Сұхбат: бәрі Алла үшін екендігін түсінген кезде ғана, дүниеде жәйлы өмір сүресіз (2026.02.02 / Хижри 1447-жыл 14-Шағбан)

 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8697

Сұхбат: бәрі Алла үшін екендігін түсінген кезде ғана, дүниеде жәйлы өмір сүресіз (2026.02.02 / Хижри 1447-жыл 14-Шағбан)

Исламбол (Станбул), Түркия.



(Sheikh Nazim Dergah, London, UK, 2026) Англияда айтылған сұхбат. Бүгін кеш календарымызда шағбанның 15інші күні, ал біздің білетініміз және құранда айтылғаны сол, осы кеш бір құтты кеш. Бұл түні әр адамға келер жылға дейінгі бір жылда не болатыны жазылады, білім адамдарға Алла ﷻ хикіметімен беріледі, бірақ біз ештеңе білмейміз, Алла Әззә уә-Жәлләның білімінен тозаңдай нәрсе де білмейміз, тіпті бұлай салыстыруға да болмайды. Ал біз осы түнді құттықтаймыз, осы жылы есен болуымыз үшін дұға етеміз, сонда неден есен болуды сұраймыз? күпірліктен, жаман істерден, бізбен біздің айналадағыларымызды залалдайтын нәрселерден аман болуды сұраймыз. Міне бұл біздің Алла ﷻдан сұрайтын бірінші тілегіміз, яғни біз Алладан бізді жаман жолға салмауын, және бізді ел-жұртқа жаман жол көрсетушілерден етпеуін сұраймыз. Біздің қаламайтын істерміз міне осылар, біз Алладан сондай жолдан шыққан адамдардан болып қалмауды сұраймыз, бұл аса маңызды шаруа.


Бұдан басқа, әрине, қалаған жақсы дұғаңызды жасаңыз, денсаулық үшін, байлық үшін дұға етсеңіз болады, байлық жақсы нәрсе, бірақ адамдар байлыққа жеткенде аса сақ болуы керек, олар байығанда құтырмасын, харам нәрселерді істеп кетпесін. Себебі, біз көп адамды көрдік, олар байығанда құтырып, есіре бастайды, ал кейбір адамдар ақшасыз болса, яғни бай болмаса, құтырып кетеді. Сол үшін Алла ﷻ сізге не берсе, соған риза болыңыз, шүкірлік етіңіз, және оны қалай жұмсауға, оның қайда баратынына сақ болыңыз, оны ұдайы Алла үшін істетуге ниет етіңіз, міне осыны ұмытпа. Бұл аса маңызды, сіз бұны істегенде, әр теңгеңіз Алла үшін жұмсалады, және Алла сауап береді, ал осы есте болмаса, онда еш береке, еш пайда болмас. Олар ақирет үшін болса, пайда келеді, өмірде жүргенде бәрі Алла үшін екендігін есте ұстасаңыз, Алла үшін екендігін білсеңіз, сіз олардан ләззәт алатын боласыз. Барлығын істеуіңізге болады, бірақ ниет Алла Әззә уә-Жәллә үшін болу керек, осыны ұмытпаңыз. Аллаға алғыс айтыңыз, Алла үшін істеңіз, Алланың осыларды бергені үшін Аллаға рахмет айтыңыз.


Және, құлшылық етуге қуатымыз жеткені үшін, өзгелерге жәрдем ете алғанымыз үшін, Алла Әззә уә-Жәлләның жолында болғанымыз үшін Аллаға алғыс айтыңыз, әсте бұларды өзімнен деп ойлап қалмаңыз, көп адам солай ойлар. Бұл аса маңызды түйін, себебі Алла Әззә уә-Жәллә сізге бұларды бермесе, ештеңе істей алмайтын боласыз, сіз өте алғыр, зерек боларсыз, көп университет бітірген шығарсыз, жұмысыңыз болар, анау я мынау боларсыз, бірақ сонда да түк бітіре алмауыңыз мүмкін. Бірақ Алла ﷻ қаласа, тіпті сіз әріп оқуды білмесеңіз де, Алла ﷻ сізге бұларды бере алады, осыны білуіңіз керек. Яғни, барлығы Алла Әззә уә-Жәлләдан, демек Алла оны кей адамға берсе, кей адамға бермейді, нәсіп етпейді, сондықтан бірдеңеңіз бар болса, ешқашан Алланы ұмытпаңыз, Оған әрдайым алғыс айтыңыз. Себебі Аллаға көп алғыс айтқан сайын, Алла сізге көптеп береді.


