Сұхбат: қазіргі мұсылмандарда сопылық тәриқат жәйлы көптеген қате көзғарастар бар (2026.04.25 / Хижри 1447-жыл 08-Зұл-Қадах)
https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8791
Сұхбат: қазіргі мұсылмандарда сопылық тәриқат жәйлы көптеген қате көзғарастар бар (2026.04.25 / Хижри 1447-жыл 08-Зұл-Қадах)
Исламбол (Станбул), Түркия.
(Mawlānā Mosque – Neuenrade, Germany, 2026) Германияда айтылған сұхбат. Бисмиллахир рахманир рахим, «وَاعْتَصِمُوا بِحَبْلِ اللَّهِ جَمِيعًا وَلَا تَفَرَّقُوا», яғни, «және Алланың жібінен мықтап ұстаңдар, және бөлінбеңдер», құран 3інші сүре 103інші аят. Алла Әззә уә-Жәллә, «Алланың арқанынан мықтап жармасыңдар, және өз іштеріңде бөлінбеңдер» дейді, сол арқан-жіп сіздерді құтқарады, демек, Алланың жібі сізді құтқарар, Алланың жібінен мықтап ұстаңыз. Ал Алла жолы деген не? ол пайғамбарымыз ﷺ жағынан көрсетілген жол, ол жол тәриқат, яғни сопылық тәриқат деп аталады, тәриқат дегеніміз жол, ал Алланың жолы сопылық тәриқат арқылы тіпті де бекем ұсталынады. Осы жолда бір-біріңе дұшпан болмаңдар, адамдар осы ұқсас жолда жүре алғанда, ол Аллаға бастап апаратын болады, бұнда бөліну болмасын.
Ал бөліну не үшін туылады? ол шайтанның бүлігінен де келеді, ондай бүлік, «сен дұрс емес, мен дұрыс» деген сияқты сөздерді айту арқылы істелінер. Алайда, Алла жолында жүргендер, және ұқсас жолда келе жатқан басқалар да, өз жағдайларына қарауы керек, өз нәпсілерін түзеуі керек, олар өзгелердің қателігімен кемшілігіне қарамауы, оларды термеуі керек. Адам баласы күнәкар, күнәсіз ешкім жоқ, тек қана пайғамбарлар күнәсіз, ал басқа адамның барлығында күнә бар. Сәйдина Әбубәкір хазіреттің, «أَنْتَ يَا صِدِّيق عَاصِي تُبْ إلَى الْمَوْلَى الْجَلِيل», яғни, «о сыддық, сен қасарысқышсың, сен күнәкарсің, Мәулә-Жәлил Аллаға тәубе ет» деген бір әдемі қасидасы бар.
Айтып өткеніміздей, адам баласы күнәкар жаратылған, демек, пайғамбалардан басқалардың барлығы күнәкар, ал пайғамбарымыз ﷺнан кейінгі ең иманды адамдар оның сахабалары. Және сахабалардың арасында ең бір егейі Сәйдина Әбубәкір хазірет, тіпті оның есімі құран әзиму-шәнда аталған. Ол пайғамбарымыздың сахабасы ретінде аталынды, және оның үңгірдегі досы болды, оның өз қасидасы болған, сол қасидада ол өзіне, «أَنْتَ يَا صِدِّيق عَاصِي تُبْ إلَى الْمَوْلَى الْجَلِيل», яғни, «о сыддық, сен қасарысқышсың, күнәкарсің, Мәулә-Жәлил Аллаға тәубе ет» деп ескерту жасаған, ол күнәдан аулақ болса да, осылай айтқан. Оның күнәсі жоқ, ол жәннәтпен шүйіншіленген он сахабаның бірі, яғни ашарал-мұбашшара. Және ол бәдір шайқасына қатысқан сабалардың бірі.
