Posts

Showing posts from March, 2025

Сұхбат: жақсылықта селбесіңдер, бірақ жамандықта селбеспеңдер (2025.02.15 / Хижра 1446-жыл 16-Шағбан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8079 Сұхбат: жақсылықта селбесіңдер, бірақ жамандықта селбеспеңдер (2025.02.15 / Хижра 1446-жыл 16-Шағбан) Исламбол (Станбул), Түркия. (United Kingdom, Barking, Al Madina Mosque-да айтылған сұхбат) Біз осындағыларға алғыс айтамыз, олар бізді бұнда күтті, олар мақтаулы, иншалла, бұл мадақтар Алла ﷻ үшін, біз үшін емес, әр адам әулие болуына болады, демек кім Алла ﷻ жолына ере білсе, әулие яғни уәлиуллаһ болады, әлхамдулилла, барлығымыз бірге, солай болайық, иншалла, біз Алла Әззә Уә-Жәллә құранда айтып кеткендей осыбір араны көргенімізге қуанып отырмыз. Ағузубиллахи минәш шайтанир ражим, бисмиллахир рахманир рахим, «وَتَعَاوَنُوا۟ عَلَى ٱلْبِرِّ وَٱلتَّقْوَىٰ ۖ وَلَا تَعَاوَنُوا۟ عَلَى ٱلْإِثْمِ وَٱلْعُدْوَٰنِ» (туралықта және тақуалықта селбесіңдер, бірақ күнәда және тажауыздықта селбеспеңдер) (құран 05:02), садақал лахул ғазим. Алла ﷻ жақсы істер істеуде өзара көмектесуге, адамдарға және сәйдина Мухаммд ﷺ үмибетіне көмектесіп, оларға и...

Сұхбат: милион жыл зікір ет, бірақ парыз өтемесең, бәрі бекер (2025.02.14 / Хижра 1446-жыл 15-Шағбан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8078 Сұхбат: милион жыл зікір ет, бірақ парыз өтемесең, бәрі бекер (2025.02.14 / Хижра 1446-жыл 15-Шағбан) Исламбол (Станбул), Түркия. (United Kingdom, London, Sheikh Nazim Dergah-да айтылған сұхбат) Әлхамдулилла, біз осы күнге, құтты күнге жеттік, Алла ﷻ дұғаларымызды, намаздарымызды қабыл еткей, «біз жақсы істеп жатырмыз» деп, жар салмаймыз, біз мүмкіндігінше Алла Әззә Уә-Жәлләға бағынудамыз, Ол бізге намаз оқуды, ораза ұстауды, зекет беруді әмір етті, міне осылардың барлығы Оның әмірлері, біз істей алғанымызша істейміз, ал Алла ﷻ оны қабыл етеді, себебі біз «ең жақсы еттік» демедік, жоқ, біздің істеп жүргендеріміз ештеңе емес. Бірақ бұл Алла ﷻ әміріне бойұсынудың әдебі, адамдарда әдеп болуы керек, ал Алла ﷻ ға бойұсыну үшін олар бұның түкке тұрмайтынын білуі керек, демек біздің істеп жатқандарымыздың еш құны жоқ, алайда біздің Алла Әззә Уә-Жәллә әміріне ілесуімізде ғана құн бар, «هَٰذَا مِن فَضْلِ رَبِّي» (бұл Раббымның фазилетінде),...

Сұхбат: қазір ұйқыдасыз, өлуден бұрын дереу оянып алыңыз (2025.02.13 / Хижра 1446-жыл 14-Шағбан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8076 Сұхбат: қазір ұйқыдасыз, өлуден бұрын дереу оянып алыңыз (2025.02.13 / Хижра 1446-жыл 14-Шағбан) Исламбол (Станбул), Түркия. (United Kingdom, Peckham, Peckham Mosque-да айтылған сұхбат) Иншалла, бүгінгі түн (барат түні) берекелі түн, құтты түн, Алла ﷻ нұрын бізге төгуде, иншалла, пайғамбарымыз ﷺ ның нұры, әулиелердің нұры бізге төгіле бергей, бізге түсе бергей, иншалла, сіздер, әлхамдулилла, бұнда Алла ﷻ махаббаты үшін, пайғамбарымыз ﷺ махаббаты үшін келіп отырсыздар, иншалла, Алла ﷻ сіздердің қалағандарыңызды бергей. Ең маңызды шаруа - Алла ﷻ жолындағы құл болу, міне бұл әр адамның тілегі-дүр, және оның отбасының, туыс-туғандарының, достарының да тілегі осы жолда болу болсын, әлхамдулилла, бүгін түн - қасиетті берекеленген түн, ол қасиетті құрандағы дұха сүресінде, «فِيهَا يُفْرَقُ كُلُّ أَمْرٍ حَكِيمٍ» (сол түні әр нәрсеге дәл есеп жүргізіліп, анық етілді) (құран 44:04) деп, Алла ﷻ жағынан мадақталған түн. Алла Әззә Уә-Жәллә әр т...

