Сұхбат: руханиятыңды иога, медитация, лас-харам тазартпайды, ислам тазартады (2) (2026.04.25 / Хижри 1447-жыл 08-Зұл-Қадах)
https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8792
Сұхбат: руханиятыңды иога, медитация, лас-харам тазартпайды, ислам тазартады (2) (2026.04.25 / Хижри 1447-жыл 08-Зұл-Қадах)
Исламбол (Станбул), Түркия.
(Sufizentrum Dergah – Kassel, Germany, 2026) Германияда айтылған сұхбат. Иншалла, біз Алла ﷻ үшін жиналудамыз, Алла бізді қабыл еткей, және бізге риза болғай, иншалла, исламның үйреткені нағыз үйрету. Біз оны ең жақсысы деп айтамыз, себебі исламның үйреткендеріне салыстырарлық ештеңе жоқ. Мәселен, олар мешіт саларда, яғни ерте кезде мешіт салудан бұрын, олар бірінші болып, дәрет-ғұсыл алатын жерді салатын. Себебі, исламдағы ең маңызды іс - тазалық. Ислам дегеніміз инсан, адам баласы, демек, ислам адамға қызмет етеді, ал адам баласы үшін тазалық ең маңызды іс. Тазалық болған жерде, ештеңе адам баласын зияндамайды, бұнда екі түрлі тазалық бар, біреуі рухани тазалық болса, енді бірі материялдық тазалық. Ал рухани тазалыққа жету үшін, ең алдымен сізде материялдық тазалық болуы керек, мәселен, біз білеміз, әр адам біледі, мұсылман да, бей-мұсылман да біледі, яғни дәрет және дайрақ лас нәрсе.
Әр адам оның лас екендігін біледі, бірақ олар қанның және арақтың да лас нәрсе екендігін білмейді, бұлар исламда ластыққа жатады. Демек, біз арақ ішсек болмайды, бірдеңені қанмен жесе болмайды, мен естіп қалдым, кей жердегі адамдар тамаққа, я жейтін нәрсесіне қан қосады екен, қанды тазаламайды екен. Бірақ бұл бір ластық-дүр, ал ең лас нәрсе шошқаның еті, ол өте лас, ол бейне адамның етін жеу сияқты лас іске ұқсайды. СүбіханАлла, адамдар осыбір лас хайуанның дене анатомиясы адамның анатомиясымен ұқсас екендігін айтады. Ал Алла ﷻдың исламға салған нәрселерінде мыңдаған, милиондаған хикіметтер бар, ол нәрсе себепсіз харам болмайды. Оны жеуге рұхсат етілмеген, оны жемесе аштықтан өлетін жағдай болса ғана, біреу өз өмірін құтқару үшін аз жесе болар. Ал адамның өлігін жеуге ешқашан рұхсат жоқ, тіпті өліп бара жатсаң да оны жеуге болмайды.
Бірақ кәпірлер, яғни біз олар жәйлы көп әңгімелер естідік, тіпті өткен ғасырдағы қытай төңкерісі кезінде адамдар аш қалып, адамның өлігін жеген екен, кресітшілер де адам өлігін жеген. Олардың бұнысы мәшхұр болған, тіпті бұны олар өздері кітаптарында жазып кеткен, демек, христан кіресітшілері Сирия Әлеппо маңында адамдарды өлтіріп, олардың етін жеген. Сонау өңтүстік әмерикадағы испаниялықтар да адам етіп жейтін еді. Сондықтан да, адам баласының шын діні ислам-дүр, ал манағы гуманитар болып жүрген мұнафиқ екіжүзділер бұны әдейі көрмеске салады, бірақ олар, «ислам адамдарды өлтіруде, олар қылышпен адамдардың дінін өзгерткен» дейді. Ал ислам не істеу, не істемеу керектігін аса сезімталдықпен көрсетеді, және үйретеді. Демек, сіздің ішкі дүниеңіздегі барлық нәрселер таза болған соң, руханиятыңыз тазаратын болады, ал асқазаныңыз лас нәрсеге толы болса, бұны ешқашан істей алмайсыз.
