «إِنَّمَا يُوَفَّى الصَّابِرُونَ أَجْرَهُم بِغَيْرِ حِسَابٍ»، ياعني، «راسىندا، ءتوزىمدى جانعا ساۋاپتار ساناۋسىز بەرىلەر»، قۇران 39ءىنشى سۇرە 10ءىنشى ايات. دەمەك، سابىر ەتىپ توزگەن ادامعا اللا ﷻ ساۋاپتارىن ەسەپسىز تۇردە بەرەدى.


سول ءۇشىن ءبىز سۇحباتتىڭ باسىنان باستاپ، ءالحامدۋليللا ايتۋدامىز، ءبىز اللانىڭ بىزگە ءناسىپ ەتكەنىنە ريزامىز، دەمەك، وسى زاماندا، جانە وسى جەردە، جانە باسقا ءاربىر جاقسى جەردە بولعانىمىز ءۇشىن ريزامىز. ول اللادان بىزگە بەرىلگەن زور نىعىمەت، جانە ءبىز اللادان بىزگە ەشقانداي سىناق بەرمەۋىن سۇرايمىز، ينشاللا، بۇل دا اسا ماڭىزدى شارۋا. ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز ﷺ، اۋليەلەر، جانە ساحابالار بارلىعى وزدەرى كوتەرە المايتىن نارسەنى سۇراماعان. اللا ﷻ ءبىزدى ەسەندىكتە ەتكەي، ينشاللا، ءسايدينا ءال-ءماحدي الەيحيس-سالام كەلىپ، ادامزاتتى قۇتقارعانعا دەيىن اماندىقتا ەتكەي، ينشاللا. اللا ﷻ سىزدەردى، جانە بالا-شاعالارىڭىزدى، بۇكىل مۇسىلمانداردىڭ بالا-شاعالارىن، جانە بارشا ادامزاتتى شايتانمەن ونىڭ ەرۋشىلەرىنەن امان ەتكەي، ينشاللا.


- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى


#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق

nvrislam.net

instagram.com/nvrislami

Comments

Popular posts from this blog

Сұхбат: имандағы бауырластық нақты бауырластықтан да маңызды (2025.08.09 / Хижри 1447-жыл 15-Сафар)

Сұхбат: ауру күнәңның кешірілуі үшін де жіберіледі (2024.01.21 / Хижра 1445-жыл 10-режеп)

Сұхбат: Алланың әр нәрседе қарама-қарсы топ жаратудағы хикіметі (2025.06.29 / Хижри 1447-жыл 04-Мұхаррам)