Сұхбат: бірнеше ұлкен мешіт емес, көптеген кішкене мешіт салыңдар, ал балаларды, «мешітте шуламаңдар» деп, мешіттен қумаңдар (2026.04.22 / Хижри 1447-жыл 05-Зұл-Қадах)

 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8786

Сұхбат: бірнеше ұлкен мешіт емес, көптеген кішкене мешіт салыңдар, ал балаларды, «мешітте шуламаңдар» деп, мешіттен қумаңдар (2026.04.22 / Хижри 1447-жыл 05-Зұл-Қадах)

Исламбол (Станбул), Түркия.



(Masjid Ghausia – Rotterdam, Netherlands, 2026) Белгияда айтылған сұхбат. Біздің нақышбанд сопылық тәриқандағылар, осы мешітке келгендер сопылық тәриқатқа ергеніне қуанар, олар сопылыққа, және сопылық жолдағыларға риза. Ал мешіт Алла Әззә уә-Жәлләның үйі, олар барлығына ашық, және олар барлық адамды осы жерге, бойұсынатын жерге шақыруда, Алла Әззә уә-Жәлләға бойұсынуға шақыруда. Бұл барлығына келе берер, сондықтан әлхамдулилла, қайда мешіт болса, ол біз үшін болмақ, барлығымыз онда намаз өтесек болады, әрине, мешітте намаздың сауабы тіпті де көп болады. Мешіт немесе зауия, я дега болсын, олар мүминдердің иманын, және ислами өмірді қуаттайды.


Пайғамбарымыз ﷺ, «мешіттегі жамағатқа барыңдар, сонда намаз өтеңдер, жамағатпен өтесеңдер, 27 есе көп сауап аласыңдар, ол үйде жалғыз намаз өтегеннен әлдеқайда жақсы» дейді. Сол үшін, қайда мешіт болса, жақсы адамдар бар жақсы жер болса, сонда баруыңыз керек, жалқау болмаңыз. Мәуләнә Шайық Назым хазірет, «ертеде әр жерде, әр көшеде кішкене мешіттер көптеп салынатын да, олар адамдарға жеткілікті еді, жұрт азанды ести сала, жамағатқа қосылуға лезде үлгіретін, әр көшеде, әр жерде мүминдер үшін жақын бір жер болуы керек, сонда оларға қолайлы болып, олар ерінбестен сол жерлерге барар» деп айтып отыратын.


Қазір адамдар үлкен мешіттерді салып тастады, бірақ олар адамдардан алыс жерлерде болып, оған бару үшін машинаға отыру керек, сонда олар онда намазын өтей алар, ал машинасы жоқтар үйінде қалар. Демек, шайтанның көптеген айла-қулықтары бар, оның бір қулығы мынау, ол адамдарға, «бізде үлкен мешіт бар, біз сонда барып оқимыз» деп ойлаттыру, бірақ намаз уақыты келгенде, оған бару қиындап кетеді, немесе оның алысқа барғысы келмей қалатын болады. Демек, оған жалқаулық келіп, ол, «машинамен онда бару тым алыс екен, бару үшін 10-15 минут дайындалуым керек» деп ойлар. Бірақ оның көшесінде бір кішкене мешіт болса, ол шапанын іле салып, оған лезде барар еді, және елмен бірге жамағат намазын өтер еді.


Пайғамбарымыз ﷺ алдымен меккеден мединаға хижрат етіп көшті, және мединаға кіруден бұрын бірінші мешітті салды, ол мешіт салды, ол исламдағы бірінші мешіт болатын, әрине, одан соң олар ән-нәбауи мешітін салды. Ол мединада өзі көмек етіп, өзі тас, ағаш көтеріп жүріп, мешіт салды, ол жасады, сахабалар көмек етті. Ал осы іске қатысқан сахабалар қандай абыройлы десеңізші, көптеген сахабалар балшық, тас, ағаш тасып, пайғамбарымыз ﷺның бірінші мешітін бірге салысты.


Мүмкін олар ол кезде қартаң болып, олардың ешбірі оны есінде сақтай алмаған болар, бірақ олардың есінде Алла Әззә уә-Жәлләның илаһи құзіреті қалды, оны ұмытпады, және ол мұсылмандар арасында да ұмытылған жоқ. Пайғамбарымыздың көптеген хадистерінде, кім мешіт үшін бір тас қаласа, Алла ол адамды жәннәтта бір сараймен сыйлайтындығы айтылған. Алла ﷻ дың біреуге сондай орындарды салдыруының өзі зор сауап және үлкен нығымет-дүр. Кім оны істей алса, ол бағы зор тәлейлі жан болғаны, себебі оны сала алатын мыңдаған, милиондаған адамдар бар, бірақ олар оны салуға бір теңге де бермейді, жәрдем етпейді, олар - тәлейсіз адамдар.


Алла ﷻ мешітке және ондағы жамағатқа рахымымен қарайды, ондай жамағат Аллаға бойұсынады, пайғамбарымызды құрметтейді, мүминдерді құрметтейді, Алла оларға риза. Ол оларға сауабымен рахымын төгеді, ол жерлер - мұсылмандарды, мүминдерді сонау бала кезінен бастап, жақсы жерлерді сүюге тәрбиелейтін, және үйрететін орталықтар. Бұл аса маңызды, оны жасап, бақшаға қақпа салып қана қою емес, онда ұнатпаған адамыңды кіргізбей, ал ұнатқан адамыңды кіргізу сияқты істер болмасын. Бұны да біліп жүру керек, ол жер мүминдерді бала кезінен үйретіп, тәрбиелейтін жер, сіздер балаларды мешітке келуге, мешіттен қорықпай, онда қуанып жүруге шабыттандырыңыздар, «шулама» деп қумаңдар.


