Posts

Showing posts from September, 2023

Сұхбат: нағыз бақытқа кәміл пірге ерсең ғана жетесің (2023.09.23 / 1445-хижри 08-Рабиул Ауал)

Image
https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7164 Сұхбат: нағыз бақытқа кәміл пірге ерсең ғана жетесің (2023.09.23 / 1445-хижри 08-Рабиул Ауал) Исламбол (Стамбул), Түркия. (Кипірде айтылған сұхбат) Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху. Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим. Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях. Егер адамдар «мына дүниедегі бақыт не?» деп сұраса, оған «бақыт деген тыныштық» дер едік, тыныштықтағы адам бақытты, ол қайда болса да қуанып шадыман жүрер, бірақ бұл тыныштық тек пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жолындағы нағыз тақуа адамдармен, әулиелермен бірге болғандарда болар, біз айтып отырған бұндай тыныштықпен береке Алла Жәллә Жәләлухудың жолында болғандарға берілмек, жүрегінде Ал...

АДАМДАРҒА РЕНЖИ КӨРМЕ

Image
АДАМДАРҒА РЕНЖИ КӨРМЕ Егер адамдарға ренжісеңіз, әсіресе дүние жанды адамдарға ренжи беретін болсаңыз, Алла тағала сізді сол адамдарға тастап қоятын болады да, сіз ылғи мазасыздықтар ішінде жүретін боласыз. - ИМАМ ҒАЗАЛИ ХАЗІРЕТ ادامدارعا رەنجي كورمە ەگەر ادامدارعا رەنجىسەڭىز، اسىرەسە دۇنيە جاندى ادامدارعا رەنجي بەرەتىن بولساڭىز، اللا تاعالا ءسىزدى سول ادامدارعا تاستاپ قوياتىن بولادى دا، ءسىز ىلعي مازاسىزدىقتار ىشىندە جۇرەتىن بولاسىز. - يمام عازالي حازىرەت #қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #мәхди #салт #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #күн #мұхаммад #ораза nvrislam.net instagram.com/nvrislami

ҰЛТЫҢА, РУЫҢА, ЕЛ-ЖЕРІҢЕ МАҚТАНБА, ПАЙҒАМБАРДЫҢ ҮМБЕТІ БОЛҒАНЫҢА МАҚТАН

Image
ҰЛТЫҢА, РУЫҢА, ЕЛ-ЖЕРІҢЕ МАҚТАНБА, ПАЙҒАМБАРДЫҢ ҮМБЕТІ БОЛҒАНЫҢА МАҚТАН Адамдар "мен бәлен ұлттан, бәлен рудан, түгілен мемлекеттен, түгілен елден болғанымды мақтаныш тұтамын" деп жатады, әйтеу осылай, олар бірдеңемен мақтанғысы келер, бірақ бұлар еш маңызды емес, бос нәрселер болып қала берер, себебі сіз өлгенде бұның барлығының шаруасы бітіп, олар сізден кетеді, мүмкін сіз ауырудан, аштан-шөлден я басқа нәрседен зардап көрерсіз, кедей я бай боларсыз, бұлар да еш маңызды емес, себебі сіздің қайтыс болуыңызбен олар да сізден кетеді, алайда сізден кетпей сізбен мәңгілік қалатын бір нәрсе бар, ол сіздің пайғамбарымыздың үмбетінен болғандығыңыз-дүр, міне осы нәрсе сізге мәңгі жолдас болады, сізді құтқарар, сол үшін пайғамбарымыздың үмбетінен болғандығыңызды мақтан тұтыңыз, егер мақтансаңыз осыған мақтаныңыз, сіздің ең үлкен бағыңыз да осы үмбеттен болғандығыңыз-дүр, пайғамбарымыздың үмбеті болғандығыңызға қуанып шаттаныңыз әрі ұдайы пайғамбарымыздың шапағатын сұраңыз...

