Сұхбат: ислам атын, сопылық атын жамылып, адам алдайтындардан сақтан (2026.04.23 / Хижри 1447-жыл 06-Зұл-Қадах)

 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8787

Сұхбат: ислам атын, сопылық атын жамылып, адам алдайтындардан сақтан (2026.04.23 / Хижри 1447-жыл 06-Зұл-Қадах)

Исламбол (Станбул), Түркия.



(Osmanische Herberge – Kall, Germany, 2026) Германияда айтылған сұхбат. Иншалла, жиналысымыз барлығымыздың игілігіміз үшін, иншалла, және барша мұсылман үшін, иншалла. Біз ағылшынша сөйлейміз, ал сен оны неміс тіліне аудара бер, бұндағы түріктер де неміс тілін түсінеді, сонымен иншалла, ол барлығымызға пайдалы болғай. Біз бұнда Алла ﷻ үшін отырмыз, біз тек Алла үшін келіп, Алла үшін жиналдық, ал дүние үшін болса, одан еш пайда жоқ, біздің ниетіміз осындай болуы керек. Демек, сіз әрбір істе Алла үшін деген таза ниет қана болсын, міне сіз әр істе осыны істей алған кезде Алла ﷻ сіздің әрбір тыныс, әрбір минут, әрбір секондыңызға сауап береді. Ол сауап береді, және сізге риза болады.


Мәуләнә ұдайы айтатын, бір ұлы адамнан қалған мынадай сөз бар еді, «إِلَهِي أَنْتَ مَقْصُوْدِي وَرِضَاكَ مَطْلُوْبِي», яғни, «о Ием, менің мақсатым - Сенсің, және, менің арманым - Сенің ризалығың». Демек, «о Ием, Сен - менің мақсатымсың, ал Сенің ризалығың, Сенің қуануың менің арманым». Мәуләнә өмір бойы осы сөзге еріп келді. Ол өмірінің соңына дейін осыбір ұқсас уәдеге амал етті, басқа ештеңе айтқан жоқ, ал көптеген адамдар немесе ғұламалар адамдардың ризалығын іздейді. Және адамдарға жағу үшін, Алла жолын тастайды, олар, «жақсы, біз бұл адамдарды өзімізбен мәз етіп қойдық» дер. Ал Мәуләнә Шайық Назым хазірет адамдарға жағу үшін, Алланы риза етпейтін ештеңеге ерген жоқ, немесе істеген жоқ.


Оның істеген барлық істері Алла ﷻдың жолы бойынша Алланы өзіне риза ету үшін істеді, себебі ол пайғамбарымыз ﷺның мұрагері, сол ұқсас жолымен жүрді, онда еш ұқсамастық жоқ, тура жолға қарсы ештеңесі жоқ. Бұл жол пайғамбарымыз ﷺның жолы, және оның мұрагерлері Сәйдина Әбубәкір, Омар, Осман, және Әли хазіреттердің жолы, олар барлығы осы жолда болды, және оны жалғастырды. Сәйдина Әбубәкір хазіреттен соң Сәйдина Омар хазірет келгенде, ол мінберге шығып, ел-жұртқа, «егер сендер менен бұл жолдан тыс болған қате нәрселер көрсеңдер, мен түзу болмасам, онда мені қылышпен түзеңдер» деп жәриялайды.


Сол үшін біз, «мен сопылық тәриқаттамын, ал саған мынаны істеуге бола берер» деп, шәриғатта қабыл болмайтын, және пайғамбарымыз ﷺның айтқанына қарсы келетін кезкелген адамды қабыл етпейміз, біз бұны ешқашан қабыл етпейміз. Ал барша ел-жұрт сопылық тәриқатқа келіп, сопылық тәриқаттың не екендігін көруде. Әлхамдулилла, Мәуләнә Шайық Назым хазірет адамдарға дұрыс жолды айтты, және оны көрсетіп кетті, бірақ кейде кейбір адамдар келіп, өзгелерді алдайды. Олар шәриғатқа сай келмейтін нәрселерді айтады, сол үшін біз сақ болуымыз керек, сіз ақылыңызды істетіп, оның айтқаны жақсы нәрсе, әлде жаман нәрсе екендігін парықтай білуіңіз керек. Егер күмәнді болса, уәкілден сұраңыз, өзіңізден білімді адамдардан сұраңыз, біз барлығымыз да адамбыз, осындай істер болуы мүмкін.