Бұндайда руханиятыңыз ешқашан жоғары дәрежеге көтерілмейді, руханият иогамен, ана-мына медитациямен, немесе өзің ойлаған бірдеңемен келмейді. Ол тек исламмен келеді, Тіпті кейбіреулер шегімдік, немесе басқа жақсы болмаған бірдеңелерді тұтынып, «мен биік руханиятқа жеттім» деп ойлар, көтеріліп шалқыр, бірақ бұл лас құбырдағы жоғары дәреже-дүр. Мәуләнә Шайық Назым әулие әрдайым, «лас құбырда өмір сүрген тышқан сол ластықта қуанып жүре береді, ол ары-бері секіріп малтар, ох, мен барлығының патшасымын деп шиқылдар» дейді. Демек, кім Алла жолына риза болмаса, манағы лас құбырдан ешқашан шығып көрмеген тышқан сияқты хәлде қалар. Себебі, ол руханиятын емес, тек өз нәпсісін ғана азықтандыруда. Ол сасық құбырдағы тышқан сияқты қуанып, қатты мәз болып жүре берер, және, «мен иога істедім, медитация істедім, оны ешкім істей алмады, былай бір сағат тұрдым, аяғыммен үш сағат тік тұрдым, саусағыммен тұрдым, ешкім бұны істей алмас» дер. Біз бұларды көрдік.
Мүмкін адамдар оларды кішпейіл деп ойлар, жұрт оларға риза дер, бірақ бұл ешқашан бұндай болмас. Алла ﷻ құранда, «وَزَيَّنَ لَهُمُ ٱلشَّيْطَـٰنُ أَعْمَـٰلَهُمْ فَصَدَّهُمْ عَنِ ٱلسَّبِيلِ», яғни, «ал шайтан оларға олардың іс-амалын қызықты көрсетті де, оларды жолдан бұрып жіберді» деп баяндар, құран 27інші сүре 24інші аят. Демек, шайтан көз бояп, олардың жолын оларға әдемі көрсетті, және осылай оларды шын жолдан алыстатып жіберді, шайтанмен оның ерушілері осы адамдарға бір түрлі қызық киімдерді кигізіп қойды. Егер олар европаға немесе басқа жерлерге барса, адамдар оларға зор құрмет көрсетеді, оларға жақсы қарайды, оларға барады, оларға көмектеседі. Содан, осы адамдар онан арман нәпсішілдікке, яғни егоизимге бой ұрады. Жұрт оларға ере бастайды, олар олардың не айтатынына, философиясына, не жейтініне, не жемейтініне, не істейтініне ереді, олардың осындай нәрселеріне көңіл бөлер, ал осыдан соң олар тіпті де тәкаппар болып кетеді.
Және олар адамдарды ақиқаттан, Алла ﷻдың жолынан, пайғамбарымыз ﷺның жолынан алыстатып жібереді, ал біз адамдарды бірдеңенің сыртқы бейнесіне алданып қалмауды ескертеміз, және одан оятамыз. Бұл адамдардан сақтаныңдар, яғни адамдарды шындықтан алыстатып жіберетін мұсылман, я бей-мұсылман болсын, олардың бәрінен сақтану керек. Айтып өткеніміздей, ең маңызды нәрсе, материялдық және рухани тазалық болмақ. Бұл аса маңызды, қазіргі кезде, материялдық тұрғыда өте нашар хәлдеміз, демек, адамдар жақсы болмаған азықтармен азықтанады, білместікпен осылай істер, және бұл оларды ауру етеді, оларды рухани тұрғыда да ауру етеді. Ал руханиятқа келсек, олар ұдайы тынбастан жаман нәрселерді көрсетуде, және ақырын-ақырын адамдарға оларды қабыл еткізуде. Ал кім қабыл етпесе, олар оны жазалайды.
Сондықтан, біз ең алдымен не жеп жүргенімізге, балаларға не жегізіп жүргенімізге қарауымыз керек, көптеген адамдарды көріп жүрміз, олар халал-харамды ойласып жатпайды, тамақтың үстіне не жазылғанына қарамайды. Ал олар бұл жәйлы көп сақтық істеуі керек, бұл аса маңызды, егер сіз бұл жерден халал нәрсе таба алмасаңыз, оны басқа жерден табуыңызға болады. Сондықтан нәпсіңізге ермеңіз, құрсағыңыз сәл аша қалса, «мен бұны жеймін, ол мүмкін харам нәрсе емес шығар, халал болуы мүмкін» демеңіз, бұлай етпеңіз. Және бір шаруа сол, жақсы адамдармен бірге болыңыз, егер жаман адамдар сізге келсе, оларға Алла жолын қабыл етуді ұсыныңыз, мүмкін олар қабыл етіп қалар. Ал қабыл етпесе, олармен көп бірге болмаңыз. Себебі, бұндай адамдарда шайтанның «көре алмастық» деген қасиеті бар, демек, егер олар сіздің олардан жақсы болып кеткеніңізді көрсе, олар сізді өздері сияқты біреулер етуге барынша тырысатын болады.
