Posts

Showing posts from February, 2025

Сұхбат: әр күні садақа беріп, жамандық, кесір, бәле-қаладан сақтаныңыз (2025.01.22 / Хижра 1446-жыл 22-Ражаб)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8044 Сұхбат: әр күні садақа беріп, жамандық, кесір, бәле-қаладан сақтаныңыз (2025.01.22 / Хижра 1446-жыл 22-Ражаб) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Cyprus, Lefke-да айтылған сұхбат) Пайғамбарымыз ﷺ бізге «الصَّدَقَةُ تَرُدّ الْبَلَاءَ وَتَزِيدُ الْعُمر» (садақа бәлені кетіріп, өмірді ұзартады) дейді, ау кама қал. Садақа аса маңызды, адам денесінде 360 бөлім (орган) бар, қозғалатын бөлімдері, саусақтары, аяқ, мойын дегендей, демек бүкіл денеде жалпы 360 сүйек бар, ал сіз осылардың әрбіріне садақа беруіңіз керек, ол осылай дер. Сахабалар одан «егер біз кедей болсақ, қайтеміз, бұны істей алмаймызба?» деп сұрайды, ол «онда, жерден тасты, лас нәрсені, кедергіні, қоқысты теріп жібер, егер жолдағы тасты алсаңдар да, ол садақа болмақ» дейді, садақа болуы үшін ол сөзсіз ақша болуы керек деген нәрсе жоқ, әрбір жақсы іс садақа есептелінеді. Аллаға алғыс ретінде әр адам әр күні өз денелері үшін садақа беруі керек, оны манағындай істеуге де бол...

Сұхбат: модернизим бүлігі, модернисттер сізді исламнан кетірігі келеді (2025.01.21 / Хижра 1446-жыл 21-Ражаб)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8043 Сұхбат: модернизим бүлігі, модернисттер сізді исламнан кетірігі келеді (2025.01.21 / Хижра 1446-жыл 21-Ражаб) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Cyprus, Lefke-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «إِنْ هَـٰذَآ إِلَّآ أَسَـٰطِيرُ ٱلْأَوَّلِينَ» (ол (құран) бұрынғылардың ертектерінен басқа ештеңе емес) (құран 08:31), садақал лахул ғазим. Құран әзиму-шәнда «олар "бұл нәрселер бұрынғы әңгімелер" деп айтады» делінген, демек пайғамбарлар адамдарға бірдеңе айтса, олар «бұлар бұрынғы ертегілер» деп, қарсы келеді. Мәуләнә Шайық Назым осындай адамдарға күлуші еді, ол олардың істегендеріне, айтқандарына және жазғандарына күлетін, демек оның көзіне олардың барша істеген ісі ақымақтық еді. Жұрт бұл адамдарды «çağdaş (шағдаш)» яғни «модернист» деп атайтын, ал Мәуләнә оларды «çaydaş (шай-даш)» яғни «шай-тас» дейтін, ол бұны қалжыңдап айтатын, ол мағынасы жоқ сөз, «жаңашыл, модернист» атауын жәй қалжыңмен қыйсық көрсеткен сөз...

Сұхбат: құлшылық етпей ойын-күлкімен өткен адам ақиретте мәңгі өкінеді (2025.01.20 / Хижра 1446-жыл 20-Ражаб)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8040 Сұхбат: құлшылық етпей ойын-күлкімен өткен адам ақиретте мәңгі өкінеді (2025.01.20 / Хижра 1446-жыл 20-Ражаб) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Cyprus, Lefke-да айтылған сұхбат) Алла Әззә Уә-Жәллә құран әзиму-шәнның бірнеше жерінде «أَفَلَا تَعْقِلُونَ» (сонда ақыл жұмсамайсыңдарма?) (құран 37:138) дейді, садақал лахул ғазим, Алла ﷻ «сенде ақыл жоқпа? ақыл істетпейсіңбе? ақылды бол» дейді, Алла Әззә Уә-Жәллә ақыл берген, сонда олар жақсы-жаманды, пайдалы-пайдасыз, залалсыз-залалды нәрселерді көре алады. Адамдарда ақыл бар, хайуандарда ондай ақыл жоқ, бірақ олар жаман нәрселерге жоламауды біледі, демек мәлім қауіп келсе, олар дереу қаша жөнеледі, оған баспайды, Алла ﷻ оларға осыған жетерлік ми берген әрі олар оны істете біледі. Алайда адамдар ненің жақсы, ненің жаман екенін білуі керек, себебі  жануарлар өлгенде топыраққа айналып, жоқ болады, олар тозаққа да, жәннәтқа да бармайды, тек кейбір тым аз санды нәсекомдармен жануа...