Біз бұны адамдардың алданып қалмауы үшін айтып отырмыз, әрине, бұл әркүні туыла бермес, ол ешқашан туылмайақ та қойсын, және иншалла, ол ешқашан туылмас, бірақ біз кейде сондай істерді естіп қаламыз. Тіпті, сонау пайғамбарымыз ﷺның кезінде көптеген жалған пайғамбарлар шықты, олардың бірі, мұсайлима әл-казаб, яғни өтірікші мұсайлима еді. Ол бір әйелге үйленеді, ол әйел де өзін пайғамбар жәриялайды, және ол жұртқа, «мен махир яғни қалыңмал ретінде өзімнің барлық намаздарымды сендерге беремін, сондықтан біздің қауымға ендіден бастап намаз оқу қажетсіз» дейді. Ал оған ергендер он-онбес емес, жүз я мың емес, бірақ 200 мыңнан асып кетті, және олар ол үшін соғысты.


Ол бір үлкен бүлік еді, біз тіпті сонау пайғамбарымыз ﷺның кезінде жұрттың оңай алданып, манағындай қыңыр адамдарға еріп кеткенін айтып отырмыз, сондықтан, біз жұртқа шәриғатқа ермейтін адамды ешқашан қабыл етпеуге ескерту береміз. Кейбір адамдар келіп, «мен мәхдимін» дер, ал кейбір адамдар оны қабыл етеді. Осыдан 30-40 жыл бұрын Станбулда бір жігіт болған еді, ол Мәуләнәның сұхбат-жиындарына келетін, бірақ, ол ондағы жас жігіттердің жартысын алдап кетті, олар оған еріп кетті, ол, «мен Иса әлейхис-саламмын» деп жар салған еді. Сондықтан, сақ болыңыз, әсіресе қазіргі кез тіпті сұмдық болып кетті, себебі, қазір интернет бар, және олар өздерін бейне біздің және сопылық тәриқаттың уәкіл-халифасы сияқты көрсетіп жүр.


Олар фото тартады да, «мен шайыққа ең жақын адаммын, мен ең білімдімін, мен шайыққа ең сүйіктімін» деп айтады, осылай таратады, одан соң адамдарды алдайды. Сол үшін біздің бір міндет мынау, біз бұны сонау бастан айтып келеміз, демек, сопылық тәриқатты немесе басқа бірдеңені пайдаланып, ел-жұртты алдамайтын жақсы адамдармен бірге болыңыздар. Расында, Алла ﷻ алдамшыларды жазалайтын болады, Ол оларды жазалайды, иншалла. Бұл шайтанның іс-дүр, шайтан әлі бар, сонда отыр, ол әрқандай кезде адамды алдап кете алады, ал сіз сақ болыңыз, және пайғамбарымыз ﷺның жолын біліңіз.


Бірде Мәуләнә Шайық Назым хазіретті Станбулдың хиристан басшысы шақырып, одан, «қаптаған осыбір мәселелер қашан тоқтар» деп сұрайды, ал Мәуләнә, «шайтан пенсияға шығып кеткенде» дейді. Бірақ, шайтан ешқашан пенсияға шықпайды, ешқашан шаршамайды, ешқашан зерікпейді, ол әркүні сіздің басыңызда арлы-берлі жүреді. Ал Алла, «إِنَّ كَيْدَ الشَّيْطَانِ كَانَ ضَعِيفًا», яғни, «расында, шайтанның шырғасы әлсіз болып келер» дейді, Алла Әззә уә-Жәллә шайтанның амалы әлсіз екендігін айтар, сондықтан, иншалла, Алла ﷻ бізді оның шырғасынан сақтағай. Алла ﷻ сіздерді берекелегей, иншалла. Машалла, біз бұл жерге тағы келіп қалдық, әлхамдулилла, әлхамдулилла, Алла ﷻ осы жерде, осы мешітте сіздерді тіпті де көбейте бергей.


