Posts

Showing posts from June, 2025

Сұхбат: балаға кішкентайынан құран оқуды үйретсең, Алла оны тура жолға алып жүреді (2025.06.30 / Хижри 1447-жыл 05-Мұхаррам)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8288 Сұхбат: балаға кішкентайынан құран оқуды үйретсең, Алла оны тура жолға алып жүреді (2025.06.30 / Хижри 1447-жыл 05-Мұхаррам) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Cyprus, Lefke Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «إِنَّ هَـٰذَا ٱلْقُرْءَانَ يَهْدِى لِلَّتِى هِىَ أَقْوَمُ» (расында, бұл құран ең ыңғайлысына бастайды) (құран 17:9), садақал лахул ғазим. Алла Әззә Уә-Жәллә, «құран әзиму-шән ең жақсы жолды көрсетер» дейді, демек ол хидаятқа себепші болады, «құран оқыңдар» дейді пайғамбарымыз ﷺ, одан игілік алыңыз, құран әзиму-шән Алла ﷻ жібергендей Алла Әззә Уә-Жәлләның хақ сөздерімен қалған осы дүниедегі бірден-бір кітап. Көптеген кітаптар бар, олар айтқандай, таурат, інжіл сияқтылар бар, бірақ адамдар олардың барлығын бұзды, олар өз ой, өз қалаулары бойынша бұл кітаптарді өзгертіп жібереді, Алла ﷻ дан түскен қасиетті кітап тек құран әзиму-шән ғана қалды. Оны оқыңыз, пайғамбарымыз ﷺ осылай дейді, онда ем бар, игілік ...

Сұхбат: Алланың әр нәрседе қарама-қарсы топ жаратудағы хикіметі (2025.06.29 / Хижри 1447-жыл 04-Мұхаррам)

Image
https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8287 Сұхбат: Алланың әр нәрседе қарама-қарсы топ жаратудағы хикіметі (2025.06.29 / Хижри 1447-жыл 04-Мұхаррам) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Cyprus, Lefke Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «قُلْ أَرَءَيْتُمْ إِن جَعَلَ ٱللَّهُ عَلَيْكُمُ ٱلَّيْلَ سَرْمَدًا إِلَىٰ يَوْمِ ٱلْقِيَـٰمَةِ مَنْ إِلَـٰهٌ غَيْرُ ٱللَّهِ يَأْتِيكُم بِضِيَآءٍ» («егер Алла қара түнді қиямет күніне дейін созып қойса, Одан басқа қайсы құдай нұрды алып келетінін ойланып көрдіңдер ме?» деп айт) (құран 28:71), садақал лахул ғазим. Алла Әззә Уә-Жәллә әр нәрсені әдемі жаратқан, Ол осы дүние өмірін де әдемі жаратты, демек бұл өмірде әр нәрсе үйлесім тапқан, мәселен, түнмен күндіз бар, қарамен ақ бар, зұлымдықпен әділетсіздік бар, бұл дүниеде әр нәрсенің қарама-қарсысы немесе теңі бар. Не үшін бұлай болды? себебі олар сынақтардың дүниесі еді, иә, олар сынақтар әлемі, бұнда шайтан және періште бар, кәпірлер бар, мұсылмандар бар, демек әр нәрсенің қа...

Сұхбат: дүниеде істеген ісіңіз ақиретте сізді тұтқынға алады (2025.06.28 / Хижри 1447-жыл 03-Мұхаррам)

Image
 Сұхбат: дүниеде істеген ісіңіз ақиретте сізді тұтқынға алады (2025.06.28 / Хижри 1447-жыл 03-Мұхаррам) Исламбол (Станбул), Түркия. Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху. Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим. Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях. (Türkiye, Cyprus, Lefke Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «كُلُّ ٱمْرِئٍۭ بِمَا كَسَبَ رَهِينٌ» (әр адам тапқанымен ұсталынады) (құран 52:21), садақал лахул ғазим, әр адам өзіне жауапты және ол өзі есеп береді, ол не тапса, сол бойынша бір жақты етіледі, демек ол не істесе, Алла Әззә Уә-Жәллә құзіретінде соған жауап береді. Адам құлшылықта, бойұсынуда және басқа істерде не істегендігін көреді, ештеңе жоғалып кетпейді, дүниеде істеген әрбір ...