НАҒЫЗ СҮННЕТ ДЕГЕНІМІЗ ЖҮРЕГІҢДІ ТАЗАРТУ

Image
НАҒЫЗ СҮННЕТ ДЕГЕНІМІЗ ЖҮРЕГІҢДІ ТАЗАРТУ Сүннет дегеніміз пайғамбарымыздың жолы, ол қайда апарар? ол Алланың илаһи құзіретіне апарар, сондықтан біз сүннетке ереміз, ол міне осындай қарапайым, пайғамбарымыздың жолы дегеніміз не? мен бұны көптеген діндарлардан сұрағанмын, демек пайғамбарымыздың жолы дегеніміз илаһи құзіретке жету, кім бұны басқаша айтпақ! сүннет дегеніміз осы яғни ол пайғамбарымыздың жолы, сүннет сыртқы нәрселер емес, ол дәрет алу, намаз оқу, тұрбан-сәлде киулер емес, бірақ сүннет дегеніміз жүрегіңді тазалап кіршіксіздендіру, илаһи құзіретте болуды сұрау әрі бұл лас дүниені сүюден арылу болмақ, міне бұл біздің исламға еруге қарсы келгендерге айтар қуатты сабағымыз. - МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ ناعىز سۇننەت دەگەنىمىز جۇرەگىڭدى تازارتۋ سۇننەت دەگەنىمىز پايعامبارىمىزدىڭ جولى، ول قايدا اپارار؟ ول اللانىڭ يلاھي قۇزىرەتىنە اپارار، سوندىقتان ءبىز سۇننەتكە ەرەمىز، ول مىنە وسىنداي قاراپايىم، پايعامبارىمىزدىڭ جولى دەگەنىمىز نە؟ مەن بۇنى كوپتەگەن ءدىندارلاردان سۇراعانمىن...

Сұхбат: пайғамбарымызды сүймегендер құтыла алмайды (2023.09.20 / 1445-хижри 05-Рабиул Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7160 Сұхбат: пайғамбарымызды сүймегендер құтыла алмайды (2023.09.20 / 1445-хижри 05-Рабиул Ауал) Исламбол (Стамбул), Түркия Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху. Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим. Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях. Бисмиллахир рахманир рахим, «وَمَآ أَرْسَلْنَـٰكَ إِلَّا رَحْمَةً لِّلْعَـٰلَمِينَ» (Біз сені (о, Мухаммад) дүниеге рахымнан басқа ештеңеге жібермедік) (құран 21:107), Алла Әззә уә-Жәллә пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның қасиеттерін құран әзиму-шәнда баяндай келе, «Біз оны күллі әлемге рахым ретінде жібердік» дейді, Алла Әззә уә-Жәллә оны құран әзиму-шәнда міне осылай құрметтер. Барлық жерде Алла Әззә уә-Жәллә пай...

Сұхбат: пайғамбарымызды сүю - парыз (2023.09.19 / 1445-хижри 04-Рабиул Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7159 Сұхбат: пайғамбарымызды сүю - парыз (2023.09.19 / 1445-хижри 04-Рабиул Ауал) Исламбол (Стамбул), Түркия Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху. Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим. Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях. Пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам «менің үмбетімен бір топ бар болып, олар қиямет күніне дейін ақиқатпен іс қылар» дейді, қазір қарап отырсақ «біз мұсылманбыз» дейтін көптеген адамдарды көреміз, бей-мұсылмандар да өте көп, бірақ осыншама адамдардың ішінен бір бөлімі ғана ақиқаттың үстінде жүрер, барлығы бірдей жүре алмас. Қазір адамдардың ой-саналары шатасып алжасқан, кімдер жақсыны жаман, жаманды жақсы етіп көрсетсе, олар исламның ...

Сұхбат: Италиядағы бауырлардың исламға махаббаты оянуда (2023.09.18 / 1445-хижри 03-Рабиул Ауал)

Image
https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7158 Сұхбат: Италиядағы бауырлардың исламға махаббаты оянуда (2023.09.18 / 1445-хижри 03-Рабиул Ауал) Исламбол (Стамбул), Түркия Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху. Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим. Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях. Біз иман берекесі үшін Алла Жәллә Жәләлухуға шүкірліктер айтамыз, осы жолда яғни Алла Жәллә Жәләлухудың жолында, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жолында жүргеніміз үшін шүкірлік етеміз, шүкір-Алла, Италиядағы бауырларымызға жасаған сапарымыз өте жақсы болды, машалла, Мәуләнә Шайық Назім хазіреттің онда егіп кеткен дәндері бүршік атып, өсіп-өніп өркендепті, көбейіп жатыпты, олар мойымас қайсарлықпен алға жүруде, т...

Сұхбат: әр адамға пір керек (2023.09.16 / 1445-хижри 01-Рабиул Ауал)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7157 Сұхбат: әр адамға пір керек (2023.09.16 / 1445-хижри 01-Рабиул Ауал) Исламбол (Стамбул), Түркия (Италияда айтылған сұхбат) Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху. Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим. Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях. Бисмиллахир рахманир рахим, «يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَكُونُوا۟ مَعَ ٱلصَّـٰدِقِينَ» (о иман келтіргендер, Алладан қорқыңдар да, шыншылдармен бірге болыңдар) (құран 09:119), Алла Әззә уә-Жәллә бұнда бізге «өздеріңмен өмірлеріңе пайдалы нәрселер үйренулерің үшін жақсы адамдармен бірге болыңдар» деп айтуда, демек сізді тәрбиелеп үйрету үшін сөзсіз бір адам керек. Әрине, жөн түсінетін, Алла Жәл...