Бұл жер адамдар үшін бір жақсы жер, Алла ﷻ бұнда жақсы адамдарды әкелгей, ал сіздерде жаман нәрсе болса, оны өзгерткей, бір-бірімізге деген махаббат бергей, және бұнда жұртқа жақсы нәрсе үйретілгей. Алла ﷻ шайық Хасанға ұзақ өмір бергей, ол таза ықыласты адал кісі, бірақ кейде адамдар оны алдайды, иман жағынан емес, басқа кейбір нәрселерде алдар. Машалла, осы жер, және басқа салынған жерлер оның еңбегі арқылы іске асты, әлхамдулилла. Бүгін есіме мәлім іс келіп қалды, мен Әбдулмәлікке шайық Хасан жәйлы айттым, ол оның дамашықта жүрген кезі еді, ал дамашықтағы мешіттің, яғни Мәуләнә Шайықтың мақамының алдында бір көне үй бар болатын. Бірақ мақам өте кішкене, осы жердің бір бұрышындай ғана еді.


Ал шайық Хасан, сол үйді алып беріп, мешітті үлкенірек етті, олар оны кең етіп, жасап алды, әлхамдулилла, олар мешітті үлкен етіп қана қойған жоқ, оның астына бір ас үй жасап, ондағы адамдарды соғыс кезінде 15 жыл бойы бағып келді. Оған әр түрлі адамдар келетін, мың-екі-мың адам келіп кетті, бай болсын, бай емес болсын, әр күні сонда тамақ жеуге келетін. Алла ﷻ баршаңызды берекелегей, иншалла, Алла ﷻ өз қалағанын сіздердің істеулеріңізге нәсіп еткей. Және адамдарға мақам салып, садақа берудей, жақсы амал істеудей ниеті барларыңыздың барлығыңызға жол ашқай, иншалла.


- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы


#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық

nvrislam.net

instagram.com/nvrislami





سۇحبات: يسلام اتىن، سوپىلىق اتىن جامىلىپ، ادام الدايتىنداردان ساقتان (2026.04.23 / حيجري 1447-جىل 06-زۇل-قاداح)

يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.


(Osmanische Herberge – Kall، Germany، 2026) گەرمانيادا ايتىلعان سۇحبات. ينشاللا، جينالىسىمىز بارلىعىمىزدىڭ يگىلىگىمىز ءۇشىن، ينشاللا، جانە بارشا مۇسىلمان ءۇشىن، ينشاللا. ءبىز اعىلشىنشا سويلەيمىز، ال سەن ونى نەمىس تىلىنە اۋدارا بەر، بۇنداعى تۇرىكتەر دە نەمىس ءتىلىن تۇسىنەدى، سونىمەن ينشاللا، ول بارلىعىمىزعا پايدالى بولعاي. ءبىز بۇندا اللا ﷻ ءۇشىن وتىرمىز، ءبىز تەك اللا ءۇشىن كەلىپ، اللا ءۇشىن جينالدىق، ال دۇنيە ءۇشىن بولسا، ودان ەش پايدا جوق، ءبىزدىڭ نيەتىمىز وسىنداي بولۋى كەرەك. دەمەك، ءسىز ءاربىر ىستە اللا ءۇشىن دەگەن تازا نيەت قانا بولسىن، مىنە ءسىز ءار ىستە وسىنى ىستەي العان كەزدە اللا ﷻ ءسىزدىڭ ءاربىر تىنىس، ءاربىر مينۋت، ءاربىر سەكوندىڭىزعا ساۋاپ بەرەدى. ول ساۋاپ بەرەدى، جانە سىزگە ريزا بولادى.


