Posts

Showing posts from April, 2025

Сұхбат: айт мерекесін адамдар емес, Алла белгілеген (2025.03.30 / Хижра 1446-жыл 01-Шауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8151 Сұхбат: айт мерекесін адамдар емес, Алла белгілеген (2025.03.30 / Хижра 1446-жыл 01-Шауал) Исламбол (Станбул), Түркия. Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху. Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим. Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях. (Türkiye-Cyprus, Lefka, Shaykh Nazim Dergah-да айтылған сұхбат) Иншалла, бұл айтымыз берекелі болғай, ол жақсылыққа жол болғай, Алла ﷻ сіздердің құлшылық амалдарыңызбен мойын ұсынушылықтарыңызды қабыл еткей, біз осы күндерде Алла ﷻ үшін, Оның берген нығыметтері үшін шүкірлік ретінде қуанамыз, Алла ﷻ бізге жәрдем еткей, мейлі қай жерде мұсылмандар үшін қысылтаяң болса да, айт оларға береке болмақ, ол Алла ﷻ дан берілген бір ...

Сұхбат: әр адамның ақылымен түсінік дәрежесіне қарай сөйле (2025.03.29 / Хижра 1446-жыл 29-Рамазан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8150 Сұхбат: әр адамның ақылымен түсінік дәрежесіне қарай сөйле (2025.03.29 / Хижра 1446-жыл 29-Рамазан) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye-Cyprus, Lefka, Shaykh Nazim Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «كُلُّ ٱمْرِئٍۭ بِمَا كَسَبَ رَهِينٌ» (әр адамның не тапқаны сақтаулы) (құран 52:21) дейді, садақал лахул ғазим. Алла Әззә Уә-Жәллә бұл аятта әр адам өз істеген істеріне жауапты екендігін айтады, сондықтан ислам діні төзімділік діні, мұсылман жан төзімді болуы керек, ол Алла ﷻ әмірлерін істеуге тырысады, ол басқаға емес, өзіне жауапты, ол өзі тура жолда жүреді, сонымен бірге ол өзгелерге де жақсы нәсихат айтады, ал оны қалағаны қабыл етер, қаламағаны қабыл етпес. Ислам діні, айтып өткеніміздей, төзімділіктің діні, біз ешкімге залал әкелмейміз, істелініп жатқан істермен көргеніне қарап, «бұл дүние ғой» деген адам төзімділік етеді, егер жақсы іс көрсе, ол Алла ﷻ ға шүкірлік айтар, ал жақсы болмаған іс көрсе, ол оған с...

Сұхбат: жындыға күнде мереке яғни қолдан жасалған мерекеде береке жоқ (2025.03.28 / Хижра 1446-жыл 28-Рамазан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8148 Сұхбат: жындыға күнде мереке яғни қолдан жасалған мерекеде береке жоқ (2025.03.28 / Хижра 1446-жыл 28-Рамазан) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye-Cyprus, Lefka, Shaykh Nazim Dergah-да айтылған сұхбат) Алла Әззә Уә-Жәллә мына аятул кәримада, бисмиллахир рахманир рахим, «وَلِتُكْمِلُوا الْعِدَّةَ وَلِتُكَبِّرُوا اللَّهَ عَلَىٰ مَا هَدَاكُمْ» (және межелі мерізімді бітіруді және сені туралыққа бастаған Алланы ұлықтауды (қалайды)) (құран 02:185) дейді, садақал лахул ғазим. Рамазан айы үшін мәлім уақыт белгіленген, ал Алла Әззә Уә-Жәллә соны бітіру керектігін айтуда, ол біткен соң, айт келеді, айтта тәкбір және тәхлил жасайсыз, мұсылмандарға екі айт берілген, осы дүниедегі айт екі айт, біріншісі рамазанның айты ораза айт (ғидул фитр) және құрбан айт (ғидул адха). Ал адамдар ел-жұрттың осы айт мерекелерін елемеуі үшін, оның қадірін жоғалтуы үшін өздері басқа көптеген мерекелерді қолдан жасап алды, олар толып жатқан мерекелермен демалыс...