ШӘМІС ТАРБИЗИ ӘУЛИЕНІҢ КЕРЕМЕТІ ЖӘНЕ РУМИ ХАЗІРЕТ

Image
ШӘМІС ТАРБИЗИ ӘУЛИЕНІҢ КЕРЕМЕТІ ЖӘНЕ РУМИ ХАЗІРЕТ Мәуләнә Руми хазірет жас кезінен аты шыққан асқан білімді ғұлама болды, оны Шәміс Тарбизи әулие сырттай көріп жүретұғын, бірде Руми хазірет аса бағалы табақтай үлкен бір кітап көріп отырған еді, Шәміс Тарбизи әулие оған "о Руми, не оқып жатырсың?" дер, ол кезде Руми хазірет Шәміс Тарбизи әулиені білмейтін еді, Руми хазірет оның сұрағын жақтырмай "сіз сияқты адамдар түсінбейтін нәрсені" деп жауап қайтарар, ал Шәміс Тарбизи хазірет Румидың табақтай кітабін жұлып алып, ағын суға лақтырып жібереді, Руми хазірет жүгіріп жүріп, кітабін судан әзер жинап алады, бірақ суға әбден малынған кітабінің сол бойы құрғақ тұрғанын көріп, "бұл қалай су болмаған? құп-құрғақ қой!" дейді, Шәміс Тарбизи әулие оған "бұл да сен сияқты адамдар түсінбейтін нәрсе" дейді, кейін Руми хазірет Шәміс Тарбизи әулиені түсінде көп рет көреді, соңында оған еріп, оның мүриті болады, міне осылай Шәміс Тарбизи әулиенің тәрби...

Сұхбат: иман барлығынан да маңызды (2023.09.15 / 1445-хижри 30-Сафар)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7155 Сұхбат: иман барлығынан да маңызды (2023.09.15 / 1445-хижри 30-Сафар) Исламбол (Стамбул), Түркия (Италияда айтылған сұхбат) Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху. Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим. Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях. Әлхамдулилла, бүгін кеште Алла Жәллә Жәләлухумен пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға сүйікті болған мүриттерміз бұнда жиналып отыр, біз раббиул-ауал айының бірінші түні кездесудеміз, бұл да Алла Жәллә Жәләлухудан бізге берілген нығымет, иншалла, Ол барлығын өзі жоспарлайды, ал біз Оның жоспарына ереміз, сондықтан осы түнде сіздердей жақсы кісілермен осында кездесу де сондай бір жақсы жоспардан болмақ. Әлхамдулилл...

ФАТИХА СҮРЕСІ КӘПІРДІ ДЕ ИМАНҒА ӘКЕЛЕ АЛАДЫ

Image
ФАТИХА СҮРЕСІ КӘПІРДІ ДЕ ИМАНҒА ӘКЕЛЕ АЛАДЫ Фатиха сүресін бір рет болса да оқу, адамның бүкіл өміріне жеткілікті рахман алып келеді, тіпті оны кәпірлер бір рет оқыса да, ол оларға иман алып келеді, мүмкін ол сәт оның өмірінің ең соңғы сәті болар, себебі иман әуелде бар нәрсе, әрбір адам туылғанда иманмен туылады, ал кәпірлік болса адамға кейін қосылатын нәрсе, фатиха сүресі тіпті жамандықтан қолы босамайтын жандарға да иман алып келе алады. - МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ فاتيحا سۇرەسى كاپىردى دە يمانعا اكەلە الادى فاتيحا سۇرەسىن ءبىر رەت بولسا دا وقۋ، ادامنىڭ بۇكىل ومىرىنە جەتكىلىكتى راحمان الىپ كەلەدى، ءتىپتى ونى كاپىرلەر ءبىر رەت وقىسا دا، ول ولارعا يمان الىپ كەلەدى، مۇمكىن ول ءسات ونىڭ ءومىرىنىڭ ەڭ سوڭعى ءساتى بولار، سەبەبى يمان اۋەلدە بار نارسە، ءاربىر ادام تۋىلعاندا يمانمەن تۋىلادى، ال كاپىرلىك بولسا ادامعا كەيىن قوسىلاتىن نارسە، فاتيحا سۇرەسى ءتىپتى جاماندىقتان قولى بوسامايتىن جاندارعا دا يمان الىپ كەلە الادى. - ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە #қазақ #тәриқат #салауат #әулие...

