Сұхбат: пайғамбарымыз, «жаңбыр, риздық, жеңіс бәрі әулиелер құрметі үшін келер» дейді (2) (2026.01.31 / Хижри 1447-жыл 12-Шағбан)
https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8695
Сұхбат: пайғамбарымыз, «жаңбыр, риздық, жеңіс бәрі әулиелер құрметі үшін келер» дейді (2) (2026.01.31 / Хижри 1447-жыл 12-Шағбан)
Исламбол (Станбул), Түркия.
(Fajr Prayer – Sheikh Nazim Dergah, London, UK, 2026) Англияда айтылған сұхбат. Шақыртуды қабыл ету пайғамбарымыз ﷺның сүннеті, әлхамдулилла, жұрт бізді ұдайы қонаққа шақырады, осында я басқа жерде болсын, балаларымыз, бауырларымыз бізді кездесуге шақырады, олар Алла есімдерін атап, пайғамбарымызға салауат айтуға, Алла үшін жиналуға шақырады. Міне бұл пайғамбарымыздың бір әмірі болатын, себебі осылай жиналғанда Алла ﷻ бізді бір-бірімізге жақын етеді, бұл өзара махаббат, құрмет, және қуанышты көптеп сыйлайды, сондықтан бұндай жерлер берекелі жерлер болмақ. Себебі, адамдар бұл жерде жылдар бойы намаз өтеді, ораза ұстады, жұртқа садақа берді, балалармен ересектерге сабақ өтті, құран үйретті, пайғамбарымыздың хадисін үйретті. Сондықтан, ол жақсы қабыл етілген жер, әсіресе, бей-мұсылман болған бұндай мемлекетте тіпті де солай, ал Алла Әззә уә-Жәллә бізге осыларды істей алуға мүмкіндік берді.
Ерте кездерде мұсылмандар кәпірлердің мемлекеттерінде құлшылық ете алмайтын, бірақ қазір, сүбіханАлла, Алла ﷻ оған жол ашты, бірақ бұл ашылғанда оған разы болмаған көптеген адамдар пайда болды, олар бұл жерлерге риза болмады. Себебі бұлар мұсылман емес жерлер, олар Алланың атын атамайды, немесе Алла ﷻ әмір еткендей құлшылық етпейді, сондықтан шайтан бұл жерлерге риза болмай жатыр. Ал шайтан қуанбаған нәрсеге, біз қуануымыз керек, демек, біз шайтанмен келіспейміз, бірақ пайғамбарымызбен келісеміз, біз оны сүйеміз, оның әхлул бәйіттерін сүйеміз, сахабаларын сүйеміз, әулиелерді сүйеміз, құтты жандарды, сүйікті адамдарды Алла Әззә уә-Жәллә үшін сүйеміз.
Әр жерде әлхамдулилла, адамдар бар, олар мәлім елге келгенде дереу ондағы мақамдарды, я қасиетті адамдарды зиярат етеді, не үшін? себебі, Алла ﷻ өз берекесінен оларға береке жаудырып жатыр. Сол үшін біз, «бұндай елдегі осындай жерлер айналасындағыларға Алланың құт-берекесін төгіп жатыр, оларға хидаят әкелуде, олар бізге Алланы, пайғамбарымызды ұмытпауды ескертер» деп айтамыз. Сондықтан біз шамамыз келгенінше көмектесейік, кезкелген көмек бола береді, тіпті жамағатпен бірге отырып, Алланы атасақ та, зікір етсек те, сол да бір көмек болмақ. Бұл сіздер үшін бір үлкен іс, демек, сіз Алла ﷻ үшін жиналған жиналыстың оған келген адамдарға қаншалықты пайдалы екендігін ойлап жете алмайсыз.
