Posts

Showing posts from February, 2023

Сұхбат: мұсылмандар бір денеге ұқсайды (2023.02.28, 08 Шағбан 1444)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=6542 Сұхбат: мұсылмандар бір денеге ұқсайды (2023.02.28, 08 Шағбан 1444) Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху. Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим. Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях. Қасиетті пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам мұсылмандардың бір денеге ұқсайтындығын айтады, бұл бейне адамның денесінің мәлім бір жері ауырса, оның бүкіл денесі оның әсеріне ұшырап, осы ауруды бірге сезінуімен бірге қиналатынына ұқсайды, үмбетпен мұсылмандар - бір, сондықтан мәлім жерде мұсылмандарға бір іс бола қалса, бүкіл мұсылмандар ол жәйлі естиды әрі олар үшін алаңдап, көмек еткісі келеді, ал осылай көмектесу пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның әмірлерінен...

ҚАҒБАДАҒЫ ҚАРА ТАС ӘСІЛІ ПЕРІШТЕ ЕДІ

Image
ҚАҒБАДАҒЫ ҚАРА ТАС ӘСІЛІ ПЕРІШТЕ ЕДІ Адам жәннатта тұрғанда, Алла оның харам етілген ағаштан ештеңе жемеуін ескертетін бір періште қойды, бір күні ібліс келіп Хауана ғ.с -ды алдап, харам етілген ағаштағы жемісті жегізді әрі Хауана ғ.с-ды түртпектеп, Адам ғ.с-ға да жегізеді, ал манағы періште екеуіне осы ағаштың оларға харам етілгендігін айтады, бар күшін салып, оларға жегізбеуге тырысады, бірақ барлығы бекер болып, екеуі ол ағаштан (бидайды) жейді, бұл періште Адам ғ.с Аллаға берген уәдесін бұзып, Аллаға бағынбағанын өз көзімен көреді, Алла олардың кимін алып, жәннаттан шығарады, ал манағы періштені лағыл тасқа өзгертеді, ол - "хажар асуад", ол кейін қағбаға апарылды, қағбадағы қара тас осы періште еді, сондықтан хазірет Әли р.а хазірет Омар р.а-ға осы тастың тегі жәйлі "ол жәй жансыз тас демеңіз, оның міндеті бар, ол қажылыққа келгендердің есімдерін естелікке алып отырады" дейді. - МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ قاعباداعى قارا تاس ءاسىلى پەرىشتە ەدى ادام ءجا...

Сұхбат: кінәңмен қателігіңді әшкерелеме (2023.02.27, 07 Шағбан 1444)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=6540 Сұхбат: кінәңмен қателігіңді әшкерелеме (2023.02.27, 07 Шағбан 1444) Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху. Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим. Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях. Алла Әззә уә-Жәллә Әс-Саттар, Әс-Саттар мағынасы «Алла Жәллә Жәләлуху кінәлармен қателіктерді жасырушы» деген сөз, егер бір адам өзін жасырса әрі Алла Жәллә Жәләлухудан өзін жасыруды сұраса, Алла Жәллә Жәләлуху оны жасыратын болады, Ол бұл пендесінің істеген кінә-қателіктерін ашып, оны ұялытпайтын болады, себебі қиямет күнінде оның барлық істеген істері жәрия болады, ол сол кезде қатты ұялар, алайда пендесі Алла Жәллә Жәләлухудан оны жасыруды сұраса, Ол оны жасырады, сонды...

РӘБИЯ ӘУЛИЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАС КҮЙЕУІ

Image
РӘБИЯ ӘУЛИЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАС КҮЙЕУІ Ирақ басрада 8-ғасырда Рәбия Адуия (714 — 801) есімді әулие әйел өткен еді, оның күйеуі арақ ішіп күнде мас жүретін, бірақ оған Рәбия хазірет тым сабырлы еді, ол жарым түнде, сумен орамал дайындап, мас күйеуі келсе, оны жуып тазаламақ болып, күтіп отыратын, бірақ ол бір рет те "күйеуім жаман" демеген, бірде күйеуі оны шақырар, ал ол кезде ол намазда еді, естімейді, күйеуі тұрып қараса, жұрт Рәбия әулие намаз оқитын бөлменің есігінен сығалап жатыпты, себебі үй іші нұрға толған, күйеуі оған "менде көрейін" дер, ол оған "жоқ, сен оған даяр емессің" дейді, күйеуі ерегесіп, бой бермейді, Рәбия әулие дұға етер, күйеуі ол нұрды көреді, бірақ ол сол жерде нұрдың күшті тәжәллисіне шыдай алмай қайтыс болады, ол нұр Шах Нақышбанд Бахаудин әулиенің руханият нұры еді, кейбір әулиеде сондай илаһи күш ағыны болады, ондай әулиенің артында тұрып, намаз оқу тым қиын, селкілдеп, дірілдейсің, қалтырайсың, орныңда тұру мұң болар. - ...

