Сұхбат: істеген күнәңмен жамандығыңды жасыр, ешкімге айтпа (2026.02.01 / Хижри 1447-жыл 13-Шағбан)
https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8696
Сұхбат: істеген күнәңмен жамандығыңды жасыр, ешкімге айтпа (2026.02.01 / Хижри 1447-жыл 13-Шағбан)
Исламбол (Станбул), Түркия.
(Sheikh Nazim Dergah, London, UK, 2026) Англияда айтылған сұхбат. Жиналысымыз ұдайы тәтті болсын деп, оны тәттімен басталық, иншалла, тәтті нәрсе Алла Әззә уә-Жәлләдан бір береке, әрине, барлық нығымет Алла ﷻдан келер, оны бисмиллахиррахманиррахим деп жеңіздер, және сақ болыңыз. Себебі пайғамбарымыз ﷺ, «аз же, нық тойып алма» дер, көп адамға мына бір тақсы тамақ жетпейді, бірақ әр адам аздан алса, ол олардың барлығына жетіп, олар одан игіліктенетін болады, иншалла. Алла ﷻ бізді ең жақсы жол, ең тәтті жол болған өз жолында еткей. Мәуләнә Шайық Назым хазірет, «әулие арқылы келген сөз қандай тәтті, пайғамбарымыз арқылы келген құран қандай тәтті» деп, ұдайы айтып отыратын, ол рухани тәттілерге риза еді, бұл тәттілік адамдарға қуаныш сыйлайды.
Сондықтан әулиелер дүниедегі ең тәтті адамдар, ең тәттісі пайғамбарымыз ﷺ, ал әрбір ең тәтті, ең қуанышты нәрселер де олар арқылы адамзатқа келеді, бірақ адамдар одан қашып, өздерінің руханиятына жақсы болмаған ұсқынсыз нәрселерге барады. Олар осылай істер, және өздерін құртып алар, отбасын да құртар, ұлтын, қауымын, мемлекетін де құртады, демек, жаман іс істесеңіз, бұл жаман нәрсе жан-жаққа тарайды. Кәдімгі судағы лас нәрсені айталық, мәселен, егер бір тамшы машина майын бір шелек суға тамызсаңыз, судан оның дәмін сезесіз, ол жақсы емес, бірақ қатты шөлдесеңіз, оны да ішерсіз, ал әдетте оны ешкім ішпейді. Сондықтан, кім жаман іс істесе, басқалар да оны істейтін болады, демек, шелектегі бір тамшы екі тамшы болады, үшіншісімен үш тамшы болады, мүмкін оны іше берерсіз, бірақ 5, 6, 10 тамшы тамызған соң, бұл ластанған суды ауызға сала алмайсыз.
Міне бұл адамдар жаман іс істегенде болатын жағдай, ол солай болар, пайғамбарымыз ﷺ айтып өткендей, егер біреулер жаман іс істесе, және оған ел-жұрт ерсе, онда олар өздеріне ерген, өздерінен жаман іс үйренген әрбір ер-әйелдің я кезкелген адамның күнәсін арқалап алатын болады, олар әрбір адам үшін жазаланады. Демек, олар үшін жаза еселенеді, егер үш адам олардан үйреніп, жаман жол көрсетсе, оларға үш есе жаза берілер, сондықтан ел-жұртты, жамағатты, қоғамды таза сақтау аса маңызды болмақ. Егер бір тамшысы бұл арадан, тағы бір тамшысы басқа бір жерден, ана-мынадан келе берсе, артында бүкіл жамағат, бүкіл қоғам бұзылады, жамандықта қалады, игілік болмайды, олар тек айтысады, тартысады, соғысады, мазасыздықта қалады, олар қуанып бірге жүре алмайды, отбасымен, көршісімен, я кезкелген адаммен жақсы бола алмайды.
