Сұхбат: біз ашықпай, ас жемейтін, ал жесек, тойғанша ас жемейтін елміз (2026.01.31 / Хижри 1447-жыл 12-Шағбан)

 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8693

Сұхбат: біз ашықпай, ас жемейтін, ал жесек, тойғанша ас жемейтін елміз (2026.01.31 / Хижри 1447-жыл 12-Шағбан)

Исламбол (Станбул), Түркия.



(Fajr Prayer – Sheikh Nazim Dergah, London, UK, 2026) Англияда айтылған сұхбат. Бисмиллахир рахманир рахим, «‎كُلُوا۟ وَٱشْرَبُوا۟ وَلَا تُسْرِفُوٓا۟», яғни, «жеңдер, және ішіңдер, бірақ артық кетіп, ысырап етпеңдер», садақал лахул ғазим, құран 7інші сүре 31інші аят. Алла ﷻ, «жеп-ішіңдер, бірақ ысырап етпеңдер» дейді, ысырап етпеу сөзі өзіңе жететіндей ғана істет, одан артық етпе деген мағынаны білдіреді. Міне бұл пайғамбарымыз ﷺның айтқаны, мәселен, тамақ жегенде, жүз пайыз нығап тойып алмаңыз, мүмкін 70-80, тіпті 90 пайыз тоярсыз, бірақ 100 пайыз болмасын. Қазіргі адамдар жүз пайыз түгілі, одан да көп жейді, қажетінен артық жер, және олар тамақ жеу әдебі бойынша тамақтана білмейді, ал бұндай жаман әдет оларға сан түрлі ауру әкеледі, ауырлық әкеледі, ол денеге, руханиятқа жақсы емес. Олар тек асқазанын толтырғысы келеді, бірақ сіз құрсағыңызды ғибадатпен еңбек істеуге жетерлік етіп қана толтырыңыз.


Демек, қажетке сай ғана жеңіз, одан көп жемеңіз, көп жесеңіз, ол сізге ауру болып жабысатын болады, кесел алып келеді. Сондықтан, пайғамбарымыз ﷺға еруіңіз керек, ол, «نحن قومٌ لا نأكلُ حتَّى نجوعَ وإذا أكلنا لا نشبعُ», яғни, «біз құрсағы ашпай тұрып, тамақ жемейтін елміз, ал ас жегенде, тойғанша жемейтін елміз» дейді, демек, тамақ жеген кезімізде асқазанды толтыра жемейік, міне бұл пайғамбарымыз ﷺның сүннеті. Ас жегенде алдымен аздап тұз жеп бастау да, тамақты тұрмай, отырып жеу де оның сүннеттерінен, ал отырмай, тұрып жеп-ішу оның сүннетінен емес, ас жеп-ішкенде отыру керек, бұл да аса маңызды. Көптеген адамдар қазір тұрып ішіп-жейді, яғни шайтан болса пайғамбарымыз ﷺның айтқанына қарсы барлық нәрселерді адамдарға үйретіп жатыр.


Олардың тұрып жейтін «фаст фуд» яғни «тез тамақ» деген бірдеңесі бар, онда сіз тұрып ішуіңіз керек. Мен кейде көріп қалам, мәселен, марафон жарысы немесе басқа бірдеңелер болып жатқанда, жұрт тіпті жүгіріп бара жатқан адамдарға іш деп су береді, бұл өте жаман нәрсе, тым сорақы іс, әсіресе, сіз шаршағанда, жүргенде, я жүгіргенде біраз демалған соң, су ішіңіз, кемінде 1-2 минут демалыңыз, содан соң су ішіңіз. Жүгіріп бара жатып, я тұрып ішпеңіз, ал не нәрсе тұрып жейді? малдар, хайуандар тұрып ішіп-жейді емеспе, тек солар сүйтеді. Олар отырып жемейді, олар ұдайы тұрып алады, себебі олар отыра алмайды, хайуандар солай жеп-ішейді, олар тіпті жүріп бара жатып жемейді, тоқтап барып жейді.


Яғни олар бірдеңе жегісі келсе, тоқтап барып, одан соң жейді, бірдеңе ішкісі келсе де, сүйтер, олар тоқтаған соң ішеді, ал адам баласы барша өте жаман болған қылықтардың барлығын істеуде, демек, оларға тұрып тамақ жеу әдет болып кеткен. Тым аз санды адамдар ғана отырып жейді, тамақты тұзбен бастайды, «бисмиллахир рахманир рахим» айтып, дұғамен жейді, ал біткенде де солай, сіз дұға етуіңіз керек, одан соң барып, жұмысқа, я басқа ісіңізге барыңыз, осылай істеуіңіз керек. Сонымен бірге, оразада сахұр яғни сәресе таңғы ас ішуіңіз керек, пайғамбарымыз сахұрда береке және есендік бар екендігін айтады. Ифтарда, яғни ауыз ашарда бір құрмамен ауыз ашыңыз, құрма болмаса, су да болады, міне бұл бір сүннет.