Сұхбат: кәпірлер еліне қаңғырмай, өз мұсылман еліңде өмір сүр (2025.06.27 / Хижри 1447-жыл 02-Мұхаррам)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8284 Сұхбат: кәпірлер еліне қаңғырмай, өз мұсылман еліңде өмір сүр (2025.06.27 / Хижри 1447-жыл 02-Мұхаррам) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Cyprus, Lefke Dergah-да айтылған сұхбат) Алла Әззә Уә-Жәллә, «Біз сені үйіңнен шығарып, көшіп кетуге жіберген кезде, кейбір мүминдердің жүрегі көңілсіз болды» дер, ал көшуге яғни хижыраға келгенде Алла Әззә Уә-Жәлләның әмірі орындалуы керек, әр нәрсенің өз уақыты бар, егер бірдеңенің өз уақыты келмесе, мейлі сіз қанша құлшыныңыз, одан ештеңе өнбейді. Бірақ әрине, кейбір адамдар торығумен үмітсіздікке түсіп кетеді де, «біздің ісіміз ақпай жатыр, не істесек болады? біз дұға жасап жатырмыз, ал дұғамыз қабыл болмай жатыр» дейді, ал барлық нәрсе Алла ﷻ дың әмірінің астында, бүкіл бәрі Алла ﷻ дың құдірет қолында. Әр нәрсе Алла ﷻ қалаған кезде ғана туылады, ал адамдарға туылған істер Алла ﷻ дың хикіметімен болады, әр адамның сүріп жатқан әр сәтінде хикімет бар, бірақ ең ұлық хикімет пайғамбарымыз ﷺ ...

Сұхбат: ислам жаңа жылы қасиетпен, жақсылықпен басталады (2025.06.26 / Хижри 1447-жыл 01-Мұхаррам)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8283 Сұхбат: ислам жаңа жылы қасиетпен, жақсылықпен басталады (2025.06.26 / Хижри 1447-жыл 01-Мұхаррам) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Cyprus, Lefke Dergah-да айтылған сұхбат) Бүгін бір берекелі күн, жаңа жылымыздың бірінші күні, ол хижри календары бойынша 1447 інші жыл, демек пайғамбарымыз ﷺ нан бері соншама жылдар өтті, бұның құнын иманы барлар біледі, ал иманы жоқтар өз ойлары бойынша өздерінің жаңа жылын қарсы алады, және барша пайдасыз іс атаулыны істейді. Кейбірі аздау, кейбірі көптеу, кейбірі тым артық кетеді, ал екінші күні болғанда, ештеңесі жоқ отырады, шындығында олар нені құттықтап, неге мәз болып жүргенін өздері де білмейді. Олар, «біз қатты қуанған едік, енді не болды?» деп, артына қарағанда, барлығы ұқсас, өзгерген ештеңе жоқ екендігін көретін болады, ал өзгерген сол адам баласы, яғни ол бір жас қартайды. Бірақ хижри жыл санауы, шүкір-Алла, онда бір жылдың құлшылығын істеп болып, жаңа жылда тағы да жаңа міндет алас...

Сұхбат: ислам хижри жылнамасының 1447-жылы кірді (2025.06.25 / Хижри 1446-жыл 29-Зұл Хижа)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8281 Сұхбат: ислам хижри жылнамасының 1447-жылы кірді (2025.06.25 / Хижри 1446-жыл 29-Зұл Хижа) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Шүкір-Алла, ислами хижри календары бойынша бүгін осы жылдың ең соңғы күні, бүгін түн хижри жаңа жылы кірді, мұхарам айы кірді, ол мұсылмандардың календары, Алла ﷻ биылғы жылды берекелі еткей, иншалла, Алла ﷻ оны жақсылыққа жол еткей, исламға жеңіс келгей, Сахибул заман Мұхаммад Әл-Мәхди хазірет келгей, иншалла. Мәуләнә Шайық Назым хазірет, «біз әр түні күтеміз» дейді, сонымен бірге біз оны жылдан жылға да күте береміз, ол да жақсы. Бұл ислами календар пайғамбарымыз ﷺ ның кезінен басталып есептелінді, демек ол оның Мединаны құрметті етіп, оған көшкен кезінен басталды. Ал одан бұрын да адамдар күндермен жылдарды Алла Әззә Уә-Жәллә жағынан бергендей есептеп келген, бірақ ресми ислами түрде ол пайғамбарымыз ﷺ ның кезінен басталды, ол адамдардың құлшылығы үшін, шаруа...