Мәселен, су өте жұмсақ, тым жұмсақ, оны қылыш кеседі, бірақ бұл жұмсақ нәрсе бір тамшыдан тама берсе, тасты тесіп шығады, тасқа шұңқыр салады. Ал қылышпен тасты шапсаңыз, тасқа ештеңе болмайды, себебі ол қатты, сондықтан, досыңыз немесе достарыңыз жәйлы, «жақсы, менде күшті иман бар, мен олардың әсеріне ұшырамаймын» демеңіз. Бірақ әр күннің өтуімен, бір жылдың, екі жылдың өтуімен, сіз манағы достарды ести бастайтын боласыз, демек, олар сізді өздері сияқты етіп жіберуі мүмкін. Әлхамдулилла, бауырларымыз бұл сұхбаттарды жәриялап, таратып жатыр, бұны әр жердегілер естуде. Бұл тек европа жақтағылар үшін ғана емес, себебі қазір әр жер дерлік ұқсас болып кетті. Әр жерді, мына бүкіл дүниені шайтанмен оның ерушілері меңгеріп отыр, сол үшін бұл сұхбатымыз тек осы жерге ғана емес, басқа барлық адамдарға да арналған, иншалла.
Ертеде, әрине, бұл кездегіге әлдеқайда ұқсамайды, ол кезде барлығы, яғни келіп-кетіп жатқандар бәрі меңгеруде болған, мәселен, ол кезде кешке арналған қаланың қақпасы болған, және бұл қақпа таңға дейін жабық тұратын еді. Ал кім келіп, осы елге тұрақтамақ болса, оған рұхсат беріп, тұрғызу үшін оның жақсы я жаман адам екендігі қузалатын. Ертеде осындай болған, демек, көптеген елдермен қалалар меңгеруде болатын, сондықтан, ол кезде ешкім ойына келгенін істей алмайтын. Ал өткен бір ғасырдан, яғни дүниежүзілік бірінші соғыстан бастап, адамдар осындай жүйелерді бүкілдей жойды, олар оны ақырын-ақырын жойды. Алайда, әр он жыл өткен сайын, жағдай онан арман нашарлай берді, әркім өз жерінде тұра алмады. Олар ел-жұртты ауылдардан қалаға көшіріп, ауылдарда адам қалдырмады, барлық адам қала жағалап кетті. Ал қалалар ешкім ешкімді білмейтін, ешкім көршісінен, я туысынан, я кезкелген адамнан ұялмайтын жерлерге айналып кетті, сонымен адамдар кезкелген жамандықты істей алатын болды.
Және олар барлық іске араласып алды, олар «бұны істе, оны істеме, әйіт-бүйіт, бұнда кел, анда бар, біздің қалағанды істе, өз қалағаныңды істеме» деп, әмір ететін болды. Міне осылай, олар өздерін бейне құдайдың орнына қойып алды, себебі оларда иман жоқ еді, олар, «біз жақсы бірдеңе тындырып жатырмыз» деп ойлар, бірақ шындығында, олардың ниеті дұрыс емес. Шайтанның ниеті сол, барша адамзатты құртып жіберу, ал Алла ﷻ бұдан сақтанатын жолды көрсетіп қойды, бірақ адамдардың көбі бұған көңіл бөлмейді, бұған риза емес, немесе олар тек өз нәпсілеріне ереді, Аллаға құлақ салмайды. Қазір міне осындай істер болып жатыр, Алла ﷻ бізге Сәйдина Әл-Мәхди әлейхис-саламды жіберіп, бүкіл барлығын қайтадан жақсы жолға салғай.