Көптеген адамдарға жолықтым, қазір олардың кейбірі 30, кейбірі 50 жас шығар, олар, «мен жас кезімде мешітте жүргенде, кейбір үлкен кісілер мені шапалақпен ұрып жіберді, содан соң мешітке барған жоқпын» дейді. Ал балалар онда ойнай берсін, шулай берсін, секіре берсін, күле берсін, оларды бұл жерден қорқытып жібермеу үшін ештеңе істемеңдер. Егер оған риза болмасаң, шыдай алмасаң, бұнда келмей-ақ қой, үйіңдегі бөлмеңде жалғыз отыр, және ешкімнің өзіңді ашуландырмайтынына көзіңді жеткіз! Өзіңмен қал! Демек, бұндай адамдардың үйлерінде тұрғаны қайырлы, себебі сенің я біреудің мешіттен кеткені, кейін есейіп, ерсек ер-әйел болатын, жамағат болатын жүз баланың мешіттен қашып кеткенінен қайырлы болмақ. Демек, біреуінің кеткені, болашақта жамағат болатындардың барлығының мешітті және исламды жек көріп, кетіп қалуынан қайырлы болмақ.


Міне бұлардың барлығы пайғамбарымыз ﷺның үйреткендері, бірде ол мінберде құпта айтып жатқанда, оның құтты немересі Сәйдина Хұсейін хазірет оған келіп алады. Сол кезде пайғамбарымыз ﷺ мінберден түсіп, оны сүйеді, және оны арқасына алып, өзімен бірге мінберге шығады. Әсіресе, қазіргі кезде дүниенің әр жері дерлік ұқсас болып кетті, мәселен, біреу жақсы жерді тастап кетсе, я одан қашса, оны сыртта ұстамақ болып, күтіп тұрған жүзмыңдаған шайтан бар, олар оны өздерімен бірге алып кетпек. Сондықтан, біреуге бір іс бола қалса, оны қайтадан осындай берекелі жерге қайта әкелу тым қиын. Әсіресе, әхлул сүннә уәл-жамағаның мешіттеріндегілер адамдарға көбірек төзімді болуы керек.


Себебі, әрине басқа жамағаттар бар болып, олар манағыларды сопылық тәриқатқа, я мазхапқа, я сахабаларға, я әхлул бәйіттерге, тіпті пайғамбарларға жау етіп тәрбиелейтін болады. Олар оларға жаман әдеп үйретеді, ал сіздер жастарды осында жақсы ұстай алсаңыздар, олар кейін ислам үшін үлкен демеуші болады, олар ислам үшін ғана емес, адамдық үшін де демеу болмақ. Олар адамдарға жақсы жол нұсқаушы болады, оларға дұрыс жолды, рахым жолын, махаббат жолын, береке жолын көрсетеді, олар әр игі істе адам баласына жол нұсқаушыларға айналады. Ал пайғамбарымызбен барлық сахабалар бізге осындай үлгі-дүр, ел-жұрт сахабалар жәйлы естігенде, оларды 40, 30 я 50 жастар шамасындағы кісілер сияқты елестетеді.


Бірақ, көптеген сахабалар өз қауымдарына жас кезінде бас болған, мүмкін ол кезде олар 15, 16, 17 жастарда болған, алайда оларға қатысты әңгімелерді естігенде, олардың елін исламға қалай бастағанын, пайғамбарымызды қалай қолдағанын, онымен бірге жауға қарсы соғысқанын естігенде оларды 30 жастағы кісілер деп ойлайсыз. Бірақ олардың көбі 15, 16, 17, 18 жастар шамасында болған, олар бәрі шәкірттер еді, ал мына әлемдегі ең жақсы ұстаз пайғамбарымыз ﷺ-дүр. Олар оны сүйді, және ол оларға жақсы әдепті үйретті, олардың жұрты шөл даланың жұрты болып, олар әдеп жәйлы ештеңе білмейтін, олар тек бай және қуатты адамдарды ғана құрметтейтін.


Олар осындай адамдарды құрмет ететін, бірақ олардың құрметі шын құрмет емес, олар тек оларға басқаларға қарағанда жақсырақ мәміле жасар, бірақ оларда жақсы әдеп, жақсы мінез болмаған, оларда бұндай ештеңе болмаған. Олар кәдімгі қураған ағаш, я суық тас сияқты болған, жақсы әдеп-ибадан жұрдай еді. Ал пайғамбарымыз ﷺ оларға жақсы әдеп беріп, олар ең жақсы мінезді адамдарға өзгеріп кетті, олар адамзаттың ішіндегі ең төмен дәрежеден ең жоғары дәрежеге көтерілді. Пайғамбарымыз, «أصحابي كالنّجو ِم بأیّھم اِقتدیتُم اِھتدیتُم», яғни, «менің сахабаларым жұлдыздар сияқты, қайсысына ерсең де, хидаят табасың» дейді. Демек, менің сахабаларым жұлдыздар іспетті, сен олардың қайсысына ерсең де, тура жолды табасың демекілік-дүр.


