Posts

Showing posts from October, 2023

ЕВРЕЙЛЕР ТАЖАЛДЫ КҮТУДЕ, ХРИСТИАНДАР КҮТКЕН ИСА ПАЙҒАМБАР МӘХДИҒА ЕРЕДІ

Image
ЕВРЕЙЛЕР ТАЖАЛДЫ КҮТУДЕ, ХРИСТИАНДАР КҮТКЕН ИСА ПАЙҒАМБАР МӘХДИҒА ЕРЕДІ Еврейлер Иса ғ.с және Мұхаммад ғ.с-ға иман келтірмей, өздерінің қиялындағы "пайғамбарды" күтуде, ал олардың күткендері тажал болып шығады, демек олар тажалдың шығуын асыға күтуде, олар Иерусалимды алды, тажал сол Иерусалимге кіріп, оны орталығы етеді әрі сонда тұрып бүкіл дүниені билейді, оның әмірі тек Мекке, Медина және Дамашыққа жүрмейді, қалған басқа бүкіл жер тажалдың басқаруында болады, ол кезде мұсылмандар үшін тек осы үш жер хауіпсіз болады, ал олар одан шықса, оларды тажал өлтіреді я кәпір етеді, олар Мәхди ғ.с-ның басшылығында Дамашықта Иса ғ.с көктен түскенше тұрады, христиандар Иса ғ.с-ды күтер, бірақ ол көктен түскенде Мәхди ғ.с-ға еріп намаз оқиды, Мәхдиға ереді, оны көрген христандар мұсылман болады, ал еврейлер дерліктей тажалға ереді, сосын әр ұлыттағы азғын, имансыз, исламға қарсы, дүниеқор, материалист, тексіз, әтейст адамдар тобыры еврейлермен бірге тажалға ереді, тажал еру...

барар орындарың - жәннәт, соған қуан (2023.09.29 / 1445-хижри 14-Рабиул Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7179 барар орындарың - жәннәт, соған қуан (2023.09.29 / 1445-хижри 14-Рабиул Ауал) Исламбол (Стамбул), Түркия. (Кипірде айтылған сұхбат) Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху. Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим. Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях. Шүкір-Алла, бізге жақсы шүйіншілі хабарлар берілген, мұсылмандар үшін ислам аса ірі шүйінші-дүр, біз пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның туылған күні болған әдемі күндерге жетіп отырмыз, біз ондағы іззет-игіліктерге бөлендік, шүкір-Алла, қасиетті пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам және Алла Әззә уә-Жәллә адамдарды шүйіншілеуде. Бисмиллахир рахманир рахим, «وَأَبْشِرُوا۟ بِٱلْجَنَّةِ ٱلَّتِى كُنتُمْ ...

шайтан не үшін әулие қабырына баруды жек көреді? (2023.09.28 / 1445-хижри 13-Рабиул Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7178 шайтан не үшін әулие қабырына баруды жек көреді? (2023.09.28 / 1445-хижри 13-Рабиул Ауал) Исламбол (Стамбул), Түркия. (Кипірде айтылған сұхбат) Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху. Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим. Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях. Әулиелерді зиярат ету адамдарға игілік алып келеді, себебі ондағы әулиелердің берекесі оларды зиярат етушілерге тиеді, әуелі пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның мақамын зиярат ету ең абзал іс-дүр, әрине, ең ұлық игілік сонда жатыр, алайда ол жатқан жерге барып, оны зиярат ету барлық адамға бірдей оңай бола бермес, бұнан басқа сахаба, машайық және әулиелерді де қайда болса да зиярат ету адамда...