Сондықтан әр адам өзгелерге істеген ісін білсін, және оның нендей нәтиже әкелетінін білсін, қазір расында сүркейлі заман, пайғамбарымыз, «إذَا ابتُليتم بِالْمَعَاصِي فاسْتَتِروا» яғни «егер күнә істеп қойсаң, оны жасыр» дейді. Демек, күнә я жаман іс істесеңіз, ол бір бәле болар, ол сізге жақсы емес, бірақ ол болды делік, сол кезде оны айтпаңыз, оны қоғамға таратпаңыз, адамдарға айтпаңыз, оны өзіңізге сақтаңыз. «Бұл бір бәле болды ғой, Алла мені кешіргей» деңіз, оны таратпаңыз, ал оны таратқан кезде, тіпті үлкен күнә жасаған боласыз, себебі сізге еретін біреулер шығады. Тіпті олар сізге ермесе де, «жарайды, не істерміз, біз оған жауапты емес» деп, олар бұл күнәні қалыпты іс сияқты көретін болады, одан ол қалыпты нәрсеге айналып, олар оны әркім істеуге болатын етеді, ал осы жағдай бүкіл жамағатты, қоғамды, отбасын, яғни бүкіл барлығын бұзатын болады.
Қазір бақытсыздыққа орай, әр жерде осылай болып кетті, оны осы солтүстіктегілер, яғни осындағылар да бізге көп айтады, ең көрнекі мәселе шегімдік мәселесі, олар, «ұлым шегімдік істетуде» дер. Бүгін түркиялық бір әйел келді, ол бірінші ұлының фотосын көрсетіп, онда бір мәселе бар екендігін айтты, одан соң ол тағы бір фото көрсетті, оларды бір адам екен деп қалыппын. Содан ол, «жоқ, олардың барлығы улы шегімдік тартады» деп айтты, бұл іс өте жаман іс, себебі олар бірін-бірі көріп, өзара еліктейді. Олар, «ол бұны істеді, мен де оны істеймін, мәселе жоқ, бауырым істеді, досым істеді, туыстарым істеді, барлығы соны істеп жатыр, сонда ол жаман іс емес, оны біз де істесек болар» дейді. Ал қазір жағдай бұдан да жаман, бұны біз әрдайым айтып келеміз, ол нәрсе қолдағы осы машина, яғни қолфон еді, адамдар онымен күллі жамандықты істеп, оны басқаларға лезде таратуда, одан соң басқалар келіп, тағы басқа біреулерге онан арман жаман сұмдықтарды істетуде, құлшына үйретуде.
Сондықтан пайғамбарымыз ﷺ, «істеген күнәлі нәрселеріңді айтпа» дейді, егер оны жасырсаңыз, және кешірім сұрасаңыз, Алла Әс-Саттар-дүр, ол Оның бір есімі, оның мағынасы Алла жасырады дегенді білдіреді, демек, ол күнәңізді жасыратын болады. Ал сіз оны жасырып, елге көрсетпесеңіз, қиямет күні Алла Әззә уә-Жәллә, «бұл құлым істегенінен ұялды, ол милион-милиярд адамның арасында жүзін түсіргісі келмеді, ол өзін жасырды, Мен оны жасырамын, оны адамдарға айтпаймын» дейді, содан сол кезде оның жүзі түспейтін болады. Бұл аса маңызды шаруа, бірақ өкінішке орай, мына қолдағы телефон машиналар әр адамның нәпсісін күннен күнге семіртіп, тым үлкейтіп жатыр, бұл бір шарға ұқсайды, олар оны үрлеп үлкейтуде. Бисмиллахир рахманир рахим, «اعْلَمُوا أَنَّمَا الْحَيَاةُ الدُّنْيَا لَعِبٌ وَلَهْوٌ», яғни, «бұл дүниенің өмірі ойын-күлкімен қызық-тамаша ғана екендігін біл» делінер, құран 57інші сүре 20інші аят, садақаллахулғазим. Алла Әззә уә-Жәллә бұнда бұл дүние өмірі тек ойын-күлкі, және қызық-тамаша ғана екендігін айтады, ал сіз оған алданып қалмаңыз.