Кейбір мүшіріктер пайғамбарымыздың мешітке келіп, пайғамбарымыз ﷺ сөз сөйлегенде сахабалардың қандай мәміледе, қандай күйде болғанын баяндайды. Олар, «сахабалар өте тыныш, қозғалып та қоймайды, тіпті бір кептер келсе де, олар еш қозғалмайды, еш үрікпес» дейді. Олар пайғамбарымыз ﷺға сондай биік құрметпен ілтипатта болған, ол кезде ол өңірлерде бұндай нәрсе қалыпты емес еді. Мәселен, сахабалар намаз оқып жатқанда, олар бірдеңені естиді, демек, олар бір адамның мешітке сиіп жатқанын көреді, ал осы нәрсе ол кезде оларға қалыпты еді, бірақ пайғамбарымыз ﷺ оларға әдеп үйретті.


Сахабалар бұл адамға қатты ашуланады, ал пайғамбарымыз ﷺ, «оған оны екінші рет істемеуді айтыңдар, бұркеп жүрсін деп айтыңдар» деп, сыпайы сөйлейді, міне бұл біздің үйрететіміз. Әлхамдулилла, сопылық тәриқаттағы ең бірінші іс - пайғамбарымыз ﷺнан, сахабалардан келген жақсы әдептерді үйрену. Пайғамбарымыз ﷺнан біз үйренетін милиондаған үлгілер бар, иншалла, және бұл барша мұсылмандардың жолы болуы керек, олар Алла Әззә уә-Жәлләмен пайғамбарымыз ﷺды риза етуі керек. Ал біз Алла Әззә уә-Жәлләға ризамыз, пайғамбарымыз ﷺға ризамыз, біз бүкіл өмірімізбен өлімімізге де ризамыз.


Біз осы барша нығыметтер үшін, және олармен бірге болғанымыз үшін алғыс айтамыз, әрдайым шүкірлікте болуымыз керек, және Алла Әззә уә-Жәлләдан ұдайы бізді осы жолда етуін сұрауымыз керек. Біз үшін ең жақсы іс шүкіршіл болу-дүр, себебі шүкіршілдікпен нығыметтер артады, кесілмейді, сол үшін біз бұнда тағы да болғандығымыз үшін қуанамыз. Және иншалла, келер жолы осында келгенде, бұнда көптеген балаларды көретін болайық, ал бұрын келгенде бұнда мына бала сияқты көптеген балаларды көрген едік. Қазір олар 15-16 жастарға келді, бірақ мен олардың көбін қазір көрген жоқпын. Кім осыларды істесе, Алла Әззә уә-Жәллә оларды Аллаға сүйікті жандардан ететін болады.


Кипірде жұрт балаларын көп жылдар бойы құран үйренуге жібермеген еді, содан бір бауырымыз ауқаф басқарушысы болып тағайындалды, ал Мәуләнә оны сонда болуға шабыттандырған еді. Ол он я одан да көп жылдар бойы, әр жылғы рамазанда, немесе жазғы демалыста балаларға жақсы сауға, жақсы нәрсе беріп, оларды үйренуге шабыттандыратын. Ал балалар қатты қуанып кететін, содан мыңдаған балалар құран үйренуге келді. Бірақ кейін өкінішке орай, не болғанын білмедік, манағы кісіні шайтандар орнынан алып, лақтырып жіберді, содан соң ешбір бала мешітке бармайтын болды, құран үйренбейтін болды. Сондықтан, сіздерде қазіргіндей орай бар кезде, оны жақсысылап игеріп алуларыңыз керек...


Қазір адамдар жалқау болғаны соншалық, балаларына, «менімен мешітке жүр, я үйде менімен бірге намаз оқы, я құраннан бір сүре үйрен, бір аят үйрен» деп айтудан да ерінеді, олар балаларына осылай айтудан да ерінеді. Бұлар біз үшін аса маңызды, себебі біздің мұсылмандарға бірдеңе болса, біз көңілсіз боламыз, қуана алмаймыз. Барша мұсылман бір дене сияқты, егер дененің бір жері ауырса, бүкіл денеге әсер етеді. Ал осы жерге, яғни европаға, немесе басқа бей-мұсылман елдерге милиондаған мұсылмандар келіп жатыр, олар бұнда аз уақ тұрып, ақша табу, содан соң еліне қайтып, жақсы өмір сүру ниетімен келеді.


Ал жылдардың өтуімен, ондаған жылдардың өтуімен басқа істер туылар, демек, одан соң олар отбасын, және басқа туыстарын алып келеді, сонымен осы елдерде көптеген мұсылман отбасылар пайда болады. Ал осыншама милион мұсылмандардың өз елдеріне қайтуы қиын, сондықтан, сіздер ойлануларыңыз керек, сіздер бұнда мықты сенім орнатуларыңыз керек. Сіздер жақсы адамдармен бірге болу үшін жақсы адамдарды табуларыңыз керек, балаларды жақсы адамдардың, жақсы ортаның, жақсы тәрбиенің, жақсы негіздің айналасында өсіріңіздер. Және мешіт салыңыздар, ал егер әхлул сүннә уәл-жамағадан болмаған мешітке кірсеңіздер, онда намазды тезден оқып, тезден кетіп қалыңыздар, ондағы улы адамдардың зәхарын тыңдамаңыздар.