Бірақ ол келгенше, біз Алла жолында болуға құлшынуымыз керек, балаларымызды, туыс-туғандарымызды, барлығын жаман адамдардан қауіпсіз етуге, бұзықтардан аулақ етуге, және осыбір кеселдерді оларға жұқтырмауға тырысуымыз керек. Бұл рухани кеселдер ел-жұртты үйлеріне бір жыл, я одан да көп тұрғызып, қамап қойған аталмыш корона виростан да жаман, демек, біздің қазіргі жағдаймыз корона вирос кездегі жағдайдан да нашар болып отыр. Ал одан қауіпсіз болуымыз үшін, айтып өткеніміздей, отбасыңызға жақсы қараңыз, оларды халал аспен асыраңыз, оларға Алла жолын көрсетіңіз, және оларды жаман-бұзық адамдардан аулақ ұстаңыз, оларға жолатпаңыз. Алла ﷻға пайғамбарымыз ﷺның құрметі үшін өзіңізді, отбасыңызды, және мұсылмандарды қауіпсіздікте етуін сұрап, дұға жасаңыз. Ал пайғамбарымыз ﷺның берекесімен, сахабалардың, әхлул-бәйіттердің, және әулиелердің берекесімен, Алла бізді қауіпсіз ететін болады. Ал бұндайда, тіпті оттың ортасында тұрсаңыз да, сізге ештеңе болмайды, ештеңе келмейді.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: رۋحانياتىڭدى يوگا، مەديتاتسيا، لاس-حارام تازارتپايدى، يسلام تازارتادى (2) (2026.04.25 / حيجري 1447-جىل 08-زۇل-قاداح)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
(Sufizentrum Dergah – Kassel، Germany، 2026) گەرمانيادا ايتىلعان سۇحبات. ينشاللا، ءبىز اللا ﷻ ءۇشىن جينالۋدامىز، اللا ءبىزدى قابىل ەتكەي، جانە بىزگە ريزا بولعاي، ينشاللا، يسلامنىڭ ۇيرەتكەنى ناعىز ۇيرەتۋ. ءبىز ونى ەڭ جاقسىسى دەپ ايتامىز، سەبەبى يسلامنىڭ ۇيرەتكەندەرىنە سالىستىرارلىق ەشتەڭە جوق. ماسەلەن، ولار مەشىت سالاردا، ياعني ەرتە كەزدە مەشىت سالۋدان بۇرىن، ولار ءبىرىنشى بولىپ، دارەت-عۇسىل الاتىن جەردى سالاتىن. سەبەبى، يسلامداعى ەڭ ماڭىزدى ءىس - تازالىق. يسلام دەگەنىمىز ينسان، ادام بالاسى، دەمەك، يسلام ادامعا قىزمەت ەتەدى، ال ادام بالاسى ءۇشىن تازالىق ەڭ ماڭىزدى ءىس. تازالىق بولعان جەردە، ەشتەڭە ادام بالاسىن زياندامايدى، بۇندا ەكى ءتۇرلى تازالىق بار، بىرەۋى رۋحاني تازالىق بولسا، ەندى ءبىرى ماتەريالدىق تازالىق. ال رۋحاني تازالىققا جەتۋ ءۇشىن، ەڭ الدىمەن سىزدە ماتەريالدىق تازالىق بولۋى كەرەك، ماسەلەن، ءبىز بىلەمىز، ءار ادام بىلەدى، مۇسىلمان دا، بەي-مۇسىلمان دا بىلەدى، ياعني دارەت جانە دايراق لاس نارسە.
ءار ادام ونىڭ لاس ەكەندىگىن بىلەدى، ءبىراق ولار قاننىڭ جانە اراقتىڭ دا لاس نارسە ەكەندىگىن بىلمەيدى، بۇلار يسلامدا لاستىققا جاتادى. دەمەك، ءبىز اراق ىشسەك بولمايدى، بىردەڭەنى قانمەن جەسە بولمايدى، مەن ەستىپ قالدىم، كەي جەردەگى ادامدار تاماققا، يا جەيتىن نارسەسىنە قان قوسادى ەكەن، قاندى تازالامايدى ەكەن. ءبىراق بۇل ءبىر لاستىق-ءدۇر، ال ەڭ لاس نارسە شوشقانىڭ ەتى، ول وتە لاس، ول بەينە ادامنىڭ ەتىن جەۋ سياقتى لاس ىسكە ۇقسايدى. ءسۇبىحاناللا، ادامدار ءوسىبىر لاس حايۋاننىڭ دەنە اناتومياسى ادامنىڭ اناتومياسىمەن ۇقساس ەكەندىگىن ايتادى. ال اللا ﷻدىڭ يسلامعا سالعان نارسەلەرىندە مىڭداعان، ميليونداعان حيكىمەتتەر بار، ول نارسە سەبەپسىز حارام بولمايدى. ونى جەۋگە رۇحسات ەتىلمەگەن، ونى جەمەسە اشتىقتان ولەتىن جاعداي بولسا عانا، بىرەۋ ءوز ءومىرىن قۇتقارۋ ءۇشىن از جەسە بولار. ال ادامنىڭ ولىگىن جەۋگە ەشقاشان رۇحسات جوق، ءتىپتى ءولىپ بارا جاتساڭ دا ونى جەۋگە بولمايدى.
