Сұхбат: нәсісіне ерген адам ешқашан шын қуана алмайды (2026.03.20 / Хижри 1447-жыл 01-Шәуал)

 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8749

Сұхбат: нәсісіне ерген адам ешқашан шын қуана алмайды (2026.03.20 / Хижри 1447-жыл 01-Шәуал)

Исламбол (Станбул), Түркия.



(Lefke, Cyprus, Türkiye, 2026) Иншалла, бұл бір құтты ораза айт, идал-фитір, ол тәттінің айты, рамазан айтының осындай әдемі есімі бар, ол баршаңызға құтты болғай, бүгін жұма күні, екеуі де біздің қасиетті күндеріміз, сонымен бүгін апталық жұма күніміз, және идал-фитір, яғни ораза айт, олар бірге келді. Ол құтты болғай, берекелі болғай, иншалла, Алла ﷻ барлығымызға жәйлылық сыйлағай, барлық мәселемізге ем бергей, шипа болғай, және біздің тілеген барша жақсылықтарымыз шынға айналғай. Бұл күндер құтты күндер, бұл түн, кеше түн, және бүгін барлығы құтты күндерден, осы күндер - дұға қабыл болатын кездер. Сондықтан, біз оған құрмет көрсетеміз, құлшылығымызды атқарамыз, әрине, оны барлығы істеуде, және айт намаздарын адамдар жақсы біледі.


Кейбір адамдар бір айттан тағы бір айтқа дейін ғана намаз өтейді, басқа кезде намаз өтемейді, бұрын сондай болатын, ал қазір көптеген адамдар бұны да істемейтін болды. Олар жұмадан жұмаға барып, жұма намаз өтеуші еді, қазір ол да жоғалып, тек айт намаз ғана қалды, тіпті жылында бір айттан тағы бір айтқа намаз оқитындар азайып кетті. Олар тым азайып кетті, өте аз қалды, себебі бұрын жұрт айт намазы үшін ерте тұрып, мешітке отбасы, бала-шағасымен баратын. Мешіттер адамға лық толып, олар сонда құлшылық өтейтін, бұл да бір зор береке еді, демек, жылына 1-2 рет болса да адамдардың маңдайы сәждеге тиетін. Жұрт отбасы, бала-шағасымен мешітке баратын, ал олар мешітке барғанда таза күйде болады. Бұл бір әдемі салт-дәстұр еді, ал қазір көптеген адамдар осы жосыннан да құр қалды, бұл бір зор жоғалту, қатты өкінуге тиісті шаруа. Яғни жылына 1-2 рет болса да, мешітке бара алмау өте жаман іс, сонда кімге жаман? оны істемеушіге жаман.


Бірақ басқалар үшін, яғни оны істеп жүргендер үшін, әрине жақсы, мұсылман әркімге жақсылықты қалайды, сондықтан, олар да манағылардың маңдайының сәждеге жылына 1-2 рет болса да тигенін, олардың мешітке баруын қалайды. Ал адамның өмірінде жанынан жұда болған кезде ғана соңғы рет әрі бір рет қана баруы, расында аса зор ұтылыс болмақ, бұл бір зор өкініш. Бұдан асқан өкініш барма, себебі, адам мешітке барған кезде өкініп, тәубе етеді, кешірім сұрайды, Алла ﷻды есіне алады. Әйтпесе, ол қарсылықпен тұғиянда яғни бұзылу ішінде өтер. Тұғиян дегеніміз Алла ﷻға қарсы келушілік, ал осы хәлде жүрген адамдар кейін зор өкініште қалатын болады. Олар осы дүниеде де, ақиретте де өкінеді, олар тынбастан өздеріне өкініш сөздерін айтар, олар, «неге бізге осы нәрселер болуда, тәйірі, не болып жатыр» дейтін болады.