ӘР ТҮНІ 1000 РАКАТ НАМАЗ ОҚИТЫН РӘБИЯ ӘУЛИЕ

Image
ӘР ТҮНІ 1000 РАКАТ НАМАЗ ОҚИТЫН РӘБИЯ ӘУЛИЕ Рәбия Адуия есімді әулие әйел кісі өтті, ол әркүні нәпсісіне тағы бір күн өмір сүруге еш үміт қалдырмайтын, ол өзіне "о Рәбия, бүгін түн сенің өміріңдегі ең соңғы түн болуы мүмкін, сондықтан бүгін түнде қайтыс болатын кісідей құлшылық ет" дейтін, ол осылай күні-түні ғибадат ететін, ол әркүні түнде Аллаға өте терең махаббатпен 1000 ракат намаз оқығанда, бүкілдей нұрланып, жарық шығатын, түн тез өтетін, ал таңертең ол өзіне "кешке дейін өмір сүруің белгісіз" деп құлшылығын тағы жалғастыратын, оның құлшылығын жәй адам істей алмайды, оның терең махаббаты үшін Алла оған ерекше илаһи күш берген, оның жүрегі Алла махаббатына мүлдем кіріп кеткен еді, ол әр жолы маскүнем күйеуін, тап-таза етіп жуып күтетін, бірде ол бөлмесінде құлшылық етіп жатқанда, күшті нұр шықты, сол кезде күйеуі бөлмеге қарамақ болды, әулие оған қарамауды айтар, бірақ ол бой бермей қарайды, ал күйеуі қарағанда, ондағы илаһи нұрға физикалық тұрғыда ...

Сұхбат: ешқашан сынақ сұрамаудың пайдасы (2023.02.26, 06 Шағбан 1444)

Image
https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=6537 Сұхбат: ешқашан сынақ сұрамаудың пайдасы (2023.02.26, 06 Шағбан 1444) Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху. Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим. Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях. Біздің қасиетті пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам «Алла Жәллә Жәләлухудан сабыр сұрамаңдар» дейді, бұндағы «сабыр сұрама» дегені «сынақ сұрама, өзің көтере алмайтын жүк сұрама, сабырды қажет ететін іс сұрама» дегені еді, себебі Алла Әззә уә-Жәллә сынақ береді және ихсан (нығымет, игілік, жеңілдік) береді, ал сіз олардың ішінде ихсанды сұрауыңыз керек, біз сынаққа қалмалық, иншалла, егер кімде-кім «мен сынақтан өтіп кетемін» деп ауыр жүк-міндет сұраса, ол оны көтере алмай...

РУХЫҢ ӘЛМИСАҚТА КІМДІ СҮЙСЕ, ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕНДЕ ДЕ СОНЫ ҰНАТАДЫ, СҮЙЕДІ

Image
РУХЫҢ ӘЛМИСАҚТА КІМДІ СҮЙСЕ, ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕНДЕ ДЕ СОНЫ ҰНАТАДЫ, СҮЙЕДІ Маған жаны тартылып бауралғандардың жаны менімен ұқсас бір мұхитта, демек, Рахым Мұхитында бірге жүзіп жүргендер, олардың рухы менімен таныс, мен олармен сонау уәде күнінен яғни әлмисақ уәде күнінен бастап-ақ біргемін, мейлі олар бұны сезсін я сезбесін, бұл осылай. - МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ رۋحىڭ ءالميساقتا كىمدى سۇيسە، دۇنيەگە كەلگەندە دە سونى ۇناتادى، سۇيەدى ماعان جانى تارتىلىپ باۋرالعانداردىڭ جانى مەنىمەن ۇقساس ءبىر مۇحيتتا، دەمەك، راحىم مۇحيتىندا بىرگە ءجۇزىپ جۇرگەندەر، ولاردىڭ رۋحى مەنىمەن تانىس، مەن ولارمەن سوناۋ ۋادە كۇنىنەن ياعني ءالميساق ۋادە كۇنىنەن باستاپ-اق بىرگەمىن، مەيلى ولار بۇنى سەزسىن يا سەزبەسىن، بۇل وسىلاي. - ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە #қазақ #тәриқат #салауат #дана #әулие #ілім #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #адамгершілік #иман #балалар #шәриғат #салт #дәстүр #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләна #яссауи #күн #нақыл #пайғамбар #мұхаммад #махабба...