ءبىراق كاپىرلەر، ياعني ءبىز ولار ءجايلى كوپ اڭگىمەلەر ەستىدىك، ءتىپتى وتكەن عاسىرداعى قىتاي توڭكەرىسى كەزىندە ادامدار اش قالىپ، ادامنىڭ ولىگىن جەگەن ەكەن، كرەسىتشىلەر دە ادام ولىگىن جەگەن. ولاردىڭ بۇنىسى ءماشحۇر بولعان، ءتىپتى بۇنى ولار وزدەرى كىتاپتارىندا جازىپ كەتكەن، دەمەك، حريستان كىرەسىتشىلەرى سيريا الەپپو ماڭىندا ادامداردى ءولتىرىپ، ولاردىڭ ەتىن جەگەن. سوناۋ وڭتۇستىك امەريكاداعى يسپانيالىقتار دا ادام ەتىپ جەيتىن ەدى. سوندىقتان دا، ادام بالاسىنىڭ شىن ءدىنى يسلام-ءدۇر، ال ماناعى گۋمانيتار بولىپ جۇرگەن مۇنافيق ەكىجۇزدىلەر بۇنى ادەيى كورمەسكە سالادى، ءبىراق ولار، «يسلام ادامداردى ولتىرۋدە، ولار قىلىشپەن ادامداردىڭ ءدىنىن وزگەرتكەن» دەيدى. ال يسلام نە ىستەۋ، نە ىستەمەۋ كەرەكتىگىن اسا سەزىمتالدىقپەن كورسەتەدى، جانە ۇيرەتەدى. دەمەك، ءسىزدىڭ ىشكى دۇنيەڭىزدەگى بارلىق نارسەلەر تازا بولعان سوڭ، رۋحانياتىڭىز تازاراتىن بولادى، ال اسقازانىڭىز لاس نارسەگە تولى بولسا، بۇنى ەشقاشان ىستەي المايسىز.
بۇندايدا رۋحانياتىڭىز ەشقاشان جوعارى دارەجەگە كوتەرىلمەيدى، رۋحانيات يوگامەن، انا-مىنا مەديتاتسيامەن، نەمەسە ءوزىڭ ويلاعان بىردەڭەمەن كەلمەيدى. ول تەك يسلاممەن كەلەدى، ءتىپتى كەيبىرەۋلەر شەگىمدىك، نەمەسە باسقا جاقسى بولماعان بىردەڭەلەردى تۇتىنىپ، «مەن بيىك رۋحانياتقا جەتتىم» دەپ ويلار، كوتەرىلىپ شالقىر، ءبىراق بۇل لاس قۇبىرداعى جوعارى دارەجە-ءدۇر. ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە ءاردايىم، «لاس قۇبىردا ءومىر سۇرگەن تىشقان سول لاستىقتا قۋانىپ جۇرە بەرەدى، ول ارى-بەرى سەكىرىپ مالتار، وح، مەن بارلىعىنىڭ پاتشاسىمىن دەپ شيقىلدار» دەيدى. دەمەك، كىم اللا جولىنا ريزا بولماسا، ماناعى لاس قۇبىردان ەشقاشان شىعىپ كورمەگەن تىشقان سياقتى حالدە قالار. سەبەبى، ول رۋحانياتىن ەمەس، تەك ءوز ءناپسىسىن عانا ازىقتاندىرۋدا. ول ساسىق قۇبىرداعى تىشقان سياقتى قۋانىپ، قاتتى ءماز بولىپ جۇرە بەرەر، جانە، «مەن يوگا ىستەدىم، مەديتاتسيا ىستەدىم، ونى ەشكىم ىستەي المادى، بىلاي ءبىر ساعات تۇردىم، اياعىممەن ءۇش ساعات تىك تۇردىم، ساۋساعىممەن تۇردىم، ەشكىم بۇنى ىستەي الماس» دەر. ءبىز بۇلاردى كوردىك.