«‎لَئِن شَكَرْتُمْ لَأَزِيدَنَّكُمْ», яғни, «егер алғысшыл болсаң, Мен сендегіні арттырамын» делінер, құран 14інші сүре 7інші аят, Алла Әззә уә-Жәллә міне осылай дер, бұл аса маңызды. Алла ﷻ осы жылды, иншалла, берекенің жылы еткей, иншалла, Мәуләнә Шайық Назым хазірет ұдайы айтқандай, ұдайы сұрағандай, Алла бізге құтқарушы Сәйдина Әл-Мәхди әлехиссаламды жібергей, бұл аса маңызды. Мейлі сізде бәрі бар болар, бірақ біз сонда да оның тез келуін қалаймыз, себебі мына дүние өте жаман жағдайға түсіп кетті, барлық жер іші-сырты жағынан бір-бірімен ұқсас болып кетті. Ал бұларды сіз Мәхди хазіреттің келуінсіз шешпек жоқ, сол үшін біз әр жолы Алла Әззә уә-Жәлләдан оны жіберіп, дүниеден зұлымдықты кетіруін сұраймыз, иншалла, ол келіп, дүниеге әділдік орнатқай, нұр шашқай, иншалла, Алла ﷻ оны тезден жібергей, иншалла.


- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы


#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық

nvrislam.net

instagram.com/nvrislami




سۇحبات: ءبارى اللا ءۇشىن ەكەندىگىن تۇسىنگەن كەزدە عانا، دۇنيەدە ءجايلى ءومىر سۇرەسىز (2026.02.02 / حيجري 1447-جىل 14-شاعبان)

يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.


(Sheikh Nazim Dergah، London، UK، 2026) انگليادا ايتىلعان سۇحبات. بۇگىن كەش كالەندارىمىزدا شاعباننىڭ 15ءىنشى كۇنى، ال ءبىزدىڭ بىلەتىنىمىز جانە قۇراندا ايتىلعانى سول، وسى كەش ءبىر قۇتتى كەش. بۇل ءتۇنى ءار ادامعا كەلەر جىلعا دەيىنگى ءبىر جىلدا نە بولاتىنى جازىلادى، ءبىلىم ادامدارعا اللا ﷻ حيكىمەتىمەن بەرىلەدى، ءبىراق ءبىز ەشتەڭە بىلمەيمىز، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ بىلىمىنەن توزاڭداي نارسە دە بىلمەيمىز، ءتىپتى بۇلاي سالىستىرۋعا دا بولمايدى. ال ءبىز وسى ءتۇندى قۇتتىقتايمىز، وسى جىلى ەسەن بولۋىمىز ءۇشىن دۇعا ەتەمىز، سوندا نەدەن ەسەن بولۋدى سۇرايمىز؟ كۇپىرلىكتەن، جامان ىستەردەن، بىزبەن ءبىزدىڭ اينالاداعىلارىمىزدى زالالدايتىن نارسەلەردەن امان بولۋدى سۇرايمىز. مىنە بۇل ءبىزدىڭ اللا ﷻدان سۇرايتىن ءبىرىنشى تىلەگىمىز، ياعني ءبىز اللادان ءبىزدى جامان جولعا سالماۋىن، جانە ءبىزدى ەل-جۇرتقا جامان جول كورسەتۋشىلەردەن ەتپەۋىن سۇرايمىز. ءبىزدىڭ قالامايتىن ىستەرمىز مىنە وسىلار، ءبىز اللادان سونداي جولدان شىققان ادامداردان بولىپ قالماۋدى سۇرايمىز، بۇل اسا ماڭىزدى شارۋا.


بۇدان باسقا، ارينە، قالاعان جاقسى دۇعاڭىزدى جاساڭىز، دەنساۋلىق ءۇشىن، بايلىق ءۇشىن دۇعا ەتسەڭىز بولادى، بايلىق جاقسى نارسە، ءبىراق ادامدار بايلىققا جەتكەندە اسا ساق بولۋى كەرەك، ولار بايىعاندا قۇتىرماسىن، حارام نارسەلەردى ىستەپ كەتپەسىن. سەبەبى، ءبىز كوپ ادامدى كوردىك، ولار بايىعاندا قۇتىرىپ، ەسىرە باستايدى، ال كەيبىر ادامدار اقشاسىز بولسا، ياعني باي بولماسا، قۇتىرىپ كەتەدى. سول ءۇشىن اللا ﷻ سىزگە نە بەرسە، سوعان ريزا بولىڭىز، شۇكىرلىك ەتىڭىز، جانە ونى قالاي جۇمساۋعا، ونىڭ قايدا باراتىنىنا ساق بولىڭىز، ونى ۇدايى اللا ءۇشىن ىستەتۋگە نيەت ەتىڭىز، مىنە وسىنى ۇمىتپا. بۇل اسا ماڭىزدى، ءسىز بۇنى ىستەگەندە، ءار تەڭگەڭىز اللا ءۇشىن جۇمسالادى، جانە اللا ساۋاپ بەرەدى، ال وسى ەستە بولماسا، وندا ەش بەرەكە، ەش پايدا بولماس. ولار اقيرەت ءۇشىن بولسا، پايدا كەلەدى، ومىردە جۇرگەندە ءبارى اللا ءۇشىن ەكەندىگىن ەستە ۇستاساڭىز، اللا ءۇشىن ەكەندىگىن بىلسەڭىز، ءسىز ولاردان ءلاززات الاتىن بولاسىز. بارلىعىن ىستەۋىڭىزگە بولادى، ءبىراق نيەت اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءۇشىن بولۋ كەرەك، وسىنى ۇمىتپاڭىز. اللاعا العىس ايتىڭىز، اللا ءۇشىن ىستەڭىز، اللانىڭ وسىلاردى بەرگەنى ءۇشىن اللاعا راحمەت ايتىڭىز.