Сұхбат: ішің таза болмаса, ұстанған исламыңда береке болмайды (2025.01.19 / Хижра 1446-жыл 19-Ражаб)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8038 Сұхбат: ішің таза болмаса, ұстанған исламыңда береке болмайды (2025.01.19 / Хижра 1446-жыл 19-Ражаб) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Ислам діні, «ән-нәзәфату минал иман», ислам тазалыққа құрылған, тазалық исламның маңызы, егер тазалық болмаса, құлшылық қабыл болмас, сондықтан фиқ кітабіндағы ең бірінші сабақ китанбұт тахарах (тазалық кітабі) болып келеді, ол тазалық-тәхаратқа құрылған. Ондағы бірінші көрсетілгені, су таза болуы және ол суды ненің таза ететіндігін түсіндіреді, қанша түрлі судың бар екендігін айтады, барлығы судан жасалған, су тазалық үшін керекті, ол таза болмаса, қателік туылады. Қажет болған кезде, таямун жасалар, бірақ ол басқа мәселе, бұндағы басты іс, ол кейін міндетті түрде өзін тазалау үшін сумен жуынуы керек, бұлар сыртқы тазалықтар. Сонымен бірге ішкі тазалық та қажет, ол іш жағымыздың таза болуы үшін керек, ал ішкі тазалыққа қалай жетеміз? оған шыншылдықпен...

Сұхбат: Алла: жақсылықта селбесіңдер, бірақ жамандықта селбеспеңдер (2025.01.18 / Хижра 1446-жыл 18-Ражаб)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8036 Сұхбат: Алла: жақсылықта селбесіңдер, бірақ жамандықта селбеспеңдер (2025.01.18 / Хижра 1446-жыл 18-Ражаб) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «وَتَعَاوَنُوا۟ عَلَى ٱلْبِرِّ وَٱلتَّقْوَىٰ ۖ وَلَا تَعَاوَنُوا۟ عَلَى ٱلْإِثْمِ وَٱلْعُدْوَٰنِ ۚ» (және дұрыстықпен тақуалықта селбесіңдер, бірақ күнәмен тажауыздықта селбеспеңдер) (құран 05:02), садақал лахул ғазим. Міне бұл Алла Әззә Уә-Жәлләның бір құтты әмірі, демек бір-біріңізге жақсылық істеуде көмектесіңіздер, жақсы іс істесңіздер, жамандық істемеңіздер, дұшпандық етпеңіздер, бірақ өзара жәрдем етіңіздер. Адамдардың жақсы өмір сүруі үшін түскен исламның, Алла Әззә Уә-Жәлләның әмірі міне осы, жақсылық қылыңыз, жәрдем беріңіз, егер сіз жақсылық істей алмасаңыз, онда ең кемінде жамандық істемеңіз, егер адамдар осылай істей алса, бұнда да, ақиретте де жәннәтта өмір сүретін болады. Бірақ шайтан болса, адамдарды жал...

Сұхбат: біз адамзат Хай-дан келдік, Ху-ға қайтамыз (2025.01.16 / Хижра 1446-жыл 16-Ражаб)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8034 Сұхбат: біз адамзат Хай-дан келдік, Ху-ға қайтамыз (2025.01.16 / Хижра 1446-жыл 16-Ражаб) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «هُوَ ٱلَّذِى جَعَلَ ٱلشَّمْسَ ضِيَآءًۭ وَٱلْقَمَرَ نُورًۭا وَقَدَّرَهُۥ مَنَازِلَ لِتَعْلَمُوا۟ عَدَدَ ٱلسِّنِينَ وَٱلْحِسَابَ ۚ» (Ол күнді жарқыраған нұр етті, айдан нұр шығартты және олардың күйлерін белгіледі, сонда сендер жылдың сандарын біліп, оны есептейтін боласыңдар) (құран 10:05), садақал лахул ғазим. Бұнда Алла Әззә Уә-Жәллә адам, жын және ақылы бар әр нәрсеге сөз айтуда, адамдар «біз шөп сияқты өмір сүреміз» дейді, шынымен де, көптеген адамдар шөп сияқты, олар қайдан келіп, қайда баратыны жәйлы ештеңе ойланбайды, оған еш көңіл бөлмес, кейбір адамдар «біз қайдан келдік? біз қайда барамыз?» деп сұрайды, ал біз Алла Әззә Уә-Жәлләның құзіретінен келдік және Оған қайтатын боламыз. Демек біз Оданбыз, Оған қайтамыз, біз Хайдан Ху...