ӨМІРДІҢ ЕҢ ЖАҚСЫ ФОРМУЛАСЫ

Image
ӨМІРДІҢ ЕҢ ЖАҚСЫ ФОРМУЛАСЫ Үлкен мүршит Абдулла әулие "адам әр күні 24000 рет тыныс алады, дене органы 16000 рет қозғалыс жасап, 30000 түрлі жұмыс істейді" деген еді, қияметте әрбіріміз "ондағы ниетің не?" деп осы есепсіз іс қимылдан сұраламыз, сол кезде "бәрі сіздің ризалығыңыз үшін, я Алла" дей алсаңыз, ол бүкіл бәріне жетеді, пайғамбар "мен күндей ашық шәриғатпен келдім" дер, адам Аллаға бойұсынғыш я қарсы келгіш болады, егер сіз "Алланың құзіретінде күнім не болмақ" деп әркүні ойласаңыз, өзге елдің кемшілігін теруден ада болып, өзіңізді түзеумен әбігер боласыз, бұл амал сізді әдепті кісі етіп тәрбиелейді, өмірдің ең жақсы формуласы осы, Алла "қимыл, амал, құлшылық, өмір және өлімің барлығы Мен үшін болуы керек" дер, бұл дегеніміз Алла жолы үшін өмір сүріп, сол жол үшін өлу демекілік, өзгелерден кемшілік іздеме, ол харам іс, өйтсең дәретің бұзылады, бұндайда ғұсыл алып тазалан, адам баласына үкім жүргізу Алланың...

Сұхбат: надан адаммен айтыспа (2023.02.25, 05 Шағбан 1444)

Image
https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=6534 Сұхбат: надан адаммен айтыспа (2023.02.25, 05 Шағбан 1444) Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху. Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим. Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях. Бисмиллахир рахманир рахим, «وَإِذَا خَاطَبَهُمُ ٱلْجَـٰهِلُونَ قَالُوا۟ سَلَـٰمًا» (надан адам оларға сөйлесе, олар оған тыныштықпен жауап береді) (құран 25:63) делінген. Адам баласы нәпсілеріне еріп, ойына келгенді істейді, кімде-кім осы нәпсісіне бағынса, ол су қараңғы надан адам болмақ, Алла Әззә уә-Жәлләның айтқандарын істемейтін әрі оны қабыл етпейтін адамдар надандар, мейлі олар кім болса сол болсын еш қадір-қымбаты жоқ құнсыздар. Кейбір адамдар «олар мынадай сөз айтып жатыр» деп ...

НАҒЫЗ БІЛІМ - АЛЛА ЖОЛЫ, АЛ ҚАЛҒАНЫ БІЛІМ АТЫН ЖАМЫЛЫҒАН ДҮНИЕ ҒАНА

Image
НАҒЫЗ БІЛІМ - АЛЛА ЖОЛЫ, АЛ ҚАЛҒАНЫ БІЛІМ АТЫН ЖАМЫЛЫҒАН ДҮНИЕ ҒАНА Алламен пайғамбардың сөзін дұрыс түсіну зор нығымет, пайғамбар "бесіктен қабырға дейін білім үйрен, білім қытайда болса, оны іздеп үйрен" дер, бұнда оның "білім" дегені Алла жолына салатын білімді көрсетеді, ол алыстан "ат тағалауды, физика, химия, математика не футбол тебуді үйрен" демеді, бұлар ілім емес, дүние-дүр, бұнда "қай жерде Алла жолын үйретіп, хаққа бастайтын кісі болса, онда барып Аллаға барар жолды үйрен, илаһи ілім үйрен, Аллаға жақындардан білім ал" дейді, химия, физика не басқа дүние ғылым үйреніп, Алла жолына түскен кісі жоқ дерлік, бастысы олар саған Алла т.ғ жолын емес, керісінше, оны ұмытуды үйрететін дүниелік нәрселер ғана, ол Аллаға бастамас, қайта барған сайын алыстатар, бұл жолдағылар дерлік әтейизим-материализм жолына түседі, олар шайтан-дүние жолында тозып жүрген біреулер ғана, олар Аллаға, пайғамбарға, әулиеге, исламға күле қарар шайтанның а...

