Сұхбат: шүкірсіз болсаң, құтың қашады, нығыметтерің азяды (2026.03.22 / Хижри 1447-жыл 03-Шәуал)

 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8751

Сұхбат: шүкірсіз болсаң, құтың қашады, нығыметтерің азяды (2026.03.22 / Хижри 1447-жыл 03-Шәуал)

Исламбол (Станбул), Түркия.



(Lefke, Cyprus, Türkiye, 2026) Бүгін, шүкір-Алла, айттың үшінші күні, ол игілік және береке ішінде өтті, шүкір-Алла, сонау пайғамбарымыз ﷺның кезінен бастап, қазірге дейін көптеген айттар өтті. Олардың барлығы Алла ﷻ жағынан мұсылмандардың игілгі үшін берілді, ал біз Алла берген осы нәрселер үшін шүкір айталық, себебі Алла Әззә уә-Жәллә, «нығымет шүкірлікпен артар» дейді. Қазір адамдарда бәлендей шүкірлік қалмады, нақтылап айтсақ, қазіргілерде ешбір шүкірлік қалмады деуге болады. Егер біреулермен сөйлесе қалсаңыз, олардың шүкірсіз екендігін, ештеңеге қанағат етпейтіндігін бірден байқайсыз. Ал қанағат қалмаған кезде, құт-береке де қалмайды, нығыметтер артпайды, қиныдық көбейеді.


Құт-береке шүкірлікпен артар, ал құт-береке дегеніміз не? ол Алла ﷻдан берілген бір нығымет, ал Алла ның сізге берген нығыметтерінде шек жоқ. Бір әңгіме бар еді, ертеде өте көп құлшылық ететін бір ғұлама өтіпті, ол, «мен құлшылығыма сүйенемін, маған басқа ештеңе керек емес, бәрін керемет істеп қойғам» дейді екен. Ол бір күні түсінде қиямет күнінің келгенін, және өзіне есеп жүрілгенін көреді, оның амалдары таразыға өлшенеді. Сол кезде ол бір көзінің көру нығыметі таразының бір жағына салынғанын, және ол істеген барлық құлшылықтарының тағы бір жағына салынғанын көреді, бірақ оның барша құлшылығы таразыны баса алмайды, шамасы жетпейді.


Міне бұл Алла Әззә уә-Жәлләның берген нығыметінің қандай құнды екендігін білдіреді, бірақ адамдар оның қадірін білмейді, олар ешбір нығыметтің қадірін білмес, олар Аллаға шүкірлік етпейді, ал оларға бірдеңе бола қалса, не істерін білмей естері шығады. Алла ﷻ бізді панасына алғай, міне бұл нығыметтер Алла ﷻдың іззеті еді, олар Алла ﷻдан бізге берілген нығыметтер, Алланың бізге берген барша нығыметтеріне шүкірлік болсын. Сондықтан, пайғамбарымыз ﷺ, «әр күні әр адам Алла берген денесінің 360 мүшесі үшін садақа берсін» дейді, сол кезде сахабалар, «о расулАлла, бізде ондай ақша жоқ, оны қалай істейміз» деп сұрайды.


Ал пайғамбарымыз, «ол ақша беру ғана емес, істеген жақсы ісің де садақа, жолда бір тасты алу да садақа, көшеге қоқсық тастамау да садақа, мұсылман бауырыңа күлімсіреу де садақа» дейді. Ол тағы, «егер бұлар жетпесе, екі ракат дұха намаз өтесең, ол барлығына садақа есебінде жетіп асар» дейді. Сондықтан, осыбір нығыметтер үшін шүкірлік ету де күнделікті берілген садақа екендігін ұмытып қалмауымыз керек. Айтып өткеніміздей, тіпті ақша болмаса да, мұсылман бауырымызға күлімсірген жүзімізді көрсете білелік, ол да садақа. Адамдар жақсы амал істеуі және өзгелерге көмектесуі керек, ал басқа ештеңе істей алмаса, әр күні кемінде екі ракат дұха намаз оқысын, сонда ол бүкіл бір күнгі садақа ретінде есептелінетін болады.


Айтып өткеніміздей, Аллаға шүкірлік ету садақаға жатады, садақа беру Алла ﷻға еткен иманға жатады, олар берілген осыбір нығыметтер үшін мардымсыз болса да солай. Айтып өткеніміздей, біздің алатын қарымжымыз сол, пайғамбарымыз ﷺның шапағаты болмақ, ал кім оның жолына ілессе, ол оның шапағатына ие болады. Егер сіз осыбір ниетті иманыңызбен амалдарыңызға кіргізбесеңіз, амалдарыңыздың құны қалмас, салмағы болмас. Ал егер сіз оны пайғамбарымыздың шапағаты үшін, ол үшін, оның құрметі үшін істесеңіз, сол кішкене ісіңіз сіздің басқа барлық амалдарыңызды басып түсетін болады.