Мен ұдайы мына әңгімені ғибырат ретінде айтамын. Бірде біз әмерикаға барғанда анамды әпкемнің қасына апардым, бұрын, әрине ол кезде жаспыз, ол кезде біз әмериканың киноларын көріп алып, «о машалла, әмерика керемет, ол не, бұл не» дейтін едік. Бірақ әмерикаға қонғанда, мен оның қатты үрлеп қойған шар сияқты өтірікке толы бірдеңе екендігін білдім, олар тым асыра үрленіп, артық жарнамаланып жіберілген екен. Содан бастап менің әмерикаға еш барғым келмейді, бірақ, машалла, онда тағы да баруымыз мүмкін, себебі онда келуімізді сұраған көптеген мүриттер бар. Бірақ әдетте, өмірімнің соңына дейін онда барғым келмейді, міне бұл дүниенің артына түсіп, дүние қуып кеткендер үшін маңызды ескерту, демек, дүниеге қарамаңыз, Алла сүйген, Алла жақсы көрген нәрсеге қараңыз, нәпсіңіз қалаған нәрсеге, алданыш нәрсеге қарамаңыз. Алла ﷻ бізді кешіргей, қазір біздің барша жұрт, кәрі-жас, ер-әйел, бала-шаға үшін тілейтін жалғыз тілегіміз сол, Алла ﷻ оларды есендікте еткей. Себебі қазір шайтанның тұзағына түсу өте оңай, оған бізді ұстап алу өте жеңіл болып кетті, Алла ﷻ бізді аман еткей, қорғағай, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: ىستەگەن كۇناڭمەن جاماندىعىڭدى جاسىر، ەشكىمگە ايتپا (2026.02.01 / حيجري 1447-جىل 13-شاعبان)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
(Sheikh Nazim Dergah، London، UK، 2026) انگليادا ايتىلعان سۇحبات. جينالىسىمىز ۇدايى ءتاتتى بولسىن دەپ، ونى تاتتىمەن باستالىق، ينشاللا، ءتاتتى نارسە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان ءبىر بەرەكە، ارينە، بارلىق نىعىمەت اللا ﷻدان كەلەر، ونى بيسميللاحيرراحمانيرراحيم دەپ جەڭىزدەر، جانە ساق بولىڭىز. سەبەبى پايعامبارىمىز ﷺ، «از جە، نىق تويىپ الما» دەر، كوپ ادامعا مىنا ءبىر تاقسى تاماق جەتپەيدى، ءبىراق ءار ادام ازدان السا، ول ولاردىڭ بارلىعىنا جەتىپ، ولار ودان يگىلىكتەنەتىن بولادى، ينشاللا. اللا ﷻ ءبىزدى ەڭ جاقسى جول، ەڭ ءتاتتى جول بولعان ءوز جولىندا ەتكەي. ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت، «اۋليە ارقىلى كەلگەن ءسوز قانداي ءتاتتى، پايعامبارىمىز ارقىلى كەلگەن قۇران قانداي ءتاتتى» دەپ، ۇدايى ايتىپ وتىراتىن، ول رۋحاني تاتتىلەرگە ريزا ەدى، بۇل تاتتىلىك ادامدارعا قۋانىش سىيلايدى.