Сұхбат: пайғамбарымызды сүйіп, көптеп құрметтеген сайын, иманың артады (2025.03.27 / Хижра 1446-жыл 27-Рамазан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8147 Сұхбат: пайғамбарымызды сүйіп, көптеп құрметтеген сайын, иманың артады (2025.03.27 / Хижра 1446-жыл 27-Рамазан) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye-Cyprus, Lefka, Shaykh Nazim Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «قُلْ إِن كُنتُمْ تُحِبُّونَ ٱللَّهَ فَٱتَّبِعُونِى يُحْبِبْكُمُ ٱللَّهُ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْ ۗ وَٱللَّهُ غَفُورٌ رَّحِيمٌ» («егер сендер Алланы сүйсеңдер, онда маған еріңдер, сонда Алла сендерді сүйеді және күнәларіңді кешіреді, және Алла кешірімді және рахымды» деп айт) (құран 03:31), садақал лахул ғазим. Алла ﷻ дың құзіретінде біздің пайғамбарымыз ﷺ ның дәрежесі аса жоғары, сондықтан құран әзиму-шәнда, «егер сенің Алла Әззә Уә-Жәлләны сүйгенің шын болса, онда оған ер, оның жолында жүр» делінген. Егер сіз оның жолына ерсеңіз, Алла ﷻ сізді сүйетін болады, ал біздің өміріміздегі ең маңызды мақсат Алла ﷻ дың бізді сүюы болмақ, егер Алла ﷻ бізді сүйсе барлығы да оңай болады, жақсы болады, Алла ﷻ д...

Сұхбат: ұйықтап жатып та, түні бойы намаз оқығандай болу (2025.03.26 / Хижра 1446-жыл 26-Рамазан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8143 Сұхбат: ұйықтап жатып та, түні бойы намаз оқығандай болу (2025.03.26 / Хижра 1446-жыл 26-Рамазан) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye-Cyprus, Lefka, Shaykh Nazim Dergah-да айтылған сұхбат) Иншалла, біз бүгінгі түнді ләйлатул-қадір ретінде құрметтеудеміз, ниетіміз міне осы, иншалла, ол бүгін түнде болмаса, басқа түнде болады, бірақ осы түнді құрметтеп, осы түнді жандандыру арқылы біз Алла ﷻ үшін намаз өтейміз, қиямул-ләйіл намазын оқимыз, одан соң тәхажұтқа тұрамыз, сахур-сәресе ішеміз, одан соң жалғасты құлшылық ете береміз, осы түнді құрметтеп, істейтін істеріміз міне осы, біз қадір түнді нақты қай түн екендігін дәл біле алмасақ та, осы түнді құрметтейміз. Бұл түнді Алла Әззә Уә-Жәллә өзі құрметтеді, Алла ﷻ бұл түнді ерекшелеп пайғамбарымыз ﷺ ның үмбетіне берді, жүз мыңдаған пайғамбар, 124000 мың пайғамбар келді, олардың ішінде еш пайғамбарға бұндай абыроймен осындай фазилет берілмеді, бізде осындай мыңдаған түннен де, мың айдан ...

Сұхбат: Алла сүймегенді сүйме, Алла сүйгенді сүй (2025.03.25 / Хижра 1446-жыл 25-Рамазан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8142 Сұхбат: Алла сүймегенді сүйме, Алла сүйгенді сүй (2025.03.25 / Хижра 1446-жыл 25-Рамазан) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye-Cyprus, Lefka, Shaykh Nazim Dergah-да айтылған сұхбат) Пайғамбарымыз ﷺ бізге, «الْحُبُّ فِي اللَّهِ وَالْبُغْضُ فِي اللَّهِ» яғни «Алла үшін сүй, Алла үшін жек көр» дейді, мұсылман істеуге тиісті іс міне осы, ол кімді сүйеді? ол барлығын Алла ﷻ үшін сүйеді, Алла Әззә Уә-Жәллә нені сүйсе, ол да соны сүйеді, ол оны осылай Алла ﷻ үшін сүйеді, ал Алла ﷻ сүймеген нәрсені сүймеу де Алла ﷻ ризалығына жеткізеді. Әрине, мына дүниенің хәлі белгілі, онда адамдар сондай сүйетін нәрселер бар, ал бұнда «олардың барлығын сүйемін» деу, қабыл етілмейді, махаббат (сүю) өте әдемі нәрсе, бірақ ол Алла ﷻ дың ризалығы үшін болуы керек, демек егер ол Алла ﷻ дың қалағанындай болса, ол қабыл етіледі, ал Алла ﷻ дың қалағанындай болмаса, ол қате болмақ, ол махаббат емес, қайта қасірет болар, қиналу болар, кесір болар, ол сүркейлі бол...

