Сұхбат: Алла бір өмірдің сауабын бір түнде бере береді (2026.03.16 / Хижри 1447-жыл 27-Рамадан)

 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8745

Сұхбат: Алла бір өмірдің сауабын бір түнде бере береді (2026.03.16 / Хижри 1447-жыл 27-Рамадан)

Исламбол (Станбул), Түркия.



(Lefke, Cyprus, Türkiye, 2026) Бүгін біздің календарда 27інші рамазан, кей жерде 28інші рамазан, демек кей жер үшін ол ұқсамаған күндерде болып тұрады, Алла ﷻ оны берекелі еткей, бізден қабыл еткей, иншалла. Әр жылы адамдар осы 27інші түнді қадір түні санайды, ол - бүгін түн, бүгін кеште болады, ал бүгін 26інші күн, ертең 27інші күн. Қадір түні көбінде осы түнге түскендіктен, мұсылмандар осы түнді құлшылықпен өткізуге тырысады, әрине, бұлар бір әдемі шақтар. Демек, жұртқа осындай ынтамен құлшылық ететін кездер де қажет, ал әрине, Алла олардың ниеттеріне қарай сауап беретін болады, және ол жақсылыққа сеп болады, иншалла.


Ал қадір түні айтып өткеніміздей мың айдан да жақсырақ, сол бір түн бір өмірден де артық, мың ай шамамен 80 жылға тең, ал 80 жыл бір адамның тұтас өмірі, тіпті кейбір адам бұл жасқа да келмейді, ал кейбірі бұдан сәл көп жасайды, әйтеу адамдар осы жастың төңірегінде жасар. Алла Әззә уә-Жәллә құран әзиму-шәнда ештеңенің бос-мәнсіз емес екендігін айтады, онда мыңдаған, милиондаған мағыналар бар. Ал лайлатул-қадір яғни қадір түнінің мағынасы сол, бір адам бір өмірлік құлшылықтың сауабын Алла құдіретімен бір түнде таба алады. Сол үшін біздің ниетіміз осы, Алла ﷻ бізге көптеген қадір түндерін ұстап қалуға нәсіп еткей, және ниетімізге қарай сый-сауаптарын бергей.


Алла Әззә уә-Жәллә, «сұра, Мен беремін» дер, сондықтан қорықпаңыз, бір өмір бойы жинайтын сауапты бір түнде бере алатын Алла ﷻдың бере алмайтын нәрсесі болмайды, ол сөзсіз береді. Ол Өз рұхсатында мың қадір түнін береді, бұндайда адам мың өмірдің сауабын табады, иманы бар адам бұны қабыл етуі, білуі керек, және оған қарсы болмауы керек. Ал түк білмейтіндер барлығына қарсы болар, олар намаз өтесең, «тым көп намаз оқып қойдың» деп, қарсы келер, ал жақсы амал істесең, «тым көп істеп қойдың» дер. Салауат айтсаң да, «олай етпе» дейді, ораза ұстасаң да, «ораза ұстамауың керек, бұған рұхсат жоқ, жетер енді, тым көп ұстама» дер. Демек, игі амал істеуге барынша тосқауыл қойғысы келетін адамдар көп.


Ал сопылық тәриқат ұстанып, мүршит пірімен бірге болатын адам адаспайды, ал мүршит-пірі жоқ адамдар түзу жолда келе жатып та адаса береді, сол үшін мүршит-пірі жоқ көптеген адамдар манағы адамдарға оңай алданады. Содан олар дінін, иманын тастайды, тіпті исламды тастайды, олар, «ол өте қиын нәрсе екен» деп қиындатып, ел-жұртқа оны тастатады, одан қашырады, олар осылай залал әкелер, пайда әкелмес. Сондықтан, әдемі сөйле, жақсы сөйле, Алла Әззә уә-Жәллә қандай жомарт десеңші! барша нығыметтер Оның қолында, ол қалағанынша игілігін береді, Алла Әззә уә-Жәлләның шет-шегарасы жоқ, нығыметтерін санап тауысуға келмейді.