Алла ﷻ барлығымызға осыбір нығыметті ұсынды, ал ең ұлық нығымет иман нығыметі, демек, пайғамбарымыз ﷺның үмбетінен болу аса ұлық нығыметтердің бірі. Алла ﷻ бізді берекелегей, осы қасиетті күндер игілікке жол болғай, және бізді кесірмен нәпсімізден қорғағай, күндеріміз берекеге толғай, иншалла. Балаларымызда иман мол болғай, шүкір-Алла, балалар, және отбасылар қонаққа келіп жатыр, Алла ﷻ оларды қабыл еткей, және олар жамандықтан қорғалғай. Себебі осы замандағы жамандық өте көп, яғни біз тым бұзық заманда өмір сүрудеміз, ал адамдар жамандықтың қайдан келіп жатқанын білмейді. Сондықтан, садақаны немесе екі ракат дұға намазды ұмытып қалмау абсолиотты қажеттілік, Алла ﷻ бізге жәрдем бергей, иншалла.


- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы


#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық

nvrislam.net

instagram.com/nvrislami





سۇحبات: شۇكىرسىز بولساڭ، قۇتىڭ قاشادى، نىعىمەتتەرىڭ ازيادى (2026.03.22 / حيجري 1447-جىل 03-ءشاۋال)

يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.


(Lefke، Cyprus، Türkiye، 2026) بۇگىن، شۇكىر-اللا، ايتتىڭ ءۇشىنشى كۇنى، ول يگىلىك جانە بەرەكە ىشىندە ءوتتى، شۇكىر-اللا، سوناۋ پايعامبارىمىز ﷺنىڭ كەزىنەن باستاپ، قازىرگە دەيىن كوپتەگەن ايتتار ءوتتى. ولاردىڭ بارلىعى اللا ﷻ جاعىنان مۇسىلمانداردىڭ يگىلگى ءۇشىن بەرىلدى، ال ءبىز اللا بەرگەن وسى نارسەلەر ءۇشىن شۇكىر ايتالىق، سەبەبى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «نىعىمەت شۇكىرلىكپەن ارتار» دەيدى. ءقازىر ادامداردا بالەندەي شۇكىرلىك قالمادى، ناقتىلاپ ايتساق، قازىرگىلەردە ەشبىر شۇكىرلىك قالمادى دەۋگە بولادى. ەگەر بىرەۋلەرمەن سويلەسە قالساڭىز، ولاردىڭ شۇكىرسىز ەكەندىگىن، ەشتەڭەگە قاناعات ەتپەيتىندىگىن بىردەن بايقايسىز. ال قاناعات قالماعان كەزدە، قۇت-بەرەكە دە قالمايدى، نىعىمەتتەر ارتپايدى، قينىدىق كوبەيەدى.


قۇت-بەرەكە شۇكىرلىكپەن ارتار، ال قۇت-بەرەكە دەگەنىمىز نە؟ ول اللا ﷻدان بەرىلگەن ءبىر نىعىمەت، ال اللا نىڭ سىزگە بەرگەن نىعىمەتتەرىندە شەك جوق. ءبىر اڭگىمە بار ەدى، ەرتەدە وتە كوپ قۇلشىلىق ەتەتىن ءبىر عۇلاما ءوتىپتى، ول، «مەن قۇلشىلىعىما سۇيەنەمىن، ماعان باسقا ەشتەڭە كەرەك ەمەس، ءبارىن كەرەمەت ىستەپ قويعام» دەيدى ەكەن. ول ءبىر كۇنى تۇسىندە قيامەت كۇنىنىڭ كەلگەنىن، جانە وزىنە ەسەپ جۇرىلگەنىن كورەدى، ونىڭ امالدارى تارازىعا ولشەنەدى. سول كەزدە ول ءبىر كوزىنىڭ كورۋ نىعىمەتى تارازىنىڭ ءبىر جاعىنا سالىنعانىن، جانە ول ىستەگەن بارلىق قۇلشىلىقتارىنىڭ تاعى ءبىر جاعىنا سالىنعانىن كورەدى، ءبىراق ونىڭ بارشا قۇلشىلىعى تارازىنى باسا المايدى، شاماسى جەتپەيدى.


مىنە بۇل اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ بەرگەن نىعىمەتىنىڭ قانداي قۇندى ەكەندىگىن بىلدىرەدى، ءبىراق ادامدار ونىڭ ءقادىرىن بىلمەيدى، ولار ەشبىر نىعىمەتتىڭ ءقادىرىن بىلمەس، ولار اللاعا شۇكىرلىك ەتپەيدى، ال ولارعا بىردەڭە بولا قالسا، نە ىستەرىن بىلمەي ەستەرى شىعادى. اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، مىنە بۇل نىعىمەتتەر اللا ﷻدىڭ ىززەتى ەدى، ولار اللا ﷻدان بىزگە بەرىلگەن نىعىمەتتەر، اللانىڭ بىزگە بەرگەن بارشا نىعىمەتتەرىنە شۇكىرلىك بولسىن. سوندىقتان، پايعامبارىمىز ﷺ، «ءار كۇنى ءار ادام اللا بەرگەن دەنەسىنىڭ 360 مۇشەسى ءۇشىن ساداقا بەرسىن» دەيدى، سول كەزدە ساحابالار، «و راسۋلاللا، بىزدە ونداي اقشا جوق، ونى قالاي ىستەيمىز» دەپ سۇرايدى.