Біз көптеген ауыр нәрселермен келдік, ал осы ауырлықтар осындай мәжілістермен алынып кетіледі, және Алла ﷻ оған барған адамға сауап, қуаныш, береке береді, міне бұл салатул алан-нәбидің, яғни пайғамбарға салауат айтудың пайдасы. Алла Әззә уә-Жәллә мүминдерді пайғамбарымыз ﷺға салауат айтуға әмір еткен, ал біз шама келгенше оны істеудеміз. Машалла, мүмкін, менше оны осындағы жұрт 20 жыл я одан да көп жылдан бері айтып келеді. Жұрт бұнда ұдайы келеді, олар жұма, айт, ораза, және басқа қасиетті түндер үшін бұнда көп келеді, менше олар осындай көптеген мәжілістер өткізуде. Демек, бұл жер әрдайым жұмыс істеп келеді, кім үшін жұмыс істеуде? Алла Әззә уә-Жәллә үшін істеуде, Алла Әззә уә-Жәллә аса мейірімді, ол ісің кішкене екен демейді, кемшілікке қарамайды. Ал сіз бұнда келсеңіз, Алланың кешірімінсіз бос кеттім деп ойламаңыз, Алла ﷻ бізді кешіреді, себебі Ол бұндай жиналысқа риза.
Біз барлығымыз балаға ұқсаймыз, мәселен, бала бірдеңені қате істеп қойса, адамдарға оған ашуланбайды, «ол кішкене, ол сәби, ештеңе білмейді, сондықтан оған ештеңе демейміз» дер. Біз кейде баланың ісіне қарап күлеміз, тіпті қыңыр істесе де күлеміз, ал осы да бізге келеді, біз де бала сияқтымыз, сәби сияқтымыз. Біз көп қате нәрселеді істеп қоямыз, бірақ Алла бізді кешіреді, бізге мейірімінен сауап береді, барша игілік береді, біз қазір бей-мұсылман елдерінде ғана емес, әр жерде зәруліктеміз. Яғни қай жерге барсаң да, адамдар бір форматта болып қалған, мәселен, бейрұттағы біреу лондондағы біреуге ұқсайды, берлиндегі, кайродағы адамдар да барлығы ұқсас болды, демек адамдардың бәрі әр жерде ұқсас боп кетті. Англия бирстолдағы біреу, пакистандағы біреуге ұқсайды, яғни қазір адамдар қайда болса да ұқсас болып қалған, себебі олардың барлығы бір-біріне нәпсілері сұраған нәрсені ұйретуде, барлығы нәпсі қызығына сүңгіп кеткен, және олардың бұны жақсы шаруа деп ойлатыны тағы бар.
Демек мына дүниедегі барша жұрт ұқсас харектірлі болып кетті, сондықтан жұртқа ненің жақсы, ненің жаман екендігін көрсететін нұсқаушы пір керек, ал қазір адамдар бір-біріне тек жаман нәрселерді ғана үйретуде. Тіпті сонау алыс жерлерде де олар мұсылмандарға, барша елге жақсы болмаған, тіпті хайуанға да келмейтін сұмдық қитұрқы нәрселерді үйретуде. Сондықтан Алла Әззә уә-Жәллә манағындай мүминдер жиналған жерлерге қарап, рахым-мейірімін төгеді, сауабын береді, және осы игіліктермен сауаптар бұндағы өмірді жалғасты алға тартып отыратын болады. Егер бұлар болмаса, ештеңе болмас, себебі пайғамбарымыз ﷺ әулиелер жәйлы, «بِهِم تُمْطَرُون، بِهِم تُرْزَقُون ، بِهِم تُنْصَرُون» яғни, «жаңбыр олар арқылы жауар, риздық олар арқылы келер, жеңіс олар арқылы берілер» дейді. Демек, барлығы осыбір әулие жандардың, яғни осыбір абзал, аутад, ақяр жандардың себебі үшін келеді, бұнда пайғамбарымыз ﷺ Алланың әулиелері жәйлы сөз толғап, Алла Әззә уә-Жәллә осыбір адамдардың құт-берекесі үшін, себебі үшін жаңбыр жіберетін айтады.