Алла ﷻ осы түндерді берекелі еткей, олар адамзаттың пайдасымен берекесі үшін болғай, ал мына дүние жаратылған әуел бастанақ жәйлы рахаттанып жүретін жер болмаған, қазір де солай. Адамдар, «енді не болмақ» деп сұрайды, көптеген ел, «енді жағдай қандай болмақ» деп сұрай береді. Ал барлығы Алла ﷻдың бұйырғанындай болар, ештеңеден алаң болмаңыз, көңілсіз болмаңыз, мазаңыз кетпесін, себебі сіздегі алаңмен мазасыздық сізге еш жақсылық алып келмейді. Демек, Алла нені әмір етсе, сол іс туылар, сондықтан Алламен бірге болыңыз, сонда жеңіске жетесіз, Алла ﷻ баршамызға осыбір түндердің сауаптарымен берекелерін бізге нәсіп еткей, иншалла. Алла ﷻ оны құтты еткей.


- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы


#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық

nvrislam.net

instagram.com/nvrislami




سۇحبات: اللا ءبىر ءومىردىڭ ساۋابىن ءبىر تۇندە بەرە بەرەدى (2026.03.16 / حيجري 1447-جىل 27-رامادان)

يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.


(Lefke، Cyprus، Türkiye، 2026) بۇگىن ءبىزدىڭ كالەنداردا 27ءىنشى رامازان، كەي جەردە 28ءىنشى رامازان، دەمەك كەي جەر ءۇشىن ول ۇقساماعان كۇندەردە بولىپ تۇرادى، اللا ﷻ ونى بەرەكەلى ەتكەي، بىزدەن قابىل ەتكەي، ينشاللا. ءار جىلى ادامدار وسى 27ءىنشى ءتۇندى ءقادىر ءتۇنى سانايدى، ول - بۇگىن ءتۇن، بۇگىن كەشتە بولادى، ال بۇگىن 26ءىنشى كۇن، ەرتەڭ 27ءىنشى كۇن. ءقادىر ءتۇنى كوبىندە وسى تۇنگە تۇسكەندىكتەن، مۇسىلماندار وسى ءتۇندى قۇلشىلىقپەن وتكىزۋگە تىرىسادى، ارينە، بۇلار ءبىر ادەمى شاقتار. دەمەك، جۇرتقا وسىنداي ىنتامەن قۇلشىلىق ەتەتىن كەزدەر دە قاجەت، ال ارينە، اللا ولاردىڭ نيەتتەرىنە قاراي ساۋاپ بەرەتىن بولادى، جانە ول جاقسىلىققا سەپ بولادى، ينشاللا.


ال ءقادىر ءتۇنى ايتىپ وتكەنىمىزدەي مىڭ ايدان دا جاقسىراق، سول ءبىر ءتۇن ءبىر ومىردەن دە ارتىق، مىڭ اي شامامەن 80 جىلعا تەڭ، ال 80 جىل ءبىر ادامنىڭ تۇتاس ءومىرى، ءتىپتى كەيبىر ادام بۇل جاسقا دا كەلمەيدى، ال كەيبىرى بۇدان ءسال كوپ جاسايدى، ايتەۋ ادامدار وسى جاستىڭ توڭىرەگىندە جاسار. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قۇران ءازيمۋ-ءشاندا ەشتەڭەنىڭ بوس-ءمانسىز ەمەس ەكەندىگىن ايتادى، وندا مىڭداعان، ميليونداعان ماعىنالار بار. ال لايلاتۋل-ءقادىر ياعني ءقادىر ءتۇنىنىڭ ماعىناسى سول، ءبىر ادام ءبىر ومىرلىك قۇلشىلىقتىڭ ساۋابىن اللا قۇدىرەتىمەن ءبىر تۇندە تابا الادى. سول ءۇشىن ءبىزدىڭ نيەتىمىز وسى، اللا ﷻ بىزگە كوپتەگەن ءقادىر تۇندەرىن ۇستاپ قالۋعا ءناسىپ ەتكەي، جانە نيەتىمىزگە قاراي سىي-ساۋاپتارىن بەرگەي.


اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «سۇرا، مەن بەرەمىن» دەر، سوندىقتان قورىقپاڭىز، ءبىر ءومىر بويى جينايتىن ساۋاپتى ءبىر تۇندە بەرە الاتىن اللا ﷻدىڭ بەرە المايتىن نارسەسى بولمايدى، ول ءسوزسىز بەرەدى. ول ءوز رۇحساتىندا مىڭ ءقادىر ءتۇنىن بەرەدى، بۇندايدا ادام مىڭ ءومىردىڭ ساۋابىن تابادى، يمانى بار ادام بۇنى قابىل ەتۋى، ءبىلۋى كەرەك، جانە وعان قارسى بولماۋى كەرەك. ال تۇك بىلمەيتىندەر بارلىعىنا قارسى بولار، ولار ناماز وتەسەڭ، «تىم كوپ ناماز وقىپ قويدىڭ» دەپ، قارسى كەلەر، ال جاقسى امال ىستەسەڭ، «تىم كوپ ىستەپ قويدىڭ» دەر. سالاۋات ايتساڭ دا، «ولاي ەتپە» دەيدى، ورازا ۇستاساڭ دا، «ورازا ۇستاماۋىڭ كەرەك، بۇعان رۇحسات جوق، جەتەر ەندى، تىم كوپ ۇستاما» دەر. دەمەك، يگى امال ىستەۋگە بارىنشا توسقاۋىل قويعىسى كەلەتىن ادامدار كوپ.


ال سوپىلىق ءتاريقات ۇستانىپ، ءمۇرشيت پىرىمەن بىرگە بولاتىن ادام اداسپايدى، ال ءمۇرشيت-ءپىرى جوق ادامدار ءتۇزۋ جولدا كەلە جاتىپ تا اداسا بەرەدى، سول ءۇشىن ءمۇرشيت-ءپىرى جوق كوپتەگەن ادامدار ماناعى ادامدارعا وڭاي الدانادى. سودان ولار ءدىنىن، يمانىن تاستايدى، ءتىپتى يسلامدى تاستايدى، ولار، «ول وتە قيىن نارسە ەكەن» دەپ قيىنداتىپ، ەل-جۇرتقا ونى تاستاتادى، ودان قاشىرادى، ولار وسىلاي زالال اكەلەر، پايدا اكەلمەس. سوندىقتان، ادەمى سويلە، جاقسى سويلە، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قانداي جومارت دەسەڭشى! بارشا نىعىمەتتەر ونىڭ قولىندا، ول قالاعانىنشا يگىلىگىن بەرەدى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ شەت-شەگاراسى جوق، نىعىمەتتەرىن ساناپ تاۋىسۋعا كەلمەيدى.


اللا ﷻ وسى تۇندەردى بەرەكەلى ەتكەي، ولار ادامزاتتىڭ پايداسىمەن بەرەكەسى ءۇشىن بولعاي، ال مىنا دۇنيە جاراتىلعان اۋەل باستاناق ءجايلى راحاتتانىپ جۇرەتىن جەر بولماعان، ءقازىر دە سولاي. ادامدار، «ەندى نە بولماق» دەپ سۇرايدى، كوپتەگەن ەل، «ەندى جاعداي قانداي بولماق» دەپ سۇراي بەرەدى. ال بارلىعى اللا ﷻدىڭ بۇيىرعانىنداي بولار، ەشتەڭەدەن الاڭ بولماڭىز، كوڭىلسىز بولماڭىز، مازاڭىز كەتپەسىن، سەبەبى سىزدەگى الاڭمەن مازاسىزدىق سىزگە ەش جاقسىلىق الىپ كەلمەيدى. دەمەك، اللا نەنى ءامىر ەتسە، سول ءىس تۋىلار، سوندىقتان اللامەن بىرگە بولىڭىز، سوندا جەڭىسكە جەتەسىز، اللا ﷻ بارشامىزعا ءوسىبىر تۇندەردىڭ ساۋاپتارىمەن بەرەكەلەرىن بىزگە ءناسىپ ەتكەي، ينشاللا. اللا ﷻ ونى قۇتتى ەتكەي.


- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى


#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق

nvrislam.net

instagram.com/nvrislami

Comments

Popular posts from this blog

Сұхбат: имандағы бауырластық нақты бауырластықтан да маңызды (2025.08.09 / Хижри 1447-жыл 15-Сафар)

Сұхбат: ауру күнәңның кешірілуі үшін де жіберіледі (2024.01.21 / Хижра 1445-жыл 10-режеп)

Сұхбат: Алланың әр нәрседе қарама-қарсы топ жаратудағы хикіметі (2025.06.29 / Хижри 1447-жыл 04-Мұхаррам)