ءماۋلانا ۇدايى ايتاتىن، ءبىر ۇلى ادامنان قالعان مىناداي ءسوز بار ەدى، «إِلَهِي أَنْتَ مَقْصُوْدِي وَرِضَاكَ مَطْلُوْبِي»، ياعني، «و يەم، مەنىڭ ماقساتىم - سەنسىڭ، جانە، مەنىڭ ارمانىم - سەنىڭ ريزالىعىڭ». دەمەك، «و يەم، سەن - مەنىڭ ماقساتىمسىڭ، ال سەنىڭ ريزالىعىڭ، سەنىڭ قۋانۋىڭ مەنىڭ ارمانىم». ءماۋلانا ءومىر بويى وسى سوزگە ەرىپ كەلدى. ول ءومىرىنىڭ سوڭىنا دەيىن ءوسىبىر ۇقساس ۋادەگە امال ەتتى، باسقا ەشتەڭە ايتقان جوق، ال كوپتەگەن ادامدار نەمەسە عۇلامالار ادامداردىڭ ريزالىعىن ىزدەيدى. جانە ادامدارعا جاعۋ ءۇشىن، اللا جولىن تاستايدى، ولار، «جاقسى، ءبىز بۇل ادامداردى وزىمىزبەن ءماز ەتىپ قويدىق» دەر. ال ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ادامدارعا جاعۋ ءۇشىن، اللانى ريزا ەتپەيتىن ەشتەڭەگە ەرگەن جوق، نەمەسە ىستەگەن جوق.


ونىڭ ىستەگەن بارلىق ىستەرى اللا ﷻدىڭ جولى بويىنشا اللانى وزىنە ريزا ەتۋ ءۇشىن ىستەدى، سەبەبى ول پايعامبارىمىز ﷺنىڭ مۇراگەرى، سول ۇقساس جولىمەن ءجۇردى، وندا ەش ۇقساماستىق جوق، تۋرا جولعا قارسى ەشتەڭەسى جوق. بۇل جول پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولى، جانە ونىڭ مۇراگەرلەرى ءسايدينا ابۋباكىر، ومار، وسمان، جانە ءالي حازىرەتتەردىڭ جولى، ولار بارلىعى وسى جولدا بولدى، جانە ونى جالعاستىردى. ءسايدينا ابۋباكىر حازىرەتتەن سوڭ ءسايدينا ومار حازىرەت كەلگەندە، ول مىنبەرگە شىعىپ، ەل-جۇرتقا، «ەگەر سەندەر مەنەن بۇل جولدان تىس بولعان قاتە نارسەلەر كورسەڭدەر، مەن ءتۇزۋ بولماسام، وندا مەنى قىلىشپەن تۇزەڭدەر» دەپ ءجاريالايدى.


سول ءۇشىن ءبىز، «مەن سوپىلىق ءتاريقاتتامىن، ال ساعان مىنانى ىستەۋگە بولا بەرەر» دەپ، ءشاريعاتتا قابىل بولمايتىن، جانە پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ايتقانىنا قارسى كەلەتىن كەزكەلگەن ادامدى قابىل ەتپەيمىز، ءبىز بۇنى ەشقاشان قابىل ەتپەيمىز. ال بارشا ەل-جۇرت سوپىلىق ءتاريقاتقا كەلىپ، سوپىلىق ءتاريقاتتىڭ نە ەكەندىگىن كورۋدە. ءالحامدۋليللا، ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ادامدارعا دۇرىس جولدى ايتتى، جانە ونى كورسەتىپ كەتتى، ءبىراق كەيدە كەيبىر ادامدار كەلىپ، وزگەلەردى الدايدى. ولار ءشاريعاتقا ساي كەلمەيتىن نارسەلەردى ايتادى، سول ءۇشىن ءبىز ساق بولۋىمىز كەرەك، ءسىز اقىلىڭىزدى ىستەتىپ، ونىڭ ايتقانى جاقسى نارسە، الدە جامان نارسە ەكەندىگىن پارىقتاي ءبىلۋىڭىز كەرەك. ەگەر كۇماندى بولسا، ۋاكىلدەن سۇراڭىز، وزىڭىزدەن ءبىلىمدى ادامداردان سۇراڭىز، ءبىز بارلىعىمىز دا ادامبىز، وسىنداي ىستەر بولۋى مۇمكىن.