Демек, Алла ﷻ осыбір адамдармен жеңіс сыйлайды, осы адамдармен риздық береді, барлығы солар арқылы Алла ﷻдың хикіметімен келеді. Ал кейбір адамдар әулиелерге риза емес, оларды елегісі келмейді, және, «олар біз сияқты, ол ешкім арқылы келмейді, тек Алла ғана берер» дейді, бірақ Алла Әззә уә-Жәлләмен пайғамбарымыз ﷺ араға оларды салғанын айтады, ал манағы адамдар бұл хикіметті білмейді, оған ой жүгіртіп үңілмейді. Бұндағы хикімет сол, Алла жершарындағы құт-берекені манағындай нағыз мүминдерге байлап, ұстатып қойған, егер олар болмаса, Алла Әззә уә-Жәлләның қарғысы дереу келеді де, мына бүкіл дүние жоқ болар еді, ештеңе қалмас еді. Бірақ осы жандардың берекесі үшін Алла ﷻ адамзатқа өз мейірімін төгуде, олар күллі адам баласына мейірім және береке таратуда, сондықтан, жауын мүминдерге ғана емес, бүкіл адамзатқа, жан-жануарға, демек барлығына келуде, олардың міндеті міне осы.
Олар бұл жұмыстарын Алла ﷻдың қалауымен істейді, Алла Әззә уә-Жәллә оларды таңдап, шығыстан батысқа, жердің бұрыш-бұрышына жеткізеді, олар осы міндетте жүреді, әрине олар мәңгі өмір сүрмес, оларда қайтыс болуы керек. Ал олар қайтыс болса, Алла ﷻ олардың әрбірінің орнына тағы басқа адамдарды қояды, демек, біреуі өлсе, орнына тағы бір адам қойылар, бұл жағдай Мәхди хазірет келгенге дейін солай болар. Әрине, Мәхди әлейхис-саламмен Иса әлейхис-салам келгенде бұл бітеді, олардан кейін бүкіл мүминдер жершарынан әкетіледі, тек кәпірлер қалады. Сондықтан біз олардың берекесімен медетін мұсылмандар үшін, мүминдер үшін сұраймыз, әсіресе сопылық тәриқатта жүргендер үшін сұраймыз, оларға көп жақыны да осы сопылық тәриқаттағылар. Яғни, адамдардың ішінде пайғамбарымыз ﷺмен Алла Әззә уә-Жәлләға ең жақындары сопылық тәриқаттағылар болмақ.
Мүмкін біреулер, «неге олай дейсің, сонда біз бола алмаймызба» дер, егер сіз жолды жақсы көрсеңіз, осы жолға келіңіз, ешкім оған кедергі болып жатқан жоқ, ешкім саған іштарлық етпейді. Бұнда келіңіз, осы жолда болыңыз, Алла ﷻның сүйіктісі болыңыз, қуаныңыз, жеңімпазға айналыңыз, өзіңіз ештеңе істей алмайтын іс хақында үмітсіз болмаңыз, ашуланбаңыз. Кеше біз пекхам мешітінде, әлхамдулилла, зікір еттік, қатымул қоуажан қылдық, және одан сәл бұрын Мәуләнәның жасамыс көнекөз бір мүритін зиярат еттік, ол тым қартайып кеткен кісі еді, және оның қиын ауруы бар болатын. Машалла, біз одан, «қалайсыз» деп сұрап едік, ол «мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын» деп, жауап берді, біз, «сізді өткен апта зиярат етпек болғанбыз, бірақ олай ете алмадық» деп едік, ол, «бұл мәселе емес, Алланың қалағаны болар, еш мәселе жоқ, оны мәселе деп ойлама» дейді. Қараңыз, ол қанша ауырып тұрса да, біз одан қалай екендігін сұрағанда, ол мен жақсымын деді.
Оның бүйрегінде мәселе бар еді, көп жүре алмайтын, бірақ оның жүзі, машалла, арыстан сияқты, ол өз басындағы мәселеден еш қорықпады, ол өзін мүлдем бағындырып, Мәуләнәны ұдайы есінде сақтапты. Ол, «бұны Мәуләнә Шайық Назым хазірет айтқан еді, ол осылай ететін, біз онымен осылай кеттік, осылай келдік» дейді, ол өзінің ауруын да, ештеңесін де айтқан жоқ, яғни, ол өзін Аллаға мүлдем бағындырып алыпты. Егер кім осылай ете алса, ол жәйлы өмір сүреді, тым қуанышты жүреді, бақытты болады, оған ештеңе әсер ете алмайды, ал қазір адамдар тым кішкене нәрсеге бола дохтырға, я емханаға жүгіреді, ЕМЕРАЙ, ИКСРЕЙге түседі, қан сынақ алдырады, барлғын істейді. Одан келіп, «ох, әлхамдулилла, бізде ештеңе жоқ екен, біз өзімізді қиын хәлге түсіп кеттікпе деп ойлап қалыптық» деп жатады, бірақ оларда ештеңе жоқ.