Сұхбат: мұсылман бөлек, мүмин бөлек, мүмин болыңыз (2025.03.24 / Хижра 1446-жыл 24-Рамазан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8141 Сұхбат: мұсылман бөлек, мүмин бөлек, мүмин болыңыз (2025.03.24 / Хижра 1446-жыл 24-Рамазан) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye-Cyprus, Lefka, Shaykh Nazim Dergah-да айтылған сұхбат) Пайғамбарымыз ﷺ хазірет, «الْمُؤْمِنُ مِرْآةُ الْمُؤْمِن» (мүмин мүминнің айнасы) дейді, ол осылай дер, демек бір мүмин тағы бір оның мүмин бауырының айнасы, мүмин бөлек, мұсылман бөлек, бір мұсылман тағы бір мұсылманның айнасы бола алмайды, бірақ мүмин кісі алдында тұрған адамның өзі сияқты мүмин екендігін біледі де, өзіне тілеген бар игілікті оған да тілей біледі. Ол оған ұқсас нәрсені қалады, ол оған аз болуын тілемейді, яғни ол өзіне тілеген барша жақсылықпен игілікті өзінің мүмин бауырына да тілейді, демек ол оны өзі сияқты көреді, оған өзі сияқты мәміле жасайды, міне бұл иманды мүмин. Шынайы мүминдер дегеніміз пайғамбарымыз ﷺ жағынан сүйілген жандар, олар пайғамбарымыз ﷺ ның жолына еретіндер, олар сопылық тәриқатпен шәриғат жолында жүретіндер, с...

Сұхбат: Алланың игі адамымен бірге бол, сонда бұл дүние жәннат болар (2025.03.23 / Хижра 1446-жыл 23-Рамазан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8138 Сұхбат: Алланың игі адамымен бірге бол, сонда бұл дүние жәннат болар (2025.03.23 / Хижра 1446-жыл 23-Рамазан) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye-Cyprus, Lefka, Shaykh Nazim Dergah-да айтылған сұхбат) Мәуләнә Шайық Назым хазірет, Алла ﷻ оның мақамын биік еткей, ол кісі мына бір өлеңді көп айтып жүретін, үлкендерден көптеген ислами өлеңдермен әдемі айтылымдар қалды емеспе, онда олар Алла Әззә Уә-Жәлләның асқан мәртебесімен пайғамбарымыз ﷺ ның Алла ﷻ алдындағы биік дәрежесін айтушы еді, пайғамбарымыз ﷺ ның тәжәллиіне қатысты көптеген өлең-жырларды айтылған, ал Мәуләнә Шайық Назым хазірет кейде оны адамдардың хәл-күйлеріне қарай айтушы еді. Бір өлең бар, онда «لا تُكْثر لهَمّكْ مَا قُدِّرْ يَكُونْ، فاللهُ المُقَدِّرْ، وَالعَالَمْ شُئُونْ» (алаңыңды көбейітпе, не жарлық етілсе, сол келеді, және ол өтіп кетеді, бар тағдырдың әмірші бір Алла, бұл дүние тек бір айна ғана) делінген, демек тым алаң болмаңыз, ол осылай дер, алаңдамаңыз және...

