Сұхбат: жаңа жылда үй безендіру пагандарға еліктеу болмақ (2024.12.16 / Хижра 1446-жыл 15-Жұмада Әл-Тәни)

 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7958

Сұхбат: жаңа жылда үй безендіру пагандарға еліктеу болмақ (2024.12.16 / Хижра 1446-жыл 15-Жұмада Әл-Тәни)

Исламбол (Станбул), Түркия.



(Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Пайғамбарымыз ﷺ «مَنْ تَشَبَّهَ بِقَوْمٍ فَهُوَ مِنْهُمْ» дейді, демек кім қай адамдарға, қай жұртқа еліктесе, ол солардан болмақ, кейде адамдар білместікпен бос нәрселерді істеп жатады, қазір бүкіл ел ұқсас киім киер, бұл басқа тақырып, бірақ бұнда «жаңа жыл» деген сияқты тіпті де бос-қажетсіз нәрселер бар. Соған бола адамдар ана-мына жерді безендіріп әбігер болады, бірақ бұл мүлдем бос, еш пайдасы жоқ нәрсе, ол береке, тыныштық және иманды кетіреді, себебі ол пагандардың яғни бұтқа табынушылардың салты, ол тіпті христандарда да болмаған, ол христандыққа кейін жаңадан қосылды, демек оның христандықпен қатысы жоқ болатын, ал қазір мұсылмандар да ол жәйлы ойланып, солар сияқты бірдеңелерді безендіретін сұмдықты шығарды, оны неге безендіресіз? үйленгелі жатырсыз ба? немесе үйіңіз үйленбек пе? олардың бұл істеп жүргендері ақылға, логикаға сыймайтын нәрселер.


Біз олардың оны әр жылы істейтінін көріп жүрміз, бірақ оны өзін бос нәрсемен әбігер етіп жүргендер істейді, егер онда титтей пайда болса, «жарайды» дер едік, бірақ онда еш пайда жоқ, тек ұтылыс бар, жұрт оны маңызды бірдеңе санап жүр, сол үшін өзге адамдар да оған еліктегісі келуде, демек олар бұл қасиетсіз істі әр жерде істеуде, оның пайдасы не? ол өткен жылды қайтарып әкеле ме? әлде жоғалтып алған күндеріңізді қайтарып әкеле ме? әлде кірген жаңа жылға игілік әкеле ме? мүлдем олай емес! Алла ﷻ адамдарға ақыл және түсінік берген, бірақ олар ақшасын ысырап етіп, бос істерді істеп жүр, тындырғандары міне осы, әсілінде олар бұлай істемеуі керек еді, пайдалы іс істеуі керек, олар манағы бос істерінің орнына мыңдаған жақсы істерді істеуіне болар еді, ісеуге тұрарлық мыңдаған әдемі істер бар, олар осы істермен әбігер болуы тиіс.


Адамдар «өзіңе қара» дер, иә, адамдар өзіне қарауы керек, демек олар істеп жатқан істерінің жақсы немесе жаман екендігіне көз салсын, олар өздерінің бетін я сыртын әдемілеумен қарбалас болмасын, оған қарамасын, бірақ істеп жатқан істерінің пайдалы я пайдасыз екендігіне қарасын. Адамдар ұдайы өздеріне көз салсын, өздерін меңгеріп, нәпсілерін басқара білуі керек, егер адамдар кейбір хайуандарша бір-біріне еліктеп жатса, олармен бірге олар сияқты болуды тіленбесін, олар бұны аңсамау керек. Мәселен, егер қоралы қой ішіндегі бір қой жарға секірсе, қалғандары да оған ілесе жарға секіреді, міне осылай жүз, бес жүз қой бір жолда қырылады, демек манағыларға еліктеу естілік емес, ақымақтық-дүр, малда ақыл жоқ, бірақ бізге Алла ﷻ дан ақыл берілген әрі Алла ﷻ «осы ақылды істете біл» дейді. Алла ﷻ бізге жәрдем бергей, адамдарды ғафилет-немқұрайлылықтан оятқай, ел-жұрт бос-пайдасыз істерден аулақ болғай, иншалла.


Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы


#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam

nvrislam.net

instagram.com/nvrislami




سۇحبات: جاڭا جىلدا ءۇي بەزەندىرۋ پاگاندارعا ەلىكتەۋ بولماق (2024.12.16 / حيجرا 1446-جىل 15-جۇمادا ءال-ءتاني)

يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.