ӨЛІМДІ ҰНАТПАУ - АЛЛАҒА КЕЗДЕСУДІ ҰНАТПАУ, СЕБЕБІ ӨЛІМ АДАМДЫ АЛЛАҒА АПАРАР, ӨЛІМНЕН ҚОРЫҚПА, ОНЫҢ ӨЗІҢЕ КЕЛУІН КҮТ

Image
ӨЛІМДІ ҰНАТПАУ - АЛЛАҒА КЕЗДЕСУДІ ҰНАТПАУ, СЕБЕБІ ӨЛІМ АДАМДЫ АЛЛАҒА АПАРАР, ӨЛІМНЕН ҚОРЫҚПА, ОНЫҢ ӨЗІҢЕ КЕЛУІН КҮТ Өлім ақиқатын білген адам өлімнен қорықпас болар, қайта оның өзіне келуін күтер, міне осындай білімдер біздің жәннаттағы ата-мекенімізге жетуімізге махаббат сыйлайды, оның жолы да осы, пайғамбарымыз "Раббыңа жеткізетін жол - өлім, өлімді ұнатпағаның - Раббыңа жолығуды қаламағаның" дейді, сондықтан барлық шын мүминдер өлімді ұнатуы керек, өлім - адамды жәннатқа апаратын жол, өлімді ұдайы ойлау біздің иманымызға көптеп күш-қуат береді, ал Алла махаббаты болса біздің иманымыздың қуатымен жаны-дүр, егер Аллаға ешбір махаббатың болмаса, онда сенде иманның болуы мүмкін емес. - МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ ءولىمدى ۇناتپاۋ - اللاعا كەزدەسۋدى ۇناتپاۋ، سەبەبى ءولىم ادامدى اللاعا اپارار، ولىمنەن قورىقپا، ونىڭ وزىڭە كەلۋىن كۇت ءولىم اقيقاتىن بىلگەن ادام ولىمنەن قورىقپاس بولار، قايتا ونىڭ وزىنە كەلۋىن كۇتەر، مىنە وسىنداي بىلىمدەر ءبىزدىڭ ءجانناتتاعى اتا-مەكەنىمىزگە ...

ӘЛСІЗДІК ДЕГЕНІМІЗ ДҮНИЕНІ СҮЮ ЖӘНЕ ӨЛІМДІ ҰНАТПАУ

Image
ӘЛСІЗДІК ДЕГЕНІМІЗ ДҮНИЕНІ СҮЮ ЖӘНЕ ӨЛІМДІ ҰНАТПАУ Пайғамбарымыз "бір заман келер, ол кезде сендерге (мұсылмандарға) өзгелер қалай болса солай тиісер, сендер кім көрінгеннің тепкісінде қаласыңдар" дер, сонда бір кісі "себебі ол кезде біз аз боламыз ба?" деп сұрар, ол "жоқ, ол кезде сендер тым көп боласыңдар, ол кезде сендер бейне суда ағып бара жатқан сеңге ұқсайсыңдар, бірақ Алла сендердің дұшпандарыңның жүректерінен сендерден қорқуды алып тастайды да, сендердің жүректеріңе әлсіздікті салып қояды" дер, манағы кісі "әлсіздік деген не?" дер, пайғамбарымыз "ол - дүниені сүю және өлімді ұнатпау" деп жауап қайтарар, пайғамбарымыздың айтып кеткен заманы қазіргі біздің заманды меңзейді, біз дәл қазір сол заманда өмір сүріп жатырмыз, бұл заманда мұсылмандар өте көп, 2 милиярд мұсылман бар, бірақ олар тым әлсіз, ештеңеге шамасы келмейді, халифасы да жоқ, кім көрінгенге қор болуда, көптеген мемлекеттердегі жергілікті билік өз еліндег...

