Posts

Showing posts from August, 2025

Сұхбат: жынмен сиқырдан да қауіпті нәрселер қаптаған заман (2025.08.07 / Хижри 1447-жыл 13-Сафар)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8338 Сұхбат: жынмен сиқырдан да қауіпті нәрселер қаптаған заман (2025.08.07 / Хижри 1447-жыл 13-Сафар) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «وَأَنَّهُۥ كَانَ رِجَالٌ مِّنَ ٱلْإِنسِ يَعُوذُونَ بِرِجَالٍ مِّنَ ٱلْجِنِّ فَزَادُوهُمْ رَهَقًا» (және адамдардың арасында жыннан пана тілегендер бар, ал олардың жүгі онан арман ауырлай түсер) (құран 72:06), садақал лахул ғазим. Біз бұнда адам және жын арасындағы байланыс туралы айтып жатырмыз, көптеген істер болуда, мәселен, қазір біз өмір сүріп отырған осы заманда мәлім топтағы адамдар бар болып, олар біреуді көрсе, «сенде жын бар, саған сиқыр жасалған» деп, елді алжастыруда. Алайда, олар айтқан бұл жағдай адамдарда бола бермейді, олар оны көре алмайды, ол көрілмейді, бұндай іс тым сирек туылады. Әрине, жындардың адамға кіріп, оларды мазалауы өте сирек кездесетін жағдай, бірақ бұл іс туылса, ол оларға соққы болып тиеді, себ...

Сұхбат: сайын жатқан таулардың да өзіндік хикіметтері бар (2025.08.06 / Хижри 1447-жыл 12-Сафар)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8336 Сұхбат: сайын жатқан таулардың да өзіндік хикіметтері бар (2025.08.06 / Хижри 1447-жыл 12-Сафар) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Сіз әулиелерге зиярат жасағанда, сол киелі жандардың химмасы-берекесі қасыңызда болады, оларды зиярат еткеніміз үшін шүкір-Алла. Біз ыстанбулдың сыртына шығып, 3-4 күн бойы әулиелерді, киелі жандарды зиярат етіп келдік, және бұнымыз бауырлардан алыс кетіп, біраз халуа (яғни оқшаулану) жасауға ұқсады. Бірақ кейде бұлар адамдар үшін, тафаккур ету үшін қажетті болмақ, көптеген әулиелер тау басында тұрған, олардың қабырларымен мақамдары да сонда. Таулардың өзіндік бір хикіметі бар, демек таулар маңызды, олар дүние және иман үшін бірдей маңызды. Уахи түсіп, хабар келуден бұрын пайғамбарымыз ﷺда хира үңгірінде болды, ол үңгір тұрған тау яғни Жабал-Нұр Меккеге қарап тұратын тау еді, пайғамбарымыз ﷺ сонда құлшылық етті. Кейде адамдар осы таулардың төбесіне барып, ...

Сұхбат: қазір жақсыны жаман, жаманды жақсы көрсеткен заман (2025.08.02 / Хижри 1447-жыл 08-Сафар)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8334 Сұхбат: қазір жақсыны жаман, жаманды жақсы көрсеткен заман (2025.08.02 / Хижри 1447-жыл 08-Сафар) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) «ھمة الرجال تقلع الجبال» яғни «химмасы бар адамдар тауды да қозғалтар» деген бір құтты сөз бар, демек оларға ештеңе қарсы келе алмайды, егер бір адам осыны істегісі келсе, Алла ﷻдың рұхсатында ол оны істей алады. Бірақ олар жақсы іс, ізгі амал істеуі керек, ал адамдар болса, жаман іс істеуді оңай, жақсы ісі істеуді қиын көреді, не үшін? себебі біреу жақсы бірдеңе істемекші болса, оған шайтан кедергі жасайды, оған қоса өзінің нәпсісі кедергі жасайды. Дүниенің қазіргі хәлі міне осындай, олар жақсылықтан тосады, оны жаман нәрсе көреді, ал жаман нәрсе жәйлы қарсы ештеңе айта алмайсыз, оған «ол жаман» дей алмайсыз. Бұл демде болатын істер, себебі адамдар жаман нәрселермен бірге болып алған, олар кесірді жақсы нәрсе ретінде таныстырады, және оған сенеді. Ал кей...

Сұхбат: иманыңды күшейткің келсе, пайғамбарымызды сүй, құрметте, мадақта (2025.08.01 / Хижри 1447-жыл 07-Сафар)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8333 Сұхбат: иманыңды күшейткің келсе, пайғамбарымызды сүй, құрметте, мадақта (2025.08.01 / Хижри 1447-жыл 07-Сафар) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّبِىُّ إِنَّآ أَرْسَلْنَـٰكَ شَـٰهِدًۭا وَمُبَشِّرًۭا وَنَذِيرًۭا , وَدَاعِيًا إِلَى ٱللَّهِ بِإِذْنِهِۦ وَسِرَاجًۭا مُّنِيرًۭا» (о Нәби, расында Біз сені бір куәгер және жақсылықтың шүйіншісі, және ескертуші ретінде жібердік, сонымен бірге сені Алла рұхсатында Аллаға шақырушы, және шам шырақ ретінде жібердік) (құран 33:45-46), садақал лахул ғазим. Алла Әззә уә-Жәллә пайғамбарымыз ﷺды мадақтап құрметтейді, Алла ﷻ, «сені Біз жібердік» дейді, демек Алла Әззә уә-Жәллә пайғамбарымыз ﷺды адамзатқа рахым ретінде жіберген еді, Ол оны адамдарға нұр ретінде, жақсылық ретінде жіберді. Барша берекемен қайырлар, ең әдемі нәрселердің барлығы пайғамбарымыз ﷺның құрметімен себебі үшін туылады, оның жолы нұрды...