Демек, бұл өмірде күшті иман аса маңызды, иман болмаса, еш игілік болмас, демек, иманыңыз болмаса, мүмкін мына тұрған орындық сізден көп жақсырақ шығар. Алла ﷻ бізге осы иманды бергей, және Алла Әззә уә-Жәлләға риза болғандардан еткей, бізді барлығымен, пайғамбарымызбен, отбасымызбен, мүминдермен, бала-шағамен риза еткей, иншалла. Міне осы адамдармен жақсы болу, шығысымды болу өте маңызды, олар маңызды адамдар, иншалла. Алла ﷻ сіздерді әрдайым панасында еткей, мүминдерге және бей-мұсылмандарға да қызмет қылушылардан еткей, иншалла, Алла ﷻ сіздерге оларды жіберіп, осында шәхада айтуға, Алла ﷻ жолында болуға, Алла Әззә уә-Жәлләның үйінде, жәннәтул фердауыста болуға нәсіп еткей, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: پايعامبارىمىز، «جاڭبىر، ريزدىق، جەڭىس ءبارى اۋليەلەر قۇرمەتى ءۇشىن كەلەر» دەيدى (2) (2026.01.31 / حيجري 1447-جىل 12-شاعبان)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
(Fajr Prayer – Sheikh Nazim Dergah، London، UK، 2026) انگليادا ايتىلعان سۇحبات. شاقىرتۋدى قابىل ەتۋ پايعامبارىمىز ﷺنىڭ سۇننەتى، ءالحامدۋليللا، جۇرت ءبىزدى ۇدايى قوناققا شاقىرادى، وسىندا يا باسقا جەردە بولسىن، بالالارىمىز، باۋىرلارىمىز ءبىزدى كەزدەسۋگە شاقىرادى، ولار اللا ەسىمدەرىن اتاپ، پايعامبارىمىزعا سالاۋات ايتۋعا، اللا ءۇشىن جينالۋعا شاقىرادى. مىنە بۇل پايعامبارىمىزدىڭ ءبىر ءامىرى بولاتىن، سەبەبى وسىلاي جينالعاندا اللا ﷻ ءبىزدى ءبىر-بىرىمىزگە جاقىن ەتەدى، بۇل ءوزارا ماحاببات، قۇرمەت، جانە قۋانىشتى كوپتەپ سىيلايدى، سوندىقتان بۇنداي جەرلەر بەرەكەلى جەرلەر بولماق. سەبەبى، ادامدار بۇل جەردە جىلدار بويى ناماز وتەدى، ورازا ۇستادى، جۇرتقا ساداقا بەردى، بالالارمەن ەرەسەكتەرگە ساباق ءوتتى، قۇران ۇيرەتتى، پايعامبارىمىزدىڭ ءحاديسىن ۇيرەتتى. سوندىقتان، ول جاقسى قابىل ەتىلگەن جەر، اسىرەسە، بەي-مۇسىلمان بولعان بۇنداي مەملەكەتتە ءتىپتى دە سولاي، ال اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بىزگە وسىلاردى ىستەي الۋعا مۇمكىندىك بەردى.
ەرتە كەزدەردە مۇسىلماندار كاپىرلەردىڭ مەملەكەتتەرىندە قۇلشىلىق ەتە المايتىن، ءبىراق ءقازىر، ءسۇبىحاناللا، اللا ﷻ وعان جول اشتى، ءبىراق بۇل اشىلعاندا وعان رازى بولماعان كوپتەگەن ادامدار پايدا بولدى، ولار بۇل جەرلەرگە ريزا بولمادى. سەبەبى بۇلار مۇسىلمان ەمەس جەرلەر، ولار اللانىڭ اتىن اتامايدى، نەمەسە اللا ﷻ ءامىر ەتكەندەي قۇلشىلىق ەتپەيدى، سوندىقتان شايتان بۇل جەرلەرگە ريزا بولماي جاتىر. ال شايتان قۋانباعان نارسەگە، ءبىز قۋانۋىمىز كەرەك، دەمەك، ءبىز شايتانمەن كەلىسپەيمىز، ءبىراق پايعامبارىمىزبەن كەلىسەمىز، ءبىز ونى سۇيەمىز، ونىڭ ءاحلۋل بايىتتەرىن سۇيەمىز، ساحابالارىن سۇيەمىز، اۋليەلەردى سۇيەمىز، قۇتتى جانداردى، سۇيىكتى ادامداردى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءۇشىن سۇيەمىز.