ءبىز بۇنى ادامداردىڭ الدانىپ قالماۋى ءۇشىن ايتىپ وتىرمىز، ارينە، بۇل اركۇنى تۋىلا بەرمەس، ول ەشقاشان تۋىلماياق تا قويسىن، جانە ينشاللا، ول ەشقاشان تۋىلماس، ءبىراق ءبىز كەيدە سونداي ىستەردى ەستىپ قالامىز. ءتىپتى، سوناۋ پايعامبارىمىز ﷺنىڭ كەزىندە كوپتەگەن جالعان پايعامبارلار شىقتى، ولاردىڭ ءبىرى، مۇسايليما ءال-كازاب، ياعني وتىرىكشى مۇسايليما ەدى. ول ءبىر ايەلگە ۇيلەنەدى، ول ايەل دە ءوزىن پايعامبار ءجاريالايدى، جانە ول جۇرتقا، «مەن ماحير ياعني قالىڭمال رەتىندە ءوزىمنىڭ بارلىق نامازدارىمدى سەندەرگە بەرەمىن، سوندىقتان ءبىزدىڭ قاۋىمعا ەندىدەن باستاپ ناماز وقۋ قاجەتسىز» دەيدى. ال وعان ەرگەندەر ون-ونبەس ەمەس، ءجۇز يا مىڭ ەمەس، ءبىراق 200 مىڭنان اسىپ كەتتى، جانە ولار ول ءۇشىن سوعىستى.


ول ءبىر ۇلكەن بۇلىك ەدى، ءبىز ءتىپتى سوناۋ پايعامبارىمىز ﷺنىڭ كەزىندە جۇرتتىڭ وڭاي الدانىپ، ماناعىنداي قىڭىر ادامدارعا ەرىپ كەتكەنىن ايتىپ وتىرمىز، سوندىقتان، ءبىز جۇرتقا ءشاريعاتقا ەرمەيتىن ادامدى ەشقاشان قابىل ەتپەۋگە ەسكەرتۋ بەرەمىز. كەيبىر ادامدار كەلىپ، «مەن ءماحديمىن» دەر، ال كەيبىر ادامدار ونى قابىل ەتەدى. وسىدان 30-40 جىل بۇرىن ستانبۋلدا ءبىر جىگىت بولعان ەدى، ول ءماۋلانانىڭ سۇحبات-جيىندارىنا كەلەتىن، ءبىراق، ول ونداعى جاس جىگىتتەردىڭ جارتىسىن الداپ كەتتى، ولار وعان ەرىپ كەتتى، ول، «مەن يسا الەيحيس-سالاممىن» دەپ جار سالعان ەدى. سوندىقتان، ساق بولىڭىز، اسىرەسە قازىرگى كەز ءتىپتى سۇمدىق بولىپ كەتتى، سەبەبى، ءقازىر ينتەرنەت بار، جانە ولار وزدەرىن بەينە ءبىزدىڭ جانە سوپىلىق ءتاريقاتتىڭ ۋاكىل-حاليفاسى سياقتى كورسەتىپ ءجۇر.


ولار فوتو تارتادى دا، «مەن شايىققا ەڭ جاقىن اداممىن، مەن ەڭ ءبىلىمدىمىن، مەن شايىققا ەڭ سۇيىكتىمىن» دەپ ايتادى، وسىلاي تاراتادى، ودان سوڭ ادامداردى الدايدى. سول ءۇشىن ءبىزدىڭ ءبىر مىندەت مىناۋ، ءبىز بۇنى سوناۋ باستان ايتىپ كەلەمىز، دەمەك، سوپىلىق ءتاريقاتتى نەمەسە باسقا بىردەڭەنى پايدالانىپ، ەل-جۇرتتى الدامايتىن جاقسى ادامدارمەن بىرگە بولىڭىزدار. راسىندا، اللا ﷻ الدامشىلاردى جازالايتىن بولادى، ول ولاردى جازالايدى، ينشاللا. بۇل شايتاننىڭ ءىس-ءدۇر، شايتان ءالى بار، سوندا وتىر، ول ءارقانداي كەزدە ادامدى الداپ كەتە الادى، ال ءسىز ساق بولىڭىز، جانە پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولىن ءبىلىڭىز.


