АЛЛАНЫҢ ШЕКСІЗ ӘЛЕМДЕРІН "ТАБАҚПЕН" ТАНИ АЛМАЙСЫҢ

АЛЛАНЫҢ ШЕКСІЗ ӘЛЕМДЕРІН "ТАБАҚПЕН" ТАНИ АЛМАЙСЫҢ
Қазіргі адамдар, Аллаға қарсылар табақ сияқты бірдеңесін (зымыран, ракета, жасанды жер серігі) аспанға ұшырып, Алланың жаратқан әлемін зерттемекші болады, мәселен, кішкентай құмырсқаға мініп, жер шарын аралап, оның сырын ашуға бола ма? жоқ, құмырсқа бір аттам жерді әзер көрер, судан өте алмас, сол сияқты, манағы табақ ұшырып жүргендердің тірлігі құмырсқаға мініп, дүниенің сырын ашпақшы болғанға ұқсар, Алланың шексіз әлемін табақпен қалай білмекші! оған тәнмен ми қуаты жетпес, рухани күш керек, ол шексіз әлемдерді жүрекпен, рухпен көруге, аралауға болады, әулиелер үшін әлемді аралау ештеңе емес, олар үшін ол жәй ермекке жатады, еш қызық емес, сондықтан олар бұл жайлы көп айтпайды, жүрек сондай құдіретті нәрсе, оған әлем түгілі Алла сыяды, себебі Алла "Мен шексіз әлемге сыймаймын, бірақ мүминнің жүрегіне сыямын" дейді, жүрек көзі ашылғандар, қаласа аршы-күрсіні, лаухул махфузды көре алады, демек олар барлығын көре алады, перде артындағыны да көреді, олардан ештеңе жасырына алмайды, Алла достары әулиелерге Өзінің Рабтық, Раббанилық қасиетінен үлес береді, сондықтан оларға ештеңе тең келмес, кейбір әулиелер тәнімен адамдар арасында жүргенімен, рухани күйде пайғамбарымызбен, барзақта әруақтармен бірге жүреді, аршы-күрсі де жүреді, демек Алланың шексіз әлемін мимен "жаулауға" келмейді, ми тым шекті нәрсе, ол мәлім шекке барғанда, қаруқарсыз қалады, бірақ ол әлемге жүрекпен кіруге болады, шексіз әлемнің ішінде көптеген перделер бар, кейбір жерінде періштелер күзетте отырады, одан тек рұхсатпен өтеді, адам тәнімен миы тым арзан нәрсе, ол топырақтан жаратылған, тым шектеулі нәрселерді ғана істей алады, адамның шын құны оның жүрегімен рухында, олардың қуаты да аса зор, олар ақылдан биік, олар ой-сана, ақыл жетпейтін жерлерге жетеді.

- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ

اللانىڭ شەكسىز الەمدەرىن "تاباقپەن" تاني المايسىڭ

قازىرگى ادامدار، اللاعا قارسىلار تاباق سياقتى بىردەڭەسىن (زىمىران، راكەتا، جاساندى جەر سەرىگى) اسپانعا ۇشىرىپ، اللانىڭ جاراتقان الەمىن زەرتتەمەكشى بولادى، ماسەلەن، كىشكەنتاي قۇمىرسقاعا ءمىنىپ، جەر شارىن ارالاپ، ونىڭ سىرىن اشۋعا بولا ما؟ جوق، قۇمىرسقا ءبىر اتتام جەردى ازەر كورەر، سۋدان وتە الماس، سول سياقتى، ماناعى تاباق ۇشىرىپ جۇرگەندەردىڭ تىرلىگى قۇمىرسقاعا ءمىنىپ، دۇنيەنىڭ سىرىن اشپاقشى بولعانعا ۇقسار، اللانىڭ شەكسىز الەمىن تاباقپەن قالاي بىلمەكشى! وعان تانمەن مي قۋاتى جەتپەس، رۋحاني كۇش كەرەك، ول شەكسىز الەمدەردى جۇرەكپەن، رۋحپەن كورۋگە، ارالاۋعا بولادى، اۋليەلەر ءۇشىن الەمدى ارالاۋ ەشتەڭە ەمەس، ولار ءۇشىن ول ءجاي ەرمەككە جاتادى، ەش قىزىق ەمەس، سوندىقتان ولار بۇل جايلى كوپ ايتپايدى، جۇرەك سونداي قۇدىرەتتى نارسە، وعان الەم تۇگىلى اللا سىيادى، سەبەبى اللا "مەن شەكسىز الەمگە سىيمايمىن، ءبىراق ءمۇميننىڭ جۇرەگىنە سىيامىن" دەيدى، جۇرەك كوزى اشىلعاندار، قالاسا ارشى-كۇرسىنى، لاۋحۋل ماحفۋزدى كورە الادى، دەمەك ولار بارلىعىن كورە الادى، پەردە ارتىنداعىنى دا كورەدى، ولاردان ەشتەڭە جاسىرىنا المايدى، اللا دوستارى اۋليەلەرگە ءوزىنىڭ رابتىق، راببانيلىق قاسيەتىنەن ۇلەس بەرەدى، سوندىقتان ولارعا ەشتەڭە تەڭ كەلمەس، كەيبىر اۋليەلەر تانىمەن ادامدار اراسىندا جۇرگەنىمەن، رۋحاني كۇيدە پايعامبارىمىزبەن، بارزاقتا ارۋاقتارمەن بىرگە جۇرەدى، ارشى-كۇرسى دە جۇرەدى، دەمەك اللانىڭ شەكسىز الەمىن ميمەن "جاۋلاۋعا" كەلمەيدى، مي تىم شەكتى نارسە، ول ءمالىم شەككە بارعاندا، قارۋقارسىز قالادى، ءبىراق ول الەمگە جۇرەكپەن كىرۋگە بولادى، شەكسىز الەمنىڭ ىشىندە كوپتەگەن پەردەلەر بار، كەيبىر جەرىندە پەرىشتەلەر كۇزەتتە وتىرادى، ودان تەك رۇحساتپەن وتەدى، ادام تانىمەن ميى تىم ارزان نارسە، ول توپىراقتان جاراتىلعان، تىم شەكتەۋلى نارسەلەردى عانا ىستەي الادى، ادامنىڭ شىن قۇنى ونىڭ جۇرەگىمەن رۋحىندا، ولاردىڭ قۋاتى دا اسا زور، ولار اقىلدان بيىك، ولار وي-سانا، اقىل جەتپەيتىن جەرلەرگە جەتەدى.

- ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە

 #қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Comments

Popular posts from this blog

Сұхбат: Алла өзіңді адасқандардан етпегені үшін шүкір ет (2025.01.01 / Хижра 1446-жыл 01-Ражаб)

Сұхбат: адам баласы тым әлсіз, олар Алла рұхсатымен ғана күшті (2025.01.30 / Хижра 1446-жыл 30-Ражаб)

Сұхбат: миғраж түн сапары нақты болған іс, ол түс емес (2025.01.24 / Хижра 1446-жыл 24-Ражаб)