Сұхбат: тура жолда алға жүре бер, ал тиіскен надандарды елеме (2025.03.22 / Хижра 1446-жыл 22-Рамазан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8137 Сұхбат: тура жолда алға жүре бер, ал тиіскен надандарды елеме (2025.03.22 / Хижра 1446-жыл 22-Рамазан) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye-Cyprus, Lefka, Shaykh Nazim Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «وَلَا يَخَافُونَ لَوْمَةَ لَآئِمٍ» (және сындаушылардың айыптауынан қорықпа) (құран 05:54), садақал лахул ғазим, Алла Әззә Уә-Жәллә бұны құран әзиму-шәнда айтады, бұл оларды ұнатпайтын адамдарға арналған, демек олар мұсылмандар жәйлы жаман сөздер айтады, бірақ олар манағылардың оларға айтқан жаман нәрселерінен қорықпайды, Алла Әззә Уә-Жәллә осылай дейді. Олар - мүминдер, себебі олардың жолы дұрыс жол, ал манағылар не айтқысы келсе, соны айта берсін, олар туралықтағы адамдар, ал туралық үстінде емес адамдар оларға ашуланады, оларды айыптайды, боқтайды, тілдейді, қарғайды және қорлайды, бірақ олар бұларға мүлдем көңіл бөлмейді, Алла Әззә Уә-Жәллә осылай дер. Егер сіз тура жолда болсаңыз болды, олар не айтса, соны...

Сұхбат: қасиетті қадыр түніне қалай жолығамыз? (2025.03.21 / Хижра 1446-жыл 21-Рамазан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8135 Сұхбат: қасиетті қадыр түніне қалай жолығамыз? (2025.03.21 / Хижра 1446-жыл 21-Рамазан) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye-Cyprus, Lefka, Shaykh Nazim Dergah-да айтылған сұхбат) Бүгін, шүкір-Алла, рамазан айының осы кездері барша сан түрлі жақсылықтар үшін себеп болмақ, құран әзиму-шән осы берекелі айда түсті, Алла ﷻ құранды осы айда пайғамбарымыз ﷺ ға жіберді, сондықтан ол түн ләйлатул-қадір болып, ол мың айдан да жақсы түн еді, Алла Әззә Уә-Жәллә осылай дейді. Мың ай бір адамның ғұмыры-дүр, көптеген адамдар осы жасқа келеді, егер одан адамның балалық шағын алып тастасақ, әр адам шамамен осы бір түнде 90 жылдың іззетімен сауабын алады, ол сондай фазилетке қол жеткізеді, Алла Әззә Уә-Жәллә, «ләйлатул-қадір мың айдан да жақсы ай» дейді, сондықтан әр адам оны іздейді. Егер қадір түні мәлім бір адамға келсе, оған барша игілікпен жақсылық беріледі, сондықтан біз хадис-шәрифте қасиетті сахабалардың пайғамбарымыз ﷺ нан, "қайсы күн қад...

Сұхбат: ақырзаманның бір белгісі, әр адам өз ойына мәз болар (2025.03.20 / Хижра 1446-жыл 20-Рамазан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8132 Сұхбат: ақырзаманның бір белгісі, әр адам өз ойына мәз болар (2025.03.20 / Хижра 1446-жыл 20-Рамазан) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye-Cyprus, Lefka, Shaykh Nazim Dergah-да айтылған сұхбат) Пайғамбарымыз ﷺ ақырзаманның бір белгісі туралы айта келіп, «إِعْجَاب كُلِّ ذِي رَأْىٍ بِرَأْيِهِ» (әркім өз ойына мәз болар) дейді, демек әр адам өз ойын жақсы көріп, өзгелердікін жақсы көрмейді, біз қазір сол заманда өмір сүріп жатырмыз, әр адам, «менің ойлағаным осы, ол менше осылай» дейді, және олар басқалардың көзғарасын ұнатпайды, ол оны қабыл етпейді немесе оның керісін істейді. Алайда бұл оған пайдалы емес, себебі адам ақиқатты іздеуі керек, мейлі қандай болмасын, ол ақиқатты қабыл етуі тиіс, барлық іс бірдей оның тілегеніндей бола бермейді, барлығы Алла Әззә Уә-Жәлләның тағдырда еткеніндей болады, егер сіз барлығына қарсы келе берсеңіз, Алла Әззә Уә-Жәлләның қалауына қарсы келген боласыздар. Көптеген адамдар, «не үшін мына дүниеде б...