مۇمكىن ادامدار ولاردى كىشپەيىل دەپ ويلار، جۇرت ولارعا ريزا دەر، ءبىراق بۇل ەشقاشان بۇنداي بولماس. اللا ﷻ قۇراندا، «وَزَيَّنَ لَهُمُ ٱلشَّيْطَـٰنُ أَعْمَـٰلَهُمْ فَصَدَّهُمْ عَنِ ٱلسَّبِيلِ»، ياعني، «ال شايتان ولارعا ولاردىڭ ءىس-امالىن قىزىقتى كورسەتتى دە، ولاردى جولدان بۇرىپ جىبەردى» دەپ باياندار، قۇران 27ءىنشى سۇرە 24ءىنشى ايات. دەمەك، شايتان كوز بوياپ، ولاردىڭ جولىن ولارعا ادەمى كورسەتتى، جانە وسىلاي ولاردى شىن جولدان الىستاتىپ جىبەردى، شايتانمەن ونىڭ ەرۋشىلەرى وسى ادامدارعا ءبىر ءتۇرلى قىزىق كيىمدەردى كيگىزىپ قويدى. ەگەر ولار ەۆروپاعا نەمەسە باسقا جەرلەرگە بارسا، ادامدار ولارعا زور قۇرمەت كورسەتەدى، ولارعا جاقسى قارايدى، ولارعا بارادى، ولارعا كومەكتەسەدى. سودان، وسى ادامدار ونان ارمان ناپسىشىلدىككە، ياعني ەگويزيمگە بوي ۇرادى. جۇرت ولارعا ەرە باستايدى، ولار ولاردىڭ نە ايتاتىنىنا، فيلوسوفياسىنا، نە جەيتىنىنە، نە جەمەيتىنىنە، نە ىستەيتىنىنە ەرەدى، ولاردىڭ وسىنداي نارسەلەرىنە كوڭىل بولەر، ال وسىدان سوڭ ولار ءتىپتى دە تاكاپپار بولىپ كەتەدى.
جانە ولار ادامداردى اقيقاتتان، اللا ﷻدىڭ جولىنان، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولىنان الىستاتىپ جىبەرەدى، ال ءبىز ادامداردى بىردەڭەنىڭ سىرتقى بەينەسىنە الدانىپ قالماۋدى ەسكەرتەمىز، جانە ودان وياتامىز. بۇل ادامداردان ساقتانىڭدار، ياعني ادامداردى شىندىقتان الىستاتىپ جىبەرەتىن مۇسىلمان، يا بەي-مۇسىلمان بولسىن، ولاردىڭ بارىنەن ساقتانۋ كەرەك. ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ەڭ ماڭىزدى نارسە، ماتەريالدىق جانە رۋحاني تازالىق بولماق. بۇل اسا ماڭىزدى، قازىرگى كەزدە، ماتەريالدىق تۇرعىدا وتە ناشار حالدەمىز، دەمەك، ادامدار جاقسى بولماعان ازىقتارمەن ازىقتانادى، بىلمەستىكپەن وسىلاي ىستەر، جانە بۇل ولاردى اۋرۋ ەتەدى، ولاردى رۋحاني تۇرعىدا دا اۋرۋ ەتەدى. ال رۋحانياتقا كەلسەك، ولار ۇدايى تىنباستان جامان نارسەلەردى كورسەتۋدە، جانە اقىرىن-اقىرىن ادامدارعا ولاردى قابىل ەتكىزۋدە. ال كىم قابىل ەتپەسە، ولار ونى جازالايدى.
