Сұхбат: өмір уақытың санаулы, ол толудан бұрын оның қадірін біл (2025.06.18 / Хижри 1446-жыл 22-Зұл Хижа)

 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8270

Сұхбат: өмір уақытың санаулы, ол толудан бұрын оның қадірін біл (2025.06.18 / Хижри 1446-жыл 22-Зұл Хижа)

Исламбол (Станбул), Түркия.



(Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Алла Әззә Уә-Жәллә, «أَيَّامٍ مَّعْدُودَٰتٍ» (санаулы күндер) (құран 02:203) дейді, садақал лахул ғазим, олар санаулы күндер, саналынып қойылған күндер, демек бүкіл барлығы санаулы, жақсылық та санаулы, жамандық та санаулы. Алла Әззә Уә-Жәллә, «ораза да санаулы» дейді, ал жыл соңы болған қажылық құлшылық айы да санаулы. Қажылықтан бір ай бұрын жұрттың бәрі қажылыққа бармақ болып мазасы кеткен еді, олар, «ол қалай болмақ? біз не істей аламыз?» деп алаңдаған, бірақ осыбір құтты күндер де өтіп кетті, біз осыбір санаулы күндерге де жеттік, ал осылай өткізетін санаулы күндер көп емес. Кейбіреулер, «уақытты өлтірейік» дейді, бірақ уақыттың қадірін білмей уақытын осылай босқа өткізетіндер ұтылады, адам өмірі - ең қымбат нәрсе, ал адам өміріндегі ең қымбат нәрсе оның уақыты, себебі, біреудің өмірі қаншалықты ұзақ? ол қашан аяқтайды? ал Алла Әззә Уә-Жәллә бұл хақында, «күндер санаулы» дейді.


Сондықтан, адамдар еш шүбәсіз түрде оның қадірін білуі керек, кім өзіне берілген нәрсенің қадір-қымбатын білсе, ол ұтады, ал кім оның қадір-қымбатын білмесе, ол ештеңе ұта алмайды, одан соң ол, «мен өте көп құнды нәрселерді лақтырып жіберіппін, мен олардың қадірін білмеппін, оларды құрмет етпеппін, оларды қадірлеместен өткізіп жіберіппін» деп, өкінетін болады. Тіпті кейде олар, «біз уақытты өлтірдік» дейді, бұл күнгі адамдардың көп айтатыны, «уақытты өлтірудеміз» деген сөз болды, егер уақытты өлтірсеңіз, сіз өзіңізді құртатын боласыз, асылды қоқсыққа тастаған боласыз. Манағы берекелі күндер келді, және артынша кетіп қалды, ал адамдар ендігі алда келе жатқан уақыттарына көңіл бөлуі тиіс, олар уақыттың қадірін білуі керек, Алла Әззә Уә-Жәллә әр адам үшін мәлім уақыт-сағат белгілеп қойған, әркімнің белгілі өз уақыты бар. Ал біз сол уақыт-сағатымыз келуден бұрын оның қадірін білейік, иншалла, Алла ﷻ бізді уақытты қадірлей білетіндерден еткей, оны босқа жұмсағандардан етпегей, иншалла.


- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы


#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #kazakhstan #kazakh #islam

nvrislam.net

instagram.com/nvrislami




سۇحبات: ءومىر ۋاقىتىڭ ساناۋلى، ول تولۋدان بۇرىن ونىڭ ءقادىرىن ءبىل (2025.06.18 / حيجري 1446-جىل 22-زۇل حيجا)

يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.


