ЕЛЕСКЕ БЕРІЛГЕН ЖАС ЖІГІТПЕН ИФРИТ ЖЫН

ЕЛЕСКЕ БЕРІЛГЕН ЖАС ЖІГІТПЕН ИФРИТ ЖЫН
Мәлім әулиеге бір жас жігіт мүрит болды, алайда ол жігіт сан түрлі елестерге беріліп, нәпсісін семірте бастады, осы себепті ол жігітті күшті жыннан болған бір шайтан айналдырып, бүлік салмақ болды, ал әулие пірі оның бар хәлін анық білетін еді, бір күні жігіт піріне "жуықтан бері түнде құдайдың құлағын ұстап жүрмін" дейді, ал пірі болса оған "дәл сол құлақты ұстаған кезде, оны кесіп алып, маған әкел" дейді, жігіт бір күні түнде аталмыш құлақты ұстайды, ол оны кесіп қалғаны сол екен, жерге оңбай құлап түседі, бет-ауызы қан болады, ол елесінен оянып, бажайлап қараса есек қорада жатыр екен, сүйтсе оны жыннан болған серігі түнде айналдырып ұшырып, әбден есіртеді екен, онан соң "құдайға кездесеміз" деп, оны есек қораға апарады екен, соңында "құдайдың құлағын ұстаймыз" деп есектің құлағын бір сипатып, үйиіне қайта ұшырып апарып қойып жүріпті, ол кейін қателігін танып, тәубе етеді, пірі оның ісіне күлді, жігіт содан кейін елесін тастап, піріне шындап құлақ аса бастайды.

ەلەسكە بەرىلگەن جاس جىگىتپەن يفريت جىن

ءمالىم اۋليەگە ءبىر جاس جىگىت ءمۇريت بولدى، الايدا ول جىگىت سان ءتۇرلى ەلەستەرگە بەرىلىپ، ءناپسىسىن سەمىرتە باستادى، وسى سەبەپتى ول جىگىتتى كۇشتى جىننان بولعان ءبىر شايتان اينالدىرىپ، بۇلىك سالماق بولدى، ال اۋليە ءپىرى ونىڭ بار ءحالىن انىق بىلەتىن ەدى، ءبىر كۇنى جىگىت پىرىنە "جۋىقتان بەرى تۇندە قۇدايدىڭ قۇلاعىن ۇستاپ ءجۇرمىن" دەيدى، ال ءپىرى بولسا وعان "ءدال سول قۇلاقتى ۇستاعان كەزدە، ونى كەسىپ الىپ، ماعان اكەل" دەيدى، جىگىت ءبىر كۇنى تۇندە اتالمىش قۇلاقتى ۇستايدى، ول ونى كەسىپ قالعانى سول ەكەن، جەرگە وڭباي قۇلاپ تۇسەدى، بەت-اۋىزى قان بولادى، ول ەلەسىنەن ويانىپ، باجايلاپ قاراسا ەسەك قورادا جاتىر ەكەن، سۇيتسە ونى جىننان بولعان سەرىگى تۇندە اينالدىرىپ ۇشىرىپ، ابدەن ەسىرتەدى ەكەن، ونان سوڭ "قۇدايعا كەزدەسەمىز" دەپ، ونى ەسەك قوراعا اپارادى ەكەن، سوڭىندا "قۇدايدىڭ قۇلاعىن ۇستايمىز" دەپ ەسەكتىڭ قۇلاعىن ءبىر سيپاتىپ، ۇيىنە قايتا ۇشىرىپ اپارىپ قويىپ ءجۇرىپتى، ول كەيىن قاتەلىگىن تانىپ، تاۋبە ەتەدى، ءپىرى ونىڭ ىسىنە كۇلدى، جىگىت سودان كەيىن ەلەسىن تاستاپ، پىرىنە شىنداپ قۇلاق اسا باستايدى. 

#қазақ #тәриқат #салауат #дана #әулие #ілім #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #адамгершілік #иман #балалар #шәриғат #салт #дәстүр #Қазақстан #жаңалықъ #maulana #rumi #руми #мәуләна #яссуи #күн #нақыл #пайғамбар #мұхаммад #махаббат nvrislam.net fb.com/tanirtaw instagram.com/tanirtaw

Comments

Popular posts from this blog

Сұхбат: Алла өзіңді адасқандардан етпегені үшін шүкір ет (2025.01.01 / Хижра 1446-жыл 01-Ражаб)

Сұхбат: адам баласы тым әлсіз, олар Алла рұхсатымен ғана күшті (2025.01.30 / Хижра 1446-жыл 30-Ражаб)

Сұхбат: миғраж түн сапары нақты болған іс, ол түс емес (2025.01.24 / Хижра 1446-жыл 24-Ражаб)