ЖАРАТҚАН ӘЛЕМІҢІЗДІ КӨРЕ АЛАМЫН, БІРАҚ СІЗДІ КӨРЕ АЛМАЙМЫН, БҰЛ ҚАЛАЙ ...

Image
ЖАРАТҚАН ӘЛЕМІҢІЗДІ КӨРЕ АЛАМЫН, БІРАҚ СІЗДІ КӨРЕ АЛМАЙМЫН, БҰЛ ҚАЛАЙ ... Алладан махаббат тілеп сұрай бердім, бірақ кейін махаббаттың әуелде өзі келіп, есігімді қағып тұрғанын байқадым, мен оның кіруіне жол беруім керек екен. О Алла, бұл махаббат неткен әділетсіз еді, ол қандай махаббат! мен Сіздің жаратқан әлеміңізді көре аламын, бірақ Өзіңізді көре алмаймын! - МӘУЛӘНӘ РУМИ ӘУЛИЕ جاراتقان الەمىڭىزدى كورە الامىن، ءبىراق ءسىزدى كورە المايمىن، بۇل قالاي ... اللادان ماحاببات تىلەپ سۇراي بەردىم، ءبىراق كەيىن ماحابباتتىڭ اۋەلدە ءوزى كەلىپ، ەسىگىمدى قاعىپ تۇرعانىن بايقادىم، مەن ونىڭ كىرۋىنە جول بەرۋىم كەرەك ەكەن. و اللا، بۇل ماحاببات نەتكەن ادىلەتسىز ەدى، ول قانداي ماحاببات! مەن ءسىزدىڭ جاراتقان الەمىڭىزدى كورە الامىن، ءبىراق ءوزىڭىزدى كورە المايمىن! - ءماۋلانا رۋمي اۋليە #қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #мәхди #салт #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #күн #мұхаммад #ораза nvrislam.net...

ХИЖРИ 1445-ЖЫЛДЫҢ РАБИУЛ-АУАЛ АЙЫ КІРДІ, МӘУЛИТ АЙЫ КІРДІ

Image
ХИЖРИ 1445-ЖЫЛЫНЫҢ РАБИУЛ-АУАЛ АЙЫ КІРДІ, МӘУЛИТ АЙЫ КІРДІ Жолы ауыр сафар айы да соңына жетіп, бүгін (2023.09.16) рабиул-ауал айы кірді, пайғамбарымыз осы айда туылған, рабиул-ауал айында айтылатын төмендегі зікірлер бар, әркім мүмкіндігіне қарай істесе болады: - астағфируллаһ (70~700) - ықлас сүресі (100~1000) - лә илаһа илаллах (100~1000) - салауат (100~1000) - я мұнқиз әл-халка (40) - лә илаха әнта сүбіхәнәк инни күнтум миназ-залимин (100) - далали қайрат (бір пара) мүмкін болса жұрт жамағат болып жиналып, мәулит өткізгені абзал. حيجري 1445-جىلىنىڭ رابيۋل-اۋال ايى كىردى، ءماۋليت ايى كىردى جولى اۋىر سافار ايى دا سوڭىنا جەتىپ، بۇگىن (2023.09.16) رابيۋل-اۋال ايى كىردى، پايعامبارىمىز وسى ايدا تۋىلعان، رابيۋل-اۋال ايىندا ايتىلاتىن تومەندەگى زىكىرلەر بار، اركىم مۇمكىندىگىنە قاراي ىستەسە بولادى: - استاعفيرۋللاھ (70~700) - ىقلاس سۇرەسى (100~1000) - ءلا يلاھا يلاللاح (100~1000) - سالاۋات (100~1000) - يا مۇنقيز ءال-حالكا (40) - ءلا يلاحا ءانتا سۇبىحاناك ينني كۇنتۋم ميناز-زاليمين ...

Сұхбат: қайтсек өміріміздің құны болмақ? (2023.09.14 / 1445-хижри 29-Сафар)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7150 Сұхбат: қайтсек өміріміздің құны болмақ? (2023.09.14 / 1445-хижри 29-Сафар) Исламбол (Стамбул), Түркия (Италияда айтылған сұхбат) Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху. Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим. Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях. Әлхамдулилла, көптеген адамдарға кездестік, біз бұл жолы бұнда бірінші рет кездесіп отырмыз, бұған Алла Жәллә Жәләлухуға шүкірліктер айтамыз, біздің жиналысымыз, әлхамдулилла, Алла Жәллә Жәләлухумен пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам үшін еді, өміріміздегі ең маңызды іс міне осы болмақ. Әлхамдулилла, Италияда болған бірнеше күннен бері біраз жерлерге бардық, бүгін осы қалаға (Венеция) келдік, жұрт «оны су үс...