Сұхбат: «қалай әулие боламын?» дегендерге қысқаша кеңес (2025.02.11 / Хижра 1446-жыл 12-Шағбан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8075 Сұхбат: «қалай әулие боламын?» дегендерге қысқаша кеңес (2025.02.11 / Хижра 1446-жыл 12-Шағбан) Исламбол (Станбул), Түркия. (United Kingdom, Oxford, Central Oxford Mosque-да айтылған сұхбат) «Тәриқатұна сұхбах уал хайру фил жәмиға», біздің нақшбанд шайқы Бахаудин Шах Нақшбанд хазірет бұл сөзді әр жолғы сұхбатында қайталап айтатын, ол 12000 сұхбат айтты, тәриқат дегеніміз бірге болып, сұхбат жасау, Алла Әззә Уә-Жәлләның жолын үйрету, Алла Әззә Уә-Жәлләның нені ұнатып, нені сүйетіндігін үйрету. Аулия-Аллаһ (әулие) дегеніміз Алла ﷻ жағынан сүйілген дегенді де білдіреді, ал әулие болу қиын ба? жоқ, қиын емес, себебі Алла Әззә Уә-Жәллә бізге қайсы адамдарды сүйетінін айтты және көрсетті, Ол, бисмиллахир рахманир рахим, «إِنَّ ٱللَّهَ يُحِبُّ ٱلتَّوَّٰبِينَ» (расында, Алла тынбай тәубе ететіндерді сүйеді) (құран 02:222) дейді. Біріншісі міне осы, кім таууаб? ол істегендері үшін өкініп, тәубе сұраған, тәубе етіп, кешірім сұраған адам, Алл...

Сұхбат: байқа, олар ақиретте сауабыңды алу үшін кезекке тұрады (2025.02.10 / Хижра 1446-жыл 11-Шағбан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8074 Сұхбат: байқа, олар ақиретте сауабыңды алу үшін кезекке тұрады (2025.02.10 / Хижра 1446-жыл 11-Шағбан) Исламбол (Станбул), Түркия. Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху. Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим. Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях. (United Kingdom, Smethwick, Smethwick Jamia Masjid-да айтылған сұхбат) Пайғамбарымыз ﷺ үмбетті оятып, сақ болуға, алданып қалмауға шақырады, ол «لاَ يُلْدَغُ الْمُؤْمِنُ مِنْ جُحْرٍ مَرَّتَيْنِ‏» (мүмин бір тесіктен екі рет шақтырмайды) дейді, бұның мағынасы сол, мүмин ұқсас бір тесіктегі жыланға өзін екі рет шақтырмайды демекілік-дүр, әрине, ерте заманда жылан көп болған болып, жердегі бір тесіктен оны жылан ша...

Сұхбат: не үшін осы заманды ең сұмдық заман дейміз? (2) (2025.02.09 / Хижра 1446-жыл 10-Шағбан)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8073 Сұхбат: не үшін осы заманды ең сұмдық заман дейміз? (2) (2025.02.09 / Хижра 1446-жыл 10-Шағбан) Исламбол (Станбул), Түркия. (United Kingdom, Sheffield, Madina Masjid-да айтылған сұхбат) Біз бүгін осында келіп қалдық, әлхамдулилла, барлығы сопылық тәриқатқа ерген мұсылман, мүмин, мұсылимат, мүминаттармен кездесудеміз, олардың кейбірі нақшбанд, кейбірі қадири, рифай, бадауи, шисти сопылық тәриқаттары екен, барлығы да «Алла Әззә Уә-Жәлләға баратын» ұқсас істі істеп жатыр, міне бұл Алла Әззә Уә-Жәлләның жолы. Бағана бұндағы имам хазірет «әхлул сүннәнің әулиелері» деп, айтып қалды, иә, әхлул сүннәның сыртында қалған әулие болмас, анығы сол, барлық әулиелер әхлул сүннәдан, басқаша болмас, басқалар оларды қабыл етпеді, пайғамбарымыз ﷺ ды қабыл етпеді, әхлул бәйітті қабыл етпеді, сахабаларды қабыл етпеді, олар осындай істейді, ал бұндай адамдардан әулие шығуы мүмкін емес. Әулиелер, иншалла, расында әхлул сүннә уәл жамағамен болмақ, біреуле...