НАҒЫЗ БІЛІМ - АЛЛА ЖОЛЫН БІЛУ, ҚАЛҒАН БІЛІМДЕР "ДҮНИЕ" ДЕЛІНЕР

Image
НАҒЫЗ БІЛІМ - АЛЛА ЖОЛЫН БІЛУ, ҚАЛҒАН БІЛІМДЕР "ДҮНИЕ" ДЕЛІНЕР Пайғамбар "қара жерге кіргенше білім үйрен" дер, ал Алланың әуелгі әмірі "оқы, үйрен", ал бұнда "білім үйрену" нені меңзер? мектептерді таусып, университеттерді тоздыру ма? жоқ! Ол - Алла жолына қалай еруді үйрену, нағыз білім дегеніміз Алла жолына ілесуді білу, әрине, жан бағыс үшін ақылың жетер дүние білімін қажетіңше үйрен, бірақ ол өмір мақсаты емес, өмірді дүниеге арнау надандық, өмір ақирет үшін берілді, ішіп-жеуге берілмеді, өмір сүру үшін ішіп-жейміз, бірақ сол өмірді Алла ризалығына жетіп, ақирет бақытымызды жарату үшін сүреміз, босқа сүрмейміз, білім дәрежеге бөлінер әрі ол білімді түсінудің де өз дәрежесі бар, кейбіреу көп білім, құран-хадис біледі, бірақ оны өзі түсінбес, Алла оларды "кітап көтерген есек" дер, білім және түсіну екі бөлек, сол үшін елді күшпен бір жерге жинап, оларға барлығын үйретпек болу - надандық, Алла "риздығын тапсын" д...

МАХАББАТ - БАРЛЫҒЫ, ОНСЫЗ БҰЛ ӘЛЕМ ЖОҚ

Image
МАХАББАТ - БАРЛЫҒЫ, ОНСЫЗ БҰЛ ӘЛЕМ ЖОҚ Жәйлі жан дегеніміз қолындағысының аз я көптігімен іс жоқ жан. Жұрт "не бере алдың?" десе, "махаббат!" деңіз, махаббатқа мас жан махаббаттан басқа не бере алады? махаббат - барлығы, ал біз оның қасында ештеңе емеспіз, Алла бүкіл ғаламды махаббатпен жаратты. Көлеңке! оған қарасаң, ол менікі, бірақ көлеңке мен емес қой. Қиналыс - сауға, рахым қиналыстың ішіне жасырынған. Үнсіз қалыңыз, сөз көбейсе, сөздің мағынасы бұзылады. - МӘУЛӘНӘ РУМИ ӘУЛИЕ ماحاببات - بارلىعى، ونسىز بۇل الەم جوق ءجايلى جان دەگەنىمىز قولىنداعىسىنىڭ از يا كوپتىگىمەن ءىس جوق جان. جۇرت "نە بەرە الدىڭ؟" دەسە، "ماحاببات!" دەڭىز، ماحابباتقا ماس جان ماحابباتتان باسقا نە بەرە الادى؟ ماحاببات - بارلىعى، ال ءبىز ونىڭ قاسىندا ەشتەڭە ەمەسپىز، اللا بۇكىل عالامدى ماحابباتپەن جاراتتى. كولەڭكە! وعان قاراساڭ، ول مەنىكى، ءبىراق كولەڭكە مەن ەمەس قوي. قينالىس - ساۋعا، راحىم قينالىستىڭ ىشىنە جاسىرىنعان. ءۇنسىز قالىڭىز، ءسوز كوبەيسە، ءسوزدىڭ ماعىناسى...