Сұхбат: иманыңды күшейіт, сонда ештеңеден алаңдамайтын боласың (2025.06.24 / Хижри 1446-жыл 28-Зұл Хижа)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8280 Сұхбат: иманыңды күшейіт, сонда ештеңеден алаңдамайтын боласың (2025.06.24 / Хижри 1446-жыл 28-Зұл Хижа) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) «مَا شَاءَ اللهُ كَانَ وَمَا لَمْ يَشَأْ لَمْ يَكُنْ», яғни «Алланың қалағаны болар, ал қаламағаны болмас», яғни Алла Әззә Уә-Жәлләның қалағаны сол, егер Ол нені қаламаса, ол нәрсе ешқашан болмайды, ешқашан туылмайды. Міне осы нәрселер мүминдер ойына салып жүруге тиісті істер болмақ, әрбір туылған іс Алла ﷻ дың қалауынсыз туылмайды, демек олар Оның қалауында туылады. Сондықтан, біз өмір сүріп отырған мына уақытта, мына дүниеде барлығы Алла Әззә Уә-Жәлләның қалауымен туылады, сол үшін мүмин кісі туылған әрқандай іске бола абыржымауы керек, мүмин кісі, «не болды? не туылды? не болмақшы? не туылмақшы?» деп, ешқашан айтпайды. Ол өзін тапсырады, бағынады, қабыл етеді, «أسلم تسلم» (әслим тәслим) дейді, пайғамбарымыз ﷺ өзінің жіберген хаттарында осыбір, «...

Сұхбат: әркүні бес уақ азан естуде береке бар (2025.06.23 / Хижри 1446-жыл 27-Зұл Хижа)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8277 Сұхбат: әркүні бес уақ азан естуде береке бар (2025.06.23 / Хижри 1446-жыл 27-Зұл Хижа) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Алла Әззә Уә-Жәллә, «وَأَذِّن فِى ٱلنَّاسِ» (және адамдарды қажылыққа шақыр) (құран 22:27) дейді, Алла ﷻ сәйдина Ибырахим хазіретке, «қағба муғаззаманы салған соң азан шақыр» дейді, ал осы азанды естіген әр адам қажылыққа сөзсіз баратын болады, бұл оларға тағдыр етілген. Әр күні бес уақ шақырылатын азан Алла Әззә Уә-Жәлләның адамдарға берген өте ұлық нығыметі еді, демек адамдар әр күні бес рет Алла Әззә Уә-Жәлләның құзіретіне шақырылады, сол үшін де азан өте маңызды, ал адамдар оның қадірін білмей жүр. Шүкір-Алла, мұсылман мемлекеттерде жұрт азанды күніне бес рет естиді, мейлі олар Алла Әззә Уә-Жәлләны есіне алсын немесе алмасын, әйтеу оны күніне бес рет естиді, бұл маңызды емес, ал маңыздысы, осыбір әдемі шақырылған азанды есту және оның берекесінің адамдарға түсу...

Сұхбат: Алладан иман сұраңыз, рухани қуат сұраңыз (2025.06.22 / Хижри 1446-жыл 26-Зұл Хижа)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8276 Сұхбат: Алладан иман сұраңыз, рухани қуат сұраңыз (2025.06.22 / Хижри 1446-жыл 26-Зұл Хижа) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Мәуләнә Шайық Назым хазірет ұдайы мына сөзді айтып отырушы еді, ол хадиспе, әлде көнелердің сөзіме, оны білмедім, онда, «اللَّهُمَّ قَوِّي في رضاكَ ضَعْفي» (хадис) делінген. Оның мағынасы, «о Алла ﷻ, Сіз риза болатын істердегі менің әлсіздігімді қуаттандырыңыз» дегенді білдіреді. Адам баласы әлсіз-дүр, адамдар әлсіз-дүр, олар әр нәрседе әлсіз, егер барша жаратылысқа қарасаңыздар, адам баласының әлсіз екендігін білесіздер, бірақ Алла ﷻ ризалығы үшін өмір сүргендерге, Алла ﷻ дың жолында жүргендерге Алла ﷻ Өзі қуат берген. Ал кім дүниенің артынан жүгірсе, оның жағдайы басқаша болар, бұнда олар үшін екі түрлі жағдай бар, демек біреулер дүниенің артынан жүгіреді, бірақ ештеңе таппас, немесе тапса да, күнәдан басқа ештеңе таба алмас. Рухани қуат аса маңызды, ал осы р...