ءار جەردە ءالحامدۋليللا، ادامدار بار، ولار ءمالىم ەلگە كەلگەندە دەرەۋ ونداعى ماقامداردى، يا قاسيەتتى ادامداردى زيارات ەتەدى، نە ءۇشىن؟ سەبەبى، اللا ﷻ ءوز بەرەكەسىنەن ولارعا بەرەكە جاۋدىرىپ جاتىر. سول ءۇشىن ءبىز، «بۇنداي ەلدەگى وسىنداي جەرلەر اينالاسىنداعىلارعا اللانىڭ قۇت-بەرەكەسىن توگىپ جاتىر، ولارعا حيدايات اكەلۋدە، ولار بىزگە اللانى، پايعامبارىمىزدى ۇمىتپاۋدى ەسكەرتەر» دەپ ايتامىز. سوندىقتان ءبىز شامامىز كەلگەنىنشە كومەكتەسەيىك، كەزكەلگەن كومەك بولا بەرەدى، ءتىپتى جاماعاتپەن بىرگە وتىرىپ، اللانى اتاساق تا، زىكىر ەتسەك تە، سول دا ءبىر كومەك بولماق. بۇل سىزدەر ءۇشىن ءبىر ۇلكەن ءىس، دەمەك، ءسىز اللا ﷻ ءۇشىن جينالعان جينالىستىڭ وعان كەلگەن ادامدارعا قانشالىقتى پايدالى ەكەندىگىن ويلاپ جەتە المايسىز.
ءبىز كوپتەگەن اۋىر نارسەلەرمەن كەلدىك، ال وسى اۋىرلىقتار وسىنداي ماجىلىستەرمەن الىنىپ كەتىلەدى، جانە اللا ﷻ وعان بارعان ادامعا ساۋاپ، قۋانىش، بەرەكە بەرەدى، مىنە بۇل سالاتۋل الان-ءنابيدىڭ، ياعني پايعامبارعا سالاۋات ايتۋدىڭ پايداسى. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا مۇميندەردى پايعامبارىمىز ﷺعا سالاۋات ايتۋعا ءامىر ەتكەن، ال ءبىز شاما كەلگەنشە ونى ىستەۋدەمىز. ماشاللا، مۇمكىن، مەنشە ونى وسىنداعى جۇرت 20 جىل يا ودان دا كوپ جىلدان بەرى ايتىپ كەلەدى. جۇرت بۇندا ۇدايى كەلەدى، ولار جۇما، ايت، ورازا، جانە باسقا قاسيەتتى تۇندەر ءۇشىن بۇندا كوپ كەلەدى، مەنشە ولار وسىنداي كوپتەگەن ماجىلىستەر وتكىزۋدە. دەمەك، بۇل جەر ءاردايىم جۇمىس ىستەپ كەلەدى، كىم ءۇشىن جۇمىس ىستەۋدە؟ اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءۇشىن ىستەۋدە، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا اسا مەيىرىمدى، ول ءىسىڭ كىشكەنە ەكەن دەمەيدى، كەمشىلىككە قارامايدى. ال ءسىز بۇندا كەلسەڭىز، اللانىڭ كەشىرىمىنسىز بوس كەتتىم دەپ ويلاماڭىز، اللا ﷻ ءبىزدى كەشىرەدى، سەبەبى ول بۇنداي جينالىسقا ريزا.