Демек, олардың барлық күнәсі кешірілген, олардың өткен, қазіргі, және болашақтағы күнәлары кешірілген, ол солардың бірі, демек, ол күнәкар адам емес, бірақ сонда да ол Алладан кешірім сұрайды. Сондықтан, біз ешкімнің қателігіне қарамайық, бірақ өз кемшілігімізбен қателігімізге қарайық, және Алладан сол үшін кешірім сұрайық. Ал бұның не пайдасы бар? мүминде жамандық болмайды, яғни мүминдер арасында өзара жамандық істеу болмайды. Біздің дін ислам-дүр, онсызда, ислам барлық адамға берілген дін, ал пайғамбарымыз ﷺдан келген әдеп-ибалар сопылық тәриқат арқылы мүлтіксіз түрде көрсетілді.
Біз өз хәлімізге қаралық, ал өзгелердің хәлі сол өзгелердің өз ісі, біз жүрегімізге қараңғылықтың орнауына тосқауыл қоюымыз үшін, әр адам жәйлы жақсы ойда болайық. Әрине, басқа жолда жүргендер бұны қаламайды, олар, «бұл адам бұны істеді, ол адам ананы істеді» дер, көріп жүрсіздер, олар бала кезінен бастап сахабаларға тіл тигізіп өсті, олардан айтылмаған боқтық қалмады. Егер олар сонау бала кезінен осылай өсірілсе, олардың жүрегі тәбиғи түрде қап-қара қараңғы болып кетеді. Міне бұл тура жолда жүрмеген кейбір адамдардың хәлі, олар, «оларды қарғап сіле, қарғамасаң, сен де кәпірсің, оларға ұқсап кетесің, оларды қарғау әр адамның міндеті» деген тәрбиемен өсті.
Демек, олар өздерін тыныштықта қалдыра алмайтыны сияқты, олар өзгелерді де тыныштықта қалдырғысы келмейді, олар осы жолмен өзгелердің де жүрегін қараңғы етпекші болады. Әулиелер, әсіресе, Мәуләнә Шайық Назым әулие, «қарғау» деген сөзді істетуді мүлдем ұнатпайтын, олар осындай нәрселерге аса сақ болған. Тіпті шайтан жәйлы олар, «عليه ما يستحق», «ғәлайхи ма-ястахиқ», яғни, «ол лайықты жазасын алғай» дейтін, «қарғыс» деген сөзді айтып қоюдан сақтанатын. Тек осылай ғана айтып қоятын, ал манағылар болса, «олар үйтті, олар бүйтті» дейді, және, «біз оларды қарғауымыз керек» деп, тұрып алады.
Ал адамдар тәсбих етіп, тәубе етудің, кешірім сұраудың, салауат айтудың, немесе кезкелген жақсы амал істеудің орнына, осындай нәрселерге түсіп кетеді, манағындай кесірге толы сөздерді айтады. Ал қарғау ешқашан жақсы амалдар кітабіна жазылмайды, манағы адамдар жұртты қарғыс-боқтық айтуға итермелейді, соған үйретеді, солай істетуге күш көрсетеді. Оған бір сауап та жазылмайды, бірақ бір күнә жазылар, немесе бос қалар, сондықтан осыбір жаман сөздерді айту жақсы іс емес, адам ұдайы жақсы сөз айтуы керек, тіпті қарсы жақ жаман болса да солай, ал шаруа болса, олармен Алла арасында болар.
Жүректі таза сақтау үшін адам жақсы істерді істеу керек, мейірлі сөздер айту керек, және жақсы адамдармен бірге болу керек. сопылық тәриқат деген не? тәриқат болса, шәриғаттың жүрегі, ол исламның жүрегі, қазіргі адамдар сопылық тәриқатты басқа бірдеңе деп ойлайтын болып қалған. Олар, «сопылық тәриқатқа ерушілер» деп, қаша жөнеледі, алайда, сопылық тәриқат исламның ең қою қаймағы, маңызды-дүр. Сопылық тәриқат басқа дін емес, ол шәриғаттан бөлек бірдеңе емес, немесе ол ұқсамаған нәрселерге әмір етпейді. Біз тек пайғамбарымыз ﷺның істегендерін ғана істейміз, оның жолы - мейірімнің жолы, әдеміліктің жолы, барша игіліктердің жолы.