Себебі, сіз олар жақсы бірдеңе айтуда деп ойларсыз, бірақ олар біртіндеп сіздің иманыңызға күмән түсіретін болады, ал біз үшін ең маңызды іс, шын иман, шын ислам, шын ханафи шафиғи, ханбали, мәликі, әшғари, матуриди ақидасының болуы-дүр. Ал бұлардан тыс бірдеңе айтып жүргендер болса, әрине, оларға құлақ салмаңыздар, оларды естімеңіздер, немесе олармен айтыспаңыздар. Сонда, иншалла, бұзылмайсыз, қирамайсыз, себебі әхлул тасауф әхлул иманнан-дүр, демек, тасауф болмаса, иман болмас, иншалла. Біз бауырларға ризамыз, ғұламалар осы жолмен үйретіп келген, бұл біздің иманымызды күшейтеді, біз оларға ризамыз, Алла ﷻ оларды берекелей бергей.


- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы


#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық

nvrislam.net

instagram.com/nvrislami




سۇحبات: بىرنەشە ۇلكەن مەشىت ەمەس، كوپتەگەن كىشكەنە مەشىت سالىڭدار، ال بالالاردى، «مەشىتتە شۋلاماڭدار» دەپ، مەشىتتەن قۋماڭدار (2026.04.22 / حيجري 1447-جىل 05-زۇل-قاداح)

يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.


(Masjid Ghausia – Rotterdam، Netherlands، 2026) بەلگيادا ايتىلعان سۇحبات. ءبىزدىڭ ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقانداعىلار، وسى مەشىتكە كەلگەندەر سوپىلىق ءتاريقاتقا ەرگەنىنە قۋانار، ولار سوپىلىققا، جانە سوپىلىق جولداعىلارعا ريزا. ال مەشىت اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ءۇيى، ولار بارلىعىنا اشىق، جانە ولار بارلىق ادامدى وسى جەرگە، بويۇسىناتىن جەرگە شاقىرۋدا، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا بويۇسىنۋعا شاقىرۋدا. بۇل بارلىعىنا كەلە بەرەر، سوندىقتان ءالحامدۋليللا، قايدا مەشىت بولسا، ول ءبىز ءۇشىن بولماق، بارلىعىمىز وندا ناماز وتەسەك بولادى، ارينە، مەشىتتە نامازدىڭ ساۋابى ءتىپتى دە كوپ بولادى. مەشىت نەمەسە زاۋيا، يا دەگا بولسىن، ولار مۇميندەردىڭ يمانىن، جانە يسلامي ءومىردى قۋاتتايدى.


پايعامبارىمىز ﷺ، «مەشىتتەگى جاماعاتقا بارىڭدار، سوندا ناماز وتەڭدەر، جاماعاتپەن وتەسەڭدەر، 27 ەسە كوپ ساۋاپ الاسىڭدار، ول ۇيدە جالعىز ناماز وتەگەننەن الدەقايدا جاقسى» دەيدى. سول ءۇشىن، قايدا مەشىت بولسا، جاقسى ادامدار بار جاقسى جەر بولسا، سوندا بارۋىڭىز كەرەك، جالقاۋ بولماڭىز. ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت، «ەرتەدە ءار جەردە، ءار كوشەدە كىشكەنە مەشىتتەر كوپتەپ سالىناتىن دا، ولار ادامدارعا جەتكىلىكتى ەدى، جۇرت ازاندى ەستي سالا، جاماعاتقا قوسىلۋعا لەزدە ۇلگىرەتىن، ءار كوشەدە، ءار جەردە مۇميندەر ءۇشىن جاقىن ءبىر جەر بولۋى كەرەك، سوندا ولارعا قولايلى بولىپ، ولار ەرىنبەستەن سول جەرلەرگە بارار» دەپ ايتىپ وتىراتىن.


ءقازىر ادامدار ۇلكەن مەشىتتەردى سالىپ تاستادى، ءبىراق ولار ادامداردان الىس جەرلەردە بولىپ، وعان بارۋ ءۇشىن ماشيناعا وتىرۋ كەرەك، سوندا ولار وندا نامازىن وتەي الار، ال ماشيناسى جوقتار ۇيىندە قالار. دەمەك، شايتاننىڭ كوپتەگەن ايلا-قۋلىقتارى بار، ونىڭ ءبىر قۋلىعى مىناۋ، ول ادامدارعا، «بىزدە ۇلكەن مەشىت بار، ءبىز سوندا بارىپ وقيمىز» دەپ ويلاتتىرۋ، ءبىراق ناماز ۋاقىتى كەلگەندە، وعان بارۋ قيىنداپ كەتەدى، نەمەسە ونىڭ الىسقا بارعىسى كەلمەي قالاتىن بولادى. دەمەك، وعان جالقاۋلىق كەلىپ، ول، «ماشينامەن وندا بارۋ تىم الىس ەكەن، بارۋ ءۇشىن 10-15 مينۋت دايىندالۋىم كەرەك» دەپ ويلار. ءبىراق ونىڭ كوشەسىندە ءبىر كىشكەنە مەشىت بولسا، ول شاپانىن ىلە سالىپ، وعان لەزدە بارار ەدى، جانە ەلمەن بىرگە جاماعات نامازىن وتەر ەدى.