ӨМІР СУЫ ДЕГЕНІМІЗ МАХАББАТ, ОНЫ ЖҮРЕК ЖӘНЕ РУХПЕН ІШЕСІЗ

Image
ӨМІР СУЫ ДЕГЕНІМІЗ МАХАББАТ, ОНЫ ЖҮРЕК ЖӘНЕ РУХПЕН ІШЕСІЗ Екі тоймас бар, оның бірі дүние құмар жан болса, енді бірі білім құмар жан, екеуі де қуғанына тоймайды. Намазда басты қойып, қара жерге жанасқанымда, жүрегімде "СІЗ үшін" дегеннен басқа еш ой жоқ. Өмір суы дегеніміз махаббат-дүр, оны жүрек және жан-рухыңызбен ішіңіз. - МӘУЛӘНӘ РУМИ ӘУЛИЕ ءومىر سۋى دەگەنىمىز ماحاببات، ونى جۇرەك جانە رۋحپەن ىشەسىز ەكى تويماس بار، ونىڭ ءبىرى دۇنيە قۇمار جان بولسا، ەندى ءبىرى ءبىلىم قۇمار جان، ەكەۋى دە قۋعانىنا تويمايدى. نامازدا باستى قويىپ، قارا جەرگە جاناسقانىمدا، جۇرەگىمدە "ءسىز ءۇشىن" دەگەننەن باسقا ەش وي جوق. ءومىر سۋى دەگەنىمىز ماحاببات-ءدۇر، ونى جۇرەك جانە جان-رۋحىڭىزبەن ءىشىڭىز. - ءماۋلانا رۋمي اۋليە #қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #шәриғат #салт #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #күн #мұхаммад #ораза nvrislam.net instagram.com/nvrislami

МӘҢГІ АҚИРЕТІҢНІҢ ҚАНДАЙ БОЛМАҒЫ, СЕНІҢ КІМДІ ПІР ТҰТУЫҢА БАЙЛАНЫСТЫ

Image
МӘҢГІ АҚИРЕТІҢНІҢ ҚАНДАЙ БОЛМАҒЫ, СЕНІҢ КІМДІ ПІР ТҰТУЫҢА БАЙЛАНЫСТЫ Бұл дүние уақытша, сондықтан өзіңді мәңгілік өмірге дайында, бұл дүниеде не қызық не рахат не жапа не азап көрсең де, оларды тез ұмытып кететін боласың, барлығы елес сияқты қала берер. Алладан нағыз пір әулие сұра, себебі мәңгілік ақиретің кімді пір тұтуыңа байланысты, жалған пірге жолықсаң, ол жүрегіңді футбол қылып, теуіп ойнар, ниетті дұрыста, сонда дұрыс пірге жолығасың, ал пірсіз жүрсең, саған нәпсіңмен шайтан пірлік етер, бұл дүниеге келеді екенсің, әйтеу бірдеңе саған пір болар, ол өз нәпсің я шайтан я қу біреу я пайдасыз біреу я нағыз әулие болуы да мүмкін, тірі адам бірдеңеге құл болмай және бірдеңені пір тұтпай жүре алмайды, құл болсаң Аллаға құл бол, пір тұтсаң әулиені пір тұт, Аллаға шын ләппай құлдықты шын пірден үйрене аласың. - ШАЙЫҚ БАХАУДИН ӘДІЛ ماڭگى اقيرەتىڭنىڭ قانداي بولماعى، سەنىڭ كىمدى ءپىر تۇتۋىڭا بايلانىستى بۇل دۇنيە ۋاقىتشا، سوندىقتان ءوزىڭدى ماڭگىلىك ومىرگە دايىندا، بۇل دۇنيەدە نە...