Тәриқаттан тыс, біреулердің өздері атап алған түрлі «жамағаттары», яғни топтары бар, ал осы аталмыш жамағаттардың сопылық тәриқатпен еш қатысы жоқ. Жамағат атын жамылған жалғыз-жалқы біреулер ешқайда ұзай алмас, олар кейін шыққандар, олардың сисилиясы, яғни шежіресі пайғамбарымыз ﷺға бармайды, жалғанбайды, олардың шынжыры үзілген, оларда тура жол жоқ. Сопылық тәриқат сіздің арқаңызға тас көтертіп қоймайды, онда тек жүрекпен жалғанасыз, сол ғана, бары міне осы. Және сіз қалауыңыз бойынша күнделікті міндет-зікірлерді орындасаңыз да, орындамасаңыз да болады, өз еркіңіз, ал сіз сопылық тәриқатқа кірген соң, пайғамбарымызға рухани жалғанып, байланысқан боласыз.
Бұндағы жалғану яғни байланыс мағынасы мынау, сіз мүршид пірге жалғанасыз, ал мүршид піріңіз алдынғы мүршид пірге жалғанған, және осы шынжырлы байланыс осылай жалғасып, пайғамбарымызға дейін барады. Міне осы жолмен, пайғамбарымыз ﷺның жолы үзілмеген осы байланыс арқылы сізге жетеді. Ал бұнда берілген міндет-уәзифалар нәфіл құлшылыққа жатады. Ал парыздар әлдеқашан бәріне белгігі емеспе, демек, бес уақ намаз парыз, қалғандары сүннет және нәфил болмақ. Егер нәфил мніндет-уәзифаны орындасаңыз, көптеп сауап табасыз, ал істемесеңіз, онда күнә жоқ. Кейбір адамдар сопылық тәриқатқа қосылу жәйлы күмәнданып, екі ойлы жүреді, олар, «қосылсақ, қиындық бар шығар, манағы міндеттері орындай алмаймыз» деп, қате ойлар.
Исламның тірегі бесеу, олар - шәхада, намаз, ораза, зекет, және қажылық, олар - парыздар, ал қалғандары уәжп, немесе сүннет, және бұнда муаккада сүннет, яғни жәй сүннет, және нәфил бар. Біздің жолымыз міне осы, ешкім басқаша ойлап қалмасын, сопылық тәриқатта құпия немесе жасырылған нәрселер жоқ, барлығы анық, және ашық тұр. Кейде адамдар, «аралаңызда бәлен тыңшы бар екен, түгілен жансыз бар екен» деп жатады, иә, олар келсе, келе берсін, оларды қызғын қарсы аламыз. Бізде біреуге жасырын ештеңе жоқ, бұнда тыңшының керегі жоқ, бізге қатысы барлық нәрсе әлдеқашан ашық тұр. Біздің саясатпен, немесе саясатшылармен еш шаруамыз жоқ, біздің шаруамыз Алламен. Алла ﷻ бізге риза болса, осы жетіп асады. Алла ﷻ сіздердің барлығыңызға риза болғай.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: قازىرگى مۇسىلمانداردا سوپىلىق ءتاريقات ءجايلى كوپتەگەن قاتە كوزعاراستار بار (2026.04.25 / حيجري 1447-جىل 08-زۇل-قاداح)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