جانە، قۇلشىلىق ەتۋگە قۋاتىمىز جەتكەنى ءۇشىن، وزگەلەرگە جاردەم ەتە العانىمىز ءۇشىن، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ جولىندا بولعانىمىز ءۇشىن اللاعا العىس ايتىڭىز، استە بۇلاردى وزىمنەن دەپ ويلاپ قالماڭىز، كوپ ادام سولاي ويلار. بۇل اسا ماڭىزدى ءتۇيىن، سەبەبى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا سىزگە بۇلاردى بەرمەسە، ەشتەڭە ىستەي المايتىن بولاسىز، ءسىز وتە العىر، زەرەك بولارسىز، كوپ ۋنيۆەرسيتەت بىتىرگەن شىعارسىز، جۇمىسىڭىز بولار، اناۋ يا مىناۋ بولارسىز، ءبىراق سوندا دا تۇك بىتىرە الماۋىڭىز مۇمكىن. ءبىراق اللا ﷻ قالاسا، ءتىپتى ءسىز ءارىپ وقۋدى بىلمەسەڭىز دە، اللا ﷻ سىزگە بۇلاردى بەرە الادى، وسىنى ءبىلۋىڭىز كەرەك. ياعني، بارلىعى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان، دەمەك اللا ونى كەي ادامعا بەرسە، كەي ادامعا بەرمەيدى، ءناسىپ ەتپەيدى، سوندىقتان بىردەڭەڭىز بار بولسا، ەشقاشان اللانى ۇمىتپاڭىز، وعان ءاردايىم العىس ايتىڭىز. سەبەبى اللاعا كوپ العىس ايتقان سايىن، اللا سىزگە كوپتەپ بەرەدى.


«لَئِن شَكَرْتُمْ لَأَزِيدَنَّكُمْ»، ياعني، «ەگەر العىسشىل بولساڭ، مەن سەندەگىنى ارتتىرامىن» دەلىنەر، قۇران 14ءىنشى سۇرە 7ءىنشى ايات، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا مىنە وسىلاي دەر، بۇل اسا ماڭىزدى. اللا ﷻ وسى جىلدى، ينشاللا، بەرەكەنىڭ جىلى ەتكەي، ينشاللا، ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ۇدايى ايتقانداي، ۇدايى سۇراعانداي، اللا بىزگە قۇتقارۋشى ءسايدينا ءال-ءماحدي الەحيسسالامدى جىبەرگەي، بۇل اسا ماڭىزدى. مەيلى سىزدە ءبارى بار بولار، ءبىراق ءبىز سوندا دا ونىڭ تەز كەلۋىن قالايمىز، سەبەبى مىنا دۇنيە وتە جامان جاعدايعا ءتۇسىپ كەتتى، بارلىق جەر ءىشى-سىرتى جاعىنان ءبىر-بىرىمەن ۇقساس بولىپ كەتتى. ال بۇلاردى ءسىز ءماحدي حازىرەتتىڭ كەلۋىنسىز شەشپەك جوق، سول ءۇشىن ءبىز ءار جولى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان ونى جىبەرىپ، دۇنيەدەن زۇلىمدىقتى كەتىرۋىن سۇرايمىز، ينشاللا، ول كەلىپ، دۇنيەگە ادىلدىك ورناتقاي، نۇر شاشقاي، ينشاللا، اللا ﷻ ونى تەزدەن جىبەرگەي، ينشاللا.


- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى


#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق

nvrislam.net

instagram.com/nvrislami

Comments

Popular posts from this blog

Сұхбат: имандағы бауырластық нақты бауырластықтан да маңызды (2025.08.09 / Хижри 1447-жыл 15-Сафар)

Сұхбат: ауру күнәңның кешірілуі үшін де жіберіледі (2024.01.21 / Хижра 1445-жыл 10-режеп)

Сұхбат: Алланың әр нәрседе қарама-қарсы топ жаратудағы хикіметі (2025.06.29 / Хижри 1447-жыл 04-Мұхаррам)