МӘХДИ ШЫҚҚАНДА, ОҒАН ЖҮРЕГІНДЕ ИМАНЫ БАР ӘР КІСІ ӨЗДІГІНЕН ЕРІП КЕТЕДІ

Image
МӘХДИ ШЫҚҚАНДА, ОҒАН ЖҮРЕГІНДЕ ИМАНЫ БАР ӘР КІСІ ӨЗДІГІНЕН ЕРІП КЕТЕДІ Қазір әркүні біреу "мен Мәхдимін" деп жар салып жатады, бұндай айғайсыз өткен күн жоқ, демек әркүні 3 те 5 адам өздерін "Мәхдиміз" деп жатады, бірақ бұл адамдардың біреуінде де пайғамбарымыз айтқан Мәхди ғ.с-ның ешбір қасиеті жоқ, олар Мәуләнә Шайық Назым әулие баян еткен белгіден жұрдай, себебі Мәхди ғ.с адамдарды бір-бірден өзіне сендірмек болып, өзін түсіндіріп әуре болмайды, ол бұдан пәк-дүр, ол бір тәкбір айтады, сол кезде әлемде керемет туылып, жүрегінде иманы бар әрбір адам Мәхди ғ.с-ның шыққанын түсінеді әрі оны естиді, егер өздерін "Мәхдимін" деп жүргендер жұртты өздеріне бір-бірден сендірмек болса, оларға үш жыл емес, мың жыл емес, жүз мың жылда жетпес еді, сондықтан нағыз Мәхди ғ.с әлі шыққан жоқ. - МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ МЕХМЕТ ӘУЛИЕ ءماحدي شىققاندا، وعان جۇرەگىندە يمانى بار ءار كىسى وزدىگىنەن ەرىپ كەتەدى ءقازىر اركۇنى بىرەۋ "مەن ءماحديمىن" دەپ جار سالىپ جاتادى،...

НАҒЫЗ ТЫНЫШТЫҚ АЛЛАНЫ ЗІКІРЛЕП ЕСКЕ АЛУДА ЖАТЫР

Image
НАҒЫЗ ТЫНЫШТЫҚ АЛЛАНЫ ЗІКІРЛЕП ЕСКЕ АЛУДА ЖАТЫР Адамды риза қылу үшін құрақ ұшпа, Алла тағаланы риза қылу үшін құрақ ұш. - МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ МЕХМЕТ ӘУЛИЕ "Мен СІЗДІҢ ішіңіздемін әрі мен СІЗБІН", бұл сөзді адамдар ақылдан алқып шықпайынша түсіне алмайды. Нағыз тыныштықты Алла тағаламен жалғыз қалған кезде ғана таба аласың. - МӘУЛӘНӘ РУМИ ӘУЛИЕ ناعىز تىنىشتىق اللانى زىكىرلەپ ەسكە الۋدا جاتىر ادامدى ريزا قىلۋ ءۇشىن قۇراق ۇشپا، اللا تاعالانى ريزا قىلۋ ءۇشىن قۇراق ۇش. - ءماۋلانا شايىق مەحمەت اۋليە "مەن ءسىزدىڭ ىشىڭىزدەمىن ءارى مەن ءسىزبىن"، بۇل ءسوزدى ادامدار اقىلدان القىپ شىقپايىنشا تۇسىنە المايدى. ناعىز تىنىشتىقتى اللا تاعالامەن جالعىز قالعان كەزدە عانا تابا الاسىڭ. - ءماۋلانا رۋمي اۋليە #қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #шәриғат #салт #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #күн #мұхаммад #ораза nvrislam.net instagram.com/nvrislami