(Mawlānā Mosque – Neuenrade، Germany، 2026) گەرمانيادا ايتىلعان سۇحبات. بيسميللاحير راحمانير راحيم، «وَاعْتَصِمُوا بِحَبْلِ اللَّهِ جَمِيعًا وَلَا تَفَرَّقُوا»، ياعني، «جانە اللانىڭ جىبىنەن مىقتاپ ۇستاڭدار، جانە بولىنبەڭدەر»، قۇران 3ءىنشى سۇرە 103ءىنشى ايات. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «اللانىڭ ارقانىنان مىقتاپ جارماسىڭدار، جانە ءوز ىشتەرىڭدە بولىنبەڭدەر» دەيدى، سول ارقان-ءجىپ سىزدەردى قۇتقارادى، دەمەك، اللانىڭ ءجىبى ءسىزدى قۇتقارار، اللانىڭ جىبىنەن مىقتاپ ۇستاڭىز. ال اللا جولى دەگەن نە؟ ول پايعامبارىمىز ﷺ جاعىنان كورسەتىلگەن جول، ول جول ءتاريقات، ياعني سوپىلىق ءتاريقات دەپ اتالادى، ءتاريقات دەگەنىمىز جول، ال اللانىڭ جولى سوپىلىق ءتاريقات ارقىلى ءتىپتى دە بەكەم ۇستالىنادى. وسى جولدا ءبىر-بىرىڭە دۇشپان بولماڭدار، ادامدار وسى ۇقساس جولدا جۇرە العاندا، ول اللاعا باستاپ اپاراتىن بولادى، بۇندا ءبولىنۋ بولماسىن.
ال ءبولىنۋ نە ءۇشىن تۋىلادى؟ ول شايتاننىڭ بۇلىگىنەن دە كەلەدى، ونداي بۇلىك، «سەن دۇرس ەمەس، مەن دۇرىس» دەگەن سياقتى سوزدەردى ايتۋ ارقىلى ىستەلىنەر. الايدا، اللا جولىندا جۇرگەندەر، جانە ۇقساس جولدا كەلە جاتقان باسقالار دا، ءوز جاعدايلارىنا قاراۋى كەرەك، ءوز ناپسىلەرىن تۇزەۋى كەرەك، ولار وزگەلەردىڭ قاتەلىگىمەن كەمشىلىگىنە قاراماۋى، ولاردى تەرمەۋى كەرەك. ادام بالاسى كۇناكار، كۇناسىز ەشكىم جوق، تەك قانا پايعامبارلار كۇناسىز، ال باسقا ادامنىڭ بارلىعىندا كۇنا بار. ءسايدينا ابۋباكىر حازىرەتتىڭ، «أَنْتَ يَا صِدِّيق عَاصِي تُبْ إلَى الْمَوْلَى الْجَلِيل»، ياعني، «و سىددىق، سەن قاسارىسقىشسىڭ، سەن كۇناكارسىڭ، ءماۋلا-ءجاليل اللاعا تاۋبە ەت» دەگەن ءبىر ادەمى قاسيداسى بار.
ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ادام بالاسى كۇناكار جاراتىلعان، دەمەك، پايعامبالاردان باسقالاردىڭ بارلىعى كۇناكار، ال پايعامبارىمىز ﷺنان كەيىنگى ەڭ يماندى ادامدار ونىڭ ساحابالارى. جانە ساحابالاردىڭ اراسىندا ەڭ ءبىر ەگەيى ءسايدينا ابۋباكىر حازىرەت، ءتىپتى ونىڭ ەسىمى قۇران ءازيمۋ-ءشاندا اتالعان. ول پايعامبارىمىزدىڭ ساحاباسى رەتىندە اتالىندى، جانە ونىڭ ۇڭگىردەگى دوسى بولدى، ونىڭ ءوز قاسيداسى بولعان، سول قاسيدادا ول وزىنە، «أَنْتَ يَا صِدِّيق عَاصِي تُبْ إلَى الْمَوْلَى الْجَلِيل»، ياعني، «و سىددىق، سەن قاسارىسقىشسىڭ، كۇناكارسىڭ، ءماۋلا-ءجاليل اللاعا تاۋبە ەت» دەپ ەسكەرتۋ جاساعان، ول كۇنادان اۋلاق بولسا دا، وسىلاي ايتقان. ونىڭ كۇناسى جوق، ول جانناتپەن شۇيىنشىلەنگەن ون ساحابانىڭ ءبىرى، ياعني اشارال-مۇباششارا. جانە ول ءبادىر شايقاسىنا قاتىسقان سابالاردىڭ ءبىرى.