Сұхбат: сопылық тәриқаттан тыс қалғандар оңай адасып кетеді (2025.06.21 / Хижри 1446-жыл 25-Зұл Хижа)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8275 Сұхбат: сопылық тәриқаттан тыс қалғандар оңай адасып кетеді (2025.06.21 / Хижри 1446-жыл 25-Зұл Хижа) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Жиналысымыз жақсылық ішінде болғай, иншалла, пайғамбарымыз ﷺ, «бәни-исрайылдар 72 топқа бөлінді, ал олардың ішіндегі бір топтан басқасының барлығы тозаққа барар» дейді, одан соң ол, «менің үмбетім 73 топқа бөлініп кетеді, олардың ішіндегі бір топтан басқасының барлығы тозақтық» дейді. Сонда бір құтты сахаба, «о Алла ﷻ елшісі, ол қайсы топ?» деп сұрайды, ал пайғамбарымыз ﷺ, «олар - менің жолымда жүргендері» дейді, міне осы топ құтылысқа жетеді, осылар құтылады, олар тозақтан, оттан құтылады, қалған 72 топ тозақтық болады. Пайғамбарымыз ﷺ ға жалғанбаған, оның жолында болмаған көптеген топтар бар, олардың кейбірі мүлдем бұрмаланған, ал кейбірі, «жол міне осы» деп, жұртты алдайды, онсызда олар сөзсіз «жол» демес, «біздің жамағат, жиналыс» дер, оны-бұны ай...

Сұхбат: Алла тағала жалқау адамды жақсы көрмейді (2025.06.20 / Хижри 1446-жыл 24-Зұл Хижа)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8273 Сұхбат: Алла тағала жалқау адамды жақсы көрмейді (2025.06.20 / Хижри 1446-жыл 24-Зұл Хижа) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «وَقُلِ ٱعْمَلُوا۟ فَسَيَرَى ٱللَّهُ عَمَلَكُمْ وَرَسُولُهُۥ» (және, «істе, себебі амалдарыңды Алла, және Оның елшісі көреді» деп айт) (құран 09:105). Алла Әззә Уә-Жәллә, «жақсы амал істе» дейді, жақсы амал істеңіз, ешқашан бос отырмаңыз, Алла Әззә Уә-Жәлләмен пайғамбарымыз ﷺ не істелінгенін көреді, олар оны көреді, демек біз мына дүниеде не істесек, ол сөзсіз түрде Алла ﷻ назарында сақталынады, ол жасырылады. Сондықтан біз, «мен оны қалай істедім, мен не істедім» деп, еш алаң болмауымыз керек, сіздің ниетіңіз Алла ﷻ үшін болған кезде, мейлі дүние және ақирет істері болсын, ол сөзсіз қабыл етілетін болады, есте болсын, дүние шаруалары да маңызды. Кейбір адамдар бос жүреді, оларда істеуге тиісті көптеген іс болса да, олар оны істемейді...

Сұхбат: баланың оқуға түсу ниетін түзесеңіз, оқуы қайырлы болады (2025.06.19 / Хижри 1446-жыл 23-Зұл Хижа)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8272 Сұхбат: баланың оқуға түсу ниетін түзесеңіз, оқуы қайырлы болады (2025.06.19 / Хижри 1446-жыл 23-Зұл Хижа) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «وَقُل رَّبِّ زِدْنِى عِلْمًا» (және, "Раббым, мені білімде арттырыңыз" деп айт) (құран 20:114). Үйрену басқа да, білім басқа, дәл қазір балалар мектеп бітіріп жатыр, олар оны бітірген соң тағы басқа сыныпқа өтеді, жұрт балаларын тынбай мектепке әкелер, сосын олар онда оқып, емтиханнан өтер, олар осылай балаларын білімді жан еткісі келеді. Ал білімде шек жоқ, бірақ бұнда шын білім балалармен барша адамға қажеттісі болмақ, егер үйренгеніңіз шын білім болмаса, пайдасыз болар, бірақ ол шын білім болса, барлық нәрсе пайдалы нәрсеге айналар. Егер шын білімнің керісі үйретілсе, одан қайыр жоқ, бұнда жақсылық орнына кесір-кесапатты арттырып алған көптеген адамдар бар, олар, «мен оны үйрендім, мен оған жеттім, бұған жетт...