پايعامبارىمىز ﷺ الدىمەن مەككەدەن مەديناعا حيجرات ەتىپ كوشتى، جانە مەديناعا كىرۋدەن بۇرىن ءبىرىنشى مەشىتتى سالدى، ول مەشىت سالدى، ول يسلامداعى ءبىرىنشى مەشىت بولاتىن، ارينە، ودان سوڭ ولار ءان-ءناباۋي مەشىتىن سالدى. ول مەدينادا ءوزى كومەك ەتىپ، ءوزى تاس، اعاش كوتەرىپ ءجۇرىپ، مەشىت سالدى، ول جاسادى، ساحابالار كومەك ەتتى. ال وسى ىسكە قاتىسقان ساحابالار قانداي ابىرويلى دەسەڭىزشى، كوپتەگەن ساحابالار بالشىق، تاس، اعاش تاسىپ، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ءبىرىنشى مەشىتىن بىرگە سالىستى.


مۇمكىن ولار ول كەزدە قارتاڭ بولىپ، ولاردىڭ ەشبىرى ونى ەسىندە ساقتاي الماعان بولار، ءبىراق ولاردىڭ ەسىندە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ يلاھي قۇزىرەتى قالدى، ونى ۇمىتپادى، جانە ول مۇسىلماندار اراسىندا دا ۇمىتىلعان جوق. پايعامبارىمىزدىڭ كوپتەگەن حاديستەرىندە، كىم مەشىت ءۇشىن ءبىر تاس قالاسا، اللا ول ادامدى ءجانناتتا ءبىر سارايمەن سىيلايتىندىعى ايتىلعان. اللا ﷻ دىڭ بىرەۋگە سونداي ورىنداردى سالدىرۋىنىڭ ءوزى زور ساۋاپ جانە ۇلكەن نىعىمەت-ءدۇر. كىم ونى ىستەي السا، ول باعى زور تالەيلى جان بولعانى، سەبەبى ونى سالا الاتىن مىڭداعان، ميليونداعان ادامدار بار، ءبىراق ولار ونى سالۋعا ءبىر تەڭگە دە بەرمەيدى، جاردەم ەتپەيدى، ولار - تالەيسىز ادامدار.


اللا ﷻ مەشىتكە جانە ونداعى جاماعاتقا راحىمىمەن قارايدى، ونداي جاماعات اللاعا بويۇسىنادى، پايعامبارىمىزدى قۇرمەتتەيدى، مۇميندەردى قۇرمەتتەيدى، اللا ولارعا ريزا. ول ولارعا ساۋابىمەن راحىمىن توگەدى، ول جەرلەر - مۇسىلمانداردى، مۇميندەردى سوناۋ بالا كەزىنەن باستاپ، جاقسى جەرلەردى سۇيۋگە تاربيەلەيتىن، جانە ۇيرەتەتىن ورتالىقتار. بۇل اسا ماڭىزدى، ونى جاساپ، باقشاعا قاقپا سالىپ قانا قويۋ ەمەس، وندا ۇناتپاعان ادامىڭدى كىرگىزبەي، ال ۇناتقان ادامىڭدى كىرگىزۋ سياقتى ىستەر بولماسىن. بۇنى دا ءبىلىپ ءجۇرۋ كەرەك، ول جەر مۇميندەردى بالا كەزىنەن ۇيرەتىپ، تاربيەلەيتىن جەر، سىزدەر بالالاردى مەشىتكە كەلۋگە، مەشىتتەن قورىقپاي، وندا قۋانىپ جۇرۋگە شابىتتاندىرىڭىزدار، «شۋلاما» دەپ قۋماڭدار.


كوپتەگەن ادامدارعا جولىقتىم، ءقازىر ولاردىڭ كەيبىرى 30، كەيبىرى 50 جاس شىعار، ولار، «مەن جاس كەزىمدە مەشىتتە جۇرگەندە، كەيبىر ۇلكەن كىسىلەر مەنى شاپالاقپەن ۇرىپ جىبەردى، سودان سوڭ مەشىتكە بارعان جوقپىن» دەيدى. ال بالالار وندا ويناي بەرسىن، شۋلاي بەرسىن، سەكىرە بەرسىن، كۇلە بەرسىن، ولاردى بۇل جەردەن قورقىتىپ جىبەرمەۋ ءۇشىن ەشتەڭە ىستەمەڭدەر. ەگەر وعان ريزا بولماساڭ، شىداي الماساڭ، بۇندا كەلمەي-اق قوي، ۇيىڭدەگى بولمەڭدە جالعىز وتىر، جانە ەشكىمنىڭ ءوزىڭدى اشۋلاندىرمايتىنىنا كوزىڭدى جەتكىز! وزىڭمەن قال! دەمەك، بۇنداي ادامداردىڭ ۇيلەرىندە تۇرعانى قايىرلى، سەبەبى سەنىڭ يا بىرەۋدىڭ مەشىتتەن كەتكەنى، كەيىن ەسەيىپ، ەرسەك ەر-ايەل بولاتىن، جاماعات بولاتىن ءجۇز بالانىڭ مەشىتتەن قاشىپ كەتكەنىنەن قايىرلى بولماق. دەمەك، بىرەۋىنىڭ كەتكەنى، بولاشاقتا جاماعات بولاتىنداردىڭ بارلىعىنىڭ مەشىتتى جانە يسلامدى جەك كورىپ، كەتىپ قالۋىنان قايىرلى بولماق.