دەمەك، ولاردىڭ بارلىق كۇناسى كەشىرىلگەن، ولاردىڭ وتكەن، قازىرگى، جانە بولاشاقتاعى كۇنالارى كەشىرىلگەن، ول سولاردىڭ ءبىرى، دەمەك، ول كۇناكار ادام ەمەس، ءبىراق سوندا دا ول اللادان كەشىرىم سۇرايدى. سوندىقتان، ءبىز ەشكىمنىڭ قاتەلىگىنە قارامايىق، ءبىراق ءوز كەمشىلىگىمىزبەن قاتەلىگىمىزگە قارايىق، جانە اللادان سول ءۇشىن كەشىرىم سۇرايىق. ال بۇنىڭ نە پايداسى بار؟ مۇميندە جاماندىق بولمايدى، ياعني مۇميندەر اراسىندا ءوزارا جاماندىق ىستەۋ بولمايدى. ءبىزدىڭ ءدىن يسلام-ءدۇر، ونسىزدا، يسلام بارلىق ادامعا بەرىلگەن ءدىن، ال پايعامبارىمىز ﷺدان كەلگەن ادەپ-يبالار سوپىلىق ءتاريقات ارقىلى مۇلتىكسىز تۇردە كورسەتىلدى.
ءبىز ءوز حالىمىزگە قارالىق، ال وزگەلەردىڭ ءحالى سول وزگەلەردىڭ ءوز ءىسى، ءبىز جۇرەگىمىزگە قاراڭعىلىقتىڭ ورناۋىنا توسقاۋىل قويۋىمىز ءۇشىن، ءار ادام ءجايلى جاقسى ويدا بولايىق. ارينە، باسقا جولدا جۇرگەندەر بۇنى قالامايدى، ولار، «بۇل ادام بۇنى ىستەدى، ول ادام انانى ىستەدى» دەر، كورىپ جۇرسىزدەر، ولار بالا كەزىنەن باستاپ ساحابالارعا ءتىل تيگىزىپ ءوستى، ولاردان ايتىلماعان بوقتىق قالمادى. ەگەر ولار سوناۋ بالا كەزىنەن وسىلاي وسىرىلسە، ولاردىڭ جۇرەگى ءتابيعي تۇردە قاپ-قارا قاراڭعى بولىپ كەتەدى. مىنە بۇل تۋرا جولدا جۇرمەگەن كەيبىر ادامداردىڭ ءحالى، ولار، «ولاردى قارعاپ سىلە، قارعاماساڭ، سەن دە كاپىرسىڭ، ولارعا ۇقساپ كەتەسىڭ، ولاردى قارعاۋ ءار ادامنىڭ مىندەتى» دەگەن تاربيەمەن ءوستى.
دەمەك، ولار وزدەرىن تىنىشتىقتا قالدىرا المايتىنى سياقتى، ولار وزگەلەردى دە تىنىشتىقتا قالدىرعىسى كەلمەيدى، ولار وسى جولمەن وزگەلەردىڭ دە جۇرەگىن قاراڭعى ەتپەكشى بولادى. اۋليەلەر، اسىرەسە، ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە، «قارعاۋ» دەگەن ءسوزدى ىستەتۋدى مۇلدەم ۇناتپايتىن، ولار وسىنداي نارسەلەرگە اسا ساق بولعان. ءتىپتى شايتان ءجايلى ولار، «عليه ما يستحق»، «ءعالايحي ما-ياستاحيق»، ياعني، «ول لايىقتى جازاسىن العاي» دەيتىن، «قارعىس» دەگەن ءسوزدى ايتىپ قويۋدان ساقتاناتىن. تەك وسىلاي عانا ايتىپ قوياتىن، ال ماناعىلار بولسا، «ولار ءۇيتتى، ولار ءبۇيتتى» دەيدى، جانە، «ءبىز ولاردى قارعاۋىمىز كەرەك» دەپ، تۇرىپ الادى.
