Сұхбат: жынмен сиқырдан да қауіпті нәрселер қаптаған заман (2025.08.07 / Хижри 1447-жыл 13-Сафар)

https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8338 Сұхбат: жынмен сиқырдан да қауіпті нәрселер қаптаған заман (2025.08.07 / Хижри 1447-жыл 13-Сафар) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «وَأَنَّهُۥ كَانَ رِجَالٌ مِّنَ ٱلْإِنسِ يَعُوذُونَ بِرِجَالٍ مِّنَ ٱلْجِنِّ فَزَادُوهُمْ رَهَقًا» (және адамдардың арасында жыннан пана тілегендер бар, ал олардың жүгі онан арман ауырлай түсер) (құран 72:06), садақал лахул ғазим. Біз бұнда адам және жын арасындағы байланыс туралы айтып жатырмыз, көптеген істер болуда, мәселен, қазір біз өмір сүріп отырған осы заманда мәлім топтағы адамдар бар болып, олар біреуді көрсе, «сенде жын бар, саған сиқыр жасалған» деп, елді алжастыруда. Алайда, олар айтқан бұл жағдай адамдарда бола бермейді, олар оны көре алмайды, ол көрілмейді, бұндай іс тым сирек туылады. Әрине, жындардың адамға кіріп, оларды мазалауы өте сирек кездесетін жағдай, бірақ бұл іс туылса, ол оларға соққы болып тиеді, себ...