Сұхбат: Алланың қорғаны (2023.02.24, 04 Шағбан 1444)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=6530 Сұхбат: Алланың қорғаны (2023.02.24, 04 Шағбан 1444) Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху. Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим. Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях. Кім Алла Жәллә Жәләлухумен бірге болса, ол адамда қорқыныш та, көңілсіздікте болмайды, иншалла, себебі Алла Әззә уә-Жәллә бүгін біз құтпада оқыған құран кәрим аятында оны айтып өтті. Бисмиллахир рахманир рахим, «نَّ وَلِيِّيَ اللَّهُ الَّذِي نَزَّلَ الْكِتَابَ ۖ وَهُوَ يَتَوَلَّى” الصَّالِحِينَ» (расында, менің қорғаушым кітап жіберуші Алла, Ол шыншылдардың серігі) (құран 07:196) делінеді, Алла Жәллә Жәләлуху турашыл адамдардың көмекшісі, Ол олардың әрбір ісіне жәрдем жасаушы, олардың ең ...

ҚАЗІР - БІЛІМДІ НАДАННЫҢ ДӘУІРІ

Image
ҚАЗІР - БІЛІМДІ НАДАННЫҢ ДӘУІРІ Надандық рухани ауруға жатады, ол кітап көру, мектеп-университет бітірумен түзелмейді, қайта ол кезде ол білімді наданға айналады, демек, көп оқыған надандар білімді, оқыған наданға өзгеріп, өзімен бірге тіпті де көп адамды адастырады, себебі қазір бала-бақшалар, мектеп-университеттер шайтан ілімдерімен надандықты тарататын үлкен орталықтарға айналды, оған кіргендер кірерде иманды кіріп, ал шығарда имансыз, әдепсіз, руханиятсыз біреулер боп шығатын болды, олар бұл жерлерді бітірген соң Аллаға, пайғамбарға, әулиеге, исламға қарсы келгіш болатын болды, тіпті оны жоққа шығаратын, білмейтін адамдарға өзгеруде, егер біле қалса, олар бұларға қарсы келуші кесір жандар болды, олар онда "доктор, профессор" деген еврей қойып берген атаққа мәз боп жүргендерге алданып, нандық күпірлік шарабына мас болды, естерінен кетті, олардың сырты сау болғанымен, жаны ластанған рухани ауруға айналуда, тек дүниемен атақтан басқаны танымас болды, аман қалатын...

ӨЗІН ТАНИ АЛМАҒАН, АЛЛАНЫ ДА ТАНЫМАС

Image
ӨЗІН ТАНИ АЛМАҒАН, АЛЛАНЫ ДА ТАНЫМАС Ішіңіздегі өз шайтаныңызға (нәпсіңе) қараңыз, оны өзгелерден іздемеңіз, себебі өз шайтанын таныған кісі, Тәңірін де тани алады. Сенімділік дегеніміз қолыңызда барыңызды қатерге тігу деген сөз. Өзіңізде бар нәрсенің қадірін, оны жоғалтып алғанда ғана білесіз. Сіз барлығын сынап көріп, маған жетпекші боласыз, бірақ ақиқатқа қараңызшы, мен сізге қолымды созып, жеткім келіп тұрма ... Неге екенін білмеймін, сізге қарасам болғаны, өзімді көремін ... - МӘУЛӘНӘ РУМИ ӘУЛИЕ ءوزىن تاني الماعان، اللانى دا تانىماس ىشىڭىزدەگى ءوز شايتانىڭىزعا (ناپسىڭە) قاراڭىز، ونى وزگەلەردەن ىزدەمەڭىز، سەبەبى ءوز شايتانىن تانىعان كىسى، ءتاڭىرىن دە تاني الادى. سەنىمدىلىك دەگەنىمىز قولىڭىزدا بارىڭىزدى قاتەرگە تىگۋ دەگەن ءسوز. وزىڭىزدە بار نارسەنىڭ ءقادىرىن، ونى جوعالتىپ العاندا عانا بىلەسىز. ءسىز بارلىعىن سىناپ كورىپ، ماعان جەتپەكشى بولاسىز، ءبىراق اقيقاتقا قاراڭىزشى، مەن سىزگە قولىمدى سوزىپ، جەتكىم كەلىپ تۇرما ... نەگە ەكەنىن بىلمەيمىن، سىزگە قاراسام بولعانى، ءوزىمدى ...