ال ادامدار ءتاسبيح ەتىپ، تاۋبە ەتۋدىڭ، كەشىرىم سۇراۋدىڭ، سالاۋات ايتۋدىڭ، نەمەسە كەزكەلگەن جاقسى امال ىستەۋدىڭ ورنىنا، وسىنداي نارسەلەرگە ءتۇسىپ كەتەدى، ماناعىنداي كەسىرگە تولى سوزدەردى ايتادى. ال قارعاۋ ەشقاشان جاقسى امالدار كىتابىنا جازىلمايدى، ماناعى ادامدار جۇرتتى قارعىس-بوقتىق ايتۋعا يتەرمەلەيدى، سوعان ۇيرەتەدى، سولاي ىستەتۋگە كۇش كورسەتەدى. وعان ءبىر ساۋاپ تا جازىلمايدى، ءبىراق ءبىر كۇنا جازىلار، نەمەسە بوس قالار، سوندىقتان ءوسىبىر جامان سوزدەردى ايتۋ جاقسى ءىس ەمەس، ادام ۇدايى جاقسى ءسوز ايتۋى كەرەك، ءتىپتى قارسى جاق جامان بولسا دا سولاي، ال شارۋا بولسا، ولارمەن اللا اراسىندا بولار.
جۇرەكتى تازا ساقتاۋ ءۇشىن ادام جاقسى ىستەردى ىستەۋ كەرەك، مەيىرلى سوزدەر ايتۋ كەرەك، جانە جاقسى ادامدارمەن بىرگە بولۋ كەرەك. سوپىلىق ءتاريقات دەگەن نە؟ ءتاريقات بولسا، ءشاريعاتتىڭ جۇرەگى، ول يسلامنىڭ جۇرەگى، قازىرگى ادامدار سوپىلىق ءتاريقاتتى باسقا بىردەڭە دەپ ويلايتىن بولىپ قالعان. ولار، «سوپىلىق ءتاريقاتقا ەرۋشىلەر» دەپ، قاشا جونەلەدى، الايدا، سوپىلىق ءتاريقات يسلامنىڭ ەڭ قويۋ قايماعى، ماڭىزدى-ءدۇر. سوپىلىق ءتاريقات باسقا ءدىن ەمەس، ول ءشاريعاتتان بولەك بىردەڭە ەمەس، نەمەسە ول ۇقساماعان نارسەلەرگە ءامىر ەتپەيدى. ءبىز تەك پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ىستەگەندەرىن عانا ىستەيمىز، ونىڭ جولى - مەيىرىمنىڭ جولى، ادەمىلىكتىڭ جولى، بارشا يگىلىكتەردىڭ جولى.