Сондықтан, осыбір қасиетті күндер физикалық және рухани тұрғыда Алла Әззә уә-Жәлләдан берілген бір ұлық сауға, Алла бізді одан құр қалдырмағай, бізді одан үлессіз қалдырмағай. Ал құр қалатындар манағы адамдар, ертеде жастар қарттардан бөлекше еді, яғни біздің жас кезімізде ораза ұстамаған қарттарды көрсек ашуланушы едік. Ал қазір біз ашуланбайтын болдық, бірақ Аллаға дұға етеміз, біз, «олар бізді осыдан құр қалдырды, осыбір әдеміліктен құр қалдырды» дейтінбіз. Қазір біреулер ашық түрде бірдеңе істеп жатады, олар ашық түрде ораза ұстамайды, елдің көзінше тамақ жеп, ойын көрсетеді, және онысын адамға пайдалы істей қылып көрсетеді. Алайда, олар расында құр қалған адамдар, нағыз бейшара адамдар, олар әдемілкті яғни рухани сұлулық ала алмады, оларда рухани сұлулық жоқ, ал адамда рухани сұлулық болмаса, дүниелік сұлулығы түкке жарамас, тіпті ол мына бүкіл дүниеге ие болса да, оған пайда бермес, бәрі бекер болар.


Ақиретті қоя тұралық, бұнысы осы дүниеде де түкке жарамас, ол нәрселер нәпсіңнің әмірінен басқа ештеңе істемес, нәпсіңе ғана қызмет етер, ол кезде, «мен нәпсім маған не айтса, соны істеймін» дерсің. Ал нәпсің, «мынаны істе, көрелік, қаншалық істер екенбіз» дер, одан сен оны істейсің, бірақ ол саған пайда алып келмейді. Одан соң нәпсің тағы, «жоқ, бұл емес, енді мынаны істеп көрелік» дер, ол осылай саған тіпті де жаман нәрселерді көрсететін болады. Және саған, «осыны істе, сонда тіпті де қуанасың, разы боласың» дейді, ал оны істейсің, бірақ ол да жақсы болмас. Одан соң тағы басқа бірдеңе істерсің, іс міне осылай кете береді, басқа ештеңе жоқ, демек, кім нәпсісінің әмірінде болса, ол ешқашан қуана алмайды. Сондықтан, Алла ﷻ бізді нәпсіміздің кесірінен қорғағай, бұл сұмдық пәледен сақтағай. Алла осыбір берекелі күндердің құрметі үшін бізді Өз әмірінен ауытқып кетуден сақтағай, иншалла. Балаларымыз, иншалла, өзге біреулердің сөздерімен әмірлеріне еріп кетпегей, оларға ұқсап қалмағай, оларға еліктемегей. «Олар жақсы өмір өткізуде» деп жүргенде, кейін өкінетіндерден болып қалмағай, иншалла, Алла ﷻ бізді панасында еткей.


- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы


#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық

nvrislam.net

instagram.com/nvrislami




سۇحبات: ناسىسىنە ەرگەن ادام ەشقاشان شىن قۋانا المايدى (2026.03.20 / حيجري 1447-جىل 01-ءشاۋال)

يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.


(Lefke، Cyprus، Türkiye، 2026) ينشاللا، بۇل ءبىر قۇتتى ورازا ايت، يدال-ءفيتىر، ول ءتاتتىنىڭ ايتى، رامازان ايتىنىڭ وسىنداي ادەمى ەسىمى بار، ول بارشاڭىزعا قۇتتى بولعاي، بۇگىن جۇما كۇنى، ەكەۋى دە ءبىزدىڭ قاسيەتتى كۇندەرىمىز، سونىمەن بۇگىن اپتالىق جۇما كۇنىمىز، جانە يدال-ءفيتىر، ياعني ورازا ايت، ولار بىرگە كەلدى. ول قۇتتى بولعاي، بەرەكەلى بولعاي، ينشاللا، اللا ﷻ بارلىعىمىزعا ءجايلىلىق سىيلاعاي، بارلىق ماسەلەمىزگە ەم بەرگەي، شيپا بولعاي، جانە ءبىزدىڭ تىلەگەن بارشا جاقسىلىقتارىمىز شىنعا اينالعاي. بۇل كۇندەر قۇتتى كۇندەر، بۇل ءتۇن، كەشە ءتۇن، جانە بۇگىن بارلىعى قۇتتى كۇندەردەن، وسى كۇندەر - دۇعا قابىل بولاتىن كەزدەر. سوندىقتان، ءبىز وعان قۇرمەت كورسەتەمىز، قۇلشىلىعىمىزدى اتقارامىز، ارينە، ونى بارلىعى ىستەۋدە، جانە ايت نامازدارىن ادامدار جاقسى بىلەدى.