ءبىز بارلىعىمىز بالاعا ۇقسايمىز، ماسەلەن، بالا بىردەڭەنى قاتە ىستەپ قويسا، ادامدارعا وعان اشۋلانبايدى، «ول كىشكەنە، ول ءسابي، ەشتەڭە بىلمەيدى، سوندىقتان وعان ەشتەڭە دەمەيمىز» دەر. ءبىز كەيدە بالانىڭ ىسىنە قاراپ كۇلەمىز، ءتىپتى قىڭىر ىستەسە دە كۇلەمىز، ال وسى دا بىزگە كەلەدى، ءبىز دە بالا سياقتىمىز، ءسابي سياقتىمىز. ءبىز كوپ قاتە نارسەلەدى ىستەپ قويامىز، ءبىراق اللا ءبىزدى كەشىرەدى، بىزگە مەيىرىمىنەن ساۋاپ بەرەدى، بارشا يگىلىك بەرەدى، ءبىز ءقازىر بەي-مۇسىلمان ەلدەرىندە عانا ەمەس، ءار جەردە زارۋلىكتەمىز. ياعني قاي جەرگە بارساڭ دا، ادامدار ءبىر فورماتتا بولىپ قالعان، ماسەلەن، بەيرۇتتاعى بىرەۋ لوندونداعى بىرەۋگە ۇقسايدى، بەرليندەگى، كايروداعى ادامدار دا بارلىعى ۇقساس بولدى، دەمەك ادامداردىڭ ءبارى ءار جەردە ۇقساس بوپ كەتتى. انگليا بيرستولداعى بىرەۋ، پاكيستانداعى بىرەۋگە ۇقسايدى، ياعني ءقازىر ادامدار قايدا بولسا دا ۇقساس بولىپ قالعان، سەبەبى ولاردىڭ بارلىعى ءبىر-بىرىنە ناپسىلەرى سۇراعان نارسەنى ۇيرەتۋدە، بارلىعى ءناپسى قىزىعىنا سۇڭگىپ كەتكەن، جانە ولاردىڭ بۇنى جاقسى شارۋا دەپ ويلاتىنى تاعى بار.
دەمەك مىنا دۇنيەدەگى بارشا جۇرت ۇقساس حارەكتىرلى بولىپ كەتتى، سوندىقتان جۇرتقا نەنىڭ جاقسى، نەنىڭ جامان ەكەندىگىن كورسەتەتىن نۇسقاۋشى ءپىر كەرەك، ال ءقازىر ادامدار ءبىر-بىرىنە تەك جامان نارسەلەردى عانا ۇيرەتۋدە. ءتىپتى سوناۋ الىس جەرلەردە دە ولار مۇسىلماندارعا، بارشا ەلگە جاقسى بولماعان، ءتىپتى حايۋانعا دا كەلمەيتىن سۇمدىق قيتۇرقى نارسەلەردى ۇيرەتۋدە. سوندىقتان اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ماناعىنداي مۇميندەر جينالعان جەرلەرگە قاراپ، راحىم-مەيىرىمىن توگەدى، ساۋابىن بەرەدى، جانە وسى يگىلىكتەرمەن ساۋاپتار بۇنداعى ءومىردى جالعاستى العا تارتىپ وتىراتىن بولادى. ەگەر بۇلار بولماسا، ەشتەڭە بولماس، سەبەبى پايعامبارىمىز ﷺ اۋليەلەر ءجايلى، «بِهِم تُمْطَرُون، بِهِم تُرْزَقُون ، بِهِم تُنْصَرُون» ياعني، «جاڭبىر ولار ارقىلى جاۋار، ريزدىق ولار ارقىلى كەلەر، جەڭىس ولار ارقىلى بەرىلەر» دەيدى. دەمەك، بارلىعى ءوسىبىر اۋليە جانداردىڭ، ياعني ءوسىبىر ابزال، اۋتاد، اقيار جانداردىڭ سەبەبى ءۇشىن كەلەدى، بۇندا پايعامبارىمىز ﷺ اللانىڭ اۋليەلەرى ءجايلى ءسوز تولعاپ، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءوسىبىر ادامداردىڭ قۇت-بەرەكەسى ءۇشىن، سەبەبى ءۇشىن جاڭبىر جىبەرەتىن ايتادى.