سوندىقتان اۋليەلەر دۇنيەدەگى ەڭ ءتاتتى ادامدار، ەڭ ءتاتتىسى پايعامبارىمىز ﷺ، ال ءاربىر ەڭ ءتاتتى، ەڭ قۋانىشتى نارسەلەر دە ولار ارقىلى ادامزاتقا كەلەدى، ءبىراق ادامدار ودان قاشىپ، وزدەرىنىڭ رۋحانياتىنا جاقسى بولماعان ۇسقىنسىز نارسەلەرگە بارادى. ولار وسىلاي ىستەر، جانە وزدەرىن قۇرتىپ الار، وتباسىن دا قۇرتار، ۇلتىن، قاۋىمىن، مەملەكەتىن دە قۇرتادى، دەمەك، جامان ءىس ىستەسەڭىز، بۇل جامان نارسە جان-جاققا تارايدى. كادىمگى سۋداعى لاس نارسەنى ايتالىق، ماسەلەن، ەگەر ءبىر تامشى ماشينا مايىن ءبىر شەلەك سۋعا تامىزساڭىز، سۋدان ونىڭ ءدامىن سەزەسىز، ول جاقسى ەمەس، ءبىراق قاتتى شولدەسەڭىز، ونى دا ىشەرسىز، ال ادەتتە ونى ەشكىم ىشپەيدى. سوندىقتان، كىم جامان ءىس ىستەسە، باسقالار دا ونى ىستەيتىن بولادى، دەمەك، شەلەكتەگى ءبىر تامشى ەكى تامشى بولادى، ۇشىنشىسىمەن ءۇش تامشى بولادى، مۇمكىن ونى ىشە بەرەرسىز، ءبىراق 5، 6، 10 تامشى تامىزعان سوڭ، بۇل لاستانعان سۋدى اۋىزعا سالا المايسىز.
مىنە بۇل ادامدار جامان ءىس ىستەگەندە بولاتىن جاعداي، ول سولاي بولار، پايعامبارىمىز ﷺ ايتىپ وتكەندەي، ەگەر بىرەۋلەر جامان ءىس ىستەسە، جانە وعان ەل-جۇرت ەرسە، وندا ولار وزدەرىنە ەرگەن، وزدەرىنەن جامان ءىس ۇيرەنگەن ءاربىر ەر-ايەلدىڭ يا كەزكەلگەن ادامنىڭ كۇناسىن ارقالاپ الاتىن بولادى، ولار ءاربىر ادام ءۇشىن جازالانادى. دەمەك، ولار ءۇشىن جازا ەسەلەنەدى، ەگەر ءۇش ادام ولاردان ۇيرەنىپ، جامان جول كورسەتسە، ولارعا ءۇش ەسە جازا بەرىلەر، سوندىقتان ەل-جۇرتتى، جاماعاتتى، قوعامدى تازا ساقتاۋ اسا ماڭىزدى بولماق. ەگەر ءبىر تامشىسى بۇل ارادان، تاعى ءبىر تامشىسى باسقا ءبىر جەردەن، انا-مىنادان كەلە بەرسە، ارتىندا بۇكىل جاماعات، بۇكىل قوعام بۇزىلادى، جاماندىقتا قالادى، يگىلىك بولمايدى، ولار تەك ايتىسادى، تارتىسادى، سوعىسادى، مازاسىزدىقتا قالادى، ولار قۋانىپ بىرگە جۇرە المايدى، وتباسىمەن، كورشىسىمەن، يا كەزكەلگەن اداممەن جاقسى بولا المايدى.