كەيبىر ادامدار ءبىر ايتتان تاعى ءبىر ايتقا دەيىن عانا ناماز وتەيدى، باسقا كەزدە ناماز وتەمەيدى، بۇرىن سونداي بولاتىن، ال ءقازىر كوپتەگەن ادامدار بۇنى دا ىستەمەيتىن بولدى. ولار جۇمادان جۇماعا بارىپ، جۇما ناماز وتەۋشى ەدى، ءقازىر ول دا جوعالىپ، تەك ايت ناماز عانا قالدى، ءتىپتى جىلىندا ءبىر ايتتان تاعى ءبىر ايتقا ناماز وقيتىندار ازايىپ كەتتى. ولار تىم ازايىپ كەتتى، وتە از قالدى، سەبەبى بۇرىن جۇرت ايت نامازى ءۇشىن ەرتە تۇرىپ، مەشىتكە وتباسى، بالا-شاعاسىمەن باراتىن. مەشىتتەر ادامعا لىق تولىپ، ولار سوندا قۇلشىلىق وتەيتىن، بۇل دا ءبىر زور بەرەكە ەدى، دەمەك، جىلىنا 1-2 رەت بولسا دا ادامداردىڭ ماڭدايى ساجدەگە تيەتىن. جۇرت وتباسى، بالا-شاعاسىمەن مەشىتكە باراتىن، ال ولار مەشىتكە بارعاندا تازا كۇيدە بولادى. بۇل ءبىر ادەمى سالت-ءداستۇر ەدى، ال ءقازىر كوپتەگەن ادامدار وسى جوسىننان دا قۇر قالدى، بۇل ءبىر زور جوعالتۋ، قاتتى وكىنۋگە ءتيىستى شارۋا. ياعني جىلىنا 1-2 رەت بولسا دا، مەشىتكە بارا الماۋ وتە جامان ءىس، سوندا كىمگە جامان؟ ونى ىستەمەۋشىگە جامان.


ءبىراق باسقالار ءۇشىن، ياعني ونى ىستەپ جۇرگەندەر ءۇشىن، ارينە جاقسى، مۇسىلمان اركىمگە جاقسىلىقتى قالايدى، سوندىقتان، ولار دا ماناعىلاردىڭ ماڭدايىنىڭ ساجدەگە جىلىنا 1-2 رەت بولسا دا تيگەنىن، ولاردىڭ مەشىتكە بارۋىن قالايدى. ال ادامنىڭ ومىرىندە جانىنان جۇدا بولعان كەزدە عانا سوڭعى رەت ءارى ءبىر رەت قانا بارۋى، راسىندا اسا زور ۇتىلىس بولماق، بۇل ءبىر زور وكىنىش. بۇدان اسقان وكىنىش بارما، سەبەبى، ادام مەشىتكە بارعان كەزدە وكىنىپ، تاۋبە ەتەدى، كەشىرىم سۇرايدى، اللا ﷻدى ەسىنە الادى. ايتپەسە، ول قارسىلىقپەن تۇعياندا ياعني بۇزىلۋ ىشىندە وتەر. تۇعيان دەگەنىمىز اللا ﷻعا قارسى كەلۋشىلىك، ال وسى حالدە جۇرگەن ادامدار كەيىن زور وكىنىشتە قالاتىن بولادى. ولار وسى دۇنيەدە دە، اقيرەتتە دە وكىنەدى، ولار تىنباستان وزدەرىنە وكىنىش سوزدەرىن ايتار، ولار، «نەگە بىزگە وسى نارسەلەر بولۋدا، ءتايىرى، نە بولىپ جاتىر» دەيتىن بولادى.