دەمەك، اللا ﷻ ءوسىبىر ادامدارمەن جەڭىس سىيلايدى، وسى ادامدارمەن ريزدىق بەرەدى، بارلىعى سولار ارقىلى اللا ﷻدىڭ حيكىمەتىمەن كەلەدى. ال كەيبىر ادامدار اۋليەلەرگە ريزا ەمەس، ولاردى ەلەگىسى كەلمەيدى، جانە، «ولار ءبىز سياقتى، ول ەشكىم ارقىلى كەلمەيدى، تەك اللا عانا بەرەر» دەيدى، ءبىراق اللا ءاززا ءۋا-جاللامەن پايعامبارىمىز ﷺ اراعا ولاردى سالعانىن ايتادى، ال ماناعى ادامدار بۇل حيكىمەتتى بىلمەيدى، وعان وي جۇگىرتىپ ۇڭىلمەيدى. بۇنداعى حيكىمەت سول، اللا جەرشارىنداعى قۇت-بەرەكەنى ماناعىنداي ناعىز مۇميندەرگە بايلاپ، ۇستاتىپ قويعان، ەگەر ولار بولماسا، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ قارعىسى دەرەۋ كەلەدى دە، مىنا بۇكىل دۇنيە جوق بولار ەدى، ەشتەڭە قالماس ەدى. ءبىراق وسى جانداردىڭ بەرەكەسى ءۇشىن اللا ﷻ ادامزاتقا ءوز مەيىرىمىن توگۋدە، ولار كۇللى ادام بالاسىنا مەيىرىم جانە بەرەكە تاراتۋدا، سوندىقتان، جاۋىن مۇميندەرگە عانا ەمەس، بۇكىل ادامزاتقا، جان-جانۋارعا، دەمەك بارلىعىنا كەلۋدە، ولاردىڭ مىندەتى مىنە وسى.
ولار بۇل جۇمىستارىن اللا ﷻدىڭ قالاۋىمەن ىستەيدى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ولاردى تاڭداپ، شىعىستان باتىسقا، جەردىڭ بۇرىش-بۇرىشىنا جەتكىزەدى، ولار وسى مىندەتتە جۇرەدى، ارينە ولار ماڭگى ءومىر سۇرمەس، ولاردا قايتىس بولۋى كەرەك. ال ولار قايتىس بولسا، اللا ﷻ ولاردىڭ ءاربىرىنىڭ ورنىنا تاعى باسقا ادامداردى قويادى، دەمەك، بىرەۋى ولسە، ورنىنا تاعى ءبىر ادام قويىلار، بۇل جاعداي ءماحدي حازىرەت كەلگەنگە دەيىن سولاي بولار. ارينە، ءماحدي الەيحيس-سالاممەن يسا الەيحيس-سالام كەلگەندە بۇل بىتەدى، ولاردان كەيىن بۇكىل مۇميندەر جەرشارىنان اكەتىلەدى، تەك كاپىرلەر قالادى. سوندىقتان ءبىز ولاردىڭ بەرەكەسىمەن مەدەتىن مۇسىلماندار ءۇشىن، مۇميندەر ءۇشىن سۇرايمىز، اسىرەسە سوپىلىق ءتاريقاتتا جۇرگەندەر ءۇشىن سۇرايمىز، ولارعا كوپ جاقىنى دا وسى سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلار. ياعني، ادامداردىڭ ىشىندە پايعامبارىمىز ﷺمەن اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا ەڭ جاقىندارى سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلار بولماق.
