Posts

Showing posts from July, 2025

Сұхбат: қазіргі заманның жихаты - өз нәпсіңізбен күресу (2025.07.01 / Хижри 1447-жыл 06-Мұхаррам)

Image
 https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8289 Сұхбат: қазіргі заманның жихаты - өз нәпсіңізбен күресу (2025.07.01 / Хижри 1447-жыл 06-Мұхаррам) Исламбол (Станбул), Түркия. (Türkiye, Cyprus, Lefke Dergah-да айтылған сұхбат) Алла Әззә Уә-Жәллә мұсылмандарға осыбір берекелі айларды сауға етіп ұсынды, ал мұхаррам айы болса дұл-қада, зұл-хижа, мұхаррам сияқты харам яғни қасиетті үш айдың соңғы айы. Алла Әззә Уә-Жәллә осы үш айды қажылыққа қасиетті етті, және Алла Әззә Уә-Жәллә, «сендер бұл айларда соғыс қылмаңдар» деді, бірақ өзгелер сіздерге шабуыл жасап, соғыс ашса, бұл кезде өздеріңізді қорғауға болады, алайда осы үшін айда соғыс жасамау керек. Себебі бұл айлар қажылықтың айлары, адамдар қажылыққа барып қайтады, сонда олар аман-есен барып келетін болады, бұлардан тыс режеп айы да харам айға жатады, ол оларға жалғаспаған, бірақ бөлек жатқан ай. Алла Әззә Уә-Жәллә көкпен жерді жаратқалы бері осылар қасиетті болып келген, біз өмір сүріп жатқан мына дүниеде осы төрт ай харам етілген...