سوندىقتان ءار ادام وزگەلەرگە ىستەگەن ءىسىن ءبىلسىن، جانە ونىڭ نەندەي ناتيجە اكەلەتىنىن ءبىلسىن، ءقازىر راسىندا سۇركەيلى زامان، پايعامبارىمىز، «إذَا ابتُليتم بِالْمَعَاصِي فاسْتَتِروا» ياعني «ەگەر كۇنا ىستەپ قويساڭ، ونى جاسىر» دەيدى. دەمەك، كۇنا يا جامان ءىس ىستەسەڭىز، ول ءبىر بالە بولار، ول سىزگە جاقسى ەمەس، ءبىراق ول بولدى دەلىك، سول كەزدە ونى ايتپاڭىز، ونى قوعامعا تاراتپاڭىز، ادامدارعا ايتپاڭىز، ونى وزىڭىزگە ساقتاڭىز. «بۇل ءبىر بالە بولدى عوي، اللا مەنى كەشىرگەي» دەڭىز، ونى تاراتپاڭىز، ال ونى تاراتقان كەزدە، ءتىپتى ۇلكەن كۇنا جاساعان بولاسىز، سەبەبى سىزگە ەرەتىن بىرەۋلەر شىعادى. ءتىپتى ولار سىزگە ەرمەسە دە، «جارايدى، نە ىستەرمىز، ءبىز وعان جاۋاپتى ەمەس» دەپ، ولار بۇل كۇنانى قالىپتى ءىس سياقتى كورەتىن بولادى، ودان ول قالىپتى نارسەگە اينالىپ، ولار ونى اركىم ىستەۋگە بولاتىن ەتەدى، ال وسى جاعداي بۇكىل جاماعاتتى، قوعامدى، وتباسىن، ياعني بۇكىل بارلىعىن بۇزاتىن بولادى.
ءقازىر باقىتسىزدىققا وراي، ءار جەردە وسىلاي بولىپ كەتتى، ونى وسى سولتۇستىكتەگىلەر، ياعني وسىنداعىلار دا بىزگە كوپ ايتادى، ەڭ كورنەكى ماسەلە شەگىمدىك ماسەلەسى، ولار، «ۇلىم شەگىمدىك ىستەتۋدە» دەر. بۇگىن تۇركيالىق ءبىر ايەل كەلدى، ول ءبىرىنشى ۇلىنىڭ فوتوسىن كورسەتىپ، وندا ءبىر ماسەلە بار ەكەندىگىن ايتتى، ودان سوڭ ول تاعى ءبىر فوتو كورسەتتى، ولاردى ءبىر ادام ەكەن دەپ قالىپپىن. سودان ول، «جوق، ولاردىڭ بارلىعى ۋلى شەگىمدىك تارتادى» دەپ ايتتى، بۇل ءىس وتە جامان ءىس، سەبەبى ولار ءبىرىن-ءبىرى كورىپ، ءوزارا ەلىكتەيدى. ولار، «ول بۇنى ىستەدى، مەن دە ونى ىستەيمىن، ماسەلە جوق، باۋىرىم ىستەدى، دوسىم ىستەدى، تۋىستارىم ىستەدى، بارلىعى سونى ىستەپ جاتىر، سوندا ول جامان ءىس ەمەس، ونى ءبىز دە ىستەسەك بولار» دەيدى. ال ءقازىر جاعداي بۇدان دا جامان، بۇنى ءبىز ءاردايىم ايتىپ كەلەمىز، ول نارسە قولداعى وسى ماشينا، ياعني قولفون ەدى، ادامدار ونىمەن كۇللى جاماندىقتى ىستەپ، ونى باسقالارعا لەزدە تاراتۋدا، ودان سوڭ باسقالار كەلىپ، تاعى باسقا بىرەۋلەرگە ونان ارمان جامان سۇمدىقتاردى ىستەتۋدە، قۇلشىنا ۇيرەتۋدە.