Әлхамдулилла, біздің әр күн 24 сағат, әр жыл 12 айда істейтін барлық істі пайғамбарымыз ﷺ бізге айтып кеткен, ол бізге қалай іс істеуді, қалай өмір сүруді, қалай оның жолында болуды көрсетіп кеткен. Ал пайғамбарымыз ﷺның жолында болу барша берекелердің ішіндегі ең біріншісі болмақ, ал екіншісі денсаулық, бақыт және басқа барша игілік болмақ, демек, оның жолында болыңыз. Алла ﷻ бізді оның жолында еткей, және бізді шайтанмен оның армиясының жаңа үйретінділерінен аулақ еткей, біз олардан сақ болайық. Олар адамдарға барша жамандық, бұзықтық, ауру-кесел, көңілсіздік, және мазасыздық атаулыны қалайды, олардың қалағаны осы ғана. Бірақ пайғамбарымыз ﷺ, әлхамдулилла, бізді одан құтқарады, иншалла.


- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы


#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық

nvrislam.net

instagram.com/nvrislami




سۇحبات: ءبىز اشىقپاي، اس جەمەيتىن، ال جەسەك، تويعانشا اس جەمەيتىن ەلمىز (2026.01.31 / حيجري 1447-جىل 12-شاعبان)

يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.


(Fajr Prayer – Sheikh Nazim Dergah، London، UK، 2026) انگليادا ايتىلعان سۇحبات. بيسميللاحير راحمانير راحيم، «كُلُوا۟ وَٱشْرَبُوا۟ وَلَا تُسْرِفُوٓا۟»، ياعني، «جەڭدەر، جانە ىشىڭدەر، ءبىراق ارتىق كەتىپ، ىسىراپ ەتپەڭدەر»، ساداقال لاحۋل عازيم، قۇران 7ءىنشى سۇرە 31ءىنشى ايات. اللا ﷻ، «جەپ-ىشىڭدەر، ءبىراق ىسىراپ ەتپەڭدەر» دەيدى، ىسىراپ ەتپەۋ ءسوزى وزىڭە جەتەتىندەي عانا ىستەت، ودان ارتىق ەتپە دەگەن ماعىنانى بىلدىرەدى. مىنە بۇل پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ايتقانى، ماسەلەن، تاماق جەگەندە، ءجۇز پايىز نىعاپ تويىپ الماڭىز، مۇمكىن 70-80، ءتىپتى 90 پايىز تويارسىز، ءبىراق 100 پايىز بولماسىن. قازىرگى ادامدار ءجۇز پايىز تۇگىلى، ودان دا كوپ جەيدى، قاجەتىنەن ارتىق جەر، جانە ولار تاماق جەۋ ادەبى بويىنشا تاماقتانا بىلمەيدى، ال بۇنداي جامان ادەت ولارعا سان ءتۇرلى اۋرۋ اكەلەدى، اۋىرلىق اكەلەدى، ول دەنەگە، رۋحانياتقا جاقسى ەمەس. ولار تەك اسقازانىن تولتىرعىسى كەلەدى، ءبىراق ءسىز قۇرساعىڭىزدى عيباداتپەن ەڭبەك ىستەۋگە جەتەرلىك ەتىپ قانا تولتىرىڭىز.


دەمەك، قاجەتكە ساي عانا جەڭىز، ودان كوپ جەمەڭىز، كوپ جەسەڭىز، ول سىزگە اۋرۋ بولىپ جابىساتىن بولادى، كەسەل الىپ كەلەدى. سوندىقتان، پايعامبارىمىز ﷺعا ەرۋىڭىز كەرەك، ول، «نحن قومٌ لا نأكلُ حتَّى نجوعَ وإذا أكلنا لا نشبعُ»، ياعني، «ءبىز قۇرساعى اشپاي تۇرىپ، تاماق جەمەيتىن ەلمىز، ال اس جەگەندە، تويعانشا جەمەيتىن ەلمىز» دەيدى، دەمەك، تاماق جەگەن كەزىمىزدە اسقازاندى تولتىرا جەمەيىك، مىنە بۇل پايعامبارىمىز ﷺنىڭ سۇننەتى. اس جەگەندە الدىمەن ازداپ تۇز جەپ باستاۋ دا، تاماقتى تۇرماي، وتىرىپ جەۋ دە ونىڭ سۇننەتتەرىنەن، ال وتىرماي، تۇرىپ جەپ-ءىشۋ ونىڭ سۇننەتىنەن ەمەس، اس جەپ-ىشكەندە وتىرۋ كەرەك، بۇل دا اسا ماڭىزدى. كوپتەگەن ادامدار ءقازىر تۇرىپ ءىشىپ-جەيدى، ياعني شايتان بولسا پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ايتقانىنا قارسى بارلىق نارسەلەردى ادامدارعا ۇيرەتىپ جاتىر.