Сұхбат: тәкаппарлық ең үлкен әлсіздік (2023.02.23, 03 Шағбан 1444)

Image
https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=6526 Сұхбат: тәкаппарлық ең үлкен әлсіздік (2023.02.23, 03 Шағбан 1444) Адам баласының тәкаппарлыққа басып, өзін әспеттеуі еш жақсылық емес, ол істеген істеріңізді мүлдем жойып жібермек, адам өзін керемет санап, өзін өзгелерден жоғары көрген сайын, шайтаннан көптеп жеңіле беретін болады, себебі тәккапарлық, өр көкіректік, бөсу және өзін жоғары көру шайтанның қасиеттерінен болып табылады, ал шайтан болса әрбір адамның осындай қасиеттерге ие болып, өзімен ұқсас болғанын қалайды, адам нәпсісі де осыларды қатты ұнатады, ол «мен ең жақсы, мен ең жақсы білем» дейді, сондықтан бұл қасиеттер Алла Әззә уә-Жәлләмен пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам жағынан ұнатылмаған. Оны жұрт «менменшілдік» дер, бұл адам нәпсісінің бір кеселі, нәпсінің аурулары денеде болмайды, бірақ ол адамның руханиятымен мінез-құлқында болады, ал оның залалы жәй нәрсе емес, ол адамзатқа аса зор зиянкестік алып келеді, сондықтан біз одан абай болғанымыз жөн. Сәидина Әбдул Қа...

ТӘУБЕ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Image
ТӘУБЕ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? Тәубе ету дегеніміз адам өзінің мына төрт дұшпанына құлақ салмау деген сөз, олар нәпсі, хауа (бос арман, қиял, елестер), дүние, шайтан, әрбір адам осы төрт дұшпанымен немесе Алламен келіседі, демек, екінің бірі болар, Аллаға қайтуды сұраған адам осы төрт дұшпанына қарсы соғысып, олардың әміріне құлақ аспауы керек, үлкен жихат дегеніміз осы, көз алдағы дұшпанымен соғысу оңай нәрсе, ол кіші жихат, сауабы аз, қазір үлкен жихат дәуірі, кіші жихат заманы емес, кіші жихат болуы үшін мұсылманның халифасы яғни "басың" болуы керек, ал османлы кетті, мұсылман халифасы жойылды, басың жоқ. - МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ تاۋبە دەگەنىمىز نە؟ تاۋبە ەتۋ دەگەنىمىز ادام ءوزىنىڭ مىنا ءتورت دۇشپانىنا قۇلاق سالماۋ دەگەن ءسوز، ولار ءناپسى، حاۋا (بوس ارمان، قيال، ەلەستەر)، دۇنيە، شايتان، ءاربىر ادام وسى ءتورت دۇشپانىمەن نەمەسە اللامەن كەلىسەدى، دەمەك، ەكىنىڭ ءبىرى بولار، اللاعا قايتۋدى سۇراعان ادام وسى ءتورت دۇشپانىنا قارسى سوعىسىپ، ولاردىڭ امىرىنە قۇلاق اسپاۋى كەرەك، ۇ...

ДОҢЫЗ ЛАС, БІРАҚ НӘПСІҢ ОДАН ДА ЛАС, ДОҢЫЗДЫҢ СЫРТЫ, СЕНІҢ ІШІҢ ЛАС

Image
ДОҢЫЗ ЛАС, БІРАҚ НӘПСІҢ ОДАН ДА ЛАС, ДОҢЫЗДЫҢ СЫРТЫ, СЕНІҢ ІШІҢ ЛАС Мүршит Абдулла әулие "Алла алдында қабыл болған құл болу үшін, адамда мына үш хайуанның үш қасиеті болу тиіс" деген еді, бірінші, кісіге есектің сабырлылығы керек, себебі шыдамсыз кісі өмір жүгін арқалап жүре алмайды, екінші, кісіге иттің адалдығы керек, ит иесі өзін ұрып соқса да, оған адал болады, тіпті ол иесі "күт" деген жерде иесін өлгенше күте біледі, үшінші, шошқаға қарасаң жүрегің айниды, бірақ бұл ластық лас нәрсе жеуден келген сыртқы ластық, ал сенде шошқадан да тым лас нәрсе бар, ол - нәпсің, нәпсі - ішкі ластық, бұл ластық Аллаға үнемі қарсылық етуден келген теңдесі жоқ ластық, кемел кісі өзіне не ластық яғни жаман іс-сөз "лақтырылса" да, ол өз нәпсісінің одан лас екендігін біледі, жан тыныштығы бұл үш қасиеті бар адамда болар, қалғандары тыныштығы жоқ мазасыздар, олар намаз оқыса да ішкі тыныштық таппас, осы қасиеті бар кісінің әр ракат намазы жер-көктен ауыр, ал д...