مىنە بۇلاردىڭ بارلىعى پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ۇيرەتكەندەرى، بىردە ول مىنبەردە قۇپتا ايتىپ جاتقاندا، ونىڭ قۇتتى نەمەرەسى ءسايدينا حۇسەيىن حازىرەت وعان كەلىپ الادى. سول كەزدە پايعامبارىمىز ﷺ مىنبەردەن ءتۇسىپ، ونى سۇيەدى، جانە ونى ارقاسىنا الىپ، وزىمەن بىرگە مىنبەرگە شىعادى. اسىرەسە، قازىرگى كەزدە دۇنيەنىڭ ءار جەرى دەرلىك ۇقساس بولىپ كەتتى، ماسەلەن، بىرەۋ جاقسى جەردى تاستاپ كەتسە، يا ودان قاشسا، ونى سىرتتا ۇستاماق بولىپ، كۇتىپ تۇرعان ءجۇزمىڭداعان شايتان بار، ولار ونى وزدەرىمەن بىرگە الىپ كەتپەك. سوندىقتان، بىرەۋگە ءبىر ءىس بولا قالسا، ونى قايتادان وسىنداي بەرەكەلى جەرگە قايتا اكەلۋ تىم قيىن. اسىرەسە، ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال-جاماعانىڭ مەشىتتەرىندەگىلەر ادامدارعا كوبىرەك ءتوزىمدى بولۋى كەرەك.


سەبەبى، ارينە باسقا جاماعاتتار بار بولىپ، ولار ماناعىلاردى سوپىلىق ءتاريقاتقا، يا مازحاپقا، يا ساحابالارعا، يا ءاحلۋل بايىتتەرگە، ءتىپتى پايعامبارلارعا جاۋ ەتىپ تاربيەلەيتىن بولادى. ولار ولارعا جامان ادەپ ۇيرەتەدى، ال سىزدەر جاستاردى وسىندا جاقسى ۇستاي الساڭىزدار، ولار كەيىن يسلام ءۇشىن ۇلكەن دەمەۋشى بولادى، ولار يسلام ءۇشىن عانا ەمەس، ادامدىق ءۇشىن دە دەمەۋ بولماق. ولار ادامدارعا جاقسى جول نۇسقاۋشى بولادى، ولارعا دۇرىس جولدى، راحىم جولىن، ماحاببات جولىن، بەرەكە جولىن كورسەتەدى، ولار ءار يگى ىستە ادام بالاسىنا جول نۇسقاۋشىلارعا اينالادى. ال پايعامبارىمىزبەن بارلىق ساحابالار بىزگە وسىنداي ۇلگى-ءدۇر، ەل-جۇرت ساحابالار ءجايلى ەستىگەندە، ولاردى 40، 30 يا 50 جاستار شاماسىنداعى كىسىلەر سياقتى ەلەستەتەدى.


ءبىراق، كوپتەگەن ساحابالار ءوز قاۋىمدارىنا جاس كەزىندە باس بولعان، مۇمكىن ول كەزدە ولار 15، 16، 17 جاستاردا بولعان، الايدا ولارعا قاتىستى اڭگىمەلەردى ەستىگەندە، ولاردىڭ ەلىن يسلامعا قالاي باستاعانىن، پايعامبارىمىزدى قالاي قولداعانىن، ونىمەن بىرگە جاۋعا قارسى سوعىسقانىن ەستىگەندە ولاردى 30 جاستاعى كىسىلەر دەپ ويلايسىز. ءبىراق ولاردىڭ كوبى 15، 16، 17، 18 جاستار شاماسىندا بولعان، ولار ءبارى شاكىرتتەر ەدى، ال مىنا الەمدەگى ەڭ جاقسى ۇستاز پايعامبارىمىز ﷺ-ءدۇر. ولار ونى ءسۇيدى، جانە ول ولارعا جاقسى ادەپتى ۇيرەتتى، ولاردىڭ جۇرتى ءشول دالانىڭ جۇرتى بولىپ، ولار ادەپ ءجايلى ەشتەڭە بىلمەيتىن، ولار تەك باي جانە قۋاتتى ادامداردى عانا قۇرمەتتەيتىن.


ولار وسىنداي ادامداردى قۇرمەت ەتەتىن، ءبىراق ولاردىڭ قۇرمەتى شىن قۇرمەت ەمەس، ولار تەك ولارعا باسقالارعا قاراعاندا جاقسىراق مامىلە جاسار، ءبىراق ولاردا جاقسى ادەپ، جاقسى مىنەز بولماعان، ولاردا بۇنداي ەشتەڭە بولماعان. ولار كادىمگى قۋراعان اعاش، يا سۋىق تاس سياقتى بولعان، جاقسى ادەپ-يبادان جۇرداي ەدى. ال پايعامبارىمىز ﷺ ولارعا جاقسى ادەپ بەرىپ، ولار ەڭ جاقسى مىنەزدى ادامدارعا وزگەرىپ كەتتى، ولار ادامزاتتىڭ ىشىندەگى ەڭ تومەن دارەجەدەن ەڭ جوعارى دارەجەگە كوتەرىلدى. پايعامبارىمىز، «أصحابي كالنّجو ِم بأیّھم اِقتدیتُم اِھتدیتُم»، ياعني، «مەنىڭ ساحابالارىم جۇلدىزدار سياقتى، قايسىسىنا ەرسەڭ دە، حيدايات تاباسىڭ» دەيدى. دەمەك، مەنىڭ ساحابالارىم جۇلدىزدار ىسپەتتى، سەن ولاردىڭ قايسىسىنا ەرسەڭ دە، تۋرا جولدى تاباسىڭ دەمەكىلىك-ءدۇر.