سوندىقتان، ءوسىبىر قاسيەتتى كۇندەر فيزيكالىق جانە رۋحاني تۇرعىدا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان بەرىلگەن ءبىر ۇلىق ساۋعا، اللا ءبىزدى ودان قۇر قالدىرماعاي، ءبىزدى ودان ۇلەسسىز قالدىرماعاي. ال قۇر قالاتىندار ماناعى ادامدار، ەرتەدە جاستار قارتتاردان بولەكشە ەدى، ياعني ءبىزدىڭ جاس كەزىمىزدە ورازا ۇستاماعان قارتتاردى كورسەك اشۋلانۋشى ەدىك. ال ءقازىر ءبىز اشۋلانبايتىن بولدىق، ءبىراق اللاعا دۇعا ەتەمىز، ءبىز، «ولار ءبىزدى وسىدان قۇر قالدىردى، ءوسىبىر ادەمىلىكتەن قۇر قالدىردى» دەيتىنبىز. ءقازىر بىرەۋلەر اشىق تۇردە بىردەڭە ىستەپ جاتادى، ولار اشىق تۇردە ورازا ۇستامايدى، ەلدىڭ كوزىنشە تاماق جەپ، ويىن كورسەتەدى، جانە ونىسىن ادامعا پايدالى ىستەي قىلىپ كورسەتەدى. الايدا، ولار راسىندا قۇر قالعان ادامدار، ناعىز بەيشارا ادامدار، ولار ادەمىلكتى ياعني رۋحاني سۇلۋلىق الا المادى، ولاردا رۋحاني سۇلۋلىق جوق، ال ادامدا رۋحاني سۇلۋلىق بولماسا، دۇنيەلىك سۇلۋلىعى تۇككە جاراماس، ءتىپتى ول مىنا بۇكىل دۇنيەگە يە بولسا دا، وعان پايدا بەرمەس، ءبارى بەكەر بولار.


اقيرەتتى قويا تۇرالىق، بۇنىسى وسى دۇنيەدە دە تۇككە جاراماس، ول نارسەلەر ءناپسىڭنىڭ امىرىنەن باسقا ەشتەڭە ىستەمەس، ناپسىڭە عانا قىزمەت ەتەر، ول كەزدە، «مەن ءناپسىم ماعان نە ايتسا، سونى ىستەيمىن» دەرسىڭ. ال ءناپسىڭ، «مىنانى ىستە، كورەلىك، قانشالىق ىستەر ەكەنبىز» دەر، ودان سەن ونى ىستەيسىڭ، ءبىراق ول ساعان پايدا الىپ كەلمەيدى. ودان سوڭ ءناپسىڭ تاعى، «جوق، بۇل ەمەس، ەندى مىنانى ىستەپ كورەلىك» دەر، ول وسىلاي ساعان ءتىپتى دە جامان نارسەلەردى كورسەتەتىن بولادى. جانە ساعان، «وسىنى ىستە، سوندا ءتىپتى دە قۋاناسىڭ، رازى بولاسىڭ» دەيدى، ال ونى ىستەيسىڭ، ءبىراق ول دا جاقسى بولماس. ودان سوڭ تاعى باسقا بىردەڭە ىستەرسىڭ، ءىس مىنە وسىلاي كەتە بەرەدى، باسقا ەشتەڭە جوق، دەمەك، كىم ءناپسىسىنىڭ امىرىندە بولسا، ول ەشقاشان قۋانا المايدى. سوندىقتان، اللا ﷻ ءبىزدى ءناپسىمىزدىڭ كەسىرىنەن قورعاعاي، بۇل سۇمدىق پالەدەن ساقتاعاي. اللا ءوسىبىر بەرەكەلى كۇندەردىڭ قۇرمەتى ءۇشىن ءبىزدى ءوز امىرىنەن اۋىتقىپ كەتۋدەن ساقتاعاي، ينشاللا. بالالارىمىز، ينشاللا، وزگە بىرەۋلەردىڭ سوزدەرىمەن امىرلەرىنە ەرىپ كەتپەگەي، ولارعا ۇقساپ قالماعاي، ولارعا ەلىكتەمەگەي. «ولار جاقسى ءومىر وتكىزۋدە» دەپ جۇرگەندە، كەيىن وكىنەتىندەردەن بولىپ قالماعاي، ينشاللا، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىندا ەتكەي.


- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى


#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق

nvrislam.net

instagram.com/nvrislami

Comments

Popular posts from this blog

Сұхбат: имандағы бауырластық нақты бауырластықтан да маңызды (2025.08.09 / Хижри 1447-жыл 15-Сафар)

Сұхбат: ауру күнәңның кешірілуі үшін де жіберіледі (2024.01.21 / Хижра 1445-жыл 10-режеп)

Сұхбат: Алланың әр нәрседе қарама-қарсы топ жаратудағы хикіметі (2025.06.29 / Хижри 1447-жыл 04-Мұхаррам)