ИТТІҢ ПАЙҒАМБАРЛАРМЕН ӘУЛИЕЛЕРДЕ БОЛАТЫН 12 ТҮРЛІ АСЫЛ ҚАСИЕТТЕРІ

Image
ИТТІҢ ПАЙҒАМБАРЛАРМЕН ӘУЛИЕЛЕРДЕ БОЛАТЫН 12 ТҮРЛІ АСЫЛ ҚАСИЕТТЕРІ Пірім Абдулла әулие "Алла алдында қабыл болған құл болу үшін, ол адамда мына үш хайуанның үш қасиеті болу тиіс, олар есек, ит және доңыз, иттің пайғамбарлармен әулиелерге тән 12 асыл қасиеті бар" деп айтқан еді, ит 1) жақсылықты ұмытпас, 2) иесі шақырса дереу келеді, қанша ұрсаң да ренжімес 3) кішпейіл 4) бойұсынғыш 5) азға қанағатшыл, шүкіршіл, не берсең соған риза 6) өте шыншыл 7) адал дос, ешқашан иесін сатпайды 8) сенімді келеді 9) захид яғни ит бұл дүниеден ештеңе тілемейді, тас лақтырып қусаң да еш ренжіместен кете береді, итте ренжу деген болмайды 10) сақ келеді, аз ұйықтар, тез оянады, 11) тым сабырлы, барлығын қабыл етеді 12) бергеннің барлығына риза, кімде осы қасиеттер болса, ол әулие, демек, уәли болады, себебі иттің бұл 12 мінезі пайғамбармен әулиеден табылар. - МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ ءيتتىڭ پايعامبارلارمەن اۋليەلەردە بولاتىن 12 ءتۇرلى اسىل قاسيەتتەرى ءپىرىم ابدۋللا اۋليە "اللا ...

Сұхбат: илан да тыныштыққа жет (2023.02.22, 02 Шағбан 1444)

Image
https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=6522 Сұхбат: илан да тыныштыққа жет (2023.02.22, 02 Шағбан 1444) Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху. Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим. Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях. Бисмиллахир рахманир рахим, «لَا عَاصِمَ ٱلْيَوْمَ مِنْ أَمْرِ ٱللَّهِ إِلَّا مَن رَّحِمَ» (Алланың әмірінен қорғай алатын қорғаушы жоқ, егер Ол мейірімін бермесе) (құран 11:44), тек Алла Әззә уә-Жәллә ғана өз қалағанын құтқара алады, «Алла Жәллә Жәләлуху кімге рахым көрсеткісі келсе, соған рахымын көрсетіп, оны құтқарады» дейді Алла Әззә уә-Жәллә. Әр жолы айтып жүргеніміздей, біз қазір өмір сүріп отырған кез қиын кез, демек, қазір - ақырзаман, адам баласы қиын дәуірде өмір сүруде, ал с...

Сұхбат: шағбан - пайғамбарымыздың айы (2023.02.21, 01 Шағбан 1444)

Image
https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=6521 Сұхбат: шағбан - пайғамбарымыздың айы (2023.02.21, 01 Шағбан 1444) Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху. Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим. Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях. Шүкір-Алла, бүгін қасиетті үш айдың екінші айы келді, Ережеп ай өтіп кетті, қасиетті Шағбан айына кірдік, шүкір-Алла, бұл ай қасиетті пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның айы болып, онда аса үлкен құтпен берекелер бар, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам Рамазан айынан соң осы айда ең көп ораза ұстайтын еді. Шағбан мукаррам (құрметтелген) және муағзам (ұлықтанған) ай болып, көптеген іззет-игіліктермен көмкерілген, Алла Жәллә Жәләлуху әркүннің өз нығыметін береді, ал бұл...