مۇمكىن بىرەۋلەر، «نەگە ولاي دەيسىڭ، سوندا ءبىز بولا المايمىزبا» دەر، ەگەر ءسىز جولدى جاقسى كورسەڭىز، وسى جولعا كەلىڭىز، ەشكىم وعان كەدەرگى بولىپ جاتقان جوق، ەشكىم ساعان ءىشتارلىق ەتپەيدى. بۇندا كەلىڭىز، وسى جولدا بولىڭىز، اللا ﷻنىڭ سۇيىكتىسى بولىڭىز، قۋانىڭىز، جەڭىمپازعا اينالىڭىز، ءوزىڭىز ەشتەڭە ىستەي المايتىن ءىس حاقىندا ءۇمىتسىز بولماڭىز، اشۋلانباڭىز. كەشە ءبىز پەكحام مەشىتىندە، ءالحامدۋليللا، زىكىر ەتتىك، قاتىمۋل قوۋاجان قىلدىق، جانە ودان ءسال بۇرىن ءماۋلانانىڭ جاسامىس كونەكوز ءبىر ءمۇريتىن زيارات ەتتىك، ول تىم قارتايىپ كەتكەن كىسى ەدى، جانە ونىڭ قيىن اۋرۋى بار بولاتىن. ماشاللا، ءبىز ودان، «قالايسىز» دەپ سۇراپ ەدىك، ول «مەن سەندەردى كورگەنىمە وتە قۋانىشتىمىن» دەپ، جاۋاپ بەردى، ءبىز، «ءسىزدى وتكەن اپتا زيارات ەتپەك بولعانبىز، ءبىراق ولاي ەتە المادىق» دەپ ەدىك، ول، «بۇل ماسەلە ەمەس، اللانىڭ قالاعانى بولار، ەش ماسەلە جوق، ونى ماسەلە دەپ ويلاما» دەيدى. قاراڭىز، ول قانشا اۋىرىپ تۇرسا دا، ءبىز ودان قالاي ەكەندىگىن سۇراعاندا، ول مەن جاقسىمىن دەدى.
ونىڭ بۇيرەگىندە ماسەلە بار ەدى، كوپ جۇرە المايتىن، ءبىراق ونىڭ ءجۇزى، ماشاللا، ارىستان سياقتى، ول ءوز باسىنداعى ماسەلەدەن ەش قورىقپادى، ول ءوزىن مۇلدەم باعىندىرىپ، ءماۋلانانى ۇدايى ەسىندە ساقتاپتى. ول، «بۇنى ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ايتقان ەدى، ول وسىلاي ەتەتىن، ءبىز ونىمەن وسىلاي كەتتىك، وسىلاي كەلدىك» دەيدى، ول ءوزىنىڭ اۋرۋىن دا، ەشتەڭەسىن دە ايتقان جوق، ياعني، ول ءوزىن اللاعا مۇلدەم باعىندىرىپ الىپتى. ەگەر كىم وسىلاي ەتە السا، ول ءجايلى ءومىر سۇرەدى، تىم قۋانىشتى جۇرەدى، باقىتتى بولادى، وعان ەشتەڭە اسەر ەتە المايدى، ال ءقازىر ادامدار تىم كىشكەنە نارسەگە بولا دوحتىرعا، يا ەمحاناعا جۇگىرەدى، ەمەراي، يكسرەيگە تۇسەدى، قان سىناق الدىرادى، بارلعىن ىستەيدى. ودان كەلىپ، «وح، ءالحامدۋليللا، بىزدە ەشتەڭە جوق ەكەن، ءبىز ءوزىمىزدى قيىن حالگە ءتۇسىپ كەتتىكپە دەپ ويلاپ قالىپتىق» دەپ جاتادى، ءبىراق ولاردا ەشتەڭە جوق.
دەمەك، بۇل ومىردە كۇشتى يمان اسا ماڭىزدى، يمان بولماسا، ەش يگىلىك بولماس، دەمەك، يمانىڭىز بولماسا، مۇمكىن مىنا تۇرعان ورىندىق سىزدەن كوپ جاقسىراق شىعار. اللا ﷻ بىزگە وسى يماندى بەرگەي، جانە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا ريزا بولعانداردان ەتكەي، ءبىزدى بارلىعىمەن، پايعامبارىمىزبەن، وتباسىمىزبەن، مۇميندەرمەن، بالا-شاعامەن ريزا ەتكەي، ينشاللا. مىنە وسى ادامدارمەن جاقسى بولۋ، شىعىسىمدى بولۋ وتە ماڭىزدى، ولار ماڭىزدى ادامدار، ينشاللا. اللا ﷻ سىزدەردى ءاردايىم پاناسىندا ەتكەي، مۇميندەرگە جانە بەي-مۇسىلماندارعا دا قىزمەت قىلۋشىلاردان ەتكەي، ينشاللا، اللا ﷻ سىزدەرگە ولاردى جىبەرىپ، وسىندا ءشاحادا ايتۋعا، اللا ﷻ جولىندا بولۋعا، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ۇيىندە، ءجانناتۋل فەرداۋىستا بولۋعا ءناسىپ ەتكەي، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Comments
Post a Comment