ولاردىڭ تۇرىپ جەيتىن «فاست فۋد» ياعني «تەز تاماق» دەگەن بىردەڭەسى بار، وندا ءسىز تۇرىپ ءىشۋىڭىز كەرەك. مەن كەيدە كورىپ قالام، ماسەلەن، مارافون جارىسى نەمەسە باسقا بىردەڭەلەر بولىپ جاتقاندا، جۇرت ءتىپتى جۇگىرىپ بارا جاتقان ادامدارعا ءىش دەپ سۋ بەرەدى، بۇل وتە جامان نارسە، تىم سوراقى ءىس، اسىرەسە، ءسىز شارشاعاندا، جۇرگەندە، يا جۇگىرگەندە ءبىراز دەمالعان سوڭ، سۋ ءىشىڭىز، كەمىندە 1-2 مينۋت دەمالىڭىز، سودان سوڭ سۋ ءىشىڭىز. جۇگىرىپ بارا جاتىپ، يا تۇرىپ ىشپەڭىز، ال نە نارسە تۇرىپ جەيدى؟ مالدار، حايۋاندار تۇرىپ ءىشىپ-جەيدى ەمەسپە، تەك سولار سۇيتەدى. ولار وتىرىپ جەمەيدى، ولار ۇدايى تۇرىپ الادى، سەبەبى ولار وتىرا المايدى، حايۋاندار سولاي جەپ-ىشەيدى، ولار ءتىپتى ءجۇرىپ بارا جاتىپ جەمەيدى، توقتاپ بارىپ جەيدى.


ياعني ولار بىردەڭە جەگىسى كەلسە، توقتاپ بارىپ، ودان سوڭ جەيدى، بىردەڭە ىشكىسى كەلسە دە، سۇيتەر، ولار توقتاعان سوڭ ىشەدى، ال ادام بالاسى بارشا وتە جامان بولعان قىلىقتاردىڭ بارلىعىن ىستەۋدە، دەمەك، ولارعا تۇرىپ تاماق جەۋ ادەت بولىپ كەتكەن. تىم از ساندى ادامدار عانا وتىرىپ جەيدى، تاماقتى تۇزبەن باستايدى، «بيسميللاحير راحمانير راحيم» ايتىپ، دۇعامەن جەيدى، ال بىتكەندە دە سولاي، ءسىز دۇعا ەتۋىڭىز كەرەك، ودان سوڭ بارىپ، جۇمىسقا، يا باسقا ىسىڭىزگە بارىڭىز، وسىلاي ىستەۋىڭىز كەرەك. سونىمەن بىرگە، ورازادا ساحۇر ياعني سارەسە تاڭعى اس ءىشۋىڭىز كەرەك، پايعامبارىمىز ساحۇردا بەرەكە جانە ەسەندىك بار ەكەندىگىن ايتادى. يفتاردا، ياعني اۋىز اشاردا ءبىر قۇرمامەن اۋىز اشىڭىز، قۇرما بولماسا، سۋ دا بولادى، مىنە بۇل ءبىر سۇننەت.


ءالحامدۋليللا، ءبىزدىڭ ءار كۇن 24 ساعات، ءار جىل 12 ايدا ىستەيتىن بارلىق ءىستى پايعامبارىمىز ﷺ بىزگە ايتىپ كەتكەن، ول بىزگە قالاي ءىس ىستەۋدى، قالاي ءومىر ءسۇرۋدى، قالاي ونىڭ جولىندا بولۋدى كورسەتىپ كەتكەن. ال پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولىندا بولۋ بارشا بەرەكەلەردىڭ ىشىندەگى ەڭ ءبىرىنشىسى بولماق، ال ەكىنشىسى دەنساۋلىق، باقىت جانە باسقا بارشا يگىلىك بولماق، دەمەك، ونىڭ جولىندا بولىڭىز. اللا ﷻ ءبىزدى ونىڭ جولىندا ەتكەي، جانە ءبىزدى شايتانمەن ونىڭ ارمياسىنىڭ جاڭا ۇيرەتىندىلەرىنەن اۋلاق ەتكەي، ءبىز ولاردان ساق بولايىق. ولار ادامدارعا بارشا جاماندىق، بۇزىقتىق، اۋرۋ-كەسەل، كوڭىلسىزدىك، جانە مازاسىزدىق اتاۋلىنى قالايدى، ولاردىڭ قالاعانى وسى عانا. ءبىراق پايعامبارىمىز ﷺ، ءالحامدۋليللا، ءبىزدى ودان قۇتقارادى، ينشاللا.


- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى


#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق

nvrislam.net

instagram.com/nvrislami

Comments

Popular posts from this blog

Сұхбат: имандағы бауырластық нақты бауырластықтан да маңызды (2025.08.09 / Хижри 1447-жыл 15-Сафар)

Сұхбат: ауру күнәңның кешірілуі үшін де жіберіледі (2024.01.21 / Хижра 1445-жыл 10-режеп)

Сұхбат: Алланың әр нәрседе қарама-қарсы топ жаратудағы хикіметі (2025.06.29 / Хижри 1447-жыл 04-Мұхаррам)