سوندىقتان پايعامبارىمىز ﷺ، «ىستەگەن كۇنالى نارسەلەرىڭدى ايتپا» دەيدى، ەگەر ونى جاسىرساڭىز، جانە كەشىرىم سۇراساڭىز، اللا ءاس-ساتتار-ءدۇر، ول ونىڭ ءبىر ەسىمى، ونىڭ ماعىناسى اللا جاسىرادى دەگەندى بىلدىرەدى، دەمەك، ول كۇناڭىزدى جاسىراتىن بولادى. ال ءسىز ونى جاسىرىپ، ەلگە كورسەتپەسەڭىز، قيامەت كۇنى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «بۇل قۇلىم ىستەگەنىنەن ۇيالدى، ول ميليون-ميليارد ادامنىڭ اراسىندا ءجۇزىن تۇسىرگىسى كەلمەدى، ول ءوزىن جاسىردى، مەن ونى جاسىرامىن، ونى ادامدارعا ايتپايمىن» دەيدى، سودان سول كەزدە ونىڭ ءجۇزى تۇسپەيتىن بولادى. بۇل اسا ماڭىزدى شارۋا، ءبىراق وكىنىشكە وراي، مىنا قولداعى تەلەفون ماشينالار ءار ادامنىڭ ءناپسىسىن كۇننەن كۇنگە سەمىرتىپ، تىم ۇلكەيتىپ جاتىر، بۇل ءبىر شارعا ۇقسايدى، ولار ونى ۇرلەپ ۇلكەيتۋدە. بيسميللاحير راحمانير راحيم، «اعْلَمُوا أَنَّمَا الْحَيَاةُ الدُّنْيَا لَعِبٌ وَلَهْوٌ»، ياعني، «بۇل دۇنيەنىڭ ءومىرى ويىن-كۇلكىمەن قىزىق-تاماشا عانا ەكەندىگىن ءبىل» دەلىنەر، قۇران 57ءىنشى سۇرە 20ءىنشى ايات، ساداقاللاحۋلعازيم. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بۇندا بۇل دۇنيە ءومىرى تەك ويىن-كۇلكى، جانە قىزىق-تاماشا عانا ەكەندىگىن ايتادى، ال ءسىز وعان الدانىپ قالماڭىز.
مەن ۇدايى مىنا اڭگىمەنى عيبىرات رەتىندە ايتامىن. بىردە ءبىز امەريكاعا بارعاندا انامدى اپكەمنىڭ قاسىنا اپاردىم، بۇرىن، ارينە ول كەزدە جاسپىز، ول كەزدە ءبىز امەريكانىڭ كينولارىن كورىپ الىپ، «و ماشاللا، امەريكا كەرەمەت، ول نە، بۇل نە» دەيتىن ەدىك. ءبىراق امەريكاعا قونعاندا، مەن ونىڭ قاتتى ۇرلەپ قويعان شار سياقتى وتىرىككە تولى بىردەڭە ەكەندىگىن ءبىلدىم، ولار تىم اسىرا ۇرلەنىپ، ارتىق جارنامالانىپ جىبەرىلگەن ەكەن. سودان باستاپ مەنىڭ امەريكاعا ەش بارعىم كەلمەيدى، ءبىراق، ماشاللا، وندا تاعى دا بارۋىمىز مۇمكىن، سەبەبى وندا كەلۋىمىزدى سۇراعان كوپتەگەن مۇريتتەر بار. ءبىراق ادەتتە، ءومىرىمنىڭ سوڭىنا دەيىن وندا بارعىم كەلمەيدى، مىنە بۇل دۇنيەنىڭ ارتىنا ءتۇسىپ، دۇنيە قۋىپ كەتكەندەر ءۇشىن ماڭىزدى ەسكەرتۋ، دەمەك، دۇنيەگە قاراماڭىز، اللا سۇيگەن، اللا جاقسى كورگەن نارسەگە قاراڭىز، ءناپسىڭىز قالاعان نارسەگە، الدانىش نارسەگە قاراماڭىز. اللا ﷻ ءبىزدى كەشىرگەي، ءقازىر ءبىزدىڭ بارشا جۇرت، كارى-جاس، ەر-ايەل، بالا-شاعا ءۇشىن تىلەيتىن جالعىز تىلەگىمىز سول، اللا ﷻ ولاردى ەسەندىكتە ەتكەي. سەبەبى ءقازىر شايتاننىڭ تۇزاعىنا ءتۇسۋ وتە وڭاي، وعان ءبىزدى ۇستاپ الۋ وتە جەڭىل بولىپ كەتتى، اللا ﷻ ءبىزدى امان ەتكەي، قورعاعاي، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Comments
Post a Comment