(Türkiye، Istanbul، Akbaba Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «أَيَّامٍ مَّعْدُودَٰتٍ» (ساناۋلى كۇندەر) (قۇران 02:203) دەيدى، ساداقال لاحۋل عازيم، ولار ساناۋلى كۇندەر، سانالىنىپ قويىلعان كۇندەر، دەمەك بۇكىل بارلىعى ساناۋلى، جاقسىلىق تا ساناۋلى، جاماندىق تا ساناۋلى. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «ورازا دا ساناۋلى» دەيدى، ال جىل سوڭى بولعان قاجىلىق قۇلشىلىق ايى دا ساناۋلى. قاجىلىقتان ءبىر اي بۇرىن جۇرتتىڭ ءبارى قاجىلىققا بارماق بولىپ مازاسى كەتكەن ەدى، ولار، «ول قالاي بولماق؟ ءبىز نە ىستەي الامىز؟» دەپ الاڭداعان، ءبىراق ءوسىبىر قۇتتى كۇندەر دە ءوتىپ كەتتى، ءبىز ءوسىبىر ساناۋلى كۇندەرگە دە جەتتىك، ال وسىلاي وتكىزەتىن ساناۋلى كۇندەر كوپ ەمەس. كەيبىرەۋلەر، «ۋاقىتتى ولتىرەيىك» دەيدى، ءبىراق ۋاقىتتىڭ ءقادىرىن بىلمەي ۋاقىتىن وسىلاي بوسقا وتكىزەتىندەر ۇتىلادى، ادام ءومىرى - ەڭ قىمبات نارسە، ال ادام ومىرىندەگى ەڭ قىمبات نارسە ونىڭ ۋاقىتى، سەبەبى، بىرەۋدىڭ ءومىرى قانشالىقتى ۇزاق؟ ول قاشان اياقتايدى؟ ال اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بۇل حاقىندا، «كۇندەر ساناۋلى» دەيدى.


سوندىقتان، ادامدار ەش ءشۇباسىز تۇردە ونىڭ ءقادىرىن ءبىلۋى كەرەك، كىم وزىنە بەرىلگەن نارسەنىڭ ءقادىر-قىمباتىن بىلسە، ول ۇتادى، ال كىم ونىڭ ءقادىر-قىمباتىن بىلمەسە، ول ەشتەڭە ۇتا المايدى، ودان سوڭ ول، «مەن وتە كوپ قۇندى نارسەلەردى لاقتىرىپ جىبەرىپپىن، مەن ولاردىڭ ءقادىرىن بىلمەپپىن، ولاردى قۇرمەت ەتپەپپىن، ولاردى قادىرلەمەستەن وتكىزىپ جىبەرىپپىن» دەپ، وكىنەتىن بولادى. ءتىپتى كەيدە ولار، «ءبىز ۋاقىتتى ولتىردىك» دەيدى، بۇل كۇنگى ادامداردىڭ كوپ ايتاتىنى، «ۋاقىتتى ولتىرۋدەمىز» دەگەن ءسوز بولدى، ەگەر ۋاقىتتى ولتىرسەڭىز، ءسىز ءوزىڭىزدى قۇرتاتىن بولاسىز، اسىلدى قوقسىققا تاستاعان بولاسىز. ماناعى بەرەكەلى كۇندەر كەلدى، جانە ارتىنشا كەتىپ قالدى، ال ادامدار ەندىگى الدا كەلە جاتقان ۋاقىتتارىنا كوڭىل ءبولۋى ءتيىس، ولار ۋاقىتتىڭ ءقادىرىن ءبىلۋى كەرەك، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءار ادام ءۇشىن ءمالىم ۋاقىت-ساعات بەلگىلەپ قويعان، اركىمنىڭ بەلگىلى ءوز ۋاقىتى بار. ال ءبىز سول ۋاقىت-ساعاتىمىز كەلۋدەن بۇرىن ونىڭ ءقادىرىن بىلەيىك، ينشاللا، اللا ﷻ ءبىزدى ۋاقىتتى قادىرلەي بىلەتىندەردەن ەتكەي، ونى بوسقا جۇمساعانداردان ەتپەگەي، ينشاللا.


- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى


#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #kazakhstan #kazakh #islam

nvrislam.net

instagram.com/nvrislami

Comments

Popular posts from this blog

Сұхбат: Алла өзіңді адасқандардан етпегені үшін шүкір ет (2025.01.01 / Хижра 1446-жыл 01-Ражаб)

Сұхбат: адам баласы тым әлсіз, олар Алла рұхсатымен ғана күшті (2025.01.30 / Хижра 1446-жыл 30-Ражаб)

Сұхбат: миғраж түн сапары нақты болған іс, ол түс емес (2025.01.24 / Хижра 1446-жыл 24-Ражаб)