ال پايعامبارىمىز، «ول اقشا بەرۋ عانا ەمەس، ىستەگەن جاقسى ءىسىڭ دە ساداقا، جولدا ءبىر تاستى الۋ دا ساداقا، كوشەگە قوقسىق تاستاماۋ دا ساداقا، مۇسىلمان باۋىرىڭا كۇلىمسىرەۋ دە ساداقا» دەيدى. ول تاعى، «ەگەر بۇلار جەتپەسە، ەكى راكات دۇحا ناماز وتەسەڭ، ول بارلىعىنا ساداقا ەسەبىندە جەتىپ اسار» دەيدى. سوندىقتان، ءوسىبىر نىعىمەتتەر ءۇشىن شۇكىرلىك ەتۋ دە كۇندەلىكتى بەرىلگەن ساداقا ەكەندىگىن ۇمىتىپ قالماۋىمىز كەرەك. ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ءتىپتى اقشا بولماسا دا، مۇسىلمان باۋىرىمىزعا كۇلىمسىرگەن ءجۇزىمىزدى كورسەتە بىلەلىك، ول دا ساداقا. ادامدار جاقسى امال ىستەۋى جانە وزگەلەرگە كومەكتەسۋى كەرەك، ال باسقا ەشتەڭە ىستەي الماسا، ءار كۇنى كەمىندە ەكى راكات دۇحا ناماز وقىسىن، سوندا ول بۇكىل ءبىر كۇنگى ساداقا رەتىندە ەسەپتەلىنەتىن بولادى.


ايتىپ وتكەنىمىزدەي، اللاعا شۇكىرلىك ەتۋ ساداقاعا جاتادى، ساداقا بەرۋ اللا ﷻعا ەتكەن يمانعا جاتادى، ولار بەرىلگەن ءوسىبىر نىعىمەتتەر ءۇشىن ماردىمسىز بولسا دا سولاي. ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ءبىزدىڭ الاتىن قارىمجىمىز سول، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ شاپاعاتى بولماق، ال كىم ونىڭ جولىنا ىلەسسە، ول ونىڭ شاپاعاتىنا يە بولادى. ەگەر ءسىز ءوسىبىر نيەتتى يمانىڭىزبەن امالدارىڭىزعا كىرگىزبەسەڭىز، امالدارىڭىزدىڭ قۇنى قالماس، سالماعى بولماس. ال ەگەر ءسىز ونى پايعامبارىمىزدىڭ شاپاعاتى ءۇشىن، ول ءۇشىن، ونىڭ قۇرمەتى ءۇشىن ىستەسەڭىز، سول كىشكەنە ءىسىڭىز ءسىزدىڭ باسقا بارلىق امالدارىڭىزدى باسىپ تۇسەتىن بولادى.


اللا ﷻ بارلىعىمىزعا ءوسىبىر نىعىمەتتى ۇسىندى، ال ەڭ ۇلىق نىعىمەت يمان نىعىمەتى، دەمەك، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ۇمبەتىنەن بولۋ اسا ۇلىق نىعىمەتتەردىڭ ءبىرى. اللا ﷻ ءبىزدى بەرەكەلەگەي، وسى قاسيەتتى كۇندەر يگىلىككە جول بولعاي، جانە ءبىزدى كەسىرمەن ناپسىمىزدەن قورعاعاي، كۇندەرىمىز بەرەكەگە تولعاي، ينشاللا. بالالارىمىزدا يمان مول بولعاي، شۇكىر-اللا، بالالار، جانە وتباسىلار قوناققا كەلىپ جاتىر، اللا ﷻ ولاردى قابىل ەتكەي، جانە ولار جاماندىقتان قورعالعاي. سەبەبى وسى زامانداعى جاماندىق وتە كوپ، ياعني ءبىز تىم بۇزىق زاماندا ءومىر سۇرۋدەمىز، ال ادامدار جاماندىقتىڭ قايدان كەلىپ جاتقانىن بىلمەيدى. سوندىقتان، ساداقانى نەمەسە ەكى راكات دۇعا نامازدى ۇمىتىپ قالماۋ ابسوليوتتى قاجەتتىلىك، اللا ﷻ بىزگە جاردەم بەرگەي، ينشاللا.


- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى


#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق

nvrislam.net

instagram.com/nvrislami

Comments

Popular posts from this blog

Сұхбат: имандағы бауырластық нақты бауырластықтан да маңызды (2025.08.09 / Хижри 1447-жыл 15-Сафар)

Сұхбат: ауру күнәңның кешірілуі үшін де жіберіледі (2024.01.21 / Хижра 1445-жыл 10-режеп)

Сұхбат: Алланың әр нәрседе қарама-қарсы топ жаратудағы хикіметі (2025.06.29 / Хижри 1447-жыл 04-Мұхаррам)