كەيبىر مۇشىرىكتەر پايعامبارىمىزدىڭ مەشىتكە كەلىپ، پايعامبارىمىز ﷺ ءسوز سويلەگەندە ساحابالاردىڭ قانداي مامىلەدە، قانداي كۇيدە بولعانىن باياندايدى. ولار، «ساحابالار وتە تىنىش، قوزعالىپ تا قويمايدى، ءتىپتى ءبىر كەپتەر كەلسە دە، ولار ەش قوزعالمايدى، ەش ۇرىكپەس» دەيدى. ولار پايعامبارىمىز ﷺعا سونداي بيىك قۇرمەتپەن ءىلتيپاتتا بولعان، ول كەزدە ول وڭىرلەردە بۇنداي نارسە قالىپتى ەمەس ەدى. ماسەلەن، ساحابالار ناماز وقىپ جاتقاندا، ولار بىردەڭەنى ەستيدى، دەمەك، ولار ءبىر ادامنىڭ مەشىتكە ءسيىپ جاتقانىن كورەدى، ال وسى نارسە ول كەزدە ولارعا قالىپتى ەدى، ءبىراق پايعامبارىمىز ﷺ ولارعا ادەپ ۇيرەتتى.


ساحابالار بۇل ادامعا قاتتى اشۋلانادى، ال پايعامبارىمىز ﷺ، «وعان ونى ەكىنشى رەت ىستەمەۋدى ايتىڭدار، بۇركەپ ءجۇرسىن دەپ ايتىڭدار» دەپ، سىپايى سويلەيدى، مىنە بۇل ءبىزدىڭ ۇيرەتەتىمىز. ءالحامدۋليللا، سوپىلىق ءتاريقاتتاعى ەڭ ءبىرىنشى ءىس - پايعامبارىمىز ﷺنان، ساحابالاردان كەلگەن جاقسى ادەپتەردى ۇيرەنۋ. پايعامبارىمىز ﷺنان ءبىز ۇيرەنەتىن ميليونداعان ۇلگىلەر بار، ينشاللا، جانە بۇل بارشا مۇسىلمانداردىڭ جولى بولۋى كەرەك، ولار اللا ءاززا ءۋا-جاللامەن پايعامبارىمىز ﷺدى ريزا ەتۋى كەرەك. ال ءبىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا ريزامىز، پايعامبارىمىز ﷺعا ريزامىز، ءبىز بۇكىل ومىرىمىزبەن ولىمىمىزگە دە ريزامىز.


ءبىز وسى بارشا نىعىمەتتەر ءۇشىن، جانە ولارمەن بىرگە بولعانىمىز ءۇشىن العىس ايتامىز، ءاردايىم شۇكىرلىكتە بولۋىمىز كەرەك، جانە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان ۇدايى ءبىزدى وسى جولدا ەتۋىن سۇراۋىمىز كەرەك. ءبىز ءۇشىن ەڭ جاقسى ءىس شۇكىرشىل بولۋ-ءدۇر، سەبەبى شۇكىرشىلدىكپەن نىعىمەتتەر ارتادى، كەسىلمەيدى، سول ءۇشىن ءبىز بۇندا تاعى دا بولعاندىعىمىز ءۇشىن قۋانامىز. جانە ينشاللا، كەلەر جولى وسىندا كەلگەندە، بۇندا كوپتەگەن بالالاردى كورەتىن بولايىق، ال بۇرىن كەلگەندە بۇندا مىنا بالا سياقتى كوپتەگەن بالالاردى كورگەن ەدىك. ءقازىر ولار 15-16 جاستارعا كەلدى، ءبىراق مەن ولاردىڭ كوبىن ءقازىر كورگەن جوقپىن. كىم وسىلاردى ىستەسە، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ولاردى اللاعا سۇيىكتى جانداردان ەتەتىن بولادى.


كيپىردە جۇرت بالالارىن كوپ جىلدار بويى قۇران ۇيرەنۋگە جىبەرمەگەن ەدى، سودان ءبىر باۋىرىمىز اۋقاف باسقارۋشىسى بولىپ تاعايىندالدى، ال ءماۋلانا ونى سوندا بولۋعا شابىتتاندىرعان ەدى. ول ون يا ودان دا كوپ جىلدار بويى، ءار جىلعى رامازاندا، نەمەسە جازعى دەمالىستا بالالارعا جاقسى ساۋعا، جاقسى نارسە بەرىپ، ولاردى ۇيرەنۋگە شابىتتاندىراتىن. ال بالالار قاتتى قۋانىپ كەتەتىن، سودان مىڭداعان بالالار قۇران ۇيرەنۋگە كەلدى. ءبىراق كەيىن وكىنىشكە وراي، نە بولعانىن بىلمەدىك، ماناعى كىسىنى شايتاندار ورنىنان الىپ، لاقتىرىپ جىبەردى، سودان سوڭ ەشبىر بالا مەشىتكە بارمايتىن بولدى، قۇران ۇيرەنبەيتىن بولدى. سوندىقتان، سىزدەردە قازىرگىندەي وراي بار كەزدە، ونى جاقسىسىلاپ يگەرىپ الۋلارىڭىز كەرەك...


