Сұхбат: дүниені жүректе ұстама, оны қолда ұстап, ақирет үшін істет (2) (2024.09.27 / Хижра 1446-жыл 24-Рабиул Ауал)

https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7818 Сұхбат: дүниені жүректе ұстама, оны қолда ұстап, ақирет үшін істет (2) (2024.09.27 / Хижра 1446-жыл 24-Рабиул Ауал) Исламбол (Стамбул), Түркия. Әлхамдулилла, машайықтар бізге осы дүниеде қалай өтуді, қалай бақытты болуы үйретіп кетті, ал бұндағы бірінші іс біздің Алла ﷻ ға әр жолы шүкірлік айтуымыз болмақ, Алла ﷻ ға шүкірлік етіңіз, себебі «بالشكر تدوم النعم وتكثر» (шүкірлікпен нығыметтер жалғасады және еселеніп отырады), демек шүкірлікте болумен Алла ﷻ дың сізге бергені кесілместен жалғасады әрі көбейе береді. Ең әуелі Алла ﷻ дың бізге берген иманы үшін шүкір айталық, берген есендік және жақсы денсаулығымыз үшін шүкір айталық, риздығымыз үшін де шүкір етелік. Біз барлығы үшін шүкір етеміз, не есіңізге келсе, миыңызда мейлі не болсын, олар үшін шүкірлилаһ деңіз. Бұл бір ерекше нәрсе болып, Алла ﷻ бұларды «барлығы Алладан» деп сенетін мүминдерге берген, олар сабырлы, олар өздерінің өмірлері үшін адамдарға ренжіген жоқ, себебі өзге а...