سوندىقتان، ءبىز ەڭ الدىمەن نە جەپ جۇرگەنىمىزگە، بالالارعا نە جەگىزىپ جۇرگەنىمىزگە قاراۋىمىز كەرەك، كوپتەگەن ادامداردى كورىپ ءجۇرمىز، ولار حالال-حارامدى ويلاسىپ جاتپايدى، تاماقتىڭ ۇستىنە نە جازىلعانىنا قارامايدى. ال ولار بۇل ءجايلى كوپ ساقتىق ىستەۋى كەرەك، بۇل اسا ماڭىزدى، ەگەر ءسىز بۇل جەردەن حالال نارسە تابا الماساڭىز، ونى باسقا جەردەن تابۋىڭىزعا بولادى. سوندىقتان ناپسىڭىزگە ەرمەڭىز، قۇرساعىڭىز ءسال اشا قالسا، «مەن بۇنى جەيمىن، ول مۇمكىن حارام نارسە ەمەس شىعار، حالال بولۋى مۇمكىن» دەمەڭىز، بۇلاي ەتپەڭىز. جانە ءبىر شارۋا سول، جاقسى ادامدارمەن بىرگە بولىڭىز، ەگەر جامان ادامدار سىزگە كەلسە، ولارعا اللا جولىن قابىل ەتۋدى ۇسىنىڭىز، مۇمكىن ولار قابىل ەتىپ قالار. ال قابىل ەتپەسە، ولارمەن كوپ بىرگە بولماڭىز. سەبەبى، بۇنداي ادامداردا شايتاننىڭ «كورە الماستىق» دەگەن قاسيەتى بار، دەمەك، ەگەر ولار ءسىزدىڭ ولاردان جاقسى بولىپ كەتكەنىڭىزدى كورسە، ولار ءسىزدى وزدەرى سياقتى بىرەۋلەر ەتۋگە بارىنشا تىرىساتىن بولادى.
ماسەلەن، سۋ وتە جۇمساق، تىم جۇمساق، ونى قىلىش كەسەدى، ءبىراق بۇل جۇمساق نارسە ءبىر تامشىدان تاما بەرسە، تاستى تەسىپ شىعادى، تاسقا شۇڭقىر سالادى. ال قىلىشپەن تاستى شاپساڭىز، تاسقا ەشتەڭە بولمايدى، سەبەبى ول قاتتى، سوندىقتان، دوسىڭىز نەمەسە دوستارىڭىز ءجايلى، «جاقسى، مەندە كۇشتى يمان بار، مەن ولاردىڭ اسەرىنە ۇشىرامايمىن» دەمەڭىز. ءبىراق ءار كۇننىڭ وتۋىمەن، ءبىر جىلدىڭ، ەكى جىلدىڭ وتۋىمەن، ءسىز ماناعى دوستاردى ەستي باستايتىن بولاسىز، دەمەك، ولار ءسىزدى وزدەرى سياقتى ەتىپ جىبەرۋى مۇمكىن. ءالحامدۋليللا، باۋىرلارىمىز بۇل سۇحباتتاردى ءجاريالاپ، تاراتىپ جاتىر، بۇنى ءار جەردەگىلەر ەستۋدە. بۇل تەك ەۆروپا جاقتاعىلار ءۇشىن عانا ەمەس، سەبەبى ءقازىر ءار جەر دەرلىك ۇقساس بولىپ كەتتى. ءار جەردى، مىنا بۇكىل دۇنيەنى شايتانمەن ونىڭ ەرۋشىلەرى مەڭگەرىپ وتىر، سول ءۇشىن بۇل سۇحباتىمىز تەك وسى جەرگە عانا ەمەس، باسقا بارلىق ادامدارعا دا ارنالعان، ينشاللا.
ەرتەدە، ارينە، بۇل كەزدەگىگە الدەقايدا ۇقسامايدى، ول كەزدە بارلىعى، ياعني كەلىپ-كەتىپ جاتقاندار ءبارى مەڭگەرۋدە بولعان، ماسەلەن، ول كەزدە كەشكە ارنالعان قالانىڭ قاقپاسى بولعان، جانە بۇل قاقپا تاڭعا دەيىن جابىق تۇراتىن ەدى. ال كىم كەلىپ، وسى ەلگە تۇراقتاماق بولسا، وعان رۇحسات بەرىپ، تۇرعىزۋ ءۇشىن ونىڭ جاقسى يا جامان ادام ەكەندىگى قۋزالاتىن. ەرتەدە وسىنداي بولعان، دەمەك، كوپتەگەن ەلدەرمەن قالالار مەڭگەرۋدە بولاتىن، سوندىقتان، ول كەزدە ەشكىم ويىنا كەلگەنىن ىستەي المايتىن. ال وتكەن ءبىر عاسىردان، ياعني دۇنيەجۇزىلىك ءبىرىنشى سوعىستان باستاپ، ادامدار وسىنداي جۇيەلەردى بۇكىلدەي جويدى، ولار ونى اقىرىن-اقىرىن جويدى. الايدا، ءار ون جىل وتكەن سايىن، جاعداي ونان ارمان ناشارلاي بەردى، اركىم ءوز جەرىندە تۇرا المادى. ولار ەل-جۇرتتى اۋىلداردان قالاعا كوشىرىپ، اۋىلداردا ادام قالدىرمادى، بارلىق ادام قالا جاعالاپ كەتتى. ال قالالار ەشكىم ەشكىمدى بىلمەيتىن، ەشكىم كورشىسىنەن، يا تۋىسىنان، يا كەزكەلگەن ادامنان ۇيالمايتىن جەرلەرگە اينالىپ كەتتى، سونىمەن ادامدار كەزكەلگەن جاماندىقتى ىستەي الاتىن بولدى.