(Türkiye، Istanbul، Akbaba Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) پايعامبارىمىز ﷺ «مَنْ تَشَبَّهَ بِقَوْمٍ فَهُوَ مِنْهُمْ» دەيدى، دەمەك كىم قاي ادامدارعا، قاي جۇرتقا ەلىكتەسە، ول سولاردان بولماق، كەيدە ادامدار بىلمەستىكپەن بوس نارسەلەردى ىستەپ جاتادى، ءقازىر بۇكىل ەل ۇقساس كيىم كيەر، بۇل باسقا تاقىرىپ، ءبىراق بۇندا «جاڭا جىل» دەگەن سياقتى ءتىپتى دە بوس-قاجەتسىز نارسەلەر بار. سوعان بولا ادامدار انا-مىنا جەردى بەزەندىرىپ ابىگەر بولادى، ءبىراق بۇل مۇلدەم بوس، ەش پايداسى جوق نارسە، ول بەرەكە، تىنىشتىق جانە يماندى كەتىرەدى، سەبەبى ول پاگانداردىڭ ياعني بۇتقا تابىنۋشىلاردىڭ سالتى، ول ءتىپتى حريستانداردا دا بولماعان، ول حريستاندىققا كەيىن جاڭادان قوسىلدى، دەمەك ونىڭ حريستاندىقپەن قاتىسى جوق بولاتىن، ال ءقازىر مۇسىلماندار دا ول ءجايلى ويلانىپ، سولار سياقتى بىردەڭەلەردى بەزەندىرەتىن سۇمدىقتى شىعاردى، ونى نەگە بەزەندىرەسىز؟ ۇيلەنگەلى جاتىرسىز با؟ نەمەسە ءۇيىڭىز ۇيلەنبەك پە؟ ولاردىڭ بۇل ىستەپ جۇرگەندەرى اقىلعا، لوگيكاعا سىيمايتىن نارسەلەر.


ءبىز ولاردىڭ ونى ءار جىلى ىستەيتىنىن كورىپ ءجۇرمىز، ءبىراق ونى ءوزىن بوس نارسەمەن ابىگەر ەتىپ جۇرگەندەر ىستەيدى، ەگەر وندا تيتتەي پايدا بولسا، «جارايدى» دەر ەدىك، ءبىراق وندا ەش پايدا جوق، تەك ۇتىلىس بار، جۇرت ونى ماڭىزدى بىردەڭە ساناپ ءجۇر، سول ءۇشىن وزگە ادامدار دا وعان ەلىكتەگىسى كەلۋدە، دەمەك ولار بۇل قاسيەتسىز ءىستى ءار جەردە ىستەۋدە، ونىڭ پايداسى نە؟ ول وتكەن جىلدى قايتارىپ اكەلە مە؟ الدە جوعالتىپ العان كۇندەرىڭىزدى قايتارىپ اكەلە مە؟ الدە كىرگەن جاڭا جىلعا يگىلىك اكەلە مە؟ مۇلدەم ولاي ەمەس! اللا ﷻ ادامدارعا اقىل جانە تۇسىنىك بەرگەن، ءبىراق ولار اقشاسىن ىسىراپ ەتىپ، بوس ىستەردى ىستەپ ءجۇر، تىندىرعاندارى مىنە وسى، اسىلىندە ولار بۇلاي ىستەمەۋى كەرەك ەدى، پايدالى ءىس ىستەۋى كەرەك، ولار ماناعى بوس ىستەرىنىڭ ورنىنا مىڭداعان جاقسى ىستەردى ىستەۋىنە بولار ەدى، ىسەۋگە تۇرارلىق مىڭداعان ادەمى ىستەر بار، ولار وسى ىستەرمەن ابىگەر بولۋى ءتيىس.


ادامدار «وزىڭە قارا» دەر، ءيا، ادامدار وزىنە قاراۋى كەرەك، دەمەك ولار ىستەپ جاتقان ىستەرىنىڭ جاقسى نەمەسە جامان ەكەندىگىنە كوز سالسىن، ولار وزدەرىنىڭ بەتىن يا سىرتىن ادەمىلەۋمەن قاربالاس بولماسىن، وعان قاراماسىن، ءبىراق ىستەپ جاتقان ىستەرىنىڭ پايدالى يا پايداسىز ەكەندىگىنە قاراسىن. ادامدار ۇدايى وزدەرىنە كوز سالسىن، وزدەرىن مەڭگەرىپ، ناپسىلەرىن باسقارا ءبىلۋى كەرەك، ەگەر ادامدار كەيبىر حايۋاندارشا ءبىر-بىرىنە ەلىكتەپ جاتسا، ولارمەن بىرگە ولار سياقتى بولۋدى تىلەنبەسىن، ولار بۇنى اڭساماۋ كەرەك. ماسەلەن، ەگەر قورالى قوي ىشىندەگى ءبىر قوي جارعا سەكىرسە، قالعاندارى دا وعان ىلەسە جارعا سەكىرەدى، مىنە وسىلاي ءجۇز، بەس ءجۇز قوي ءبىر جولدا قىرىلادى، دەمەك ماناعىلارعا ەلىكتەۋ ەستىلىك ەمەس، اقىماقتىق-ءدۇر، مالدا اقىل جوق، ءبىراق بىزگە اللا ﷻ دان اقىل بەرىلگەن ءارى اللا ﷻ «وسى اقىلدى ىستەتە ءبىل» دەيدى. اللا ﷻ بىزگە جاردەم بەرگەي، ادامداردى عافيلەت-نەمقۇرايلىلىقتان وياتقاي، ەل-جۇرت بوس-پايداسىز ىستەردەن اۋلاق بولعاي، ينشاللا.


ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى


#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam

nvrislam.net

instagram.com/nvrislami

Comments

Popular posts from this blog

Сұхбат: Алла өзіңді адасқандардан етпегені үшін шүкір ет (2025.01.01 / Хижра 1446-жыл 01-Ражаб)

Сұхбат: адам баласы тым әлсіз, олар Алла рұхсатымен ғана күшті (2025.01.30 / Хижра 1446-жыл 30-Ражаб)

Сұхбат: миғраж түн сапары нақты болған іс, ол түс емес (2025.01.24 / Хижра 1446-жыл 24-Ражаб)