ءتاريقاتتان تىس، بىرەۋلەردىڭ وزدەرى اتاپ العان ءتۇرلى «جاماعاتتارى»، ياعني توپتارى بار، ال وسى اتالمىش جاماعاتتاردىڭ سوپىلىق تاريقاتپەن ەش قاتىسى جوق. جاماعات اتىن جامىلعان جالعىز-جالقى بىرەۋلەر ەشقايدا ۇزاي الماس، ولار كەيىن شىققاندار، ولاردىڭ سيسيلياسى، ياعني شەجىرەسى پايعامبارىمىز ﷺعا بارمايدى، جالعانبايدى، ولاردىڭ شىنجىرى ۇزىلگەن، ولاردا تۋرا جول جوق. سوپىلىق ءتاريقات ءسىزدىڭ ارقاڭىزعا تاس كوتەرتىپ قويمايدى، وندا تەك جۇرەكپەن جالعاناسىز، سول عانا، بارى مىنە وسى. جانە ءسىز قالاۋىڭىز بويىنشا كۇندەلىكتى مىندەت-زىكىرلەردى ورىنداساڭىز دا، ورىنداماساڭىز دا بولادى، ءوز ەركىڭىز، ال ءسىز سوپىلىق ءتاريقاتقا كىرگەن سوڭ، پايعامبارىمىزعا رۋحاني جالعانىپ، بايلانىسقان بولاسىز.
بۇنداعى جالعانۋ ياعني بايلانىس ماعىناسى مىناۋ، ءسىز ءمۇرشيد پىرگە جالعاناسىز، ال ءمۇرشيد ءپىرىڭىز الدىنعى ءمۇرشيد پىرگە جالعانعان، جانە وسى شىنجىرلى بايلانىس وسىلاي جالعاسىپ، پايعامبارىمىزعا دەيىن بارادى. مىنە وسى جولمەن، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولى ۇزىلمەگەن وسى بايلانىس ارقىلى سىزگە جەتەدى. ال بۇندا بەرىلگەن مىندەت-ءۋازيفالار ءنافىل قۇلشىلىققا جاتادى. ال پارىزدار الدەقاشان بارىنە بەلگىگى ەمەسپە، دەمەك، بەس ۋاق ناماز پارىز، قالعاندارى سۇننەت جانە ءنافيل بولماق. ەگەر ءنافيل منىندەت-ءۋازيفانى ورىنداساڭىز، كوپتەپ ساۋاپ تاباسىز، ال ىستەمەسەڭىز، وندا كۇنا جوق. كەيبىر ادامدار سوپىلىق ءتاريقاتقا قوسىلۋ ءجايلى كۇماندانىپ، ەكى ويلى جۇرەدى، ولار، «قوسىلساق، قيىندىق بار شىعار، ماناعى مىندەتتەرى ورىنداي المايمىز» دەپ، قاتە ويلار.
يسلامنىڭ تىرەگى بەسەۋ، ولار - ءشاحادا، ناماز، ورازا، زەكەت، جانە قاجىلىق، ولار - پارىزدار، ال قالعاندارى ءۋاجپ، نەمەسە سۇننەت، جانە بۇندا مۋاككادا سۇننەت، ياعني ءجاي سۇننەت، جانە ءنافيل بار. ءبىزدىڭ جولىمىز مىنە وسى، ەشكىم باسقاشا ويلاپ قالماسىن، سوپىلىق ءتاريقاتتا قۇپيا نەمەسە جاسىرىلعان نارسەلەر جوق، بارلىعى انىق، جانە اشىق تۇر. كەيدە ادامدار، «ارالاڭىزدا بالەن تىڭشى بار ەكەن، تۇگىلەن جانسىز بار ەكەن» دەپ جاتادى، ءيا، ولار كەلسە، كەلە بەرسىن، ولاردى قىزعىن قارسى الامىز. بىزدە بىرەۋگە جاسىرىن ەشتەڭە جوق، بۇندا تىڭشىنىڭ كەرەگى جوق، بىزگە قاتىسى بارلىق نارسە الدەقاشان اشىق تۇر. ءبىزدىڭ ساياساتپەن، نەمەسە ساياساتشىلارمەن ەش شارۋامىز جوق، ءبىزدىڭ شارۋامىز اللامەن. اللا ﷻ بىزگە ريزا بولسا، وسى جەتىپ اسادى. اللا ﷻ سىزدەردىڭ بارلىعىڭىزعا ريزا بولعاي.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Comments
Post a Comment