جانە ولار بارلىق ىسكە ارالاسىپ الدى، ولار «بۇنى ىستە، ونى ىستەمە، ءايىت-ءبۇيىت، بۇندا كەل، اندا بار، ءبىزدىڭ قالاعاندى ىستە، ءوز قالاعانىڭدى ىستەمە» دەپ، ءامىر ەتەتىن بولدى. مىنە وسىلاي، ولار وزدەرىن بەينە قۇدايدىڭ ورنىنا قويىپ الدى، سەبەبى ولاردا يمان جوق ەدى، ولار، «ءبىز جاقسى بىردەڭە تىندىرىپ جاتىرمىز» دەپ ويلار، ءبىراق شىندىعىندا، ولاردىڭ نيەتى دۇرىس ەمەس. شايتاننىڭ نيەتى سول، بارشا ادامزاتتى قۇرتىپ جىبەرۋ، ال اللا ﷻ بۇدان ساقتاناتىن جولدى كورسەتىپ قويدى، ءبىراق ادامداردىڭ كوبى بۇعان كوڭىل بولمەيدى، بۇعان ريزا ەمەس، نەمەسە ولار تەك ءوز ناپسىلەرىنە ەرەدى، اللاعا قۇلاق سالمايدى. ءقازىر مىنە وسىنداي ىستەر بولىپ جاتىر، اللا ﷻ بىزگە ءسايدينا ءال-ءماحدي الەيحيس-سالامدى جىبەرىپ، بۇكىل بارلىعىن قايتادان جاقسى جولعا سالعاي.
ءبىراق ول كەلگەنشە، ءبىز اللا جولىندا بولۋعا قۇلشىنۋىمىز كەرەك، بالالارىمىزدى، تۋىس-تۋعاندارىمىزدى، بارلىعىن جامان ادامداردان ءقاۋىپسىز ەتۋگە، بۇزىقتاردان اۋلاق ەتۋگە، جانە ءوسىبىر كەسەلدەردى ولارعا جۇقتىرماۋعا تىرىسۋىمىز كەرەك. بۇل رۋحاني كەسەلدەر ەل-جۇرتتى ۇيلەرىنە ءبىر جىل، يا ودان دا كوپ تۇرعىزىپ، قاماپ قويعان اتالمىش كورونا ۆيروستان دا جامان، دەمەك، ءبىزدىڭ قازىرگى جاعدايمىز كورونا ۆيروس كەزدەگى جاعدايدان دا ناشار بولىپ وتىر. ال ودان ءقاۋىپسىز بولۋىمىز ءۇشىن، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، وتباسىڭىزعا جاقسى قاراڭىز، ولاردى حالال اسپەن اسىراڭىز، ولارعا اللا جولىن كورسەتىڭىز، جانە ولاردى جامان-بۇزىق ادامداردان اۋلاق ۇستاڭىز، ولارعا جولاتپاڭىز. اللا ﷻعا پايعامبارىمىز ﷺنىڭ قۇرمەتى ءۇشىن ءوزىڭىزدى، وتباسىڭىزدى، جانە مۇسىلمانداردى قاۋىپسىزدىكتە ەتۋىن سۇراپ، دۇعا جاساڭىز. ال پايعامبارىمىز ﷺنىڭ بەرەكەسىمەن، ساحابالاردىڭ، ءاحلۋل-بايىتتەردىڭ، جانە اۋليەلەردىڭ بەرەكەسىمەن، اللا ءبىزدى ءقاۋىپسىز ەتەتىن بولادى. ال بۇندايدا، ءتىپتى وتتىڭ ورتاسىندا تۇرساڭىز دا، سىزگە ەشتەڭە بولمايدى، ەشتەڭە كەلمەيدى.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Comments
Post a Comment