بىردە ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتتى ستانبۋلدىڭ حيريستان باسشىسى شاقىرىپ، ودان، «قاپتاعان ءوسىبىر ماسەلەلەر قاشان توقتار» دەپ سۇرايدى، ال ءماۋلانا، «شايتان پەنسياعا شىعىپ كەتكەندە» دەيدى. ءبىراق، شايتان ەشقاشان پەنسياعا شىقپايدى، ەشقاشان شارشامايدى، ەشقاشان زەرىكپەيدى، ول اركۇنى ءسىزدىڭ باسىڭىزدا ارلى-بەرلى جۇرەدى. ال اللا، «إِنَّ كَيْدَ الشَّيْطَانِ كَانَ ضَعِيفًا»، ياعني، «راسىندا، شايتاننىڭ شىرعاسى ءالسىز بولىپ كەلەر» دەيدى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا شايتاننىڭ امالى ءالسىز ەكەندىگىن ايتار، سوندىقتان، ينشاللا، اللا ﷻ ءبىزدى ونىڭ شىرعاسىنان ساقتاعاي. اللا ﷻ سىزدەردى بەرەكەلەگەي، ينشاللا. ماشاللا، ءبىز بۇل جەرگە تاعى كەلىپ قالدىق، ءالحامدۋليللا، ءالحامدۋليللا، اللا ﷻ وسى جەردە، وسى مەشىتتە سىزدەردى ءتىپتى دە كوبەيتە بەرگەي.


بۇل جەر ادامدار ءۇشىن ءبىر جاقسى جەر، اللا ﷻ بۇندا جاقسى ادامداردى اكەلگەي، ال سىزدەردە جامان نارسە بولسا، ونى وزگەرتكەي، ءبىر-بىرىمىزگە دەگەن ماحاببات بەرگەي، جانە بۇندا جۇرتقا جاقسى نارسە ۇيرەتىلگەي. اللا ﷻ شايىق حاسانعا ۇزاق ءومىر بەرگەي، ول تازا ىقىلاستى ادال كىسى، ءبىراق كەيدە ادامدار ونى الدايدى، يمان جاعىنان ەمەس، باسقا كەيبىر نارسەلەردە الدار. ماشاللا، وسى جەر، جانە باسقا سالىنعان جەرلەر ونىڭ ەڭبەگى ارقىلى ىسكە استى، ءالحامدۋليللا. بۇگىن ەسىمە ءمالىم ءىس كەلىپ قالدى، مەن ابدۋلمالىككە شايىق حاسان ءجايلى ايتتىم، ول ونىڭ داماشىقتا جۇرگەن كەزى ەدى، ال داماشىقتاعى مەشىتتىڭ، ياعني ءماۋلانا شايىقتىڭ ماقامىنىڭ الدىندا ءبىر كونە ءۇي بار بولاتىن. ءبىراق ماقام وتە كىشكەنە، وسى جەردىڭ ءبىر بۇرىشىنداي عانا ەدى.


ال شايىق حاسان، سول ءۇيدى الىپ بەرىپ، مەشىتتى ۇلكەنىرەك ەتتى، ولار ونى كەڭ ەتىپ، جاساپ الدى، ءالحامدۋليللا، ولار مەشىتتى ۇلكەن ەتىپ قانا قويعان جوق، ونىڭ استىنا ءبىر اس ءۇي جاساپ، ونداعى ادامداردى سوعىس كەزىندە 15 جىل بويى باعىپ كەلدى. وعان ءار ءتۇرلى ادامدار كەلەتىن، مىڭ-ەكى-مىڭ ادام كەلىپ كەتتى، باي بولسىن، باي ەمەس بولسىن، ءار كۇنى سوندا تاماق جەۋگە كەلەتىن. اللا ﷻ بارشاڭىزدى بەرەكەلەگەي، ينشاللا، اللا ﷻ ءوز قالاعانىن سىزدەردىڭ ىستەۋلەرىڭىزگە ءناسىپ ەتكەي. جانە ادامدارعا ماقام سالىپ، ساداقا بەرۋدەي، جاقسى امال ىستەۋدەي نيەتى بارلارىڭىزدىڭ بارلىعىڭىزعا جول اشقاي، ينشاللا.


- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى


#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق

nvrislam.net

instagram.com/nvrislami

Comments

Popular posts from this blog

Сұхбат: имандағы бауырластық нақты бауырластықтан да маңызды (2025.08.09 / Хижри 1447-жыл 15-Сафар)

Сұхбат: ауру күнәңның кешірілуі үшін де жіберіледі (2024.01.21 / Хижра 1445-жыл 10-режеп)

Сұхбат: Алланың әр нәрседе қарама-қарсы топ жаратудағы хикіметі (2025.06.29 / Хижри 1447-жыл 04-Мұхаррам)