Сұхбат: кәпірге еліктеме, пайғамбарымызға, әулиеге, мүминге елікте (2025.01.17 / Хижра 1446-жыл 17-Ражаб)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8031 Сұхбат: кәпірге еліктеме, пайғамбарымызға, әулиеге, мүминге елікте (2025.01.17 / Хижра 1446-жыл 17-Ражаб) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Пайғамбарымыз ﷺ бір сөзінде, «المُؤمِنُ يَألَفُ وَيُؤْلَف» (мүмин дегеніміз шығысымды адам) дейді, демек мүмин және мұсылман кісі дегеніміз жұртпен шығыса білетін адам, адамдар онымен жарасымды келеді, ол да адамдармен жараса біледі, мұсылман өзгелерді зияндамайтын, олармен жараса білетін кісі, мұсылман ара қарама-қарсылық болмас, ал адамдарға залал әкелу деген тіптен жоқ. Алла Әззә Уә-Жәлләның қасиеті рахым және мейірім, ал мүминнің қасиеті де Алла Әззә Уә-Жәлләның осы қасиеттерінен келеді, олар мейірімді және жомарт болуы, жұртқа көмектесуі керек, мұсылман жан міне осындай болады. Ислам адамдар көрсетіп жүргендей жаман емес, мейірімсіздер дегеніміз мұнафиқтар, кәпірлер, бей-мұсылмандар, олар бір жағынан мейірімді көрінгенімен, ал ана жағынан жан...

Сұхбат: хидаятқа жеткен адам бағы зор ең тәлейлі адам (2025.01.15 / Хижра 1446-жыл 15-Ражаб)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8029 Сұхбат: хидаятқа жеткен адам бағы зор ең тәлейлі адам (2025.01.15 / Хижра 1446-жыл 15-Ражаб) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «يُضِلُّ مَن يَشَآءُ وَيَهْدِى مَن يَشَآءُ» (Ол қалағанын адастырады және Ол қалағанын тура жолға бастайды) (құран 16:93), садақал лахул ғазим. Алла ﷻ қалағанына жол нұсқайды, ал қалағанына оны бермей де қояды, Алла ﷻ дың іззеті, жомарттығы, хикіметі шексіз, сыры шексіз. «وَمَآ أُوتِيتُم مِّنَ ٱلْعِلْمِ إِلَّا قَلِيلًا» (және адам баласына аз ғана білімінен басқа білім берілмеді) (құран 17:85), Алла Әззә Уә-Жәллә білімнен адамзатқа өте болымсыз білімдердің берілгендігін айтуда, ал Алла Әззә Уә-Жәлләның білімі шексіз жатқан мұхиттар, адамдардың аз ғана іске шамасы келеді, олар «бізден басқа ақылды, бізден асқан білімді жоқ» деп ойлайды. Бірақ олардан әлдеқайда биік білімділер бар, Алла Әззә Уә-Жәлләның білімде шет-шегарамен шек бо...

Сұхбат: құлшылығың Аллаға керек емес, өзіңе керек (2025.01.14 / Хижра 1446-жыл 14-Ражаб)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8027 Сұхбат: құлшылығың Аллаға керек емес, өзіңе керек (2025.01.14 / Хижра 1446-жыл 14-Ражаб) Исламбол (Станбул), Түркия. Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху. Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим. Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «مَّنْ عَمِلَ صَـٰلِحًا فَلِنَفْسِهِۦ ۖ وَمَنْ أَسَآءَ فَعَلَيْهَا ۗ وَمَا رَبُّكَ بِظَلَّـٰمٍ لِّلْعَبِيدِ » (кім жақсылық істесе, ол өз жаны үшін, және кім жамандық істесе, ол өзіне қарсы келер, және сендердің Раб құлдарына әділетсіздік етпейді) (құран 41:46), садақал лахул ғазим. Алла Әззә Уә-Жәллә ешкімге зұлымдық қылмайды, хаша, одан жырақ...