ءقازىر ادامدار جالقاۋ بولعانى سونشالىق، بالالارىنا، «مەنىمەن مەشىتكە ءجۇر، يا ۇيدە مەنىمەن بىرگە ناماز وقى، يا قۇراننان ءبىر سۇرە ۇيرەن، ءبىر ايات ۇيرەن» دەپ ايتۋدان دا ەرىنەدى، ولار بالالارىنا وسىلاي ايتۋدان دا ەرىنەدى. بۇلار ءبىز ءۇشىن اسا ماڭىزدى، سەبەبى ءبىزدىڭ مۇسىلماندارعا بىردەڭە بولسا، ءبىز كوڭىلسىز بولامىز، قۋانا المايمىز. بارشا مۇسىلمان ءبىر دەنە سياقتى، ەگەر دەنەنىڭ ءبىر جەرى اۋىرسا، بۇكىل دەنەگە اسەر ەتەدى. ال وسى جەرگە، ياعني ەۆروپاعا، نەمەسە باسقا بەي-مۇسىلمان ەلدەرگە ميليونداعان مۇسىلماندار كەلىپ جاتىر، ولار بۇندا از ۋاق تۇرىپ، اقشا تابۋ، سودان سوڭ ەلىنە قايتىپ، جاقسى ءومىر ءسۇرۋ نيەتىمەن كەلەدى.


ال جىلداردىڭ وتۋىمەن، ونداعان جىلداردىڭ وتۋىمەن باسقا ىستەر تۋىلار، دەمەك، ودان سوڭ ولار وتباسىن، جانە باسقا تۋىستارىن الىپ كەلەدى، سونىمەن وسى ەلدەردە كوپتەگەن مۇسىلمان وتباسىلار پايدا بولادى. ال وسىنشاما ميليون مۇسىلمانداردىڭ ءوز ەلدەرىنە قايتۋى قيىن، سوندىقتان، سىزدەر ويلانۋلارىڭىز كەرەك، سىزدەر بۇندا مىقتى سەنىم ورناتۋلارىڭىز كەرەك. سىزدەر جاقسى ادامدارمەن بىرگە بولۋ ءۇشىن جاقسى ادامداردى تابۋلارىڭىز كەرەك، بالالاردى جاقسى ادامداردىڭ، جاقسى ورتانىڭ، جاقسى تاربيەنىڭ، جاقسى نەگىزدىڭ اينالاسىندا وسىرىڭىزدەر. جانە مەشىت سالىڭىزدار، ال ەگەر ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال-جاماعادان بولماعان مەشىتكە كىرسەڭىزدەر، وندا نامازدى تەزدەن وقىپ، تەزدەن كەتىپ قالىڭىزدار، ونداعى ۋلى ادامداردىڭ ءزاحارىن تىڭداماڭىزدار.


سەبەبى، ءسىز ولار جاقسى بىردەڭە ايتۋدا دەپ ويلارسىز، ءبىراق ولار بىرتىندەپ ءسىزدىڭ يمانىڭىزعا كۇمان تۇسىرەتىن بولادى، ال ءبىز ءۇشىن ەڭ ماڭىزدى ءىس، شىن يمان، شىن يسلام، شىن حانافي شافيعي، حانبالي، ماليكى، ءاشعاري، ماتۋريدي اقيداسىنىڭ بولۋى-ءدۇر. ال بۇلاردان تىس بىردەڭە ايتىپ جۇرگەندەر بولسا، ارينە، ولارعا قۇلاق سالماڭىزدار، ولاردى ەستىمەڭىزدەر، نەمەسە ولارمەن ايتىسپاڭىزدار. سوندا، ينشاللا، بۇزىلمايسىز، قيرامايسىز، سەبەبى ءاحلۋل تاساۋف ءاحلۋل يماننان-ءدۇر، دەمەك، تاساۋف بولماسا، يمان بولماس، ينشاللا. ءبىز باۋىرلارعا ريزامىز، عۇلامالار وسى جولمەن ۇيرەتىپ كەلگەن، بۇل ءبىزدىڭ يمانىمىزدى كۇشەيتەدى، ءبىز ولارعا ريزامىز، اللا ﷻ ولاردى بەرەكەلەي بەرگەي.


- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى


#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق

nvrislam.net

instagram.com/nvrislami

Comments

Popular posts from this blog

Сұхбат: имандағы бауырластық нақты бауырластықтан да маңызды (2025.08.09 / Хижри 1447-жыл 15-Сафар)

Сұхбат: ауру күнәңның кешірілуі үшін де жіберіледі (2024.01.21 / Хижра 1445-жыл 10-режеп)

Сұхбат: Алланың әр нәрседе қарама-қарсы топ жаратудағы хикіметі (2025.06.29 / Хижри 1447-жыл 04-Мұхаррам)