ҚҰРАН ҚҰШАҚТАП ЖҮРІП АДАСУДАН САҚТАНУЫҢ ҮШІН ӘУЛИЕДЕН ПІР ТҰТҚЫН

Image
ҚҰРАН ҚҰШАҚТАП ЖҮРІП АДАСУДАН САҚТАНУЫҢ ҮШІН ӘУЛИЕДЕН ПІР ТҰТҚЫН Біреу мейлі құран-хадисты қанша оқығанымен, бірақ пір-ұстаз тұтпаса, бәрібір ол Аллаға барар жолды жүре алмайды, егер тура жолда жүруге кітап қана жеткілікті болса, Алла адамзатқа кітап қана жіберер еді, ал шындығында Алла үмбеттің алдына пайғамбарымызды да бірге жіберді, әрбір дәуірде үмбетке пір-ұстаз керек, пірсіз адамның істеген ісі қабыл болмас, сондықтан Алла "Менің жолымда жүрген адамға еріңдер" дейді, бірақ көптеген адамдар басқа жанға еруге тым такаппарлық көрсетеді де, пірге ергісі келмейді, ал Алла тағала " ۖوَّاتَّبِعْ سَبِيْلَ مَنْ اَنَابَ اِلَيَّۚ" (Маған махаббатпен бұрылғандардың жолына еріңдер) (құран: лұқман сүресі 15-аят) дейді. - МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ قۇران قۇشاقتاپ ءجۇرىپ اداسۋدان ساقتانۋىڭ ءۇشىن اۋليەدەن ءپىر تۇتقىن بىرەۋ مەيلى قۇران-حاديستى قانشا وقىعانىمەن، ءبىراق ءپىر-ۇستاز تۇتپاسا، ءبارىبىر ول اللاعا بارار جولدى جۇرە المايدى، ەگەر تۋرا جولدا جۇرۋگە كىتاپ قانا ج...

АЛЛАНЫ ҰМЫТҚАН КЕЗДЕ ЖҮРЕК МАЗАСЫЗДЫҚТАРҒА ҰШЫРАЙ БАСТАЙДЫ

Image
АЛЛАНЫ ҰМЫТҚАН КЕЗДЕ ЖҮРЕК МАЗАСЫЗДЫҚТАРҒА ҰШЫРАЙ БАСТАЙДЫ Сіздегі мазасыздықтар сіз Алламен болған байланысыңызды ұмытып, Алланың рахымын қағыс қалдырған кезде пайда болады, адамдар Алланың рахым мұхитында жүргенін ұмытқан шақтан бастап, олардың жүректеріне күллі мазасыздықтармен қиналыстар кіре бермек, бұл кезде олар бейне теңізден тысқа шығып қалған балыққа ұқсар, бақытты болуыңыз үшін сіз ұдайы өзіңіздің Алланың рахым мұхитында жүргеніңізді еске алып жүруіңіз керек, сөзіміздің ең басты түйіні міне осы, бұл маңызды мәселе, сақ болыңыз, демек сіздегі хәл "мен істі басыммен білемін, бірақ оны үнемі жүрегіммен біле бермеймін" дегенге саяды. - МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ اللانى ۇمىتقان كەزدە جۇرەك مازاسىزدىقتارعا ۇشىراي باستايدى سىزدەگى مازاسىزدىقتار ءسىز اللامەن بولعان بايلانىسىڭىزدى ۇمىتىپ، اللانىڭ راحىمىن قاعىس قالدىرعان كەزدە پايدا بولادى، ادامدار اللانىڭ راحىم مۇحيتىندا جۇرگەنىن ۇمىتقان شاقتان باستاپ، ولاردىڭ جۇرەكتەرىنە كۇللى مازاسىزدىقتارمەن قينالىستار كىرە بە...

Сұхбат: іздеп жүргенің алдыңда тұр (2023.09.27 / 1445-хижри 12-Рабиул Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7169 Сұхбат: іздеп жүргенің алдыңда тұр (2023.09.27 / 1445-хижри 12-Рабиул Ауал) Исламбол (Стамбул), Түркия. (Кипірде айтылған сұхбат) Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху. Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим. Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях. Алла Әззә уә-Жәллә «о адам баласы, сендер қалай алданасыңдар? олар сендерді алдағаны соншалықты, сендер Алла Әззә уә-Жәлләны танымайтын болғансыңдар ма?» дейді, сізді Алла Әззә уә-Жәллә жаратты, ең әдемі бейнеде жаратты әрі ең жақсы нәрселерді берді, Ол сізді әрі ең биік мақамда әрі ең жоғары дәрежеде етті, ал берілген бұл игіліктер арқылы адамзат барлығын істей алатын қабілетке ие болды, Жаратушы Ие бүкіл барлығ...

Мәуләнәның шығыс оңтүстік Азияға сапары (2023)

Image
Мәуләнә Шайық Мехмет хазірет шығыс оңтүстік Азияда бір айдай сапарда болады, төменде оған қатысты сапар кестесі берілді (2023) Малайзия: 10.11-10.20 (10 күн) Сингапур: 10.20-10.22 (2 күн) Индонезия: 10.22-11.01 (11 күн) Сыриланка: 11.01-11.06 (5 күн) Мәуләнә ондағы өзіне еретін нақышбанд сопылық тәриқатының мүриттеріне кездеседі, шығыс оңтүстік Азияға нақышбанд сопылық тәриқаты 1979-жылдың басында Мәуләнә Шайық Назым әулиенің бастауымен көптеп тарай бастады, алғаш болып Малайзия патшасымен Бруней сұлтандары нақышбанд сопылық тәриқатын қабыл етті, содан бастап нақышбанд тәриқаты шығыс оңтүстік Азияға жаңа серпінмен кең тарауда. ءماۋلانا شايىق مەحمەت حازىرەت شىعىس وڭتۇستىك ازيادا ءبىر ايداي ساپاردا بولادى، تومەندە وعان قاتىستى ساپار كەستەسى بەرىلدى (2023) مالايزيا: 10.11-10.20 (10 كۇن) سينگاپۋر: 10.20-10.22 (2 كۇن) يندونەزيا: 10.22-11.01 (11 كۇن) سىريلانكا: 11.01-11.06 (5 كۇن) ءماۋلانا ونداعى وزىنە ەرەتىن ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتىنىڭ مۇريتتەرىنە كەزدەسەدى، شىعىس وڭتۇستىك از...

Сұхбат: Алланы пайғамбарға ілесу арқылы сүйесің (2023.09.26 / 1445-хижри 11-Рабиул Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7167 Сұхбат: Алланы пайғамбарға ілесу арқылы сүйесің (2023.09.26 / 1445-хижри 11-Рабиул Ауал) Исламбол (Стамбул), Түркия. (Кипірде айтылған сұхбат) Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху. Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим. Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях. Пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам «егер Алла Әззә уә-Жәлләны сүймек болсаңдар, маған еріңдер, сонда Алла Жәллә Жәләлуху сендерді сүйетін болады» дейді, ал біздің бір тілек, бір арманымыз Алла Жәллә Жәләлухудың махаббаты-дүр, мақсатымыз да Алла Әззә уә-Жәлләның махаббаты, бұл араға жиналып отырған себебіміз де осы. Машалла, бұнда дүниенің жер-жерінен адамдар келіп отыр екен, Алла Жәллә Жәләлуху ...

Сұхбат: Алланың бізді сүйгені маңызды (2023.09.24 / 1445-хижри 09-Рабиул Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7166 Сұхбат: Алланың бізді сүйгені маңызды (2023.09.24 / 1445-хижри 09-Рабиул Ауал) Исламбол (Стамбул), Түркия. (Кипірде айтылған сұхбат) Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху. Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим. Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях. Бисмилахир рахманир рахим, «وَلَقَدْ صَرَّفْنَا فِى هَـٰذَا ٱلْقُرْءَانِ لِلنَّاسِ مِن كُلِّ مَثَلٍۢ ۚ وَكَانَ ٱلْإِنسَـٰنُ أَكْثَرَ شَىْءٍۢ جَدَلًۭا» (құран 18:54), садақалахул-ғазим, Алла Әззә уә-Жәллә құран әзиму-шәнда бүкіл барлығын түсіндіріп кеткенін айтады, Ол «барлық мәселені, барлық игілікті Біз құран әзиму-шәнда баян етіп, оны адамзатқа және басқа барлығына да жібердік» дейді, демек құран әзиму-шәнда...